Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы N 291 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 12 наурыздағы
N 291 қаулысымен   
бекітілген      

Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау
ережесі

      Осы Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 41-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау тәртібін айқындайды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарына, бірлесіп дербес білім беру ұйымдарына және олардың Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ұйымдарына жекелеген мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға, тапсырыс мемлекеттiк тапсырма болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1524 қаулысымен.
      2. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға мемлекеттік тапсырманы орындауға бюджет қаражатын бөлу осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталы ұлғайтылмай жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу тәртібі

      3. Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға немесе басқа да мiндеттердi орындауға арналған ұсыныстар мен негiздемелер дайындауды қамтиды.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 296 Қаулысымен. 
      4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде стратегиялық жоспардың жобасымен және бюджеттiк өтiнiммен бiрге мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге немесе бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға ұсыныс жасайды.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Ұсыныс осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi
және мыналарды:
      1) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауын;
      2) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасын;
      3) мемлекеттiк тапсырманың орындалуына жауапты жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымның немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдарының немесе дербес бiлiм беру ұйымының немесе оның ұйымының атауын;
      4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын және оны орындауға жоспарланып отырған бюджет қаражатының сомасын;
      5) мемлекеттiк тапсырманы орындау мерзiмiн;
      6) атап айтқанда мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтi немесе бюджеттік инвестициялық жобаны iске асыру қажеттiгiнiң негiздемесiн қамтуы тиiс.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.03.2012 № 296 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1524 қаулысымен.
      6. Мемлекеттiк тапсырма нысанында орындау жоспарланып отырған мемлекеттiк қызметтер мен бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларымен, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiмен бiрге Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 296 Қаулысымен.
      7. Мемлекеттік тапсырма нысанында іске асыру жоспарланып отырған бюджеттік инвестициялық жобалар бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлаудың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген барлық рәсімдерінен өтеді.
      8. Мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде және Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және мемлекеттiк тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғаларды көрсете отырып, мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн (бұдан әрi – мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi) қалыптастырады.
      Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi:
      1) мемлекеттiк тапсырма нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның атауын;
      2) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасын;
      3) мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен заңды тұлғаның атауын;
      4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодын көрсете отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын;
      5) мемлекеттiк тапсырманы орындауға қажеттi бюджет қаражатының сомасын қамтуы тиiс.
      Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы қысқа әрi нақты болуы және мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның мәнiн көрсетуге тиiс.
      Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына қосымша нысанда бекiтiледi.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 296 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      9. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған міндеттерді кейінге қалдырмай шешу қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржы жылы ішінде Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджетте бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламалар шегінде Мемлекеттік тапсырмалар тізбесіне толықтырулар енгізуі мүмкін.

3-тарау. Мемлекеттік тапсырманы орындау тәртібі

      10. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле (бұдан әрі - шарт) жасау арқылы іске асыру шеңберінде нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 296 Қаулысымен.
      11. Шарт мемлекеттік тапсырманы орындаудың тікелей және түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерін, қажет болған кезде сапа мен тиімділік көрсеткіштерін, мемлекеттік тапсырманы орындау мерзімін, бюджет қаражатын алған және пайдаланып отырған заңды тұлғаның мемлекеттік тапсырманы орындау көрсеткіштеріне қол жеткізібегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылығы қамтуы тиіс.
      12. Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады.
      13. Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйым немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын оның ұйымдары, дербес білім беру ұйымы немесе оның ұйымы шеңберінде мемлекеттiк тапсырма орындалатын республикалық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне шартта белгiленген мерзiмде оның орындалу барысы туралы есеп бередi.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1524 қаулысымен.

Мемлекеттік тапсырманы 
әзірлеу және орындау  
ережесіне қосымша   

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 296 Қаулысымен.

Мемлекеттік тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi
көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске
асыруға арналған ұсыныс
__________________________________________________
(республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң атауы)

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымның немесе дербес бiлiм беру ұйымының немесе оның ұйымының атауы

Шеңберiнде мемлекеттiк тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жоспарланатын бюджет қаражатының сомасы

Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi

Мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтi көрсету немесе бюджеттік инвестициялық жобаны iске асыру үшiн негiздеме

1

2

3

4

5

6

7

8