Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 56 Қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін: 
      1) "Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, сурдотифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 15, 145-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың, оның ішінде дәрілік субстанциялардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың, судротифлотехника мен медицина (ветеринария) техникасының, дәрі-дәрмек және диабеттік құралдарды өндіруге арналған материалдар мен жиынтықтаушылардың, протездік-ортопедиялық бұйымдарды қоса алғанда, медициналық (ветеринарлық) мақсаттағы бұйымдардың және медицина (ветеринария) техникасының тізбесінде: 
      ескертудің екінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: 
      "Мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың шеңберінде тауарлардың импорты жағдайында жарғы мен әкелінетін тауарларды мақсатты пайдалану туралы міндеттеменің орнына кеден органдарына тапсырысшы мен импортты жүзеге асыратын жеткізуші арасында жасалған шарт ұсынылады"; 
      2) 
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы 
N 1229
 (қолданысқа енгізілу тәртібін 
3-тармақтан
 қараңыз) Қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      
Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі