Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 28-құжат) мынадай өзгеріс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстандық:
1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының облигациялары;
2) «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының облигациялары.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов