"Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 725 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 мамырдағы № 318 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.05.2017 № 318 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Кенжебаев

Арман Жанатбекұлы

–

"Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)

Айдарбеков

Бауыржан Тілеужанұлы

–

"Абырой" авторлық қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша)

Блиев

Әсет Асылбекұлы

–

"Фонограммалар өндірушілердің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша);


      мына:

"Жақсылықов

Тимур Мекешұлы

–

Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі"


      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Жақсылықов

Тимур Мекешұлы

–

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi";


      көрсетілген құрамнан Дархан Әзімханұлы Әзімхан шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов