Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы N 1274 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 желтоқсандағы N 2071 Қаулысымен

      Ұлттық қауiпсiздiк стратегиясын iске асыру жөнiндегi 1998-2000 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын орындау, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрiкменстанмен және Өзбекстан Республикасымен делимитациялау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрiкменстанмен және Өзбекстан Республикасымен делимитациялау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Yкiметтiк комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия) құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң сұрау салуы бойынша белгiленген тәртiппен: 
      Қазақстан Республикасының шегiнде жүзеге асырылатын iссапар шығындарын төлей отырып, Комиссия құрамында жұмыс iстеу үшiн өз өкiлдерiн жiберетiн болсын; 
      анықтамалық материалдарды берсiн, әкiмшiлiк-аумақтық шекараларда далалық зерттеу жүргiзуде шектес мемлекеттердiң үкiметтiк делегациялармен жұмысты ұйымдастыруға (Yкiметтiк Комиссия мүшелерiне, сондай-ақ мемлекеттiк шекараны делимитациялау жөнiндегi жұмысты орындайтын қызметкерлерге желiлiк қалааралық байланысы бар тұрғын және жұмыс үй-жайларын беру; жұмыс жүргiзiлетiн кезеңде автокөлiкпен және басқа да қажеттi техникамен, қосалқы бөлшектермен, жанар-жағар материалдарымен қамтамасыз ету; медициналық қызмет көрсету, санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы iс-шараларды жүргiзу) көмек көрсетсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi: 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрiкменстанмен және Өзбекстан Республикасымен делимитациялау жөнiндегi тиiстi делегацияны (бұдан әрi - Делегация) қажеттiлiгiне қарай Комиссия құрамынан жасақтасын. 
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі: 
      1) заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарымен келiсе отырып, мемлекеттiк шекараны делимитациялау жөніндегі жұмысқа мамандар мен сарапшылардың қажетті санын тартсын; 
      2) <*>
      3) Комиссия мүшелерiне, мамандарға және сарапшыларға тиiстi бюджеттік бағдарлама бойынша шетелдегi іссапар шығыстарына шетелдiк валютада қаражат бөлу туралы шешiмдер қабылдасын; <*>
      4) қажет болған кезде жедел тәртiппен Комиссия құрамына тиiстi өзгерiстер енгізсін. <*>
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.02.24. N 289   қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.06.02. N 509   қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. 3,4-тармақшалармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.07.01. N 726   қаулысымен .
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 
      2000 жылға және одан кейiнгi жылдарға арналған республикалық бюджеттiң жобасын жасаған кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрiкменстанмен және Өзбекстан Республикасымен делимитациялауға қаражат қарастырсын;
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 3 абзацының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 
2000.06.06. N 856   қаулысымен .
      6. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) геодезиялық, гидрографиялық және топографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен карта материалдарын, мемлекеттік шекараны делимитациялаудың қорытындылары жөніндегі басқа да құжаттарды әзірлеу мен басып шығару жөніндегі міндеттер жүктелсін. 
      Мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі жұмыстардың барлық кешені Комиссия (Делегация) бекіткен жоспарлар мен техникалық талаптар бойынша орындалсын. 
       ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.02.24. N 289   қаулысымен.
        7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Кедендік бақылау агенттігі және тиісті қалалар мен облыстардың әкімдері Астана, Алматы қалаларында және Қазақстан Республикасының аумағында басқа да елді мекендерде келіссөздер, консультациялар мен кездесулер өткізу кезінде тұратын және жұмыс істейтін үй-жайлар, автокөлік беруді, протоколдық іс-шараларды ұйымдастыруды және дәрігерлік қызмет көрсетуді, үкіметтік делегациялар мен олардың жұмыс топтары мүшелерінің жеке басылық қауіпсіздігін, сондай-ақ мүлік пен құжатқа, оның ішінде кедендік шекарадан өткен кезде қол сұғылмаушылықты қоса алғанда, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы делегацияларының жұмыс істеуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз етсін. <*>
      Келіссөздерді жүргізу мен Қазақстан Республикасының аумағында шекараны делимитациялау жөніндегі жұмыстарды жасау кезінде олардың тіркелулерін жүзеге асыру мен кедергісіз жүріп-тұрулары жөнінен жәрдем көрсетілсін.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.02.24. N 289   қаулысымен.
        ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.01. N 726   қаулысымен
     7-1. <*>
      ЕСКЕРТУ. Жаңа 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.02.24. N 289   қаулысымен.
        ЕСКЕРТУ. 7-1-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.07.17. 
N 791   қаулысымен.
       8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Yкiметiнiң              
1999 жылғы 1 қыркүйектегi       
N 1283 қаулысына            
қосымша                  

       ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.07.17. 
N 791   қаулысымен.
         ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2003.06.02. N 509   қаулысымен .
       ЕСКЕРТУ. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.07.01. N 726   қаулысымен .

  Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түркiменстанмен және Өзбекстан Республикасымен делимитациялау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметтiк комиссиясының құрамы

Ахметов                   - Қазақстан Республикасының
Даниал Кенжетайұлы          Премьер-Министрi, төраға

Әбусейiтов                - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Қайрат Қуатұлы              iстер бiрiншi вице-министрi, төрағаның
                            орынбасары

Атанов                    - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Мұрат Марданұлы             министрлiгiнiң Ерекше тапсырмалар
                            жөнiндегi елшiсi

Оспанов                   - Қазақстан Республикасы Жер
Бақыт Сағындықұлы           ресурстарын басқару жөнiндегi
                            агенттiгiнiң төрағасы

Отто                      - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Иван Иванович               бiрiншi вице-министрi

Тасболатов                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Абай Бөлекбайұлы            министрiнiң орынбасары

Жанпейiсов                - Қазақстан Республикасының Жер
Амангелдi Сүйiнбайұлы       ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            төрағасының орынбасары

Райымбеков                - Қазақстан Республикасының Жер
Каналбек Өтжанұлы           ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            төрағасының орынбасары

Берқалиев                 - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Құсайын Иманғалиұлы         қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметi
                            директорының бiрiншi орынбасары
                            (келісiм бойынша)

Tұpapбеков                - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Биғали Шәрiпқалиұлы         министрiнiң кеңесшiсi

Аманжолова                - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Зүлфия Алтайқызы            министрлiгiнiң Халықаралық құқық
                            департаментiнiң директоры

Сүлейменов                - Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң
Серiк Ермашұлы              бiрiншi орынбасары

Қартов                    - Ақтөбе облысы әкiмiнiң орынбасары
Әлiбек Нәмимұлы

Есенғалиев                - Батыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Абат Қадымұлы               орынбасары

Нұрғалиев                 - Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары
Жақай Жұбайұлы

Жекеев                    - Қазақстан Республикасының Жер
Мәлiк Наурызғалиұлы         ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            Ақтөбе облыстық комитетiнiң төрағасы

Соловьев                  - Қазақстан Республикасының Жер
Владимир Васильевич         ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            Шығыс Қазақстан облыстық комитетiнiң
                            төрағасы

Мордасов                  - Қазақстан Республикасының Жер
Николай Павлович            ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            Батыс Қазақстан облыстық комитетiнiң
                            төрағасы

Дихаев                    - Қазақстан Республикасының Жер
Мереке Қасымұлы             ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            Қостанай облыстық комитетiнiң төрағасы

Бейсембаев                - Қазақстан Республикасының Жер
Нұратай Темiрболатұлы       ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            Павлодар облыстық комитетiнiң төрағасы

Құнанбаев                 - Қазақстан Республикасының Жер
Сапарбек Құнанбайұлы        ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            Солтүстiк Қазақстан облыстық комитетінiң
                            төрағасы

Құлмағамбетов             - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Қайрат Амангелдiұлы         министрлiгiнің Халықаралық құқық
                            департаментi Мемлекеттiк шекара және
                            халықаралық құқық проблемалары
                            басқармасының бастығы

Қарабалаев                - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Нұрлыхан Жамалұлы           министрлігiнiң Жедел жоспарлау
                            департаментi топографиялық қызметiнiң
                            бастығы

Айнақұлов                 - Қазақстан Республикасының Жер
Амангелдi Базаралыұлы       ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            геодезия және картография басқармасының
                            бастығы

Сағындық                  - Қазақстан Республикасының Жер
Марал Жанәбiлқызы           ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            геодезия және геоақпараттық жүйелер
                            бөлiмiнiң бастығы

Есжанов                   - Қазақстан Республикасының Кедендiк
Арман Есiмғалиұлы           бақылау агенттiгi Кедендiк бақылауды
                            ұйымдастыру департаментiнiң бөлiм 
                            бастығы

Аманов                    - Қазақстан Республикасының Жер
Батыр Аманұлы               ресурстарын басару жөнiндегi агенттiгi
                            "Қазгеокарт" республикалық
                            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының
                            директоры

Жолдыбаев                 - Қазақстан Республикасының Жер
Қадыржан Жұмабайұлы         ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            "Ұлттық картографиялық геодезиялық
                            қор" республикалық мемлекеттiк
                            қазыналық кәсiпорнының директоры

Әкiм                      - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Азат Әбдiрахманұлы          iстер министрлiгi аппаратының
                            құжаттарды мемлекеттiк тілде
                            қалыптастыру бөлiмiнiң кеңесшiсi

Сейтiмбетова              - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Сәуле Мырзаханқызы          iстер министрлiгi Халықаралық құқық
                            департаментiнiң Мемлекеттiк шекара
                            және халықаралық құқық проблемалары
                            басқармасы мемлекеттiк шекара бөлiмiнiң
                            кеңесшiсi

Әбiнаев                   - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Шыңғыс Ысмағұлұлы           iстер министрлiгi Халықаралық құқық
                            департаментi Мемлекеттiк шекара және
                            халықаралық құқық проблемалары
                            басқармасы мемлекеттiк шекара
                            бөлiмiнiң үшiншi хатшысы

Кириллов                  - Қазақстан Республикасы Жер
Сергей Владимирович         ресурстарын басқару жөнiндегi
                            агенттiгiнiң "Қазгеокарт" республикалық
                            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
                            мемлекеттік шекараны делимитациялау
                            және демаркациялау қызметiнiң бастығы

Қалижанов                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Ержанат Кеңесбекұлы         қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметi
                            Инспекция және шекаралық
                            ынтымақтастық бас басқармасының
                            Инспекторлық басқармасы бақылау
                            және инспекциялау бөлiмiнiң бастығы
                            (келiсiм бойынша)

Балғабаев                 - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Рысдәулет Жайлаубекұлы      қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң
                            Инспекция және шекаралық
                            ынтымақтастық бас басқармасы
                            Кеңесшiлер тобының консультанты
                            (келiсiм бойынша)

Мұтайыров                 - Қазақстан Республикасының Жер
Аманғали Шәрiпұлы           ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            "Шығысгеодезия" республикалық
                            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының
                            директоры

Жолаев                    - Қазақстан Республикасының Жер
Бөлекбай Жаулыұлы           ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            "Батысгеодезия" республикалық
                            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының
                            директоры

Уахитов                   - Қазақстан Республикасының Жер
Болатхан Зектайұлы          ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            "Солтүстiкгеодезия" республикалық
                            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының
                            директоры

Пащенко                   - Қазақстан Республикасы Жер
Андрей Викторович           ресурстарын басқару жөнiндегi
                            агентгiгiнiң "Қазгеокарт" республикалық
                            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
                            техникалық бөлiмiнiң бастығы

Ахмадиев                  - Қазақстан Республикасы Жер
Бауыржан Баймұхамбетұлы     ресурстарын басқару жөнiндегi
                            агенттiгiнiң "Қазгеокарт" республикалық
                            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны
                            жоспарлау экономикалық бөлiмiнiң бастығы

Бородин                   - Қазақстан Республикасының Жер
Игорь Александрович         ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            "Қазгеокарт" республикалық
                            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының
                            бiрiншi санаттағы геодезисi

Жүнicов                   - Қазақстан Республикасының Жер
Алмас Әнуарұлы              ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi
                            "Қазгеокарт" республикалық
                            мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнының
                            екiншi санаттағы инженер-картографы

Сүнтаев                   - Қазақстан Республикасының Кедендiк
Тiлеген Иматұлы             бақылау агенттігі төрағасының орынбасары

Селiханов                 - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
Дүйсембай Мағзұмұлы         орынбасары

Байғожин                  - Атырау облысы әкiмiнiң орынбасары
Марат Имашұлы

Төлеубаев                 - Қостанай облысы әкiмiнiң орынбасары
Темiржан Төлеубайұлы

Пiстаев                   - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Марат Құрманәлiұлы          министрлiгі Көшi-қон полициясы
                            департаментiнiң бастығы

Нарымбетов                - Қазақстан Республикасының Кедендiк
Ербол Қабдолхамитұлы        бақылау агенттігі Кедендiк бақылауды
                            ұйымдастыру департаментінiң басқарма
                            бастығының орынбасары

Сырымбет                  - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Жангелдi Жеңiсұлы           министрлігінiң Халықаралық құқық
                            департаментi мемлекеттiк шекара
                            бөлiмiнiң атташесi

Жұмағұлов                 - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
Талғат Қуантқанұлы          министрлiгінiң Халықаралық құқық
                            департаментi мемлекеттiк шекара
                            бөлiмiнiң атташесi

Орынбасаров               - Қазақстан Республикасының Жер
Төлеп Қиялбайұлы            ресурстарын басқару жөнiндегі агенттігі
                            Атырау облыстық комитетiнiң
                            төрағасы