Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 Қаулысы

Жаңартылған

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 5-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 145 қаулысымен      
бекітілген    

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.23 № 1089 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Р/с

Тауардың атауы

1

Бірінші сортты бидай ұны

2

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны

3

Макарон өнімдері: вермишель, рожки, кеспе

4

Жармалар: қарақұмық, сұлы, ұнтақ, арпа және тары

5

Тазартылған күріш

6

Картоп

7

Жаңа піскен көкөністер: асханалық сәбіз, басты пияз, ақ қауданды қырыққабат, асханалық қызылша

8

Ақ қант - құмшекер

9

Өсімдік майы - күнбағыс майы

10

Ет: сиыр еті (жауырын-төс бөлігі), қой еті сүйектерімен, тауық еті, тауық саны

11

Сүт: пастерленген, майлылығы 2,5% және 3,2%

12

Айран: майлылығы 2,5% және 3,2%

13

Сүзбе: майлылығы 5-9%

14

Мәйекті қатты ірімшік

15

Сары май:
- тұздалмаған, майлылығы 72,5% кем емес, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ;
- өсімдік-сары, сүт майы 49% дейін (спрэд)

16

І-ІІ санатты тауық жұмыртқасы

17

Ac тұзы («Экстра»-дан басқа)

18

Шай - қара, түйіршіктелген