Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 Қаулысы

Жаңартылған

      Мемлекеттік органдардың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселесіндегі қызметін үйлестіру мен өзара іс-қимылын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ереже;
      2) Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 181 қаулысымен     
бекітілген    

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі
комиссия туралы ереже 1. Негізгі ережелер

      1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.
      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтарын баламалы қорғау мәселелерін реттеу жөнінде нақты іс-қимылдарды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясынзаңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық ұйымдардың бірлескен іс-қимылын перспективалы жоспарлау;
      3) Қазақстан Республикасының аумағында контрафактілі өнімдерді (аудио-, бейне өнімдерді, компьютерлік-ақпараттық жеткізгіштерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар таңбаларын) өндіруді және таралуын болдырмау жөніндегі шараларды анықтау, дайындау және іске асыру;
      4) ведомствоаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес - Бірыңғай кедендік одақ шеңберінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафактілі өнімдерді өндіруге және таратуға қарсы іс-қимыл саласында күш жігерді үйлестіру жөнінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту;
      5) зияткерлік меншік саласындағы нарықтың қылмыстануына және қоғамдық қатынастарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3. Комиссия құқықтары

      5. Комиссия өз құзыреті шегінде:
      1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларын отырыстарда тыңдауға;
      2) мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
      3) олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру алу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, тәуелсіз сарапшыларды, халықаралық ұйымдардың өкілдерін, зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілерді және ғалымдарды қажеттілігіне қарай тартуға құқылы.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.22 № 1399 Қаулысымен.

4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      6. Комиссияны төраға басқарады. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
      7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      8. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және оны өткізгеннен кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады. Хатшы Комиссия мүшесі болмайды.
      9. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.
      10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, жартыжылдықта кемінде бір рет өткізіледі және онда Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып саналады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.10 № 12 Қаулысымен.
      11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беріп қабылданады және, егер оларға Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауысы берсе қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіру құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуге тиіс.
      Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      12. Комиссия қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 181 қаулысымен     
бекітілген      

Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның
құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.12.22 № 1399 Қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.30 N 600, 2012.01.10 № 12, 2012.03.29 N 369, 2012.11.13 N 1445, 2012.12.24 N 1661, 15.07.2013 N 725; 20.12.2013 N 1369 қаулыларымен.

Имашев                  - Қазақстан Республикасының Әділет министрі,
Берік Мәжитұлы            төраға

Әзімова                 - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
Эльвира Әбілхасымқызы     орынбасары, төрағаның орынбасары

Кәкен                   - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Гүлнәра Қаратайқызы       Зияткерлік меншік құқығы комитеті авторлық
                          және сабақтас құқықтар саласындағы
                          мемлекеттік саясатты іске асыру
                          басқармасының бастығы, хатшы

Кравченко               - Қазақстан Республикасы Бас
Андрей Николаевич         прокурорының орынбасары (келісім бойынша)

Боданов                 – Қазақстан Республикасы Экономикалық
Айвар Жиреншіұлы          қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                          күрес агенттігі (қаржы полициясы)
                          төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Жақсалиев               - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Бақытжан Мұхамбетқалиұлы  жаңа технологиялар вице-министрі

Демеуов                 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Марат Ғанұлы              министрінің бірінші орынбасары

Дәленов                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы         вице-министрі

Өмірияев                - Қазақстан Республикасының Ауыл
Мүслім Тайырұлы           шаруашылығы вице-министрі

Жақсылықов              – Қазақстан Республикасының Экономика
Тимур Мекешұлы            және бюджеттік жоспарлау вице-министрi

Бөрібаев                - Қазақстан Республикасының
Асқар Исмайылұлы          Мәдениет және ақпарат вице-министрі

Жұманғарин              - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму
Серік Мақашұлы            вице-министрі

Қасенова                - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Әсия Бәкенқызы            Сотының жанындағы Соттардың қызметін
                          қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан
                          Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)
                          басшысының орынбасары (келісім бойынша)

Естаев                  – Қазақстан Республикасы Әділет
Абзал Қуанышбекұлы        министрлігі Зияткерлік меншік құқығы
                          комитетінің төрағасы

Кенжебаев               - «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын
Арман Жанатбекұлы         басқару қоғамы» республикалық қоғамдық
                          бірлестігінің бас директоры (келісім
                          бойынша)

Айдарбеков              - «Абырой» авторлық қоғамы» республикалық
Бауыржан Тілеужанұлы      қоғамдық бірлестігінің бас директоры
                          (келісім бойынша)

Блиев                   - «Фонограммалар өндірушілердің қауымдастығы»
Әсет Асылбекұлы           заңды тұлғалар бірлестігі директорының
                          бірінші орынбасары (келісім бойынша)

Әжіғалиев               - Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасы
Талғат Болатұлы           қауымдастығы Селекционерлер және тұқым
                          өсірушілер одағының төрағасы (келісім
                          бойынша)

Ахтямов                 - «Қазақстандық авторлық және сабақтас
Руслан Рашитұлы           құқықтарды қорғау қауымдастығы» заңды
                          тұлғалар бірлестігінің вице-президенті
                          (келісім бойынша)

Қаудыров                - Еуразиялық патенттік сенімді өкілі, заң Төлеш Ерденұлы            ғылымдарының докторы, профессор (келісім
                          бойынша)

Сабиров                 - «Қазақстан интернет қауымдастығы» заңды
Шавкат Умарович           тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім
                          бойынша)

Сиротина                - «Сауда саясатын дамыту орталығы»
Марина Николаевна         акционерлік қоғамы Дүниежүзілік сауда
                          ұйымының келіссөздер департаментінің
                          директоры (келісім бойынша)

Шәйкенова               - Қазақстан қонақүйлер және мейрамханалар
Рашида Рашидқызы          қауымдастығының президенті (келісім
                          бойынша)

Қонысбаев               – Alatau IT City ақпараттық технологиялар
Әмірет Тұяқұлы            паркін дамытуға ықпал ету қауымдастығының
                          президенті (келісім бойынша)

Ноғайбай                - Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер
Заңғар Мақсұтұлы          палатасының Басқарма мүшесі (келісім
                          бойынша)