Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 қараша N 1547. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 56 Қаулысымен

      Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін дайындау және олардың сот төрелігін жүргізу жөніндегі кәсіптік деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы судьялар мен сот

 

жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты" мемлекеттік

мекемесі (бұдан әрі - Институт) құрылсын.

     2. Институттың штат санының лимиті 26 бірлік болып белгіленсін.

     3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты (келісім бойынша) Қазақстан

Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

     1) Институттың жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында

мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

     2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

     4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.