Мемлекеттік органдардың зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселесіндегі қызметін үйлестіру мен өзара іс-қимылын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 181 қаулысымен
бекітілген
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі
комиссия туралы ереже 1. Негізгі ережелер
1. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік құқықтарын баламалы қорғау мәселелерін реттеу жөнінде нақты іс-қимылдарды іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық ұйымдардың бірлескен іс-қимылын перспективалы жоспарлау;
3) Қазақстан Республикасының аумағында контрафактілі өнімдерді (аудио-, бейне өнімдерді, компьютерлік-ақпараттық жеткізгіштерді, өнеркәсіптік меншік объектілерін, тауар таңбаларын) өндіруді және таралуын болдырмау жөніндегі шараларды анықтау, дайындау және іске асыру;
4) ведомствоаралық ынтымақтастықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес - Бірыңғай кедендік одақ шеңберінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және контрафактілі өнімдерді өндіруге және таратуға қарсы іс-қимыл саласында күш жігерді үйлестіру жөнінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту;
5) зияткерлік меншік саласындағы нарықтың қылмыстануына және қоғамдық қатынастарға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
3. Комиссия құқықтары
5. Комиссия өз құзыреті шегінде:
1) зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларын отырыстарда тыңдауға;
2) мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
3) олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндіру алу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға құқылы.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
6. Комиссияны төраға басқарады. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
8. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындауды және оны өткізгеннен кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады. Хатшы Комиссия мүшесі болмайды.
9. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін отырысқа дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.
10. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және онда Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып саналады.
11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беріп қабылданады және, егер оларға Комиссия мүшелері жалпы санының көпшілігі дауысы берсе қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіру құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуге тиіс.
Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
12. Комиссия қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 9 наурыздағы
№ 181 қаулысымен
бекітілген
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның
құрамы
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының
Рашид Төлеутайұлы Әділет министрі, төраға
Бекетаев - Қазақстан Республикасының
Марат Бақытжанұлы Әділет вице-министрі, төрағаның
орынбасары
Әзімхан - Қазақстан Республикасы
Дархан Әзімханұлы Әділет министрлігі Зияткерлік
меншік құқығы комитеті авторлық
және сабақтас құқықтар саласындағы
мемлекеттік саясатты іске асыру
басқармасының бастығы, хатшы
Дауылбаев - Қазақстан Республикасы Бас
Асхат Қайзоллаұлы прокурорының орынбасары (келісім
бойынша)
Ыбырайымов - Қазақстан Республикасы
Рустам Әнуарұлы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
(қаржы полициясы) төрағасының
бірінші орынбасары (келісім
бойынша)
Айтжанова - Қазақстан Республикасының
Жанар Сейдахметқызы Индустрия және сауда вице-министрі
Әубәкіров - Қазақстан Республикасы Ішкі
Амантай Акрамұлы істер министрінің орынбасары
Дәленов - Қазақстан Республикасының
Руслан Ерболатұлы Қаржы вице-министрі
Дұрмағамбетов - Қазақстан Республикасы
Ерлан Дмитрийұлы Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының орынбасары
Оразаев - Қазақстан Республикасының
Марат Әбілахатұлы Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Сүлейменов - Қазақстан Республикасының
Тимур Мұратұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрі
Телебаев - Қазақстан Республикасының
Ғазиз Тұрысбекұлы Мәдениет және ақпарат вице-министрі
Жұмабаева - Қазақстан Республикасы
Әлия Ермекқызы Жоғарғы Соты Аппаратының Заң бөлімі
меңгерушісінің орынбасары (келісім
бойынша)
Әбдірахым - Қазақстан Республикасы
Нұрлан Ерғалиұлы Әділет министрлігі Зияткерлік
меншік құқығы комитетінің төрағасы
Күшікова - Қазақстан Республикасы
Жәнел Сабырқызы Индустрия және сауда министрлігі
Сыртқы сауда саясаты
департаментінің директоры
Сиротина - «Сауда саясатын дамыту
Марина Николаевна орталығы» акционерлік қоғамы
Дүниежүзілік Сауда Ұйымының
келіссөздері департаментінің
директоры