Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 Қаулысы

Қолданыстағы

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 5-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 1 наурыздағы
№ 145 қаулысымен      
бекітілген    

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі

Р/с

Тауардың атауы

1

Бірінші сортты бидай ұны

2

Бидайдан жасалған нан

3

Макарон өнімдері

4

Жармалар (қарақұмық, сұлы, ұнтақ, арпа және тары)

5

Күріш

6

Картоп

7

Көкөністер (сәбіз, басты пияз, қырыққабат, қызылша)

8

Ақ қант

9

Өсімдік майы

10

Ет (сиыр еті, қой еті, құс еті)

11

Ішетін сүт

12

Айран

13

Майлылығы аз ірімшік

14

Мәйекті сыр

15

Сары май

16

Жұмыртқа

17

Тұз

18

Шай