Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 2071 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 тамыздағы № 552 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.08.2021 № 552 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 4, 48-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентінде:

      Техникалық регламентке 1-қосымшада:

      "Сертификаттау схемаларын қолдану" деген бөлімнің 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Егер ұсынылған құжаттар бойынша өнім қауіпсіздігін анықтау мүмкін болса, 9-схеманы жеке қажеттілік үшін өнімнің шағын көлемді партиясын, өндірісті немесе, өндірістік және өзге объектілерді жарақтандыруға арналған нысаналы мақсатпен сатып алынатын бірлі-жарым бұйымды (бұйымдар жиынтығын) сертификаттаған жағдайда импортталатын өнімдер үшін қолдану ұсынылады.";

      3) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының 1-тармағының алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 3) тармақшасын қоспағанда, осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 10 желтоқсандағы
N 2071 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 395-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қаңтардағы N 44 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 1, 15-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 қаңтардағы N 121 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 3, 45-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 тамыздағы N 760 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 35, 372-құжат).