Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қаңтар N 44 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 2071 Қаулысымен

      "Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1787  қаулысын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 7 250 000 (жеті миллион екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде жарғылық капиталын қалыптастырсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервiнен "Республикалық телекоммуникациялық тарифтік биллинг орталығы (ТТБ-Орталық)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жарғылық капиталын қалыптастыру үшін қажетті 7 250 000 (жеті миллион екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде қаражат бөлсін. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.06. N  513   қаулысымен.  
     3. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N  1232  қаулысымен.                  

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі