Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2000 жылғы 10 наурыздағы N 378 және 2002 жылғы 23 қаңтардағы N 84 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 желтоқсандағы N 1271 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 56 Қаулысымен.

       Ескерту. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы  6 желтоқсандағы N 1276 қаулысының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.03.28.  N 296  Қаулысымен   (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кәсіптік орта және жоғарғы білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы N 1188  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 39, 404-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "3) І, ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін - 0,5 пайыз;
      4) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1 пайыз.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі