Импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілер-субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілер-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 56 Қаулысы

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілер-субстанциялардың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілер-субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы 
      Үкіметінің       
      2009 жылғы 26 қаңтардағы
      N 56 қаулысымен    
      бекітілген      

Импорты қосылған құн салығынан босатылатын кез келген нысандағы
    дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілер-субстанциялардың;
   протездік-ортопедиялық бұйымдарды, сурдотифлотехниканы және
      медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда,
медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың; кез келген
         нысандағы дәрілік заттарды, оның ішінде дәрілер
     субстанцияларды, протездік-ортопедиялық бұйымдарды және
      медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда,
    медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды өндіруге
    арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушы заттардың
                               тізбесі

ҚР СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы

0206 10 100 0(**),
0206 22 000 1(**),
0206 29 100 0(**),
0206 30 000 1(**),
0206 30 000 3(**),
0206 41 000 1(**),
0206 49 200 1(**),
0206 49 800 1(**),
0206 80 100 0(**),
0206 90 100 0(**)

ірі қара малдың, шошқаның, қойдың, ешкінің, жылқының, есектің, қашырдың немесе лошактың фармацевтика өнімдерін өндіру кезінде пайдаланылатын жаңадан сойылған, салқындатылған немесе тоңазытылған тағамдық қосымша өнімдер

0507 90 000 0-ден(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын маралдың мүйізі ғана

1108-ден(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын бидай, жүгері, картоп крахмалы, инулин

1211-ден(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын жас күйіндегі немесе кептірілген, бүтін немесе ұсақталған, жармаланған немесе ұнтақталған өсімдіктер ғана, олардың жекелеген бөліктері (тұқымы мен жемісін қоса алғанда)

1302-ден(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын өсімдік шырындары мен сығындылары, агар-агар, пектиндер ғана

1504 20-дан(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын балық майы, май және олардың фракциясы, балық бауырынан алынатын майдан басқа

1505 00-ден(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын шайыр

1515-тен(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын өсімдік майлары және олардың фракциялары ғана

1520 00 000 0(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын глицерин

1702-ден(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын қатты күйіндегі химиялық таза лактоза, мальтоза, глюкоза және фруктозаны қоса алғанда, өзге де қант

1704 90 550 0(*)

аурулардың алдын алуға және емдеуге арналған тамақ ауруларына қарсы пастилкалар мен жөтелге қарсы таблеткалар

1804 00 000 0(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын какао-майы, какао-тоң майы

2106 90 980 3-тен(*)

аурулардың алдын алуға және емдеуге арналған тағамға теңгермелі қосуға арналған витаминдер мен минералдық заттардың қоспалары

2207 10 000 0-ден(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын, 80 айн. % немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

2501 00-ден(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын таза натрий хлориді ғана

2520 10 000 0(**), (***)

стоматологияда және протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын керіш, ангидрит

2526 20 000 0(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын жармаланған немесе ұнтақталған тальк

2712 10 900 0(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын өзге мұнай вазелині

2712 20(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын құрамында кемінде 0,75 мас. % май бар парафин

28-топтан(**)

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын органикалық емес химия өнімдері: қымбат бағалы металдардың, жерде сирек кездесетін металдардың, радиоактивті элементтердің немесе изотоптардың органикалық емес немесе органикалық қосылыстары

2853 00 100 0

медициналық мақсатта пайдаланылатын дистилденген және кондуктометриялық су мен тазалығы соған ұқсас су

29-топтан (**), (***)

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын табиғи немесе синтезделген органикалық химиялық қосылыстар; стерилизаторларда қолдану үшін

30-топ(*)

фармацевтикалық өнім

3102 10 100 0(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын сусыз құрғақ өнімге есептегенде 45 мас. % астам азоттан тұратын зәрлік

3203 00-тен(**)

химиялық құрамы айқындалған немесе айқындалмаған өсімдіктерден немесе жануарлардан алынатын бояғыш заттар (жануарлардан алынатын көмірден басқа, бояғыш экстрактыларды қоса алғанда); фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын осы топқа 3-ескертуде көрсетілген өсімдіктерден немесе жануарлардан  алынатын бояғыш заттар негізінде дайындалған препараттар

3204-тен(**)

химиялық құрамы айқындалған немесе айқындалмаған синтетикалық органикалық бояғыш заттар; осы топқа 3-ескертуде көрсетілген синтетикалық органикалық бояғыш заттар негізінде дайындалған препараттар; фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын химиялық құрамы айқындалған немесе айқындалмаған оптикалық ақтағыштар немесе люминофорлар ретінде пайдаланылатын синтетикалық органикалық өнімдер

3301-ден(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын эфир майлары

3305 10 000 0-ден(*)

Қазақстан Республикасында дәрілік заттар ретінде тіркелген, медициналық мақсатта қолданылатын сусабындар

3307 90 000 0-ден

көру линзаларын немесе көз протездерін сақтауға арналған ерітінділер

3407 00 000 0-ден(***)

"тіс дәрігерлік балауыз" ғана немесе тіс қалыбын алуға арналған құрамдар, керіш (кальцилеген керіш немесе кальций сульфаты) негізінде өзге де тіс дәрігерлік мақсатына арналған құрамдар

3503 00 100-ден(***)

медициналық мақсатта пайдаланылатын желатин және оның туындылары

3503 00 800 9-дан (**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын қатты желатинді капсулалар

3505 10-нан(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын декстриндер, өзге де түрлендірілген крахмалдар

3506 91 000 0-ден(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын каучук негізінде жасалған балқытылған желім

3507-ден(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын басқа жерде аталмаған ферменттер, ферменттік препараттар

3701 10 100 0(***)

медициналық, стоматологиялық немесе ветеринариялық мақсаттарға пайдаланылатын қағаздан, қатырма қағаздан немесе тоқыма материалдарынан басқа, кез келген материалдан жасалған жайпақ рентгендік фотопластинкалар мен фотоүлдірлер

3702 10 000 0(***)

медициналық, стоматологиялық немесе ветеринариялық мақсаттарға арналған қағаздан, қатырма қағаздан немесе тоқыма материалдарынан басқа, кез келген материалдан жасалған орамдағы рентгендік фотоүлдірлер;

3707 90 110 0-ден(***)

медициналық, стоматологиялық немесе ветеринарлық мақсаттарға пайдаланылатын рентген үлдіріне арналған бейне шығарғыштар мен бейне бекіткіштер

3802 10 000 0-ден(***)

медициналық мақсатта пайдаланылатын активтендірілген көмір

3807 00 100 0(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын ағаштың қара майы

3821 00 000 0(***)

медициналық мақсатта пайдаланылатын микроорганизмдерді (вирустарды және соған ұқсастарды қоса алғанда) немесе өсімдік, адам немесе жануарлар жасушаларын өсіруге немесе өмір сүру қызметін қолдауға арналған дайын дақылдық орталар

3822 00 000 0(***)

3202 немесе 3006-тауар позициясындағы тауарлардан басқа, ұлтанды диагностикалық немесе зертханалық реагенттер, ұлтанды немесе ұлтансыз дайын диагностикалық немесе зертханалық реагенттер; медициналық мақсатта пайдаланылатын сертификатталған эталонды материалдар

3824 90 610 0(***),
3824 90 620 0(***),
3824 90 640 0(***)

фармакологияда немесе хирургияда қолданылатын өнімдер және құрамдар

39-топтан(**)

фармацевтика және медицина өнімін, сондай-ақ протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын полимер материалдар, пластмассалар және олардан жасалған бұйымдар

3908-ден(**)

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын бастапқы нысандағы полиамидтер

3909 50-ден(**)

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде, сондай-ақ оптикалық линзаларды жылтырату үшін пайдаланылатын бастапқы нысандағы полиуретандар

3910 00 000 9-дан(**)

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын бастапқы нысандағы силикондар

3920-дан(**)

фармацевтика және медицина өнеркәсібінде пайдаланылатын поливинилхлоридтен жасалған материалдар

3926 90 980 1-ден(**), (***)

медициналық өнеркәсіпке арналған гемодиализ үшін мембрананы қоса алғанда, фильтр элементтер

3926 90 980 9-дан(***)

медициналық мақсаттар үшін пайдаланылатын поливинилхлоридтен жасалған бұйымдар (көзге тамызғыштар, спринцовкалар, жылытқылар, сүтсорғыштар, балалардың тісін қатайтуға арналған сақиналар мен Эсмарх ыдысы)

4001 22 000 0-ден(**)

табиғи каучук, техникалық мамандандырылған (ТSNR)

4006 90 000 0-дан(**)

өзге де нысандар (мысалы, шыбықтар, құбырлар және бейінді түрлер) және үрленбеген резеңке бұйымдар (мысалы, дискілер мен сақиналар) - өзгелері

4008-ден(**)

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған қалыптық пластиналар, табақтар, жолақтар немесе таспалар, шыбықшалар және профилдер

4010-нан(**)

медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпте пайдаланылатын вулканизацияланған резеңкеден жасалған конвейерлі таспалар немесе жетекті белдіктер немесе бельтинг

4014 10 000 0

қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған контрацептивтер

4014 90 100 0

балаларға арналған әр түрлі емізіктер мен оған ұқсас бұйымдар

4014 90 90-нан(**), (***)

фармацевтикалық өнім өндіру кезінде пайдаланылатын қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған бұйымдар, вулканизацияланған резеңкеден жасалған тығындар; медициналық мақсатта пайдаланылатын резеңке жылытқыштар, спринцовкалар, оттегі жастықшалары

4015 11 000 0(***)
4015 19 900 0-ден(***)
4015 90 000 0-ден(***)

медициналық мақсатта пайдаланылатын вулканизацияланған резеңкеден жасалған киімдер мен оның керек-жарақтары, медициналық қолғаптар: хирургиялық және қарауға арналған, стерильді және стерильденбеген

4016 93 000 9-дан(**)

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын вулканизацияланған резеңкеден жасалған төсемдер, шайбалар, өзге де тығыздағыштар

4104-тен(**)

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын ірі қара малдың немесе жылқы тұқымдас малдың терісінен жасалған жүнсіз тықыр былғары

4803 00 900 0(**)

медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын орамдағы целлюлоза талшығынан жасалған кенеп

4811 59 000 9-дан(**)

медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын жоғары молекулалы полимер қапталған ауа өткізетін қағаз

4811 90 000 0-ден(**)

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде қолданылатын қағаз, қатырма қағаз, целлюлоза мақта және целлюлоза талшығынан жасалатын кенеп

4818 90 100 0(***)

бөлшек саудада сату үшін оралмаған хирургиялық және медициналық мақсатта қолданылатын бұйымдар

4819 10 000 0(**)

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын гофраланған қағаздан немесе қатырма қағаздан жасалған жәшіктер мен қораптар

4821(**)

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын құлақша мен заттаңба

4823 90-нан(**)

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын орамдағы қағаз

5208 11 100 0(**)
5208 21 100 0(**)

бинттер, таңу материалдары мен медициналық дәке дайындауға арналған бетінің тығыздығы 200 г/м 2 аспайтын құрамында 85% мас. немесе одан көп мақта талшықтары бар мақта маталар

5603-тен (**)

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын химиялық жіптерден жасалған матадан жасалмаған материал

6115 10 100 0(***)
6115 10 900 1(***)
6115 10 900 2(***)

көктамырдың кеңеюінен ауыратындарға арналған синтетикалық жіптен тоқылған шұлықтар, колготкалар, гольфтер

6804 22 300 0-ден(**), (***)

фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын, қыш немесе силикат материалдардан алынатын қайрақ жасауға арналған бұйымдар (скарификаторлар)

6909-дан(**),(***)

медицинада пайдаланылатын зертханалық, химиялық мақсаттарға арналған қыш бұйымдар

7001 00 910 0(**)

фармацевтика және медицина өнімін жасау және өндіру кезінде қолданылатын оптикалық шыны

7010 10 000 0(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын шыныдан жасалған ампулалар

7010 20 000 0(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын шыныдан жасалған тығындар, қақпақтар және өзге де соған ұқсас бұйымдар

7010 90 710 0-ден(**)
7010 90 790 0-ден(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын бөтелкелер, сауыттар, банкалар, ампулалар және өзге де шыны ыдыстар

7015 10 000 0(***)

көзді түзетуге арналған көзілдіріктердің шынылары

7017-ден(***)

зертханалық немесе фармацевтикалық мақсаттарға арналған шыны ыдыс

7326 90 980 0(***)

медициналық мақсатта пайдаланылатын стерильді қораптар және соған ұқсас бұйымдар

7607 19 910 0-ден(**)
7607 19 990 0-ден(**)

дәрілік заттарды өндіру кезінде блистерге орау үшін пайдаланылатын негізі жоқ алюминий фольга

7612 10 000 0-ден(**)

фармацевтикалық өнім өндіру кезінде пайдаланылатын алюминийден жасалған деформацияға ұшырайтын түтікті ыдыстар (тубалар)

7612 90 200 0-ден(**)

фармацевтика өнімін өндіру үшін пайдаланылатын аэрозольді орамдардағы алюминийден жасалған өзге де ыдыстар

7804 11 000 0(**)

ионды сәулеленуден қорғау үшін медицинада пайдаланылатын жуандығы 0,2 мм аспайтын қорғасын парақтар, кесінділер немесе таспалар мен фольга

8001 20 000 0-ден(**)

линзаларды оқшаулауға арналған оңай балқитын металл (Вуд қоспасы)

8309 90-нан(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын алюминийден жасалған тығындағыш қақпақтар

8413-тен(**)

фармацевтикалық өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын шығын өлшеуіштер бар немесе жоқ сұйықтық сорғылары

8414-тен(**)

ауа немесе вакуумды сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары мен желдеткіштер; фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын желдеткіші бар, сүзгіштері бар немесе сүзгішсіз желдеткіш немесе қайта айналдыратын тарту қалпақтары немесе шкафтар

8415 81 001 0(**)
8415 90 000 9-дан(**)

фармацевтика және медицина өнімі өндірісінде арнайы өндірістік үй-жайларда микроклиматты ұстап тұру үшін температура мен ылғалдылықты автоматты реттейтін өнеркәсіптік желдеткіштер

8419 20 000 0(**), (***)
8419 39 100 1(**),
8419 39 900 1(**),
8419 40 000 1(**), (***)
8419 89 981 0(**),
8419 90 150 0(**),
8419 90 850 1(**)

тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, жылыту, қайнату, қуыру, дистилдеу, ректификациялау, стерильдеу, пастерлеу, булау, кептіру, буын кетіру, желдету немесе салқындату сияқты температураны өзгерту процесінде материалдарды өңдеу үшін электрмен немесе электрсіз қыздыратын (пешті, камераны және 8514 тауар позициясының басқа да жабдықтарын қоспағанда) өнеркәсіптік немесе зертханалық машиналар, жабдықтар; фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын инерциясы жоқ су жылытқыштар немесе жылу су аккумуляторлары, электрсіз, өзгелері, медицина өнеркәсібіне арналған жабдықтардың бөлшектері

8421 19 200 1(***),
8421 21 000 1(***),
8421 29 000 1(***),
8421 91 000 2(***),
8421 99 000 1(***)

ортадан тепкіш кептіргіштерді қоса алғанда, центрифугалар; медициналық мақсатқа арналған сұйықтарды немесе газдарды сүзуге немесе тазалауға арналған жабдықтар мен құрылғылар және олардың бөлшектері

8422 20 000 1(**),
8422 30 000 1(**),
8422 40 000 1(**),
8422 90 900 0-ден(**)

бөтелкелерді немесе басқа да сыйымдылықтарды жууға немесе кептіруге арналған жабдықтар; бөтелкелерді, банкаларды толтыруға, тығындауға, жәшіктерді, қаптарды немесе басқа сыйымдылықтарды жабуға арналған, оларға қағаз жабыстыруға немесе зат таңба қоюға арналған жабдықтар; бөтелкелерді, банкаларды, тубаларды және соған ұқсас сыйымдылықтарды қалпақшалармен немесе қақпақтармен герметикалық тығыздауға арналған жабдықтар; орауға немесе тыстауға арналған өзге де жабдықтар (тауарды термиялық буып-түю материалына орайтын жабдықты қоса алғанда); фармацевтика және медицина өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын сусындарды газдандыруға арналған жабдықтар; және олардың бөлшектері

8423-тен (**)

конвейерлердегі бұйымдарды үздіксіз өлшеуге арналған таразылар (конвейерде, чеквейерде қаптама салмағын бақылауға арналған машиналар); фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын ең жоғары өлшеу салмағы 30 кг-ден аспайтын алдын ала оралған тауарларды өлшеуге және таңбалауға арналған жабдықтар

8438 20 000 0-ден(**)

фармацевтикалық өнімін өндіруге арналған құюға және таблетка жасауға арналған машиналар, қабығын жасауға арналған машиналар

8464 90 800 0-ден(**)

көзілдірік линзаларын дайындау кезінде пайдаланылатын шыныларды суықтай өңдеуге арналған бұрғылау станоктары

8467 11 900 0(**)
8467 21 910 0(**)
8467 29 510 0(**)

протездік-ортопедиялық бұйымдарды жасау кезінде пайдаланылатын электрлі қозғалтқышы бар қолмен басқарылатын құрал-саймандар, өзгелері

8467 89 000 0-ден (**)

көзілдірік линзаларын дайындау кезінде пайдаланылатын фрезерлеуге арналған қолмен басқарылатын электрлі құрал-саймандар

8474 20 900 0-ден(**),
8474 39 100 1(**),
8474 39 900 1(**),
8474 80 101 0(**),
8474 80 901 0(**)
8474 90-нан(**)

ұнтақ күйдегі минералды өнімдерді ұсатуға, ұнтақтауға, қосуға немесе араластыруға арналған жабдық (грануляторлар); фармацевтикалық өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын агломерациялауға, пішіндеуге немесе құюға арналған жабдықтар және олардың бөлшектері

8514-тен(***)

медициналық мақсатта пайдаланылатын зертханалық электр пештері және камералар

8416-дан(**)

медицинада пайдалануға арналған электрлі инерциясы жоқ немесе аккумуляциялайтын электрлі су жылытқыштар, батырылатын электрлі жылытқыштар

8539 49-дан(***)

медицинада қолданылатын ультракүлгін немесе инфрақызыл сәулелену шамдары

8713(***)

қозғалтқышпен немесе қозғалуға арналған басқа да механикалық құрылғылармен жабдықталған немесе жабдықталмаған, қозғала алмайтын адамдарға арналған арбалар

8714 20 000 0(***)

қозғала алмайтын адамдарға арналған арбалардың бөлшектері және керек-жарақтары

9001 30 000 0(*)

медициналық мақсатта пайдаланылатын контактілі линзалар

9001 40 410 0

екі жағынан өңделген, бір фокальды, көздің көруін түзету үшін шыныдан жасалған көзілдіріктерге арналған линзалар

9001 50 410 0

екі жағынан өңделген, бір фокальды, көздің көруін түзету үшін өзге де материалдан жасалған көзілдіріктерге арналған линзалар

9002 19 000 0(**)

медициналық мақсаттағы рентгендік жабдықтар жасауға арналған объективтер

9003-тен(***)
(9003 19 100 0-ден басқа)

көзілдіріктерге, қорғаныш көзілдіріктерге (күннен қорғайтыннан басқа) арналған оправалар мен арматура немесе соған ұқсас оптикалық аспаптар және олардың бөлшектері

9004-тен(***)
(9004 10 басқасы)

көзілдіріктер, қорғағыш көзілдіріктер (күннен қорғайтындардан басқа) және көздің көруін түзейтін соған ұқсас оптикалық аспаптар

9006 30 000 0(*)

ішкі мүшелерді медициналық немесе хирургиялық тексеруге арналған арнайы фотокамералар

9011-ден(***)

медициналық мақсатта пайдаланылатын оптикалық күрделі микроскоптар

9016 00(**)

медициналық мақсатқа арналған әртүрлі кірлері бар немесе жоқ, сезімталдығы 0,05г немесе одан жоғары таразылар, олардың бөлшектері мен керек-жарақтары

9018-ден(*)

сцинтиграфиялық аппаратураны қоса алғанда, медицинада, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда қолданылатын аспаптар мен құрылғылар, өзге де электромедициналық аппаратура және көздің көруін зерттеуге арналған аспаптар (солярийден басқа)

9019-дан(***)

механотерапияға арналған құрылғылар; уқалау аппараттары; қабілетін анықтау үшін психологиялық тестерге арналған аппаратура; озон, оттегі және аэрозоль терапиясына, қолдан тыныс алдыруға арналған аппаратура немесе өзге де терапиялық тыныс алдыру аппаратурасы

9020 00 000 0 (*)

медициналық мақсатта қолданылатын өзге де тыныс алу жабдықтары және механикалық бөлшектерсіз және ауыстыратын сүзгілерсіз қорғаныш маскаларынан басқа, газ маскалары

9021

балдақтарды, хирургиялық белдіктерді және бандаждарды қоса алғанда, ортопедиялық аспаптар; сынықтарды емдеуге арналған, біздер мен өзге де аспаптар; қолдан жасалған дене бөліктері; органның ақауын немесе оның жұмыс істеу қабілетсіздігін толықтыру үшін өзіне тағатын, алып жүретін немесе денеге импланттайтын есту аппараттары және өзге де аспаптар

9022-ден (*)

медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық пайдалануға арналған рентгендік, альфа, бета немесе гамма сәулеленуге пайдалануға негізделген аппаратура, рентгенографиялық немесе радиотерапиялық, рентгендік түтіктерді қоса алғанда және өзге де рентгендік сәулелену генераторлары, жоғары кернеудегі генераторлар, қалқандар мен басқару пульттері, экрандар, үстелдер, креслолар және тексеруге немесе емдеуге арналған соған ұқсас бұйымдар

9024 80 100 9-дан(**)

фармацевтика өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын қаттылығын, мықтылығын сынауға арналған машиналар мен құрылғылар немесе материалдардың басқа да механикалық қасиеттері (таблеткалардың қаттылығы мен мықтылығын өлшеуге арналған аспаптар)

9025-тен (***)

медициналық мақсатта және фармацевтикалық өнімін өндіру кезінде пайдаланылатын жазатын құрылғылары бар немесе онсыз ареометрлер, термометрлер, барометрлер, гигрометрлер, психрометрлер

9026-дан (**)

фармацевтикалық өнімін өндіру кезінде қолданылатын сұйықтықтардың немесе газдардың шығынын, деңгейін қысымын немесе басқа да ауыспалы сипаттамасын өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура

9027-ден(***)

химиялық талдауға арналған аспаптар мен аппаратура (мысалы, поляриметрлер, рефрактометрлер, спектрометрлер, газ немесе тұтынталдағыштар); тұтқырлығын, кеуектігін, кеңеюін, үстірт керілуін өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппаратура немесе соған ұқсастар; жылудың, дыбыстың немесе жарықтың мөлшерін өлшеуге немесе бақылауға арналған аспаптар мен аппараттар (экспонометрлерді қоса алғанда); медициналық мақсат үшін қолданылатын микротомдар: оларға бөлшектер мен аспаптар

9030 10 900 0(***)

медицинада пайдаланылатын иондаушы сәулеленуді табу немесе өлшеу үшін аспаптар мен аппаратура

9031(***)

медицинада қолданылатын өлшенетін немесе бақылау аспаптар

9032 10(***)

медицинада қолданылатын термостаттар

9106 90 100 0(**)

медицинада қолданылатын өзіне тағуға немесе өзімен бірге алып жүруге арналмаған технологиялық үдеріс таймерлері, секунд өлшегіштер және соған ұқсас құрылғылар

9402-ден

медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз (мысалы, операциялық үстелдер, қарауға арналған үстелдер, механикалық аспаптары бар аурухана төсектері, стоматологиялық креслолар), жоғарыда айтылған бұйымдардың бөлшектері

9405 10 210 1(***)
9405 10 280 1(***)
9405 10 300 1(***)
9405 10 500 1(***)
9405 10 910 1(***)
9405 10 980 1(***)
9405 20 110 1(***)
9405 20 190 1(***)
9405 20 300 1(***)
9405 20 500 1(***)
9405 20 910 1(***)
9405 20 990 1(***)
9405 40 310 1(***)
9405 40 350 1(***)
9405 40 390 1(***)
9405 40 910 1(***)
9405 40 950 1(***)
9405 40 990 1(***)
9405 91 900 1(***)
9405 92 000 1(***)
9405 99 000 1(***)

медицинада қолданылатын шамдар мен жарық беретін жабдықтар, жарығы белгілі бір жерге бағытталған шамдар және олардың бөлшектері

9608 20 000 0(**)

йод пен бриллиант көгінің ерітіндісі бар биомаркерлерді өндіруге арналған фетрлі ұштары бар және өзге де кеуекті материалдардан жасалған пластикті маркерлер

       Тауар номенклатурасы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (ҚР СЭҚ ТН) коды және тауардың атауы арқылы анықталады.
      "*", "**", "***" сілтемелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 1229 қаулысымен бекітілген Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2009 жылғы 26 қаңтардағы
N 56 қаулысына    
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат).
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 қарашадағы N 1547 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 41-42, 531-құжат).
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулыларына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 қазандағы N 1135 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 36, 381-құжат).
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 сәуірдегі N 488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 248-құжат).
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы N 1258 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 604-құжат).
      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулыларына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 желтоқсандағы N 1271 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 48, 609-құжат).
      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 127 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 7, 73-құжат).