Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген материалдық емес активтердi қоспағанда, шетелдiк қаржы құралдарының тiзбесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы N 1236 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы N 66 Қаулысымен

      Ескерту. 2, 3 және 4-тармақтарды қоспағанда, күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегi N 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже;
      2) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2013 N 186 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416; 26.02.2013 N 186 қаулыларымен.

      2. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетi, осы Комитеттiң штат саны мен мемлекеттік мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына берiле отырып, таратылсын.
      3. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестіктi қорғау комитетi және оның аумақтық бөлiмшелерi;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi құрылсын.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.06 N 509, 2006.08.02 N 730 қаулыларымен.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi болып қайта аталсын.

      5. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.06.27 N 589 қаулысымен.
      6. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2013 N 186 қаулысымен.
      7. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05. N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне берiлетiн функцияларды ұстауға, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.
      9. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегi, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктерi берiлетiн функциялар шеңберiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мемлекеттік мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi берудi қамтамасыз етсiн.
      10. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 205-12-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 235-жол алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Құрылыс iстерi жөнiндегi комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Құрылыс" деген сөзден кейiн "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнде "жөнiндегi" деген сөз алынып тасталсын.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      11. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      12. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.02.2013 N 186 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi индустрия және елдi индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешені, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндiрiсi; салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және оларды тарату, экспорттық бақылау; техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету; электр энергетикасы; көмiрсутегi шикiзатын қоспағанда, минералдық ресурстар; мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын ұдайы өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдiк балшық бөлiгiнде мемлекеттiк басқару; көмiр өнеркәсiбi; атом энергиясын пайдалану, энергия үнемдеу, туристiк қызмет саласында басшылық етудi, инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру, сондай-ақ оның құзыретiне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi (бұдан әрi – реттелетiн салалар) жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің мынадай ведомстволары бар:
      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Инвестиция комитетi;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Туризм индустриясы комитетi;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Өнеркәсiп комитетi;
      4) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Техникалық реттеу және метрология комитетi;
      5) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетi;
      6) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетi;
      7) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің Атом энергиясы комитеті.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты.
      10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi» мемлекеттiк мекемесi.
      11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгiнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің миссиясы:
      индустрияны дамыту, елдің индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамуы, сондай-ақ туризм индустриясы мемлекеттік саясатын қалыптастыру.
      15. Мiндеттерi:
      1) индустрия және елдi индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамыту, тау-кен металлургиялық кешені, машина жасау, химия, фармацевтика және медицина, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдары өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi, арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және оларды тарату, экспорттық бақылау, техникалық реттеу және өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, электр энергетикасы, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдiк балшық бөлiгiнде жер қойнауын пайдалану, көмiр өнеркәсiбi, атом энергиясын пайдалану, мемлекеттiк геологиялық зерделеу, минералдық-шикiзат базасын ұдайы өндiру, жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану, жер қойнауын пайдалануды қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары мен емдiк балшық бөлiгiнде мемлекеттiк басқару, энергия үнемдеу, туристiк қызмет саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің құзыретiне жатқызылған қызмет саласында мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
      3) ғылыми-технологиялық әзiрлемелердi енгiзу (ғылым мен техника жетiстiктерiн пайдалану) және жоғары технологиялық өндiрiстердi қалыптастыру негiзiнде ел экономикасын дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      4) ұйымдық және экономикалық, оның iшiнде мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру үшiн инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн шарттарды құру жолымен инновациялық қызметтi ынталандыру;
      5) инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру;
      6) экономиканы дамыту және қазiргi заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндiрiстердi құру, жұмыс iстеп тұрған өндiрiстердi кеңейту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру үшiн қолайлы инвестициялық ахуал жасау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      7) инвестициялық жобаларды iске асыру және мониторингiлеу бойынша шараларды қамтамасыз ету;
      8) экономиканы әртараптандыру және үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту үдерiстерiн үйлестiрудi жүзеге асыру;
      9) реттелетiн салалардағы мемлекеттiк басқару;
      10) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
      16. Орталық аппараттың функциялары:
      1) реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз етедi;
      2) реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      3) халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдармен, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктермен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
      4) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне бекітілген үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) шеңберінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
      5) өз құзыретi шегiнде реттелетiн салалардағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, келiседi және бекiтедi;
      6) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1190 қаулысымен;
      7) реттелетiн салалардағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады;
      8) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану мәселелерi бойынша заңнамалық актiлерiн әзiрлеу және өзгерту жөнiндегi ұсыныстарды енгiзедi;
      9) Қазақстан Республикасы заңнамасының негiзiнде және оны орындау үшiн атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметтi регламенттейтiн нормалар мен қағидаларды әзiрлейдi, белгiлейдi және қабылдайды;
      10) радиациялық қауіпсіздікті бағалауды жүзеге асырады, радиациялық қауіпсіздікті бағалау нәтижелерін талдайды және бекітеді;
      11) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді, келіседі және бекітеді;
      12) ядролық, радиациялық және электрофизикалық қондырғылардың қауіпсіздігі үшін сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларының үлгі мазмұнын және оны бекіту тәртібін айқындайды;
      13) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен қағидаларды әзiрлейді;
      14) Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға, келiсiмдер мен уағдаластықтарға сәйкес экспорттаушы елдiң құзыреттi мемлекеттiк органының сұрау салуы болған кезде ядролық импорт өнiмдерiн бейбiт мақсатта пайдалану туралы растау бередi;
      15) Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға, келiсiмдер мен уағдаластықтарға сәйкес ядролық қаруы жоқ елдердiң құзыреттi мемлекеттiк органдарынан ядролық экспорт өнiмдерiн бейбiт мақсатта пайдалану туралы растауды сұратады;
      16) өз құзыретi шегiнде өңделген отын немесе радиоактивтi қалдықтар айналымын мемлекеттiк реттеудi жүзеге асырады;
      17) радиациялық қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейді;
      18) иондаушы сәулелендiру көздерiмен жұмыс iстеу саласындағы лицензиялануға жататын қызмет түрлерiн айқындайды;
      19) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, соның iшiнде халықтың сәулелену дозаларын бақылау мен есепке алу саласындағы мемлекеттiк басқарудың бiрыңғай жүйесiн құрады және оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз етеді;
      20) радиациялық қауiпсiздiкке, ядролық материалдар мен иондаушы сәулелендiру көздерiн физикалық қорғауға және аварияға қарсы жоспарлауға, есепке алу мен бақылауға қатысты нормалар мен қағидаларды әзiрлейдi және келiседі;
      21) ядролық материалдар мен иондаушы сәулелену көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттiк жүйелерiн құрады;
      22) Қазақстан Республикасының Үкiметiне инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау жөнiндегі ұсыныстар енгiзедi;
      23) технологиялық болжауды тұрақты негiзде үш жылда бiр реттен кем емес қорытындылар шығара отырып жүргiзедi;
      24) технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының жәрдемдесуімен нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асырады;
      25) ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен аффилиирленген заңды тұлғалармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң тiзбесiн айқындайтын технологиялық меморандумдарды жасасады;
      26) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi ұсынатын тиiстi мамандарға қажеттiлiк туралы мәлiметтер негiзiнде экономиканың басым секторлары үшiн мамандар даярлау, қажет етiлетiн мамандықтардың тiзбесiн айқындау бойынша ұсыныстар қалыптастырады;
      27) технологияларды сатып алуға, өнеркәсiптiк зерттеулер жүргiзуге, бастапқы даму кезеңiнде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөнiндегi қызметтi қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңiрлiк патенттiк ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзiрлейдi;
      28) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын әзiрлейдi;
      29) шет елде инженерлiк-техникалық персоналдың бiлiктiлiгiн арттыруға, жоғары бiлiктi шетелдiк мамандарды тартуға, консалтингтiк, жобалық және инжинирингтiк ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидаларын әзiрлейдi;
      30) инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары шеңберiнде технологиялық дамыту жөнiндегi ұлттық даму институтын тарта отырып, инновациялық гранттар береді;
      31) технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негiзiнде инновациялық гранттар беруге қаражат бөледі;
      32) ғылыми-технологиялық дамытудың салааралық жоспарын әзiрлейдi;
      33) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға экономиканың басым секторларын айқындау бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      34) Қазақстан Республикасының Үкiметiне индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларының тиiмдiлiгi туралы ақпаратты жыл сайын ұсынады;
      35) жергiлiктi қамту бойынша сараптама жүргiзу қағидаларын әзiрлейдi;
      36) басым тауарлар мен қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлейдi;
      37) жоғары технологиялық өнiм өндiру жөнiндегi қызмет түрлерiнiң тiзбесiн әзiрлейдi;
      38) Қазақстан Республикасы Үкiметiнің жанындағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бойынша үйлестiру кеңесi туралы ереженi әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне оның құрамын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар енгiзедi;
      39) Технологиялық саясат жөнiндегi кеңес туралы ережені әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне оның құрамын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар енгiзедi;
      40) дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлiгiндегі даму стратегиялары мен жоспарларын келiседi;
      41) салалық конструкторлық бюролардың жұмыс iстеуі қағидаларын әзiрлейдi;
      42) отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарыққа жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын әзiрлейдi;
      43) сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары iшiнара өтелетiн отандық өңделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің тiзбесiн әзiрлейдi;
      44) инновациялық гранттар беру кезiнде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтерiне ақы төлеу тәртiбiн әзiрлейдi;
      45) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын әзiрлейдi;
      46) технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерiн көрсету, сондай-ақ осындай қызметтер құнын айқындау қағидаларын әзiрлейдi;
      47) технологиялық болжауды жүргiзу әдiстемесiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      48) жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау көрсетеді және олардың отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтейді;
      49) экспортты дамыту және жылжыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау көрсетеді және олардың отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтейді;
      50) өзге мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызылмаған жоғары технологиялы сервистік индустрияны дамыту саясатын әзірлейді;
      51) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен бiрлесiп, экспорттық бақылау жүйесi өнiмiнiң номенклатурасын (тiзiмiн) әзiрлейдi;
      52) жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негiзiнде индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа жылжыту бойынша шығындарын өтеуге қаражат бөледі;
      53) Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң ұсынымы негізінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу туралы шешім қабылдайды;
      54) Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оң ұсынымы негiзiнде отандық өңделген тауарларды, көрсетілетін қызметтердi сыртқы нарықтарға жылжытатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу туралы шешім қабылдайды;
      55) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi iшкi және сыртқы нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың ережесін және құрамдарын бекітеді;
      56) машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi және келiседi;
      57) техникалық регламенттi бекiтудi қоспағанда, машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзірлейді, бекiтедi және келiседi;
      58) сәйкестiк белгiсiнiң кескiнiн, оған қойылатын техникалық талаптар мен таңбалау тәртiбiн әзiрлейдi;
      59) жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде ұсынылатын отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының тiзбесiне енгiзу үшiн отандық өнеркәсiп кәсiпорындарын iрiктеу өлшемдерiн әзiрлейдi;
      60) жер учаскелерi меншiкке өтеусiз негiзде ұсынылатын отандық өнеркәсiп кәсiпорындарының тiзбесiн әзiрлейдi;
      61) Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi ұйымдардың және мемлекеттiк органдардың сатып алуы кезiнде жергiлiктi қамтудың үлесiн ұлғайту бойынша шараларды әзiрлеудi жүзеге асырады және мемлекеттiк саясатты iске асырады;
      62) жергiлiктi қамту мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi және әдiснамалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      63) бiрлесiп бекiтiлген нысандар негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы, Мұнай және газ министрлiктерi жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуында жергiлiктi қамту бойынша тұрақты негізде ұсынатын жалпы ақпаратты жинақтауды және талдауды қамтамасыз етедi;
      64) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiткен тiзбе бойынша ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi сатып алуында жергілікті қамтудың мониторингiн және тиiстi ұйымдар ұсынатын жүргiзiлген, жүргiзiлетiн және келесi жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
      65) ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың, олардың еншiлес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы жергілікті қамтудың мониторингін жүзеге асырады;
      66) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды жеткізушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн әзiрлейдi;
      67) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылу мониторингiн жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша және мерзiмдерде орталық атқарушы органдар ұсынатын есептерге талдау жүргiзедi;
      68) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлiктiң нысанын бекiтедi;
      69) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым нысанын әзiрлейдi және бекiтедi;
      70) Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмдi қалыптастыруды және жүргiзудi ұйымдастырады;
      71) мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмнiң энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың көлемiн өнiмнiң, үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың алаңы бiрлiгiне, энергия аудитi қорытындылары бойынша айқындалған шамаға дейiн жыл сайын азайтуды қамтамасыз етпеген субъектiлерiнiң, оның iшiнде энергия тұтынудың нормативтерiн сақтамайтын мемлекеттiк мекемелердi қамтитын тiзбесiн қалыптастырады және өзiнiң интернет ресурсында орналастырады;
      72) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттеу жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссияны құрады, оның құрамын және қызмет тәртiбiн бекiтедi;
      73) Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм операторын бекiтуге ұсынады;
      74) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды, сондай-ақ технологиялық әзiрлемелердi жүргiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;
      75) энергия аудитiн және (немесе) энергия үнемдеу мен энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру, сондай-ақ энергия менеджментi жүйесiн құру, енгiзу және ұйымдастыру жөнiндегi оқу орталықтарын құруды және олардың жұмысын ұйымдастырады;
      76) энергия аудитiн және (немесе) энергия үнемдеу мен энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру, сондай-ақ энергия менеджментi жүйесiн құру, енгiзу және ұйымдастыру жөнiндегi оқу орталықтарының тiзбесiн қалыптастырады;
      77) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1190 қаулысымен;
      78) электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi;
      79) өз құзыретi шегiнде электр және жылу энергиясын өндiру, беру және тұтыну, сондай-ақ электр қуатының әзiрлiгiн ұстап тұру және электр қуатының жүктеменi көтеруге әзiрлiгiн қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi;
      80) энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың технологиялық мұқтаждықтарына электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi;
      81) жабдықтарды жобалау, салу, олардың пайдаланылу және техникалық-экономикалық сипаттамалары саласындағы нормативтiк техникалық құжаттарды әзiрлейдi және бекітеді;
      82) инвестициялық бағдарламаны әзiрлеуге арналған техникалық тапсырманы әзiрлейдi;
      83) энергия өндiрушi ұйымдармен келiсiмдер және инвестициялық шарттар жасасады;
      84) келiсiмдерде көзделген инвестициялық мiндеттемелердi және инвестициялық шарттарда көзделген инвестициялық бағдарламаларды энергия өндiрушi ұйымдардың орындауына мониторинг жүргiзедi;
      85) энергия өндiрушi ұйымдар тобын қалыптастырады;
      86) жеке тариф есептік тарифтен жоғары болып бекітілетін жағдайда инвестициялық бағдарламаның құнын көтеруді келіседі;
      87) табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп мыналарды бекітеді:
      тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін инвестициялық бағдарламалар (жобалар);
      электр және жылу энергетикасы саласындағы реттелетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі;
      88) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығы нарығының операторын айқындайды;
      89) салыстырмалы талдау әдiсiн қолдана отырып, тарифтi есептеу әдiстемесiн келіседі;
      90) энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың күзгi-қысқы жағдайларда жұмысқа әзiрлiгi паспортының нысанын, оны алу тәртiбi мен мерзiмiн әзiрлейдi;
      91) мемлекеттiк техникалық инспектордың қызметтiк куәлiгiнiң, нөмiрлiк мөртабанның және пломбирдiң үлгiсiн белгiлейдi;
      92) мемлекеттiк техникалық инспекторлар актiлерiнiң нысандарын бекiтедi;
      93) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiмен электр байланысы жоқ өңірлер үшiн электр энергиясының көтерме сауда нарығы жұмыс iстеуiнiң және оны ұйымдастырудың ерекшелiктерiн айқындайды;
      94) мемлекеттiк техникалық инспекторға қызметтiк куәлiк, нөмiрлiк мөртабан және пломбир беру тәртiбiн бекiтедi;
      95) қосарлас (шунттаушы) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалау мен салуды келіседі;
      96) меншік нысандарына қарамастан, электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін сатып алу-сату, жалға немесе сенімгерлік басқаруға беруді келіседі;
      97) тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
      98) тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;
      99) электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi;
      100) электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзiрлейдi;
      101) электр энергиясының теңгерімді нарығының жұмыс істеуі қағидаларын әзiрлейдi;
      102) электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызметтерді ұсыну қағидаларын әзiрлейдi;
      103) Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінде авариялық бұзушылықтарды болдырмау және оларды жою жөніндегі қағидаларды әзiрлейдi;
      104) энергия өндiрушi ұйымдар үшiн күзгi-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын әзiрлейдi;
      105) энергия өндiрушi ұйымдар үшiн күзгi-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын әзiрлейдi;
      106) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектiлерi үшiн электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесiнiң жұмыс iстеу қағидаларын әзiрлейдi және бекiтедi;
      107) энергетикалық сараптама жүргiзу қағидаларын әзiрлейдi;
      108) электр станциялары мен желiлерiн техникалық пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
      109) электр қондырғыларын пайдалану кезiндегi қауiпсiздiк техникасы қағидаларын әзiрлейдi;
      110) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
      111) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттаудан өткізу әдiстемесiн, тәртiбi мен мерзiмдерiн айқындайды;
      112) электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзiрлейдi;
      113) электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзiрлейдi;
      114) электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
      115) жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзiрлейдi;
      116) жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызметтер көрсету нарығын ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларын бекітеді;
      117) электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзiрлейдi;
      118) электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзiрлейдi;
      119) электр желілік қағидаларын әзiрлейдi;
      120) энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзiрлейдi;
      121) тозаң тәріздес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзiрлейдi;
      122) аспаптармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзiрлейдi;
      123) біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, аудандық қазандықтардың, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізу және оларды есепке алу қағидаларын әзiрлейдi;
      124) техникалық жарақтандырудан кейін электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергия объектілерін пайдалануға қабылдап алу қағидаларын әзiрлейдi;
      125) энергетикадағы жұмыс орындарын аттестаттау, оңтайландыру, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзiрлейдi;
      126) жылу энергиясын жіберуді және жылу жеткізгішін есепке алу қағидаларын әзiрлейдi;
      127) жылу электр станцияларының электр қуатын шектеуді және оларды қысқарту жөніндегі іс-шараларды келісу тәртібі туралы ережені әзiрлейдi;
      128) Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзiрлейдi;
      129) электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзiрлейдi;
      130) электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және оларды энергиямен жабдықтау мақсатында сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын әзiрлейдi;
      131) сарапшы ұйымдарды және дайындаушы зауыттарды тарта отырып, электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттары мен құрылыстарының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйіне мерзімді тексеру жүргізу қағидаларын әзiрлейдi;
      132) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндiрушi ұйымдардан инвестициялық мiндеттемелердiң орындалуы туралы ақпарат сұратады және алады;
      133) электр қуатын орналастырудың перспективалық схемасын әзiрлейдi және бекiтедi;
      134) жаңадан пайдалануға берiлетiн генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткiзедi;
      135) жаңадан пайдалануға берiлетiн генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердiң қорытындылары бойынша осы тендердiң жеңiмпазымен шарт жасасады;
      136) жүйелiк операторға тендер негiзiнде жаңадан пайдалануға берiлетiн генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзiрлiгiн ұстап тұру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу туралы шарт жасасу үшiн жаңадан пайдалануға берiлетiн генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердiң жеңiмпазын, электр қуатының әзiрлiгiн ұстап тұру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу бағасын, көлемiн және мерзiмдерiн айқындайды;
      137) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерiмдерiн бекiтедi;
      138) электрмен жабдықтаудың үлгiлiк шартын әзiрлейдi;
      139) жаңадан пайдалануға берiлетiн генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған үлгiлiк шартты әзiрлейдi;
      140) жаңадан пайдалануға берiлетiн генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзiрлiгiн ұстап тұру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу туралы үлгiлiк шартты әзiрлейдi;
      141) жаңадан пайдалануға берiлетiн генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткiзу қағидаларын әзірлейді;
      142) электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі қағидаларын әзірлейді;
      143) Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүйелік операторды айқындау туралы ұсыныс енгізеді;
      144) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асырады;
      145) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпкерлік мәселелері бойынша сарапшы кеңесті құрады;
      146) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының, тәуекел деңгейін бағалау өлшемдерінің, жартыжылдық тексеру жоспарларының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
      147) Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғалармен Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім жасасудың тәртібін, шартын және үлгілік нысанын айқындайды;
      148) Қазақстан Республикасының резиденті - заңды тұлғалармен бекітілген нысан бойынша моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер жасасады;
      149) Қазақстан Республикасындағы тыңайтқыш өндірушілердің тізбесін облыстың (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органының сұрауы бойынша береді;
      150) арнайы экономикалық аймақтың қатысушы ретінде тіркеуге арналған өтінім мен сауалнаманың нысандарын бекітеді;
      151) арнайы экономикалық аймақтың қатысушы ретінде қызметтерді жүзеге асыру туралы үлгілік шарттар әзірлейді;
      152) құрылатын арнайы экономикалық аймақтың техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды бекітеді;
      153) арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті беру тәртібін және мерзімділігін айқындайды;
      154) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты құру немесе тарату туралы ұсыныстар енгізеді;
      155) жыл сайынғы негізде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақтар қызметінің нәтижелері туралы талдау ақпаратын береді;
      156) инвестициялық артықшылықтарды ұсынуға арналған өтiнiмге қоса берілетін инвестициялық жобаның бизнес-жоспарының немесе инвестициялық стратегиялық жобаның жасалуына қойылатын талаптарды белгілейді;
      157) инвестициялық артықшылықтарды ұсынуға арналған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртiбiн айқындайды;
      158) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарын тарату және пайдаланушыларды олармен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
      159) халықаралық, өңiрлiк стандарттарды және шет мемлекеттердiң стандарттарын, ұйымдардың стандарттарын, техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, шет мемлекеттердің стандарттау, сәйкестiктi растау мен аккредиттеу жөнiндегi қағидаларын, нормаларын және ұсынымдарын, оларды ұйым стандарттарында қолдануды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн айқындайды;
      160) мемлекеттiк стандарттау жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;
      161) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның, өтiнiш-декларацияның, тауардың шыққан елiн айқындау жөнiндегi сертификаттың нысандарын белгiлейдi және оларды дайындауды ұйымдастырады;
      162) өтiнiш-декларацияларды тiркеу тәртiбiн белгiлейдi;
      163) тауардың шыққан елiн растайтын құжаттардың тiзбесiн бекiтедi;
      164) сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін аккредиттеу, айқындау, Кедендік одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру қайта тәртібін айқындайды, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
      164-1) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидаларын және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
      164-2) сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеуге арналған өтінімнің, мәлімделетін аккредиттеу саласының, сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларына (орталықтарына), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған паспорттардың, сәйкестікті бағалау бойынша жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтердің нысандарын бекітеді;
      164-3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу алдындағы және аккредиттеуден кейінгі үлгілік шарттарды бекітеді;
      164-4) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі нормативтiк құжаттарды әзiрлеу тәртібін айқындайды және бекiтедi;
      165) өнімнің каталогтық парағының нысанын белгілейді;
      166) әскери және қос тағайындалуы бар тауарлар (өнімдер), жұмыстар, қызметтердің әскери стандарттарды қоспағанда, ұлттық стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттарды сыныптаушыларды, әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды;
      167) әзірлеушінің авторлық құқықтарын әзірлеу, бәтуаластықты қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, күшін жою, өзектілендіру, сақтау, басып шығару, тарату, сақтау және үкіметтік емес стандарттардың қолданысқа енуі тәртібін айқындайды;
      168) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені және оның құрамын бекітеді;
      169) кең таралғандарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты дайындауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      170) кең таралғандарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын береді;
      171) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшартты қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушылармен қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың талаптары туралы келiссөздер жүргiзеді;
      172) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісімшарттық құжаттар жобаларын қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдік балшықты барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      173) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қағидаларға сәйкес, салықтардың бюджетке толық төленуін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикізатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тізбесін айқындау бөлігінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың жобаларына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      174) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасайды, мемлекеттiк тiркеудi және сақтауды жүзеге асырады;
      175) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi және олардың сақталуын қамтамасыз етедi;
      176) Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қарауына қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектiлердi сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныс әзiрлеуге қажеттi материалдарды енгiзедi;
      177) Мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның ұсынымдары негiзiнде қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiнi сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы шешiмдер қабылдайды;
      178) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшы комиссияның ұсыныстары негiзiнде жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi иелiктен шығаруға, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы қатысу үлесiн (акциялар пакетiн) кепiлге беруге рұқсат беру (рұқсат беруден бас тарту), сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын қоспағанда, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36 және 37-баптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру жөнiндегi мәмiлелердi тiркейдi;
      179) жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның немесе жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның қатысушысы (акционерi) болып табылатын заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы жағдайында беру актiсi не бөлу балансы негiзiнде қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдiк балшықтар бөлiгiндегi жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бiр бөлiгiнiң) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердiң құқық мирасқорлығы тәртiбiмен ауысуына «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабында белгiленген тәртiппен рұқсатты бередi;
      180) кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдiк балшықтар бөлiгiндегi жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi өткiзу (сату) жөнiндегi сауда-саттыққа қатысуға рұқсат бередi;
      181) сауда-саттық өткiзiлмедi деп жарияланған жағдайда кепiлге салынған мүлiктi өз меншiгiне айналдыруға (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдiк балшықтар бөлiгiндегi жер қойнауын пайдалану құқығының (оның бiр бөлiгiнiң) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердiң иегерi болуға) рұқсат бередi;
      182) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдiк балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етедi;
      183) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша келiсiмшарт талаптарының орындалу барысы туралы жыл сайынғы есептi Қазақстан Республикасының Президентiне және Үкiметiне ұсынады;
      184) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар және көмiрсутек шикiзаты бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын әзiрлейдi;
      185) құрамында көмiрсутек шикiзаты бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, ұлттық компанияның үлестiк қатысуы конкурстың шарты болып табылатын жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбелерiн қалыптастырады;
      186) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және емдiк балшықты барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың қолданылуын жаңарту туралы шешiм қабылдайды;
      187) кең таралғандарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдiк балшықтар бөлiгiнде келiсiмшартты орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен Қазақстан Республикасы Президентiнiң немесе Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша келiссөздер жүргiзедi және келiсiмдер жасайды;
      188) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшы комиссия туралы ереженi бекiтедi;
      189) Қазақстан Республикасының аумағында өңделуiн конкурсқа қатысушы қамтамасыз етуге мiндеттенетiн минералдық шикiзаттың ең аз мөлшерiн айқындайды;
      190) модельдiк келiсiмшарттардың жобаларын әзiрлейдi;
      191) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерделеуге және барлауға немесе өндiруге байланысты емес жерасты ғимараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бөлігінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудағы жергiлiктi қамту және кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындалуына мониторингті жүзеге асырады;
      192) келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн әзiрлейдi;
      193) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар ұсынатын, жүргiзiлген, жүргiзiлетiн және есептi кезеңнен кейiнгi жылда жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
      194) жер қойнауын пайдаланушылар және (немесе) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруға жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар ұсынатын, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi кезеңдерге жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты жинақтауды және талдауды жүзеге асырады;
      195) сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен ақпарат сұратуды жүзеге асырады;
      196) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тiкелей келiссөздер жүргiзу жөнiндегi жұмыс тобы туралы ереженi және оның құрамын бекiтедi;
      197) кадрлардағы жергiлiктi қамтуды есептеу әдiстемесiн келiседi;
      198) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосу үшiн кадрлардағы ең төменгi жергiлiктi қамтуды ұсыну тәртiбiн келiседi;
      199) қазақстандық мамандарды оқыту бойынша қажеттiлiктiң ең аз деңгейiн есептеу әдiстемесiн келiседi;
      200) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосу үшiн оқытылуы тиіс персоналдың жалпы санынан қазақстандық кадрлардың ең аз санын пайызда ұсыну тәртiбiн келiседi;
      201) бағалау жұмыстары сатысына көшуге рұқсат бередi;
      202) кең таралған пайдалы қазбалар және көмiрсутегi шикiзаты бойынша келiсiмшарттарды қоспағанда, ұлттық компания мен құзыреттi орган арасындағы тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша жасалған келiсiмшарттар бойынша немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жобаларды бiрлесiп iске асыру үшiн ұлттық компания айқындаған стратегиялық әрiптестi келiседi;
      203) барлауға арналған келiсiмшарт негiзiнде коммерциялық табумен байланысты өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға айрықша құқығы бар тұлғамен бiрлесiп өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлетiн жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, тiкелей келiссөздер негiзiнде кең таралғандардан және көмiрсутегі шикiзатынан басқа пайдалы қазбаларды барлау, өндiру, бiрлескен барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн берiлетiн жер қойнауы учаскелерiн айқындайды;
      204) кең таралған пайдалы қазбалар және көмiрсутегi шикiзаты бойынша келiсiмшарттарды қоспағанда, конкурстың жеңiмпазы не онымен келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға әзiрлеген, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасын келiседi;
      205) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген сервитуттарды тiркеудi жүзеге асырады;
      206) кең таралғандарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жер асты сулары және емдiк балшықтар бөлiгiнде тарату қорының қаражатын пайдалануға рұқсат бередi;
      207) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ереженi бекiтедi;
      208) мұнай операцияларын жүргiзу саласын қоспағанда, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлейдi және нормативтiк-техникалық құжаттарды бекiтедi;
      209) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссия және пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi өңiраралық комиссиялар туралы ереженi әзiрлейдi;
      210) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар кен орындарын алғашқы ашушылар туралы ереженi әзiрлейдi;
      211) пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру кезiнде жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану жөнiндегi бiрыңғай қағидаларды әзiрлейдi;
      212) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн әзiрлейдi;
      213) мемлекет меншiгiнде болатын геологиялық ақпаратты оқу, ғылыми, коммерциялық мақсаттарда пайдалану және геологиялық ақпаратты Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге әкету қағидаларын әзiрлейдi;
      214) жер қойнауына мемлекеттiк мониторингтi жүзеге асыру тәртiбiн әзiрлейдi;
      215) тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау тәртiбiн әзiрлейдi;
      216) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшартты (шартты) жасасу тәртiбiн әзiрлейдi;
      217) жер қойнауын пайдалану объектiлерiн жою және консервациялау қағидаларын әзiрлейдi;
      218) жер қойнауының жай-күйi туралы геологиялық есептiлiктi ұсыну нысандарын әзiрлейдi;
      219) техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн әзiрлейдi;
      220) «Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi» деген мемлекеттiк ақпараттық жүйе арқылы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу қағидаларын әзiрлейдi;
      221) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алу кезiнде ұйымдардың жергiлiктi қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесiн әзiрлейдi;
      222) электрондық сатып алу жүйелерi жұмыстарының жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi жұмысымен үйлестіру тәртiбiн әзiрлейдi;
      223) тәулiгiне екi мың және одан да астам текше метр көлемдегi өндiрiстiк-техникалық жерасты суларын пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес қабаттарға айдау үшiн оларды барлау мен өндiруге не тау-кен қазбаларын пайдалану кезiнде су деңгейiн төмендету мақсатында жерасты суларын өндiруге арналған рұқсатты беру тәртiбiн әзiрлейдi;
      224) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзбесiн қалыптастыру жөнiндегi қызметiне әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      225) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстер тiзбесiн бекiтедi;
      226) жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосылатын жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегi ең төменгi жергiлiктi қамтуды есептеу тәртiбiн әзiрлейдi;
      227) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi сатып алудың жылдық, орта мерзiмдi, ұзақ мерзiмдi бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер туралы және кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелерiн орындау туралы есептерiн жасау және ұсыну нысандары мен тәртiбiн әзiрлейдi;
      228) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстар мөлшерi жөнiндегi мiндеттемелердi орындау бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есептерiн жасаудың және ұсынудың нысандары мен тәртiбiн әзiрлейдi;
      229) инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңнамада белгіленген тәртіппен енгізеді;
      230) республикалық индустрияландыру картасын әзiрлейдi;
      231) жобаларды республикалық және өңiрлiк индустрияландыру карталарына енгiзу тәртiбiн әзiрлейдi;
      232) тоқсан сайынғы негізде Қазақстан Республикасының Үкiметiне республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген жобалардың iске асырылу барысының мониторингi бойынша ақпарат ұсынады;
      233) жер қойнауын пайдалану операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердiң және оларды өндiрушiлер бойынша тiзiлiмiн қалыптастырады және жүргiзедi, сондай-ақ осы тiзiлiмге енгiзу үшiн оларды бағалау өлшемдерiн әзiрлейдi;
      234) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргiзу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзумен байланысты объектiлердiң жобалық-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргiзу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою тәртiбiн бекiтедi;
      235) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу және оған мониторинг жүргiзу саласындағы жұмыстарды жүргiзуге арналған уақыт және бағалау нормаларын бекiтедi;
      236) кен орындары қорларын жiктеу тәртiбiн айқындайды;
      237) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1190 қаулысымен;
      238) өз құзыретi шегiнде туристiк қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзiрлейдi, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық iс-шараларда мемлекеттiң туризм саласындағы мүдделерiн бiлдiредi және олардың жұмысына қатысады;
      239) туристердi орналастыру орындарын жiктеу қағидаларын бекiтедi;
      240) туристiк қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру қағидаларын бекiтедi;
      241) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiн және туристiк бағыттар мен соқпақтардың мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу қағидаларын бекiтедi;
      242) Туризм жөнiндегi кеңестiң дербес құрамын және ол туралы ереженi әзiрлейдi және бекiтуге ұсынады;
      243) мүдделі министрліктермен және басқа да атқарушы органдармен бірлесіп туристерді қорғау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      244) акционерлік қоғамдарға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге) қатысты мемлекеттік акциялар пакеттері (қатысу үлесі) иеленуге және пайдалануға берілген, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға және мемлекеттік мекемелерге қатысты тиісті саланың уәкілетті органының функцияларын заңнамалық белгіленген тәртіпте жүзеге асырады;
      245) акционерлік қоғамдардың акцияларының пакеттерін заңда белгіленген тәртіпте сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырады;
      246) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      247) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық етуді жүзеге асырады;
      248) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
      249) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      250) мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі мен оны қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралар туралы халықты хабардар етеді, насихат және қарсы насихат жұмыстарын жүргізеді;
      251) іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тартады;
      252) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің қызметiнiң бағыттары бойынша оның жұмысының сапасы мен өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында iшкi бақылауды жүзеге асырады;
      253) реттелетін салаларда кадрларға қажеттілікті айқындайды;
      254) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жылжыту кезінде гендерлік теңгерімнің сақталуын қамтамасыз етеді;
      255) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1190; 11.04.2014 N 345 қаулыларымен.
      17. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi ведомстволарының функциялары:
      1) өз құзыреті шегінде мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
      2) өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      3) акционерлік қоғамдарға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге) қатысты мемлекеттік акциялар пакеттері (қатысу үлесі) иеленуге және пайдалануға берілген, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға және мемлекеттік мекемелерге қатысты тиісті саланың уәкілетті органының функцияларын заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырады;
      4) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      5) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық етуді жүзеге асырады;
      6) ұлттық қауiпсiздiк саласындағы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      7) республикалық заңды тұлғалар мүлкiнiң сақталуын және республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың даму жоспарларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      8) тиiстi саладағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
      9) кепiлдік мiндеттемелерді (түпкiлiктi пайдаланушының сертификаттарын) бередi;
      10) өнiмдер транзитiне рұқсаттар бередi;
      11) өтiнiм берушiге және мүдделi мемлекеттiк органдарға тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi, ақпараттарды экспорттық бақылауға жататын өнiмдерге жатқызу туралы қорытындылар бередi;
      12) өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс қайта өңдеуге рұқсаттар бередi;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және iшкi тұтыну үшiн қайта өңдеу шарттары туралы құжатты бередi;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды бередi;
      15) Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан импортталатын тауарларды өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы қорытынды бередi;
      16) кепiлдік мiндеттемеге (түпкiлiктi пайдаланушының сертификатына) сүйене отырып, Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнiмнiң керi экспортына рұқсаттар бередi;
      17) сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (өтiнiм берушiлерге) «Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында көрсетiлген тiзбелердiң қолданысына түспейтiн өнiмдермен, зияткерлiк қызмет нәтижелерiмен сыртқы экономикалық мәмiлелердi жүзеге асыруға белгiленген тәртiппен лицензия бередi;
      18) белгiленген құзырет шегiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өнiмдердiң экспортын, керi экспортын, импортын, керi импортын, транзитiн және қайта өңделуiн бақылауды жүзеге асырады;
      19) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен бiрлесiп, экспорттық бақылау жүйесiнiң экспорттық бақылауға жататын өнiмдерiн тиеу алдындағы кезеңде және түпкiлiктi пайдалануда қажет болғанда тексерулердi жүзеге асырады;
      20) «Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтiн машиналар мен жабдықтарды айқындау мақсатында тұтыну нарығы мониторингiн және оларды сатуға жол бермеу жөнiндегi шараларды әзiрлеудi жүзеге асырады;
      21) өз құзыретi шегiнде «Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      22) «Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн машиналар мен жабдықтарды өндiруді, сатуды және нарықтағы айналымын тоқтата тұру туралы ұйғарымдар бередi;
      23) химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердiң жобаларын әзiрлеу және химиялық өнiмдi техникалық реттеу саласында ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестердi құрады;
      24) «Химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтiн химиялық өнiмдi айқындау мақсатында тұтыну нарығы мониторингiн жүргiзедi және оларды сатуға жол бермеу жөнiндегi шараларды әзiрлейдi;
      25) химиялық өнiмнiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық құжаттаманы келiседi;
      26) Қазақстан Республикасының аумағында химиялық өнiмдердi тiркейдi және оның есебiн жүргiзедi;
      27) өз құзыретi шегiнде «Химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      28) химиялық өнiмдердiң өтiнiш берушiнiң (өндiрушiнiң, жеткiзушiнiң, импорттаушының) ұсынған ақпаратының негiзiнде адамның денсаулығы мен өмiрiне, қоршаған орта үшiн қатерiн бағалауды тексередi;
      29) «Химиялық өнiмдердiң қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және техникалық регламенттерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейтiн химиялық өнiмдердiң өмiршеңдiгiнiң бiр немесе бiрнеше процестерiн тоқтата тұру туралы ұйғарымдар бередi;
      30) офсеттiк саясатты iске асыруға әдiстемелiк басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
      31) құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын және олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлердiң арнайы есебiн жүргiзедi;
      32) қайта өңдеу үшiн Кеден одағына әкелу және оларды Кеден одағынан әкету кезiнде құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын және олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда, бағалы металдарды қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу нормаларын растауды жүзеге асырады;
      33) Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикiзат тауарларын қайта өңдеудiң экономикалық орынсыздығы немесе мүмкiн еместiгi туралы қорытындыны бередi;
      34) Кеден одағына кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына экспорты лицензияның негiзiнде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл қалдықтарын және сынықтарын әкелу кезiнде мемлекеттiк бақылау актiсiн бередi;
      35) Кеден одағына кiрмейтiн елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан экспорты лицензияның негiзiнде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл қалдықтарын және сынықтарын әкету кезiнде мемлекеттiк бақылау және құнын бағалау актiсiн бередi;
      36) Қазақстан Республикасында шикiзат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсiптiк алудың экономикалық орындылығы (орынсыздығы) және мүмкiндiгi (мүмкiн еместегi) туралы қорытынды бередi;
      37) өнеркәсіп саласындағы қызмет түрлерін, сондай-ақ экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;
      38) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласында:
      Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiмге ұсынылатын ақпараттың дұрыстығына;
      «Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағында көрсетiлген объектiлерден басқа, үйлерде, құрылыстар мен ғимараттарда энергия тиiмдiлiгi жөнiндегi талаптардың орындалуына;
      дара кәсiпкерлердiң және заңды тұлғалардың энергия тұтыну нормативтерi мен электр желiлерiндегi қуат коэффициентiнiң нормативтiк мәндерiн сақтауына;
      энергия аудитiнiң және энергия үнемдеу мен энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасының жүргiзiлуiне, энергия аудитiн және (немесе) энергия үнемдеу мен энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасын жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру, сондай-ақ энергия менеджментi жүйесiн құру, енгiзу және ұйымдастыру жөнiндегi оқу орталықтарына қойылатын талаптардың сақталуына;
      «Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және энергия үнемдеу мен энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген өзге де талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      39) энергия өндіруші ұйымдардың заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органмен келісім жасасуға, онда көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындауға және олардың орындалуы туралы есепті жыл сайын уәкілетті органға ұсыну бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      40) энергия өндіруші ұйымдардың өткен күнтізбелік жыл үшін электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары бойынша, электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді жыл сайын уәкілетті органға беру бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      41) энергия өндіруші ұйымдардың келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      42) энергия өндіруші ұйымдардың келісімде өткен жыл үшін көзделген инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      43) энергия өндіруші ұйымдардың жария тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды жария тыңдауларды өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялай отырып, келісімдерді орындау нәтижелері бойынша жария тыңдауларды мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды шақыра отырып, жыл сайын өткізу бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      44) энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат беру бойынша талаптарды сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      45) объектiлер мен жабдықтардың қысқы жағдайларының жұмыс iстеуге әзірлігін бағалау жөнiндегi электр энергетикасы кәсiпорындары комиссияларының жұмысына қатысады;
      46) электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының жай-күйiн мерзiмдiк тексерудi жүзеге асырады;
      47) тұтынушылардың белгiленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларының электр желiлерiне қосылуына рұқсат бередi;
      48) энергетика ұйымдарының басшылары мен мамандарын аттестаттауды жүзеге асырады;
      49) энергетикалық сараптама жүргiзуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеудi, энергия үнемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиiмдiлiгiн тексерудi жүзеге асырады;
      50) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерi техникалық талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      51) электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң энергетикалық жабдығын, сондай-ақ тұтынушылардың электр мен жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануды және олардың техникалық жай-күйiн бақылауды жүзеге асырады;
      52) энергия үнемдеудің нормативтік-әдістемелік актілерін, құқықтық және экономикалық тетіктерін әзірлеуді ұйымдастырады;
      53) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес жаңартылған электр көздерiн пайдалану объектiлерiн электр тарататын ұйымдардың электр немесе жылу желiлерiне қосуға бақылауды жүзеге асырады;
      54) Қазақстанның бiрыңғай электр энергетикасы жүйесiн бiрнеше бөлiкке бөлiнуге, тұтынушыларды электр және жылу энергиясы бойынша жаппай шектеуге, iрi энергетикалық жабдықтың бұзылуына әкеп соқтырған электр станцияларының, жылу және электр желiлерiнiң жұмысындағы iрi технологиялық бұзылуларды тексерудiң есебiн жүргiзедi;
      55) электр энергетикасы туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою үшін электр энергетикасы объектiлерiнiң басшыларына белгiленген үлгiдегi ұйғарымдар береді немесе акті жасайды;
      56) мыналарға:
      электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттар талаптарының сақталуына;
      өз құзыретi шегiнде электр және жылу энергиясын пайдалану қағидаларының сақталуына;
      электр және жылу энергиясын өндiру, тарату, тұтыну режимдерiнiң ұтымды және үнемдi пайдаланылуына, оңтайландырылуына;
      электр станцияларының, электр және жылу желiлерiнiң күзгi-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігіне мемлекеттiк энергетикалық бақылауды жүзеге асырады;
      57) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар дайындайды;
      58) бақылауға алынған энергетикалық жабдықтарды тексеру, энергетикалық ұйымдарға кешендi тексеру және электр станцияларының, электр және жылу жүйелерiнiң энергетикалық жабдықтарының жұмысында техникалық бұзушылықтарға тексеру жүргiзу кезiнде сарапшыларды тартады;
      59) тиiстi мемлекеттiк органдарға авариялардың, жазатайым оқиғаның болуына себепшi және өзге де электр энергетикасы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң техникалық талаптарын өрескел бұзған жауапты тұлғаларды тәртiптiк жазаға тарту туралы ұйымдардың иелерiне ұсыныстар енгiзедi немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тарту туралы материалдар жiбередi;
      60) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы аккредиттеудi жүргiзедi;
      61) аккредиттеу туралы куәлiк алған заңды тұлғалардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
      62) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      63) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және оларды тарату саласындағы мемлекеттiк органдардың және басқарушы компаниялардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
      64) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағынан басқа арнайы экономикалық аймақтың қызметiне қатысу үшiн арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларын тартады;
      65) арнайы экономикалық аймақтардың басқару органдары ұсынатын мәлiметтердiң негiзiнде арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзедi;
      66) арнайы экономикалық аймақты құру немесе тарату туралы ұсыныстар әзірлейді;
      67) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретiнде қызметтi жүзеге асыру туралы шарттар талаптарының орындалуына мониторингтi, сондай-ақ мониторингтiң деректерiне талдауды жүзеге асырады;
      68) арнайы экономикалық аймақтардың қызметі нәтижелеріне талдауды жүзеге асырады;
      69) тиiстi мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, басқарушы компанияны басқару үшiн тұлғаларды конкурстық iрiктеудi жүргiзедi;
      70) инвестицияларды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асырады;
      71) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк заттай гранттарды беру туралы шешiмдердi қабылдайды;
      72) инвестициялық артықшылықтар беру туралы шешiмдер қабылдайды;
      73) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтiнiмдердi қабылдайды, тiркейді және қарастырады;
      74) инвестициялық артықшылықтар беруге келiсiмшарттар жасасады, тiркейдi және оларды бұзады;
      75) инвестициялық артықшылықтарды беруге арналған келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      76) инвестициялық жобаларды инвестициялық стратегиялық жобалар тiзбесiне енгiзу мәнiне өтiнiмдердi қабылдайды және қарастырады;
      77) республикалық және өңірлік индустрияландыру карталарына енгізілген жобалардың iске асырылуына мониторингтi жүзеге асырады;
      78) ойыншықтардың қауiпсiздiгi саласындағы техникалық регламенттердi келiседi;
      79) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзырет шегiнде ойыншықтардың техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгiне бақылауды жүзеге асырады;
      80) ойыншықтар өндiрiсiн, нарықта өткiзiлуiн және айналымын тоқтата тұру туралы ұйғарымдар бередi;
      81) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      81-1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді;
      82) техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiн қалыптастыруға қатысады;
      83) мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң жұмысын жүзеге асыру жөнiндегi нормативтiк құжаттарды келiседi;
      84) техникалық реттеу саласындағы заңды тұлғаларды аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      85) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 11.04.2014 N 345 қаулысымен;
      86) өлшем құралдарының үлгiсiн бекiту туралы шешiмдер қабылдайды;
      87) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      88) аумақтық сауда-өнеркәсіп палаталарының қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және iшкi айналымға арналған тауардың шығу тегi туралы сертификатты беру тәртiбiнiң сақталуына уәкiлеттi органның (ұйымның) қызметiне жыл сайын тексеру жүргізу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады;
      89) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген тәртiппен аккредиттеу аттестатын тоқтата тұру, алып қою мәселелерiн үйлестіреді;
      90) техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштері тізілімін жүргізеді;
      91) Қазақстан Республикасында техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу мен кодтау жүйесiн құру және оның жұмыс iстеуiн бақылау жөнiндегi жұмыстарын үйлестiредi;
      92) жобалар мен техникалық регламенттердiң техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатқа және «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестiгiн талдауды және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
      93) стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттермен және техникалық реттеу мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасайды;
      94) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
      95) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттік қорының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
      96) ақпараттық орталықтың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      97) сәйкестікті растау, тауардың шыққан елін аккредиттеу, Кедендік одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды және оларды аттестаттауды ұйымдастырады;
      98) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласын қоспағанда, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылау жүргiзу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және үйлестiредi;
      99) техникалық регламенттермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;
      100) нормативтік техникалық құжаттардың ресми басылымдарда басылып шығарылуы мен таратылуын ұйымдастырады;
      101) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады;
      102) сәйкестiктi растау саласындағы шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;
      103) басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi бойынша, егер олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесiнiң талаптарына жауап бермейтiн болса, құжаттардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;
      104) зертханааралық салыстырмалы сынау (салыстыру) жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      105) Қазақстан Республикасының метрологиялық қызмет жұмысын үйлестiрудi жүзеге асырады;
      106) шама бiрлiгiнiң мемлекеттiк эталондарын бекiтедi;
      107) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға жол берiлуi мүмкiн бiрлiктердің халықаралық жүйесiне кiрмейтiн шамаларды айқындайды;
      108) метрология саласында ғылыми зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады;
      109) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарының сыныптамасын белгілейді;
      110) өлшем құралдарына, әдiстерi мен нәтижелерiне, өлшем құралдарын тексеру әдiстемелерiне жалпы метрологиялық талаптарды айқындайды;
      111) өлшем құралдарын тексеру және калибрлеу нәтижелерiн салыстыруды ұйымдастырады;
      112) өлшем бiрлiктерiн қамтамасыз ету мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi ұйымдастырады;
      113) мемлекеттiк метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және өткiзедi;
      114) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің тізілімін жүргізеді;
      115) Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес энергия тұтынатын электр құрылғылардың техникалық құжаттамасында және заттаңбаларында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамаларының белгіленуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      116) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасын дайындау бойынша лицензиялауды жүзеге асырады;
      117) кең таралған пайдалы қазбалар және жер асты суларын қоспағанда, өндiрушi салалардың бөлiгiндегi қызметiнiң ашықтығы бастамасын iске асыруды жүзеге асырады;
      118) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда тәулiгiне екi мың және одан да көп текше метр көлемiнде жер асты өндiрiстiк-техникалық суларын барлау және өндiру рұқсатын бередi және керi қайтарады;
      119) жер қойнауын пайдалану құқығын бередi және жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге келiсiмшарттар (шарттар) жасасады;
      120) жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi, пайдалы қазбалар қорларын бекiтедi;
      121) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;
      122) пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмiн, кен орындарының және пайдалы қазбалардың бiлiнулерi, қауiптi геологиялық үдерiстердiң мемлекеттiк кадастрларын жасауды ұйымдастырады және жүргiзедi;
      123) тарихи шығындардың мөлшерiн, жер қойнауы туралы геологиялық ақпараттың құнын және алу шартын айқындайды;
      124) геологиялық ақпараттың республикалық және аумақтық қорларын ұйымдастырады және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      125) жер қойнауын пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын және кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты бөлiгiнде жер қойнауын пайдаланудың белгiленген тәртiбiн сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      126) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және барлаумен және өндiруге байланысты емес жерасты ғимараттарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бөлігінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудағы жергiлiктi қамту және кадрлардағы жергiлiктi қамту бойынша мiндеттемелердi қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарттар талаптарын орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
      127) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiн жер қойнауын пайдаланушылардың сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
      128) ұлттық басқарушы холдингтiң, ұлттық холдингтердiң, ұлттық компаниялардың, олардың еншiлес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың сатып алуындағы жергілікті қамтуды бақылауды жүзеге асырады;
      129) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтiк техникалық құжаттар әзiрлеудi жүзеге асырады;
      130) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру бойынша құзыреттi органға ұсыныстар енгiзедi;
      131) жер қойнауын, минералдық шикiзатты бастапқы өңдеудi (байытуды) қоса алғанда, ұтымды және кешендi пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;
      132) геологиялық және тау-кен бөлiнiсiн бередi;
      133) техногендiк минералдық тiзiлiмдердiң мемлекеттiк кадастрын ұйымдастырады және жүргiзедi;
      134) келiсiмшарттардың жобалары мен жұмыс бағдарламаларын келiседi;
      135) суды пайдаланушылар мен гидрометеорологиялық қызмет ұсынатын жерасты суларын пайдалануды есепке алу деректерiнiң негiзiнде жерасты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырады;
      136) жерасты сулары бөлiгiнде мемлекеттiк су кадастрын жүргiзедi;
      137) жер бетiндегi су объектiлерi жоқ, бiрақ ауыз су сапасындағы жерасты суларының жеткiлiктi қорлары бар аумақтарда ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен қамтамасыз етуге байланысты емес мақсаттар үшiн ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсаттарды келiседi;
      138) жерасты су объектiлерiнiң сарқылуын болғызбауға бағытталған су қорғау iс-шараларына рұқсаттарды келiседi;
      139) бассейндiк схемалардың және су объектiлерiне шектi жол берiлетiн зиянды әсер ету нормативтерiнiң негiзiнде жерасты су объектiлерiне арналған су пайдалану лимиттерiн келiседi;
      140) су объектiлерiнде, су қорғау аймақтарында және жолақтарында кәсiпорындар мен басқа да ғимараттарды орналастыру, жобалау, салу, қайта жаңарту және пайдалануға беру шарттарын келiседi;
      141) бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын өткiзуге жобалық құжаттаманы, жер асты су объектiлерi арқылы коммуникация құрылыстарының жобаларын келiседi;
      142) жерасты су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салуға, қайта жаңартуға, пайдалануға, консервациялауға, жоюға, сондай-ақ орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз ету кезiнде жерасты су объектiлерiнен тiкелей жерасты суын алуға қорытындылар бередi;
      143) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда iлеспе және (немесе) табиғи газды алау түрiнде жағуға рұқсаттарды келiседi;
      144) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсынымдары негiзiнде жобалау құжаттарын бекiтедi;
      145) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, конкурсқа шығарылуға жататын жер қойнауы учаскелерi тiзбелерiнiң жобаларын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      146) кен орындары қорларын сынамалы пайдалануды жүргiзу талаптары мен мерзiмдерiн айқындайды;
      147) жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарттардың (шарттардың) орындалуы жөнiндегi бақылау мен оның мониторингiн жүзеге асырады;
      148) жер қойнауының мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асырады;
      149) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiпке сәйкес жер қойнауы туралы геологиялық және өзге де ақпаратты сақтау, жүйелеу және қорытуды жүзеге асырады;
      150) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып, жер қойнауын қорғау саласындағы талаптарды бұзу салдарынан келтiрiлген нұқсанның мөлшерiн айқындайды;
      151) келiсiмшарт (шарт) негiзiнде жер қойнауын пайдаланушыға берiлген жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге жер қойнауын пайдалану құқығын берудi алдын ала келiседi;
      152) конкурс туралы хабарлама берiлгенге дейiн геологиялық ақпарат топтамаларын дайындайды және оның құнын айқындайды;
      153) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға келiсiмшарт жасасу жөнiндегi тiкелей келiссөздерге қатысуға арналған өтiнiмге қорытынды бередi;
      154) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссиямен келiсiм бойынша пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорларының көлемiне қарай өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау құжаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартады;
      155) жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану саласындағы өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзедi;
      156) жерасты суларын тәулiгiне екi мың текше метрден астам көлемде өндiру кезiнде, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес оларды қабаттарға айдау үшiн жерасты суларының кен орындарын игеру жобасын пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөнiндегi орталық комиссияның ұсыныстары негiзiнде бекiтедi;
      157) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабының 2-тармағына сәйкес айқындалған бiр келiсiмшарттық аумақ шегiнде жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу тәртiбiн келiседi;
      158) iлеспе газды қайта өңдеудi дамыту бағдарламаларын келiседi;
      159) кен орнында бiрыңғай объект ретiнде бiрлескен барлау немесе өндiру туралы шартты жасасу кезiнде бүкiл кен орны үшiн бiрыңғай жұмыс бағдарламасын келiседi;
      160) жобалау ұйымы әзiрлеген жер қойнауын пайдалану объектiлерiнiң жою немесе консервациялау жобаларын келiседi;
      161) құзыреттi органның тарату қорын пайдалану жөнiндегi рұқсатын келiседi;
      162) алдағы салынатын құрылыс учаскелерi астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы туралы немесе оның маңыздылығының аздығы туралы қорытынды бередi;
      163) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыстар салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын салуға рұқсат бередi;
      164) жер қойнауын зерделеу мен пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      165) мемлекеттiк органдарға пайдалы қазбалар қорларының мемлекеттiк теңгерiмi бойынша ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бередi;
      166) жер қойнауын пайдаланушылармен бiрлесiп, жер қойнауын ұтымды пайдалану саласындағы талаптардың бұзылуы салдарынан келтiрiлген зиянның мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындайды;
      167) Кеден одағының аумағы шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы арқылы геологиялық ақпаратты әкетуге рұқсат берудi жүзеге асырады;
      168) Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерге геологиялық ақпаратты әкетуге арналған Кеден одағының уәкiлеттi мемлекеттiк органы берген лицензияны келiседi;
      169) туристiк салаға инвестициялар тарту жөнiндегi бiрыңғай саясатты iске асыруға қатысады;
      170) туристік қызмет, туризм және туристік индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      171) туристiк қызмет саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін қорытып жинақтайды және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      172) туристік қызмет саласындағы салааралық және өңіраралық үйлестіруді, туристік қызметті жүзеге асыратын отандық, шетелдік және халықаралық туристік, қоғамдық және басқа да ұйымдармен және тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
      173) соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап-арыздар бередi;
      174) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      175) өз құзыретi шегiнде туристiк қызмет саласындағы халықаралық шарттарды орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық iс-шараларда мемлекеттiң туризм саласындағы мүдделерiн бiлдiредi және олардың жұмысына қатысады;
      176) туристiк қызмет саласындағы стандарттау аясындағы қызметтi реттейдi;
      177) Қазақстан мен оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпаратты халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде, оның iшiнде туристiк қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзу жолымен таратады;
      178) туризм мен туристiк индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешендiк талдауды, болжауды жүзеге асырады және туристiк саланы дамытудың жай-күйiне мониторинг жүргiзедi;
      179) туристiк нарықты зерттеуге, туристiк қызмет саласындағы баспа, жарнамалық және картографиялық өнiмге мемлекеттiк тапсырысты орналастырады;
      180) туристiк саланы дамытуға үлес қосқан тұлғаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапаттауға және құрметтi атақтарын беруге ұсынады;
      181) туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды және туристердi уақытша болатын елдегi (жердегi) ықтимал қауiптер туралы хабардар етедi;
      182) «Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндетiн туроператордың және турагенттiң орындауына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      183) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес туризм қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
      184) атом энергиясы саласындағы өз өкiлеттiктерiн орындауға байланысты инспекциялар өткiзедi;
      185) атом энергиясын пайдалану саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      186) ядролық қондырғылар, ядролық материалдар және иондаушы сәулелену көздерiнiң физикалық қорғалуының қамтамасыз етілуіне бақылауды жүзеге асырады;
      187) радиациялық қауiпсiздiк нормалары мен қағидаларын, лицензиялар шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      188) Қазақстан Республикасының аумағында радиациялық жағдайға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      189) ядролық материалдарды, технологияларды, жабдықтарды, арнайы ядролық емес материалдарды, иондаушы сәулелену көздерiн, ұлттық қауiпсiздiк мақсатында бақыланатын тауарларды қоса алғанда, өз құзыретi шеңберiнде экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң экспортын, импортын, өткiзiлуiн, транзитiн және орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады;
      190) коммерциялық мақсатта берудi, сатуды немесе сатып алуды немесе коммерциялық емес сипатта берудi қамтитын, атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызметтердiң экспорты мен импортын бақылауды жүзеге асырады;
      191) ядролық материалдар және иондаушы сәулелену көздерiн мемлекеттiк есепке алу мен бақылауды жүзеге асырады;
      192) иондаушы сәулелену көздерiнiң тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;
      193) өз құзыретi шеңберiнде иондаушы сәулелену көздерiнiң, экспорттық бақылауға жататын өнiмдердiң және ұлттық қауiпсiздiк мақсатында бақыланатын тауарлардың импортын, экспортын, импортын және транзитiн келiсудi жүзеге асырады;
      194) атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызмет түрлерiн лицензиялауды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензияның қолданылу шарттарының орындалуын тексерудi жүзеге асырады;
      195) радиациялық қорғау жөнiндегi ұлттық комиссияның қызметiн қамтамасыз етедi;
      196) радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      197) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.07.2013 № 661; 08.11.2013 № 1190; 31.12.2013 № 1538; 11.04.2014 N 345 қаулыларымен.
      18. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
      2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
      3) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстарды енгізеді;
      3-1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды тексеру нәтижелері бойынша мәртебесінен айыру туралы ұсыныммен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүгінеді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 11.04.2014 N 345 қаулысымен.

3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгiнің қызметiн ұйымдастыру

      19. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне басшылықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады.
      20. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
      22. Министрдің өкілеттіктері:
      1) реттелетiн саладағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi;
      2) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;
      3) вице-министрлердiң бiрiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң басшылығына және Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысына жіберілетін құжаттарға қол қою бойынша өкiлеттiктердi жүктейдi;
      4) жауапты хатшымен келiсiм бойынша ведомстволар басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтатады немесе тоқтата тұрады;
      6) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiн Қазақстан Республикасының Парламентiнде, мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
      7) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің жұмыс регламентiн бекiтедi;
      8) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және қол қояды;
      9) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Министр болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      23. Министр өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.
      24. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгiнің мүлкі

      25. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
      26. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiне бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы
ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.05.2013 N 516; 30.11.2013 N 1294 қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар

      «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Акционерлік қоғамдар

      1. «NADLoC» жергiлiктi қамтуды дамыту жөнiндегi ұлттық агенттiк» акционерлік қоғамы.
      2. «ДостықЭнерго» акционерлік қоғамы.
      3. «Шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық ақпараттық-көрме орталығы» жабық акционерлік қоғамы.
      4. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы.
      5. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы.
      6. «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы.
      7. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы.
      8. «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» акционерлік қоғамы.
      9. «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгiнің Атом энергиясы комитеті Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар

      1. «Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. «Ядролық физика институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. «Геофизикалық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Акционерлік қоғамдар

      «Ядролық технологиялар паркi» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Инвестиция комитеті Акционерлік қоғамдар

      1. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы.
      2. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындар

      1. «Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.
      2. «Кентау СуШар» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Оңтүстiк Қазақстан облысы, Кентау қаласы.
      3. «Жезқазғансирекмет» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Жезқазған қаласы.
      4. «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Алматы қаласы.

Акционерлік қоғамдар

      1. «Қазақстан трактор» ашық акционерлік қоғамы, Павлодар қаласы.
      2. «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы, Алматы қаласы.
      3. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттік» акционерлік қоғамы.
      4. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындар

      1. «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
      2. «Қазақстан метрология институты» республикалық мемлекеттiк кәсiпорны» (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер

      1. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Астана қаласы.
      2. «ТРМК Координатор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Астана қаласы.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау
комитеті Акционерлік қоғамдар

      Ескерту. Кіші бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 30.11.2013 N 1294 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Республикалық мемлекеттiк кәсіпорындар

      1. «Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. «Мамандандырылған гравиметриялық кәсiпорын» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгi ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың
тiзбесi Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгiнің Туризм индустриясы комитетi

      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Туризм индустриясы комитетiнiң аумақтық департаментi – «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының әкiмшiлiгi.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгiнің Техникалық реттеу және метрология комитетi

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментi.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша департаментi.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Алматы облысы бойынша департаментi.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Атырау облысы бойынша департаментi.
      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментi.
      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша департаментi.
      7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментi.
      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша департаментi.
      9. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қостанай облысы бойынша департаментi.
      10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша департаментi.
      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша департаментi.
      12. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Павлодар облысы бойынша департаментi.
      13. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi.
      14. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментi.
      15. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Астана қаласы бойынша департаментi.
      16. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Алматы қаласы бойынша департаментi.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң Өскемен қаласындағы «Шығысқазжерқойнауы» Шығыс Қазақстан өңiраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментi.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң Ақтөбе қаласындағы «Батысқазжерқойнауы» Батыс Қазақстан өңiраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментi.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң Көкшетау қаласындағы «Солтүстiкқазжерқойнауы» Солтүстiк Қазақстан өңiраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментi.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң Қарағанды қаласындағы «Орталыққазжерқойнауы» Орталық Қазақстан өңiраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментi.
      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң Алматы қаласындағы «Оңтүстiкқазжерқойнауы» Оңтүстiк Қазақстан өңiраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаментi.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау
комитетi

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментi.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаментi.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Алматы облысы бойынша аумақтық департаментi.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Атырау облысы бойынша аумақтық департаментi.
      5. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментi.
      6. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаментi.
      7. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментi.
      8. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментi.
      9. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментi.
      10. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментi.
      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментi.
      12. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментi.
      13. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментi.
      14. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментi.
      15. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Астана қаласы бойынша аумақтық департаментi.
      16. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау комитетiнiң Алматы қаласы бойынша аумақтық департаментi.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгiнiң және оның ведомстволарының қарамағындағы
мемлекеттік мекемелердің тiзбесi Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгi

      Ескерту. Бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.10.2013 № 1083 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Өнеркәсіп комитеті

      «Микрография ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттiк мекемесi, Орал қаласы.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті

      «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.03 № 508, 2010.11.24 N 1240, 2011.03.04 N 228, 2011.05.30 N 602, 2011.07.21 N 836, 2011.09.20 N 1076, 2012.07.09 № 926, 2012.12.04 N 1531 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2013 N 186 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық
дамыту комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

       Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Сауда қызметiн реттеу комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Бәсекелестiктi қорғау комитетi туралы
ереже

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң
Техникалық реттеу және метрология комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлiгiнiң Инвестиция комитетi туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Сауда қызметін реттеу комитетiнiң
құрылымы

     Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетiнiң
құрылымы

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.12.05.  N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2013 N 186 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің өңіраралық департаменттері - мемлекеттік мекемелерінің
тізбесі

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2013 N 186 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті аумақтық департаменттері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2013 N 186 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң
Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетi аумақтық бөлiмшелерiнiң
тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алып тасталды (6-т. 9) т. қараңыз) - ҚР Үкіметінің 2006.08.02 N 730 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң     
2006 жылғы 6 маусымдағы
N 509 қаулысына   
қосымша         

      Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2006.06.06. N 509 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Бәсекелестiктi қорғау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алып тасталды (6-т. 9-1) т. қараңыз) - ҚР Үкіметінің 2008.02.15 N 141 Қаулысымен.

 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен
бекітілген   

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Инвестиция комитетінің қарамағындағы
ұйымдардың тізбесі

      Ескерту. Қаулы тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.24 № 1240 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.01 N 207, 2011.05.24 N 566, 2011.07.15 N 808 Қаулыларымен.

      1. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы
      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.07.15 N 808 Қаулысымен.
      3. «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.05 N 1180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз), 2008.05.07 N 429, 2010.05.14 N 416, 2010.09.03 N 882, 2010.11.24 № 1240, 2011.03.04 N 228, 2011.03.11 N 246, 2011.05.24 N 566, 2011.09.20 N 1076, 2012.06.31 N 706, 2012.10.15 N 1313 Қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігі Өнеркәсіп комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тізбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2013 N 186 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгi Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң
қарамағындағы ұйымдарының тiзбесi

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.08.01 N 801, 2008.04.21 N 371, 2008.04.16 N 352, 2010.05.14 N 416, 2011.09.12 N 1041, 2012.03.31 N 407 Қаулыларымен.

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар

      1. "Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты (ҚазСтИн)" республикалық мемлекеттiк кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
      2. "Қазақстан метрология институты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны" (шаруашылық жүргiзу құқығында), Астана қаласы.
      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.12 N 1041 Қаулысымен.

Акционерлiк қоғамдар

      Ескерту. Бөлім алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.04.21 N 371 Қаулысымен.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

      "Ұлттық аккредиттеу орталығы" ЖШС, Астана қаласы.
      "ТРМК Координатор" ЖШС, Астана қаласы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі

      Ескерту. Қаулы тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.04.02 N 349 Қаулысымен.

      «Қазэнергосараптама» акционерлік қоғамы.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен   
бекітілген      

      Ескерту. Қаулы тізбемен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қарамағындағы ұйымдардың
тізбесі

      1. «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» ММ.
      2. «Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы» РМК.
      3. «Мамандандырылған гравиметриялық кәсіпорын» РМК.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысымен    
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық iстерi
комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.14 N 416 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2004 жылғы 26 қарашадағы
N 1237 қаулысымен  
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
Инвестиция комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.04.09. N 280 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2004 жылғы 26 қарашадағы
№ 1237 қаулысымен  
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбе алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 26.02.2013 N 186 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2004 жылғы 26 қарашадағы 
N 1237 қаулысына     
қосымша          

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Қазақстан Республикасының минералдық шикiзатты кешендi қайта өңдеу жөнiндегi ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының "Жезқазғансирекмет" еншiлес мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 21 қарашадағы N 1233 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасы.
      2. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс-өнеркәсіп кешенiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 13 наурыздағы N 244 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 10, 121-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 және 2002 жылғы 18 қарашадағы N 1220 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 8 сәуiрдегi N 334 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 16, 161-құжат).
      4. "Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк сақтандыру корпорациясы" акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 12 мамырдағы N 442 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 195-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 20 мамырдағы N 467 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5 және 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 21-22, 211-құжат).
      6. "Қазақ Суарнажоба" мемлекеттiк жобалау институты" мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi N 752 қаулысы 4-тармағының 2) тармақшасы.
      7. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 шiлдедегi N 759 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 304-құжат).
      8. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 қыркүйектегi N 951 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 38, 385-құжат).
      9. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 6 қазандағы N 1027 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 40, 425-құжат).
      10. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 тамыздағы N 881 және 2002 жылғы 12 қыркүйектегi N 996 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 1235 қаулысы 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 46, 505-құжат).
      11. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 1302 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 48, 541-құжат).
      12. "Инвестициялық компания: "Қазақстанның Инвестициялық қоры", "Қазақстанның Даму Банкi", "Ұлттық инновациялық қоры" акционерлiк қоғамдарының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 22 қаңтардағы N 68 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 34-құжат).
      13. "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" (Kazakhstan Engineering)" ашық акционерлiк қоғамының кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 10 наурыздағы N 295 қаулысы 5-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 12, 161-құжат).
      14. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 мамырдағы N 570 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 22, 284-құжат).
      15. "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң "Салааралық ақпарат ғылыми-техникалық орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорынының кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 31 тамыздағы N 921 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 4-тармағы.