Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 тамыздағы N 760 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 2071 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Т. Сұлтановты Будапешт (Венгрия Республикасы) және Берлин (Германия Федеративтік Республикасы) қалаларына іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 17 маусымдағы N 165-ө  өкіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтағы "2008 жылғы 19 - 25 маусым кезеңіне" деген сөздер "2008 жылғы 20 - 25 маусым кезеңіне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "Астана - Майндағы Франкфурт - Будапешт - Берлин - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша" деген сөздер "Алматы - Майндағы Франкфурт - Будапешт - Берлин - Майндағы Франкфурт - Астана бағыты бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Премьер-Министр                                    К. Мәсімов