Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 46, 584-құжат);
2) "Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 413-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы N 66 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының
тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 30.06.2017 № 403 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1115 қаулысымен.
1. Шетелдік қаржы құралдары, оның ішінде шетелдік қаржы нарықтарында айналыстағы құралдар:
1) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздар;
2) мемлекеттік және агенттік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде муниципалдық бағалы қағаздар;
3) халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) бағалы қағаздары;
4) корпоративтік бағалы қағаздар;
5) корпоративтік бағалы қағаздарға инвестициялау шеңберінде айырбасталатын бағалы қағаздар;
6) жылжымайтын мүлік (MBS) және активтер (ABS) кепілдікке қойылған бағалы қағаздар;
7) акциялар;
8) репо және кері репо операциялары;
9) шетел валютасындағы және алтындағы депозиттер (салымдар);
10) кепіл арқылы бағалы қағаздарды қарызға беру (securities lending);
11) туынды қаржы құралдары;
12) құрылымдық өнімдер;
13) валюталар;
14) ақша нарығы қорлары;
15) құймадағы және металл шоттардағы алтын;
16) биржалық инвестициялық қорлар (ETFs);
17) балама құралдар;
18) арнайы мақсаттағы компаниялар мен әріптестіктердің акциялары мен үлестері (SPV – special purpose vehicle).
2. Қазақстандық қаржы құралдары:
Қазақстан Республикасы Президентінің тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылатын стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін шығарылатын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздары.
Ескерту. Тізбе 2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.12.2022 № 1115 қаулысымен.