«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 13 ақпандағы Заңының 9-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) жарғысы бекітілсін.
2. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Басқарма төрағасы қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның жарғысына қол қойсын, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Жарғысын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 2095 қаулысымен
бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
акционерлік қоғамының жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) «Қазына» орнықты даму қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі және тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы N 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес құрылды.
Қоғам «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдарының құқықтары мен міндеттерінің заңды мирасқоры болып табылады.
2. Қоғамның атауы:
мемлекеттік тілде - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;
қысқартылған атауы - «Самұрық-Қазына» АҚ;
орыс тілінде - акционерное общество «Фонд национального благосостояния «Самрук-Казына»;
қысқартылған атауы - АО «Самрұқ-Қазына»;
ағылшын тілінде - Jоіnі-stock соmраnу Sovereign« Wealth Fund «Samruk-Kazyna»;
қысқартылған атауы - JSC «Samruk Kazyna».
3. Қоғамның (оның басқармасының) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Алматы ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 23
4. Қоғамның қызмет мерзімі - шектелмеген.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қоғамның құрылтайшысы болып табылады.
Қоғамның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
Қоғамды басқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасы басқаратын, консультативтік-кеңесші орган болып табылатын, Қоғамды басқару жөніндегі кеңес құрылады.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.02 № 209 Қаулысымен.
6. Осы Жарғы Қоғамның құрылтай құжаты болып табылады. Барлық мүдделі тұлғалар Жарғымен танысуға құқылы.
2. Қоғамның заңды мәртебесі
7. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Жарғыға (бұдан әрі - Жарғы) сәйкес жүзеге асырады және ұлттық басқарушы холдинг мәртебесіне ие болады.
8. Қоғам әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап заңды тұлға мәртебесіне ие болды.
9. Қоғамның қаржылық және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады. Қоғамның қызметін қаржыландыру жарғылық капитал қаражаты, акцияларының пакеттері Қоғам меншігіндегі ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар, өзге де акционерлік қоғамдардың дивидендтері есебінен қалыптасатын кірістер, қатысу үлестері Қоғам меншігіндегі шаруашылық жүргізуші серіктестіктердің және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де кірістер есебінен жүзеге асырылады.
10. Қоғамның дербес теңгерімі, банктік шоттары, толық фирмалық атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде көрсетілген мөрі болады.
11. Қоғамның үлгілерін, Қоғамның басқармасы бекітетін және белгіленген тәртіппен тіркелетін өзінің тауарлық белгісі мен өзге рәмізі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасына сәйкес тілдерде мөртаңбалары, фирмалық бланкілері мен басқа да деректемелері болады.
3. Қоғам қызметінің негізгі мақсаттары,
міндеттері мен мәні
12. Қоғам қызметінің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
1) ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу;
3) ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу проценттен астамы меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында Қоғамға тиесілі басқа да заңды тұлғалар (бұдан әрі - Компаниялар) қызметінің тиімділігін арттыру.
13. Қордың міндеттері мыналар болып табылады:
1) қазақстандық экономиканы әртараптандыру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) ұлттық, салааралық және өңірлік ауқымдағы инвестициялық стратегиялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
3) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу;
4) мемлекеттік және жекеше мүдделерді шоғырландыру арқылы кәсіпкерлік қызметті дамытуға қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге қатысу, сондай-ақ тиісті өңірдің әлеуметтік жобаларын іске асыру есебінен халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға жәрдемдесу әрі өңірлердегі іскерлік және инвестициялық белсенділікті өсіруге жәрдемдесу;
5) бәсекеге қабілетті қазақстандық тауар өндірушілерді құруға және дамытуға жәрдемдесу;
6) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілермен өзара іс-қимыл жасау арқылы қазақстандық үлесті қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
7) Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін оларды корпоративтік басқаруды жетілдіру арқылы арттыру.
14. Қоғам қызметінің мәні мыналар болып табылады:
1) Компаниялардың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2) ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, оның ішінде өңірлердегі инвестициялық қызмет;
3) оларды тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін Компанияларға корпоративтік басқарудың ең үздік әлемдік тәжірибесін енгізу;
4) Компаниялар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру, оның ішінде олардың қаржы нәтижелерін барынша көбейту;
5) Қоғамның негізгі мақсаттарына сәйкес келетін өзге де қызмет.
4. Қоғамның құқықтары мен міндеттері
15. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтарға ие және міндеттерге жауапты болады.
16. Қоғам жалғыз акционердің мүлкінен оқшауланған мүлікке ие және оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз мүлкі шегінде өз міндеттемелері бойынша жауап береді.
17. Жалғыз акционер Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялар құнының шегінде Қоғам қызметіне байланысты шығындар тәуекелінде болады.
18. Қоғам мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет Қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
19. Қоғам өз атынан шарттар және басқа мәмілелер жасап, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттемелерді сатып алуы, сотта талапкер немесе жауапкер болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруы мүмкін.
20. Қоғам зияткерлік меншік құқығының объектілерін және басқа ақпаратты иелену және пайдалану құқығын сатып алуы және беруі мүмкін.
21. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында олардың шығарылуы, орналастырылуы, айналымы және өтеу шарттары мен тәртібі белгіленген бағалы қағаздарды шығара алады.
22. Қоғам Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде өз филиалдары мен өкілдіктерін аша, оларға меншікті мүлік есебінен негізгі және айналым қаражатын үлестіріп бере және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қызмет тәртібін анықтай алады. Филиалдың немесе өкілдіктің мүлкі олардың жеке теңгерімінде және толығымен Қоғамның теңгерімінде деп есептеледі. Филиалдар немесе өкілдіктердің қызметін басшылыққа алуды Қоғам Басқармасы мақұлдағаннан соң Қоғам Басқармасының төрағасы тағайындайтын тұлға жүзеге асырады. Филиалдар мен өкілдіктердің басшылары Қоғам берген сенімхат негізінде әрекет етеді.
23. Қоғам қызметкерлерге еңбекақы төлеуге, материалдық-техникалық жабдықтауға, әлеуметтік дамытуға, кадрларды іріктеуге, орналастыруға және қайта даярлауға байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес шешеді.
24. Қоғам белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде орналасқан банктерде және басқа да қаржы мекемелерінде ұлттық, сол сияқты шетел валютасында шоттар ашуға құқылы.
25. Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақстандық, сол сияқты шетелдік заңды және жеке тұлғалардан теңгемен және шетел валютасында қарыздар алуға және кредиттерді пайдалануға құқығы бар.
26. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру, ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету мақсатында Қоғам мынадай ерекше өкілеттіктерге ие болады:
1) меншік иелері иеліктен шығаратын стратегиялық объектілерді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша сатып алу басым құқығына;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акциялар пакеттері (қатысу үлестері) стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдар немесе республиканың экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар ұйымдар банкрот болған кезде конкурстық массаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша сатып алу басым құқығына;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен банктердің акцияларын сатып алу құқығына.
27. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет атынан немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қоғамның жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, сондай-ақ, егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындауға және(немесе) оларға әсер етуге мүмкіндігі бар заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен айырылған құқығын (оның бір бөлігін) және(немесе) қатысу үлесін (акциялар пакетін) сатып алуға басым құқығы бар.
28. Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа құқықтарға ие болуы және басқа да міндеттерге жауап беруі мүмкін.
5. Қоғамның акциялары және басқа бағалы қағаздары
29. Қоғам акциялар, облигациялар, айырбасталатын және басқа да бағалы, оның ішінде одан туынды қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқылы. Қоғамның бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналымы мен өтеу шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасымен айқындалады.
30. Қоғам тек жай акцияларды ғана шығарады.
Жай акция «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жалғыз акционерге оның қарауына енгізілетін барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау құқығын береді. Жай акция да жалғыз акционерге Қоғамның таза табысы болған жағдайда дивидендтер алуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғам таратылған кезде оның мүлкін алуға құқық береді.
31. Қоғам акцияларын шығару құжаттамалық емес нысанда жүзеге асырылады.
32. Жарияланған акциялар санының шегінде акцияларды орналастыру (өткізу), оның ішінде олардың саны, әдісі мен оларды орналастыру (өткізу) бағасы туралы шешімді Қоғамның Директорлар кеңесі қабылдайды.
Қоғам өз акцияларын олардың шығарылуы мемлекеттік тіркелгеннен кейін орналастырады.
33. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, орналастырылатын акцияларға ақы төлеуге ақша, мүліктік құқықтар (соның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықтар) және өзге де мүлік енгізілуі мүмкін.
Ақшадан баска өзге де мүлікпен төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген лицензияның негізінде әрекет ететін бағалаушы айқындайтын баға бойынша жүзеге асырылады.
34. Қоғам акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесін қалыптастыруды жүргізуді және сақтауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қоғамның аффилиирленген тұлғасы және оның аффилиирленген тұлғалары болмауы тиіс Қоғамның тәуелсіз тіркеушісі жүзеге асырады.
6. Дивидендтер
35. Қоғамның оған тиесілі акциялар бойынша төлейтін жалғыз акционердің кірісі дивиденд болып табылады.
Дивидендтерді төлеу ақшамен (ұлттық валютада) жүргізіледі.
36. Жылдың қорытындылары жөнінде жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді жалғыз акционер қабылдайды.
Жылдың қорытындылары бойынша дивидендтер дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған кезде жалғыз акционер белгілеген мерзімде төленеді.
37. Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылданған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде бұл шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
Дивидендтер төлеу туралы шешімде мынадай ақпарат болуы тиіс:
1) Қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік және өзге де деректемелері;
2) дивидендтер төленетін кезең;
3) бір жай акцияға есептегендегі дивидендтің мөлшері;
4) дивидендтерді төлеу басталатын күн;
5) дивидендтерді төлеу тәртібі мен нысаны.
38. Жалғыз акционер Қоғам берешегінің пайда болған мерзіміне қарамастан алынбаған дивидендтерді төлеуді талап етуге құқылы.
Дивидендтерді төлеу үшін белгіленген мерзімде олар төленбеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай міндеттеме немесе оның тиісті бөлігі орындалған күніндегі қайта қаржыландырудың ресми ставкасын ескере отырып есептелетін дивидендтер мен өсімақының негізгі сомасы жалғыз акционерге төленеді.
39. Дивидендтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен Қоғам төлейді.
Қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер есептеуге жол берілмейді:
1) меншікті капиталының теріс мөлшері болған жағдайда немесе егер қоғамның меншікті капиталының мөлшері оның акциялары бойынша дивидендтер есептеу нәтижесінде теріс болса;
2) егер Қоғам Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес төлем қабілетсіздігі немесе дәрменсіздік белгілеріне жауап берсе не көрсетілген белгілер Қоғамда оның акциялары бойынша дивидендтер төлеу нәтижесінде пайда болса.
40. Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда көзделген өз өкілеттіктері шегінде шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күн ішінде оларды бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті түрде жариялап, жылдың қорытындылары бойынша жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдауға құқылы.
7. Қоғамның органдары
41. Қоғамның органдары мыналар болып табылады:
1) жоғары орган - жалғыз акционер;
2) басқару органы - директорлар кеңесі;
3) атқарушы орган - басқарма;
4) Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, Қоғамның қызметін жетілдіру мақсатында ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару саласында бағалауды, корпоративтік басқару және консультация беру саласында құжаттарды орындауды жүзеге асыратын орган - Ішкі аудит қызметі.
8. Жалғыз акционер
42. Қазақстан Республикасының заңдарымен және/немесе Қоғам Жарғысымен жалғыз акционердің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша шешімдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
43. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның құзыретіне жатқызылған мәселелерді жалғыз акционердің қарауына шығаруға жалғыз акционер және директорлар кеңесі бастамашылық етеді, ал ерікті түрде тарату үдерісінде Қоғамның тарату комиссиясы да бастамашылық ете алады.
Қазақстан Республикасының заңдарында жалғыз акционердің қарауына мәселелерді міндетті енгізу жағдайлары көзделуі мүмкін.
44. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жалғыз акционердің қарауына мәселелерді енгізу бойынша шығыстарға Қоғам жауапты болады.
45. Жалғыз акционердің қарауына енгізілетін мәселелер жөніндегі материалдарда осы мәселелер бойынша негізді шешімдер қабылдау үшін қажетті көлемдегі ақпарат қамтылуы тиіс.
46. Қоғам органдарын сайлау мәселелері жөніндегі материалдарда ұсынылып отырған кандидаттар туралы мынадай ақпарат болуға тиіс:
1) аты-жөні, сондай-ақ тілегі бойынша әкесінің аты;
2) білімі туралы мәліметтер;
3) Қоғамға қатысты аффилиирленгендігі туралы мәліметтер;
4) соңғы үш жылдағы жұмыс орындары мен атқарған лауазымдары туралы мәліметтер;
5) кандидаттардың біліктілігін, жұмыс тәжірибесін растайтын өзге де ақпарат.
47. Жалғыз акционердің қарауына директорлар кеңесін сайлау (директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлау) туралы мәселе енгізілген жағдайда материалдарда директорлар кеңесінің мүшелігіне ұсынылып отырған кандидат жалғыз акционердің өкілі болып табылатындығы және (немесе) ол Қоғамның тәуелсіз директоры лауазымына кандидат болып табылатыны-табылмайтындығы көрсетілуге тиіс.
48. Басқарма жалғыз акционердің шешімдерінің көшірмелерін сақтауды қамтамасыз етуге тиіс.
49. Жалғыз акционердің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
1) Қоғамның жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакцияда бекіту;
2) Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін бекіту;
3) Қоғамның даму стратегиясын бекіту;
4) Қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
5) Қоғамның жарияланған акциялар санын ұлғайту немесе Қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларын өзгерту туралы шешім қабылдау;
6) Қоғамның директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттіктерінің мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ Қоғамның директорлар кеңесі құрамындағы тәуелсіз директорлар санын өз қалауы бойынша белгілеу;
7) Қоғамның жалғыз акционері белгілеген тізбе бойынша Компаниялардың акцияларын иеліктен айыру, сондай-ақ сенімгерлік басқаруда көрсетілген акцияларды беру;
8) Қоғамның жалғыз акционері анықтаған тізбе бойынша Компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім;
9) Қоғамның басқарма төрағасын лауазымға тағайындау және мерзімінен бұрын босату;
10) есепті қаржы жылындағы Қоғамның таза кірісін бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және Қоғамның бір жай акциясына есеп айырысуда дивидендтің мөлшерін бекіту;
11) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайлар болған кезде жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
12) Қоғамның дивиденд саясатын анықтау;
13) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қоғам акцияларды сатып алған кезде олардың құнын анықтау әдістемесін бекіту;
14) басқарма төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық жалақы мөлшерін және еңбекақы төлеу мен сыйлықақы беру шарттарын анықтау;
15) банктердің акцияларын сатып алу және оларды иеліктен айыру, сондай-ақ көрсетілген акцияларды сенімгерлік басқаруға беру;
16) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңға және Жарғыға сәйкес өзге мәселелер.
50. Қоғам жалғыз акционер (қатысушы) болып табылмайтын Компанияларға қатысты Жарғының 49-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша шешімді Компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қоғамның уәкілетті өкілдері кейіннен дауыс беру мақсатында акционер (қатысушы) ретінде Қоғамның ұстанымын анықтау үшін Қоғамның жалғыз акционері қабылдайды.
51. Егер Қазақстан Республикасының заңдарда өзгеше көзделмесе, олар бойынша шешімдер қабылдау жалғыз акционердің айрықша құзыретіне, Қоғамның басқа да органдарының, лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді беруге жол берілмейді.
9. Жалғыз акционердің құқықтары мен міндеттері
52. Жалғыз акционер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда көзделген тәртіппен Қоғамды басқаруға қатысуға;
2) дивидендтер алуға;
3) Қоғамның қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде Қоғам Жарғысында айқындалған тәртіппен Қоғамның қаржылық есептілігімен танысуға;
4) Қоғамды тіркеушіден немесе номиналды ұстаушыдан өзінің бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын үзінді көшірмелер алуға;
5) Қоғамның органдары қабылдаған шешімдерге сот тәртібімен шағымдануға;
6) Қоғам таратылған кезде мүлікке;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның акцияларына айырбасталатын Қоғамның акцияларын немесе басқа бағалы қағаздарын басымдықпен сатып алуға;
8) директорлар кеңесі отырысын шақыруды талап етуге;
9) өз есебінен аудиторлық ұйымның Қоғам аудитін жүргізуді талап етуге құқылы.
53. Жалғыз акционер Қоғамның ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қоғамның өзге де органдарының кез келген шешімін жоюға құқылы.
54. Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарға ие болуы мүмкін.
55. Жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттерді орындайды.
10. Директорлар кеңесі
56. Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғымен жалғыз акционердің айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, Қоғамның қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.
57. Қоғамның директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне мынадай мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатқызылады:
1) Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды және жылдық бюджетті бекіту шеңберінде оның қызметтеріне ақы төлеудің шекті мөлшерін анықтау
2) Қоғамның штат санын бекіту;
3) егер мұндай тәртіп Қоғамның жарғысында анықталмаса, Қоғамның қызметі туралы ақпаратты жалғыз акционерге беру тәртібін анықтау;
4) тәуелсіз директорларға сыйақы төлеу мөлшері мен шарттарын анықтау;
5) жалғыз акционердің қарауына мәселелерді шығару туралы шешімдер қабылдау;
6) жарияланған акциялардың саны шегінде акцияларды орналастыру (өткізу) туралы, оның ішінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы туралы шешім қабылдау;
7) Қоғамның орналастырылған акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау;
8) басқарманың сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, басқарма мүшелерін сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату (басқарма төрағасын қоспағанда);
9) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттіктерінің мерзімін белгілеу, оның басшысын тағайындау, сондай-ақ оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін және (немесе) Қоғамның тобындағы бірыңғай орталықтандырылған және өзге ішкі аудит қызметтерін үйлестіру тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу мен сыйлық беру мөлшері мен шарттарын белгілеу;
10) Қоғамға бекітілген мәселелер тізбесі бойынша оның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту;
11) Қоғамның директорлар кеңесі белгіленген тәртіппен Қоғамның даму стратегиясының негізгі көрсеткіштерінің орындалуын бағалау;
12) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен оны жасауда ерекше шарттар белгіленген Қоғамның тобына кіретін ұйымдар арасында мәміле жасау тәртібін анықтау;
13) тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында Қоғамның жалғыз акционерінің құзыретіне жатқызылған Компанияларды қоспағанда, Компанияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы шешім;
14) Қоғамның жылдық бюджетін және оның қызметін жоспарлау жөніндегі өзге құжаттарды, сондай-ақ олар бойынша есептер тәртібі мен мерзімін бекіту;
15) Қоғамға барлық тиесілі активтердің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын сомада активтердің бір немесе бірнеше бөліктерін беру арқылы өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне Қоғамның қатысуы;
16) корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
17) Қоғамның меншікті капиталының он және одан көп пайызын құрайтын шамаға оның міндеттемелерін ұлғайту;
18) Қоғамның басқа заңды тұлғалар акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызын сатып алу;
19) Қоғамның тәуекелдерін басқаратын саясатты анықтау;
20) барлық дауыс беретін акциялар (қатысу үлестері) Қоғамға тиесілі заңды тұлғалардың ақшасын басқаратын бірыңғай саясатты бекіту;
21) Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес корпоративтік хатшыны тағайындау, оның өкілеттіктері мерзімін айқындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысы мөлшерін және сыйақы шарттарын айқындау;
23) Қоғамның бұрынғы тіркеушісімен шарт бұзылған жағдайда Қоғамның тіркеушісін таңдау;
24) Қоғамның есеп саясатын бекіту;
25) директорлар кеңесінің комитеттерін құру және құрамдарын анықтау және олар туралы ережелерді бекіту;
26) Қоғамның директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелерін лауазымға кірісу Саясатын бекіту;
27) директорлар кеңесі Комитеттерінің, басқарманың, Қоғамның ішкі аудит қызметінің қызметін бағалау тәртіптерін бекіту;
28) Қоғамның директорлар кеңесі туралы ережені бекіту;
29) Қоғамның облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығаруының және Қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің бір пайызынан асатын сомаға Қоғамның өзге қарызды тартуының шарттарын айқындау;
30) Қоғамның тобына кірмейтін ұйымдармен ірі мәмілелер жасасу туралы шешімдер қабылдау;
31) Қоғамның және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде Қоғамға меншік немесе сенімгерлікпен басқару құқығында тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту;
32) ішкі кредит саясаты туралы ережелерді бекіту;
32-1) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды сату ережесін бекіту;
33) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазакстан Республикасының Заңына және Жарғыға сәйкес өзге де мәселелер.
Ескерту. 57-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.08.13 N 815 Қаулысымен.
58. Қоғам жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын Компанияларға қатысты Жарғының 57-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша шешімді Компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қоғамның уәкілетті өкілдері кейіннен дауыс беру мақсатында акционер (қатысушы) ретінде Қоғамның ұстанымын анықтау үшін Қоғамның директорлар кеңесі қабылдайды.
59. Тізбесі Жарғының 57-тармағымен белгіленген мәселелер басқармаға шешім беру үшін берілмейді.
Директорлар кеңесінің жалғыз акционердің шешімдеріне қайшы келетін шешімдер қабылдауға құқығы жоқ.
60. Қоғамның директорлар кеңесі жалғыз акционер сайлайтын төраға мен мүшелерінен құралады.
Қоғамның акционері болып табылмайтын және жалғыз акционердің мүдделерін білдіруші өкіл ретінде директорлар кеңесіне сайлауға ұсынылмаған (ұсыныс берілмеген) жеке тұлға директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлана (тағайындала) алады. Мұндай адамдар саны директорлар кеңесі құрамының елу пайызынан аспауы керек.
Директорлар кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының бірінші басшыларынан, Қоғамның басқарма төрағасы мен өзге де тұлғалардан қалыптастырылады.
Директорлар кеңесі мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрайды. Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің саны жалғыз акционердің директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау туралы шешімімен айқындалады.
Директорлар кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда белгіленеді.
Директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттар және директорлар кеңесінің мүшелері жалғыз акционер мен Қоғамның мүдделерінде олардың міндеттемелерін орындау және директорлар кеңесінің тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін қажетті тиісті жұмыс тәжірибесі, білімдері, біліктілігі және іскерлік және/немесе салалық ортадағы оң жетістіктерге ие болуы тиіс.
61. Басқарма төрағасынан басқа басқарма мүшелері директорлар кеңесіне сайлана алмайды. Басқарма төрағасы директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлана алмайды.
62. Директорлар кеңесінің құрамына сайланған адамдардың, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, бірнеше рет қайта сайлануы мүмкін.
Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі жалғыз акционердің жаңа директорлар кеңесін сайлау өткізілетін шешім қабылдау кезінде аяқталады. Жалғыз акционер директорлар кеңесінің барлық немесе жекелеген мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату директорлар кеңесіне берілген жазбаша хабарлама негізінде жүзеге асырылады.
Директорлар кеңесінің мұндай мүшесінің өкілеттігі директорлар кеңесі аталған хабарламаны алған кезден бастап тоқтатылады.
Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған және жалғыз акционер директорлар кеңесінің жаңа мүшесін сайлаған жағдайда соңғысының өкілеттігі тұтас алғанда директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімінің өтуімен бір мезгілде аяқталады.
63. Директорлар кеңесінің төрағасы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып табылады.
Директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда белгіленген тәртіппен:
1) директорлар кеңесінің жұмысын ұйымдастырады;
2) Қоғамның директорлар кеңесінің отырысын шақырады және онда төрағалық етеді;
3) отырыстарды жүргізеді және хаттамаға қол қояды;
4) Жалғыз акционердің шешіміне сәйкес акционердің лауазымдық жалақысының мөлшерін белгілей отырып, Қоғамның атынан басқарма төрағасымен еңбек шартын жасайды.
Директорлар кеңесінің төрағасы болмаған жағдайда, оның функцияларын директорлар кеңесінің шешімі бойынша директорлар кеңесі мүшелерінің бірі жүзеге асырады.
64. Директорлар кеңесінің неғұрлым маңызды мәселелерін қарау және ұсынымдарын дайындау үшін Қоғамда:
1) мониторинг, бақылау және талдау;
2) тағайындау;
3) сыйақылар;
4) аудит;
5) Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге мәселелер бойынша директорлар кеңесінің комитеттері (бұдан әрі - Комитеттер) құрылуы мүмкін.
Комитеттерді құруды және жұмыс тәртібін, сондай-ақ сандық және дербес құрамын директорлар кеңесі белгілейді.
65. Директорлар кеңесінің отырысы оның төрағасының немесе басқарманың бастамасы бойынша не:
1) директорлар кеңесінің кез келген мүшесінің;
2) Қоғамның ішкі аудит қызметінің;
3) Қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның;
4) жалғыз акционердің талап етуі бойынша шақырылуы мүмкін.
66. Директорлар кеңесінің отырысын шақыру туралы талап директорлар кеңесінің төрағасына директорлар кеңесі отырысының ұсынылатын күн тәртібін қамтитын тиісті жазбаша хабар жіберу арқылы қойылады.
Директорлар кеңесінің төрағасы отырысты шақырудан бас тартқан жағдайда, бастамашы аталған талаппен басқармаға жүгінуге құқылы, ол директорлар кеңесінің отырысын шақыруға міндетті.
Директорлар кеңесінің отырысын директорлар кеңесінің төрағасы немесе басқарма шақыру туралы талап келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей шақыруға тиіс.
Директорлар кеңесінің отырысы осы талапты қойған тұлғаны міндетті түрде шақырып өткізіледі.
Қоғамның директорлар кеңесі отырысының күн тәртібін Қоғамның корпоративтік хатшысы қалыптастырады. Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелеріне отырысты өткізу туралы хабарламаны директорлар кеңесінің отырысы өткізілгенге дейін кемінде бес күн бұрын Қоғамның корпоративтік хатшысы жібереді.
Сырттай дауыс беру арқылы директорлар кеңесінің отырысын өткізу туралы жазбаша хабарламаға сырттай дауыс беруге арналған бюллетень де қоса беріледі, ол бірыңғай нысан бойынша директорлар кеңесінің барлық мүшелеріне беріледі.
Сырттай дауыс беруге арналған бюллетень:
1) Қоғам басқармасының атауын және орналасқан жерін;
2) қол қойылған бюллетеньнің корпоративтік хатшыға берілген күнді;
3) отырыстың күн тәртібін;
4) дауыс беруге қойылған мәселелерді және олар бойынша дауыс беру нұсқаларын;
5) өзге де мәліметтерді қамтуы тиіс.
6) Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберген кезде корпоративтік хатшы олардың дұрыс және бірізді жасалуын өзінің қолымен куәландырады.
67. Директорлар кеңесінің мүшесі өзінің директорлар кеңесінің отырысына қатыса алмайтыны туралы басқармаға алдын ала хабарлауға міндетті.
68. Директорлар кеңесінің отырысын өткізу үшін кворум директорлар кеңесі мүшелері санының кемінде жартысын құрайды және техникалық байланыс құралдарын пайдаланып (бейнеконференция сеансы, телефондық конференц-байланыс және т.б. режимінде) қарастырылып жатқан мәселелерді талқылауға және дауыс беруге қатысатын не олардың жазбаша түрде білдірілген дауыстары болған жағдайда директорлар кеңесінің қатыспаған мүшелері ескеріле отырып анықталуы мүмкін.
Егер директорлар кеңесі мүшелерінің жалпы саны осы тармақтың алдындағы абзацта белгіленген кворумға қол жеткізу үшін жеткіліксіз болған жағдайда, директорлар кеңесінің жаңа мүшелерін сайлау (тағайындау) мәселесін директорлар кеңесі жалғыз акционердің қарауына енгізуге міндетті. Директорлар кеңесінің қалған мүшелері мұндай мәселені жалғыз акционердің қарауына енгізу туралы ғана шешім қабылдауға құқылы.
69. Директорлар кеңесінің әрбір мүшесінің бір дауысы болады. Директорлар кеңесінің шешімдері, егер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, директорлар кеңесінің отырысқа қатысқан мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданады.
Дауыстар саны тең болған кезде директорлар кеңесі төрағасының немесе директорлар кеңесінің отырысына төрағалық етуші адамның даусы шешуші болып табылады.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қоғамның Жарғысымен белгіленген тәртіп бұзылған жағдайда, Қоғамның директорлар кеңесі отырысына қатыса алмаған немесе директорлар кеңесі қабылдаған шешімге қарсы дауыс берген Қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі оны сот тәртібімен даулауға құқылы.
Егер көрсетілген шешіммен Қоғамның және (немесе) жалғыз акционердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, жалғыз акционер «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қоғам Жарғысының талаптарын бұзыла отырып қабылданған директорлар кеңесінің шешімін сотта даулауға құқылы.
Директорлар кеңесі директорлар кеңесінің мүшелері ғана қатыса алатын өзінің жабық отырысын өткізу туралы шешім қабылдауға құқылы.
70. Директорлар кеңесі төрағасының қалауы бойынша директорлар кеңесінің қарауына енгізілген мәселелер бойынша шешімдерді сырттай дауыс беру арқылы да қабылдауы мүмкін. Бұл ретте отырыстың күн тәртібінің мәселелері бойынша сырттай дауыс беру үшін бюллетеньдер пайдаланылады.
Сырттай дауыс беру арқылы шешім белгіленген мерзімде алынған бюллетеньдерде кворум болған жағдайда қабылданды деп танылады. Директорлар кеңесінің сырттай отырысының шешімі жазбаша түрде ресімделіп және оған директорлар кеңесінің төрағасы мен корпоративтік хатшысы кол қоюы, сондай-ақ онда:
1) Қоғам басқармасының атауы мен орналасқан жері;
2) сырттай отырыстың шешімі жазбаша ресімделген күні және орны;
3) директорлар кеңесінің құрамы туралы мәліметтер;
4) отырысты шақыруды жүзеге асырған адамның (органның) нұсқамасы;
5) отырыстың күн тәртібі;
6) шешім қабылдау үшін кворумның бар - жоқ екендігі туралы жазба;
7) күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары және қабылданған шешімдер;
8) өзге де мәліметтер болуға тиіс.
Шешім ресімделген күннен бастап жиырма күн ішінде директорлар кеңесінің мүшелеріне жіберілуге тиіс, оған осы шешімді қабылдауға негіз болған бюллетеньдер қоса беріледі.
71. Директорлар кеңесінің отырысында қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, ол отырыс өткен күннен бастап үш күн ішінде жасалып, оған отырысқа төрағалық еткен адам мен корпоративтік хатшының қол қоюы және онда:
1) Қоғам басқармасының толық атауы және орналасқан жері;
2) отырыстың өткізілген күні, уақыты және орны;
3) отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер;
4) отырыстың күн тәртібі;
5) дауыс беруге қойылған мәселелер және олар бойынша дауыс беру қорытындылары;
6) қабылданған шешімдер;
7) директорлар кеңесінің шешімі бойынша өзге де мәліметтер болуға тиіс.
Директорлар кеңесі отырысының хаттамасына корпоративтік хатшы кол қойғаннан кейін хаттамаға келісу парағына директорлар кеңесі мүшелерінің барлығы (Директорлар кеңесінің төрағасынан басқа) кол қояды, бұдан кейін отырыстың хаттамасына директорлар кеңесінің төрағасы қол қояды.
Директорлар кеңесі отырыстарының хаттамалары және сырттай дауыс беру арқылы қабылдаған директорлар кеңесінің шешімдері, сондай-ақ қол қойылған бюллетеньдер Қоғамның мұрағатында сақталады.
Корпоративтік хатшы директорлар кеңесі мүшесінің талап етуі бойынша оған директорлар кеңесі отырысының хаттамасын және сырттай дауыс беру арқылы қабылданған шешімдерді танысу үшін беруге және (немесе) оған хаттама мен шешімнің өз қолымен және Қоғам мөрінің бедерімен расталған үзінді көшірмесін беруге міндетті.
11. Басқарма
72. Ағымдағы қызметті басқаруды басқарма жүзеге асырады. Басқарманы басқарма төрағасы басқарады.
73. Басқарманың құзыретіне мынадай мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кіреді:
1) Қоғамның акцияларын төлеуге берілген не ірі мәміленің мәні болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау бойынша бағалаушының қызметтеріне ақы төлеу мөлшерін анықтау;
2) Қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау, сондай-ақ олардың өзгеру шарттары мен тәртібін анықтау;
3) барлық дауыс беруші акциялары меншік құқығында және(немесе) сенімгерлік басқаруда Қоғамға тиесілі компаниялар деңгейінде бірыңғай орталықтандырылған ішкі аудит қызметін құру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Компаниялардың жарғыларына сәйкес олар бойынша шешімдерді («Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңға сәйкес Қоғамның жалғыз акционері мен директорлар кеңесі қабылдайтын компаниялар қызметінің мәселелері жөніндегі шешімдерді қоспағанда) Қоғамның басқармасы немесе басқарма төрағасы қабылдайтын Компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарының құзыретіне жататын Компаниялар қызметі мәселелерінің тізбесін, сондай-ақ осындай шешімдерді қабылдау тәртібін белгілеу;
5) барлық дауыс беруші акциялары (қатысу үлестері) меншік құқығында және(немесе) сенімгерлік басқарудағы Қоғамға тиесілі Компаниялардың атқарушы органдарының басшыларын тағайындау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ көрсетілген Компаниялардың директорлар кеңесінің қарауына берілген шешімдерді кейіннен енгізе отырып олармен еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын тоқтату;
6) барлық дауыс беруші акцияларын (қатысу үлестерін) Компаниялар тікелей немесе жанама иеленетін Қоғамның тобына кіретін ұйымдардың директорлар кеңесінің қарауына берілген шешімдерді кейіннен енгізе отырып Қоғамның басқармасы анықтайтын тізбе бойынша көрсетілген ұйымдардың атқарушы органдарының басшыларын тағайындау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
7) Компанияларға қатысты директорлар кеңестерін шақырмастан басқару мүмкіндігін осы ұйымдардың жарғыларында белгілеу туралы шешім қабылдау немесе барлық дауыс беруші акцияларын Компаниялар тікелей немесе жанама иеленетін Қоғамның тобына кіретін өзге ұйымдарға қатысты келісу;
8) Қоғамның штат кестесін және ұйымдық құрылымын бекіту;
9) акцияларының елу пайыздан астамы Компаниялардың еншілес Ұйымдарының меншігінде болатын ұйымдарға өзге заңды тұлғаларды құруға қатысу және (немесе) олардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алуға рұқсат беру;
10) Қоғамның филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олар туралы ережелерді бекіту;
11) қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын Қоғам немесе оның қызметі туралы ақпаратты анықтау;
12) Қоғамның облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығару шарттарын белгілеу және Қоғамның жеке меншік капиталы мөлшерінің бір пайызынан аспайтын сомаға Қоғамның өзге де қарыз тартуы;
13) дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамына Қоғам тікелей немесе жанама иелік ететін заңды тұлғаларға қатысты үлгі құжаттарды бекіту;
14) Компаниялардың стратегиялары мен даму жоспарларын бекіту кезінде оларға қатысты бірыңғай (оның ішінде компаниялар қызметінің салалары бойынша) қаржы, инвестициялық, өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық және өзге де саясатты қалыптастыру;
15) инвестициялық шешімдер мен инвестициялық жобалардың толықтығы мен оларды іске асыру мерзімдері бойынша іркілістерге жол бермеу жөнінде жедел шаралар қабылдау;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Жарғыда белгіленген тәртіппен Қоғамның атынан мәмілелер жасасу;
17) Қоғамның қызметкерлері орындауға міндетті шешімдер шығару және нұсқаулар беру;
18) Қоғамның қызметін ұйымдастыру мақсатында қабылданатын, директорлар кеңесі бекітетін құжаттарға жатпайтын құжаттарды бекіту;
19) Қоғамның ішкі қызметінің өндірістік мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;
20) Қоғамның даму стратегияларын әзірлеу және кейіннен жалғызакционерге бекітуге ұсыну үшін директорлар кеңесіне шығару;
21) Қоғамның қызметі туралы есептер дайындау;
22) Қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің бір пайызынан он пайызына дейінгіні құрайтын шамаға Қоғамның міндеттемелерін көбейтеді;
23) Қоғамның тобына кірмейтін ұйымдармен, сондай-ақ жеке тұлғалармен жасалатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ірі мәмілелерге жатпайтын және Қоғам жасасуға мүдделі мәмілелерді жасау туралы шешім қабылдау;
24) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қоғамның Жарғысымен Қоғамның басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелер.
74. Қоғам жалғыз акционері (қатысушы) болып табылмайтын Компаниялар қызметінің мәселелері бойынша Жарғының 73-тармағының 4) тармақшасы іске асырылатын шешімдерді Компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында уәкілетті өкілдер кейіннен дауыс беру үшін Қоғамның акционер (қатысушы) ретіндегі ұстанымын айқындау мақсатында басқарма немесе басқарманың төрағасы қабылдайды.
75. Жарғының 73-тармағының 5), 6) тармақшаларында көрсетілген Қоғам басқармасының шешімдері барлық дауыс беруші акциялары (қатысу үлестері) меншік және(немесе) сенімгерлік басқару құқығында Қоғамға тиесілі Компаниялардың, Қоғамның тобына кіретін, барлық дауыс беруші акцияларына (қатысу үлестеріне) Компаниялар тікелей немесе жанама иелік ететін ұйымдардың директорлар кеңесінің бірауызды шешімімен қабылданбауы мүмкін.
76. Басқарма өзіне жүктелген функцияларды орындаған кезде сұрау салуды алған күнінен бастап он күннен кешіктірмейтін мерзімде директорлар кеңесінің мүшелеріне Қоғамның қызметі туралы, оның ішінде құпия сипаттағы ақпаратты уақтылы беруді қамтамасыз етеді.
77. Басқарма Жалғыз акционер мен директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.
Қоғам белгілеген шектеулерді бұзып жасаған мәміленің жарамдылығын Қоғам, егер мәмілені жасасу сәтінде тараптардың мұндай шектеулер туралы білгендігін дәлелдесе, даулауға кұқылы.
78. Қордың басқармасы басқарма төрағасынан, оның орынбасарларынан және өзге де тұлғалардан тұрады.
Басқарма төрағасының атқарушы орган басшысының не атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның, басқа заңды тұлғаның лауазымын атқаруға құқығы жоқ.
Басқарма мүшелері өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындауға және Қоғам мен жалғыз акционердің мүдделерін мейлінше жоғары дәрежеде көрсететін тәсілдерді пайдалануға тиіс.
Басқарма мүшелері Қоғам мүлкін Жарғыға, жалғыз акционердің және директорлар кеңесінің шешімдеріне қарама-қайшылықта пайдаланбауға немесе пайдалануға жол бермеуге, сондай-ақ жеке басының мақсаттарында және өзінің аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер жасаған кезде теріс пайдаланбауға тиіс.
Басқарма мүшелері басқарма отырысын шақыру, басқарма төрағасын хабардар ету жолымен немесе өзге де қол жетімді тәсілмен залалдың алдын алу, Қоғам қызметін оңтайландыру үшін қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
Басқарма мүшелері басқарма төрағасын өздері жетекшілік ететін мәселелер шеңберіндегі істердің жай-күйі туралы хабардар етеді.
Басқарма мүшесінің өзге де функциялары, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Жарғымен, сондай-ақ көрсетілген тұлғаның Қоғаммен жасасқан еңбек шартымен айқындалады. Басқарма төрағасымен еңбек шартына Қоғамның атынан Қоғамның директорлар кеңесінің төрағасы немесе оған жалғыз акционер немесе директорлар кеңесі уәкілеттік берген тұлға қол қояды. Басқарманың қалған мүшелерімен еңбек шартына басқарма төрағасы қол қояды.
79. Басқарма кемінде 5 (бес) адамнан тұрады.
80. Басқарма, әдетте, айына кемінде 1 (бір) рет жиналады.
81. Басқарма өз қызметін мынадай тәсілдермен шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырады:
1) Басқарма мүшелерінің отырыста (бетпе-бет отырыс) дауыс беруі;
2) Басқарма мүшелерінің сырттай шешуі (сырттай отырыс - сауал жүргізу арқылы).
Басқарма отырысын өткізу үшін кворум сайланған басқарма мүшелері санының кемінде жартысын құрайды.
Басқарманың шешімдері отырысқа қатысып отырған басқарма мүшелерінің немесе сырттай отырысқа қатысатындардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда басқарма төрағасы дауыс берген шешім қабылданады.
82. Басқарма төрағасы:
1) басқарманы басқарады;
2) жалғыз акционердің, директорлар кеңесінің және басқарманың
шешімдерін орындауды ұйымдастырады;
3) Қоғамның атынан өзінің үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарында сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;
4) өзінің үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарында Қоғамның атынан өкілдік ету құқығына сенімхаттар береді;
5) Қоғамның меншікті капиталы мөлшерінің бір пайызына дейін құрайтын шамаға Қоғамның міндеттемелерін көбейту туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ Қоғамның атынан тиісті мәмілелер жасасады;
6) Қоғамның қызметкерлерін («Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларды қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және қызметінен босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады, жалақы мен өзге де сыйақылар төлеу Қоғам директорлар кеңесінің айырықша құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес Қоғам қызметкерлеріне еңбекақы мен сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;
7) өзі болмаған жағдайда өзінің міндеттерін орындауды басқарма мүшелерінің біріне жүктейді;
8) басқарма мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттіктер мен жауапкершілік аясын бөледі;
9) Қоғамның жұмыс режимін белгілейді;
10) Қоғамның ағымдағы және перспективалық жоспарларының және бағдарламаларының - жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді.
11) жалғыз акционердің алдында Қоғамның жұмысы үшін жауапты болады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес директорлар кеңесінің алдында есеп береді;
13) Қоғамның банктік және басқа да шоттарын ашады;
14) құзыреті шегінде, оның ішінде Қоғамның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы бұйрықтар шығарады;
15) басқарманың отырыстарын шақырады және қажетті материалдарды қарауға ұсынады;
16) Қоғамның атынан Қоғам қызметкерлерімен, оның ішінде белгіленген тәртіппен басқарма мүшелерімен және корпоративтік хатшымен еңбек шарттарын жасасады және бұзады;
17) басқарма белгілеген тәртіппен ішкі нормативтік құжаттарды бекітеді;
18) Қоғамның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жоспарлары мен Қоғамның жылдық бюджетін әзірлеуді қамтамасыз етеді;
19) Компанияларға және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамына Компаниялар тікелей немесе жанама иелік ететін өзге де заңды тұлғаларға тексерістер (ревизиялар) тағайындау туралы шешімдер қабылдайды;
20) барлық дауыс беруші акциялары (қатысу үлестері) Қоғамға тиесілі Компаниялар орындау үшін олардың қызметі мәселелері бойынша тура (жедел) тапсырмалар береді;
21) «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңынажәне Қоғамның Жарғысына сәйкес өзге де мәселелер жөнінде шешімдер қабылдайды.
83. Басқарма төрағасының шешімі бойынша басқарма мүшелеріне оның қандай да бір өкілеттіктері берілуі мүмкін.
84. Дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан кемі Қоғамға тиесілі компаниялардың қызметі мәселелері бойынша шешімдерді осындай компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында уәкілетті өкілдер кейіннен дауыс беру үшін Қоғамның акционер (қатысушы) ретіндегі ұстанымын айқындау мақсатында басқарма немесе басқарма төрағасы қабылдайды.
12. Ішкі аудит қызметі
85. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды, Қоғамның қызметін жетілдіру мақсатында ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару жүйесі саласында бағалауды, корпоративтік басқару және консультация беру саласында құжаттарды орындауды жүзеге асыру үшін Ішкі аудит қызметі құрылады.
86. Ішкі аудит қызметі тікелей директорлар кеңесіне бағынады және олардың алдында өз жұмысы туралы есеп береді. Ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары, құқықтары мен жауапкершілігі және жұмыс тәртібі директорлар кеңесі бекітетін Қоғамның Ішкі аудит қызметі туралы ережемен айқындалады.
87. Қоғам мен Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғымен реттеледі.
13. Қоғамның лауазымды адамдары
88. Қоғамның лауазымды адамдары (директорлар кеңесінің мүшелері, басқарма мүшелері):
1) өздеріне жүктелген міндеттерді адал орындайды және Қоғам мен жалғыз акционердің мүдделерін мейлінше жоғары дәрежеде көрсететін тәсілдерді пайдаланады;
2) Қоғам мүлкін Жарғыға, жалғыз акционердің және директорлар кеңесінің шешімдеріне қарама-қайшылықта пайдаланбауға немесе пайдалануға жол бермеуге, сондай-ақ жеке басының мақсаттарында, аффилиирленген тұлғалармен мәмілелер жасасу кезінде теріс пайдаланбауға тиіс;
3) тәуелсіз аудит жүргізуді қоса алғанда, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етуге міндетті;
4) Қоғамның қызметі туралы ақпараттың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ашылуы мен берілуін бақылайды;
5) Қоғамның қызметі туралы ақпараттың құпиялылығын, оның ішінде, егер Қоғамның ішкі құжаттарында өзгеше белгіленбесе Қоғамдағы жұмыс тоқтатылған сәттен бастап үш жыл ішінде сақтауға міндетті.
89. Қоғамның лауазымды адамдары өздерінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) келтірілген зиян үшін, оның ішінде:
1) қателесуге әкеліп соқтыратын ақпарат немесе көрінеу жалған ақпарат берудің;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ақпарат беру тәртібін бұзудың салдарынан келтірілген залал үшін Қоғам мен жалғыз акционер алдында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қоғам жалғыз акционердің шешімі негізінде лауазымды адамның Қоғамға келтірген зиянын не залалын оның өтеуі туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
Қоғамның лауазымды адамдары, егер Қоғамның не жалғыз акционердің залалға ұшырауына әкеп соқтырған Қоғамның органы қабылдаған шешімге қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған жағдайда, жауапкершіліктен босатылады.
14. Ірі мәміле
90. Мыналар ірі мәміле болып танылады:
1) нәтижесінде мүлікті Қоғам сатып алатын немесе шеттететін (сатып алуы немесе шеттетуі мүмкін) құны Қоғам активтері құны жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп пайызын құрайтын мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы;
2) нәтижесінде Қоғам оның орналастырылған бағалы қағаздарын сатып алуы немесе орналасқан бағалы қағаздардың бір түрінің жалпы санының жиырма бес және одан да көп пайызы санында ол сатып алған Қоғамның бағалы қағаздарын сатуы мүмкін мәміле немесе өзара байланысты мәмілелердің жиынтығы.
91. Қоғамның тобына кірмейтін ұйымдармен ірі мәміле жасасу туралы шешімдер Қоғамның директорлар кеңесі қабылдайды.
92. Қоғамның тобына кірмейтін ұйымдармен ірі мәмілелер жасасу туралы шешімдерді қабылдау тәртібін «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3-тармағының 12) тармақшасына және Қоғам Жарғысының 57-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қабылданған Қоғамның ішкі актісімен айқындалады.
15. Есеп, есептілік және аудит
93. Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
94. Қоғам шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын жариялауға міндетті.
95. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігін ол жалғыз акционердің қарауына шығарылған күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей директорлар кеңесі алдын ала бекітуге тиіс. Қоғамның жылдық қаржы есептілігін түпкілікті бекіту жалғыз акционердің шешімімен жүргізіледі.
96. Қоғам жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізуге міндетті.
Қоғамның аудиті директорлар кеңесінің, басқарманың бастамасы бойынша Қоғамның есебінен не жалғыз акционердің талабы бойынша оның есебінен жүргізілуі мүмкін, бұл ретте жалғыз акционер аудиторлық ұйымды дербес айқындауға құқылы.
Аудит жалғыз акционердің талабы бойынша жүргізілген жағдайда Қоғам аудиторлық ұйым сұрататын барлық қажетті құжаттаманы (материалдарды) ұсынуға міндетті.
Егер басқарма Қоғамның қаржылық аудитін жүргізуден жалтарса, аудит кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша соттың шешімімен тағайындалуы мүмкін.
97. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.
16. Қоғамның ақпаратты ашуы. Қоғамның құжаттары
98. Қоғам өз қызметі туралы ақпаратты Қоғамның Интернет желісіндегі WEB-сайтта (WWW.samruk-kazyna.kz) және(немесе) белгіленген тәртіппен айқындалған мерзімді баспасөз басылымында жариялайды.
Қоғам жалғыз акционердің мүдделерін қозғайтын Қоғам қызметі туралы ақпаратты директорлар кеңесі мүшелерінің және (немесе) жалғыз акционер өкілеттілік берген тұлғалардың сұрау салулары негізінде жалғыз акционердің назарына жеткізеді.
Жалғыз акционердің мүдделерін қозғайтын ақпарат деп:
1) жалғыз акционер және директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат;
2) Қоғамның акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды шығаруы және уәкілетті органның Қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептерді, Қоғамның бағалы қағаздарын өтеу қорытындылары туралы есептерді бекітуі, уәкілетті органның Қоғамның бағалы қағаздарының күшін жоюы;
3) Қоғамның ірі мәмілелерді және жасалуына Қоғам мүдделі болатын мәмілелерді жасасуы;
4) Қоғамның жеке меншік капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп пайызын құрайтын мөлшерде Қоғамның қарыз алуы;
5) қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға Қоғамның лицензиялар алуы, қызметтің қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға Қоғамның бұрын алған лицензиялары қолданылуының тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы;
6) Қоғамның заңды тұлға құруға қатысуы;
7) Қоғам мүлкіне тыйым салынуы;
8) нәтижесінде теңгерімдік құны Қоғам активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан да көп пайызын құрайтын Қоғам мүлкі жойылған төтенше сипаттағы мән-жайлардың туындауы;
9) Қоғамды және оның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту;
10) Қоғамды мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешімдер;
11) сотта корпоративтік дау жөніндегі істің қозғалуы;
12) Жарғыға сәйкес жалғыз акционердің мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады.
99. Жалғыз акционердің мүдделерін қозғайтын Қоғамның қызметі туралы ақпаратты ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасына және Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады. Сотта корпоративтік дау жөнінде іс қозғау туралы ақпарат Қоғамның корпоративтік дау жөніндегі азаматтық іс бойынша тиісті сот хабарламасын (шақыруын) алған күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде жалғыз акционерге табыс етілуге тиіс.
Қоғам қызметтік немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа ие Қоғам қызметкерлер тізімінің міндетті түрде жүргізілуін қамтамасыз етеді.
100. Қоғамның өз қызметіне қатысты құжаттарды Қоғам оның қызметінің бүкіл мерзімі ішінде басқарма орналасқан жерде немесе басқарманың шешімі бойынша өзге де жерде сақтауға тиіс.
Мынадай құжаттар сақталуға тиіс:
1) Қоғамның Жарғысы, Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
2) жалғыз құрылтайшының шешімі, жалғыз құрылтайшының шешіміне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
3) Қоғамның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы куәлік;
4) Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.
5) Қоғамның белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға және (немесе) белгілі бір әрекеттер жасауға арналған лицензиялары;
6) Қоғамның өз теңгерімінде тұратын (тұрған) мүлікке құқықтарын растайтын құжаттар;
7) Қоғамның бағалы қағаздарын шығару проспектілері;
8) Қоғамның бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркелгенін, бағалы қағаздар күшінің жойылғанын растайтын құжаттар, сондай-ақ уәкілетті органға Қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру мен өтеу қорытындылары туралы ұсынылған есептерді бекіту;
9) Қоғамның филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;
10) жалғыз акционердің шешімдері және оларға тиісті материалдар;
11) директорлар кеңесі отырыстарының (сырттай өткізілген отырыстар шешімдерінің) хаттамалары, директорлар кеңесінің күн тәртібіндегі мәселелер жөніндегі материалдар;
12) басқарма отырыстарының (шешімдерінің) хаттамалары;
13) корпоративтік басқару кодексі.
Ескерту. 100-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.
101. Өзге құжаттар, оның ішінде Қоғамның қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады.
102. Жалғыз акционердің талабы бойынша және/немесе директорлар кеңесі мүшелерінің және/немесе жалғыз акционер өкілеттік берген тұлғалардың сұрау салулары негізінде Қоғам сұратылатын құжаттардың көшірмелерін тиісті тұлғаларға белгіленген тәртіппен ұсынуға міндетті.
103. Қоғам осы тұлғалар беретін мәліметтердің негізінде өзінің аффилиирленген тұлғаларының есебін жүргізеді.
Қоғам өзінің аффилиирленген тұлғаларының тізімін бағалы қағаздар нарығында реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға ол белгілеген тәртіппен ұсынады.
Қоғамның лауазымды тұлғалары өзінің аффилиирленген тұлғалары туралы ақпаратты Жарғы бекітілген күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннің ішінде, сондай-ақ аффилиирленуі туындауына қарай, ол туындаған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күннің ішінде Қоғамға ұсынады.
Қоғамның аффилиирленген тұлғалары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар аффилиирлену туындаған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде өзінің аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметті Қоғамға табыс етуге міндетті.
Бұрын жалғыз акционер немесе аффилиирленген ретіндегі Қоғамның лауазымды тұлғасы көрсетілген тұлға ондай болуын тоқтатқан жағдайда, жалғыз акционер немесе Қоғамның лауазымды тұлғасы бес күн мерзімде басқарма төрағасын бұл туралы хабардар етеді.
Аффилиирленген тұлғалар туралы ақпарат басқарма төрағасына бағалы қағаздар нарығында реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен тиісті нысан бойынша ұсынылады.
17. Қоғамды қайта ұйымдастыру
104. Қоғамды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Z950002198
105. Қайта ұйымдастыру ерікті немесе мәжбүрлі түрде жүргізілуі мүмкін.
106. Мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
18. Қоғамды тарату
107. Қоғамды ерікті түрде тарату туралы шешімді жалғыз акционер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдайды.
108. Қоғамды мәжбүрлеп таратуды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда сот жүзеге асырады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, Қоғамды тарату туралы талапты мүдделі тұлғалар сотқа ұсынуы мүмкін.
109. Соттың немесе жалғыз акционердің Қоғамды тарату туралышешімімен тарату комиссиясы тағайындалады.
Тарату комиссиясы Қоғамның таратылуы кезеңінде оны басқару және тізбесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іс-әрекеттерді жасау жөніндегі өкілеттіктерге ие болады.
Ерікті түрде тарату кезінде тарату комиссиясының құрамына Қоғам кредиторларының өкілдері, жалғыз акционердің өкілдері, сондай-ақ жалғыз акционердің шешіміне сәйкес өзге де тұлғалар кіруі мүмкін.
110. Қоғамды тарату рәсімі және оның кредиторларының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Қоғамды тарату кезінде оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылуға тиіс.
Таратылатын Қоғамның мүлкін бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
19. Қорытынды ережелер
111. Жарғы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.V070004625