Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 46, 584-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 413-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 қаңтардағы
N 66 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген материалдық емес активтерді қоспағанда, қаржы құралдарының тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.29 № 1438 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.10 № 1572; 12.04.2014 № 350 қаулыларымен.
1. Шетелдік:
1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;
2) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары;
3) корпоративтік бағалы қағаздар;
4) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар;
5) акциялар;
6) репо және кері репо операциялары;
7) депозиттер (салымдар);
8) кепілдік арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending);
9) стандартты туынды қаржы құралдары;
10) құрылымдық өнімдер;
11) валюталар;
12) ақша нарығы қорлары.
2. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.12.29 № 1438 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Қазақстандық:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының облигациялары;
2) «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының облигациялары.
3) «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлiк қоғамының облигациялары.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.12.10 № 1572 Қаулысымен.