Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 16 қаңтардағы
N 13 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. "Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы N 517 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж. N 20, 231-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және жою ережесінде :
1-тармақтағы "ғылыми-негізделген" деген сөздерден кейін "және (немесе)" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы "берілген өнімді пайдаланудың (қолданудың) нақты жағдайларында" деген сөздер "оның өмірлік циклінің барлық сатысында" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта :
1) тармақшадағы "өнімдер мен процестердің ("Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы" жіктеуішіне сәйкес)" деген сөздер "өнімдер ("Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы" жіктеуішіне сәйкес) мен процестердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) сынаманы іріктеу және өнімдерді сынау ережесі, сәйкестікті растау ережесі мен нысандары, оның ішінде сәйкестікті растау схемасы (сәйкестікті растау нысандары мен схемасын таңдау сәйкестікті растаудан өткен өнімді қолданудан күмәнді бағалау мен залал келудің жиынтық қаупін ескеріп жүзеге асырылуға тиіс) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгі салуға және оларды түсіру ережелеріне қойылатын талаптар болуы мүмкін";
6) тармақша алынып тасталсын;
мынадай редакциядағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдардың келісімімен Техникалық регламенттерге үйлестірілген стандарттар тізбесін белгілейді.".
2. "Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1372 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 50, 633-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы техникалық регламентте :
16-тармақта :
"Бұрын пайдалануда болған автокөлік құралдарын" деген сөздер "Автокөлік құралдары мен двигательдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
"2009" деген сандар "2011" деген сандармен ауыстырылсын;
Техникалық регламенттің 3-қосымшасында :
1-бағанның оныншы абзацы "артық емес" деген сөздер "артық емес*" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1398 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 51, 646-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде :
21, 69, 75, 76, 77 және 78-тармақтар алынып тасталсын;
74-тармақтағы "жүргізуге тиіс" деген сөздер "жүргізеді" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 4, 48-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентінде :
3-тармақтағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
11-тармақта :
екінші абзацтағы ", оның ішінде шетелдік және халықаралық практикада қабылданған" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы "Ерікті" деген сөз алынып тасталсын;
12-тармақтағы "3-тармағына" деген сөздер "3 және 4-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
15-тармақта :
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) үлгілерді сәйкестендіру, іріктеу және оларды сынау;";
9) тармақшадағы "объектіні" деген сөз "өнімді" деген сөзбен ауыстырылсын;
17-тармақ алынып тасталсын;
18-тармақтың бірінші абзацында:
"он бес" деген сөздер "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
"он" деген сөз "бір" деген сөзбен ауыстырылсын;
20-тармақтың екінші абзацындағы "осы Регламенттің 11-тармағына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
21-тармақта "зертхана" деген сөзден кейін "немесе өтінім беруші тағайындаған сарапшы-аудиторлардан тұратын комиссия";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Үлгілерді іріктеу осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен рәсімделеді.";
23-тармақта :
екінші абзацтағы "сертификаттық сынақтарды өткізген зертханаларда" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзац алынып тасталсын;
31 және 49-тармақтардағы "өндіріс немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
32-тармақта :
екінші абзацтағы "сәйкестік туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшадағы "және өндіріс" деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақшадағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
33-тармақтағы "сәйкестік туралы" деген сөздер алынып тасталсын, "қоса берілуге тиіс" деген сөздер "қоса беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармақтағы "өндірістің сертификатталуына" деген сөздер алынып тасталсын;
36-тармақта :
үшінші абзацтағы "Сертификатта мыналар көрсетілуге тиіс:" деген сөздер "Сертификат стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші, бесінші абзацтар алынып тасталсын;
38-тармақта :
бірінші абзацтағы "өндіріс сертификатталған немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
екінші абзац алынып тасталсын;
43-тармақтағы "жасалады" деген сөз "жасауға рұқсат етіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
44-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Соның негізінде берілген құжаттармен бірге Сәйкестік сертификатының берілген көшірмелерінің саны туралы ақпарат оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде бір жыл бойы Органда сақталады.";
45-тармақтағы "осы сертификатты" деген сөздерден кейін "берген" деген сөзбен толықтырылсын;
52-тармақтың бірінші абзацындағы "аккредиттелген зертханада" деген сөздер "сынақ зертханасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
57-тармақтың 2) тармақшасындағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
61-тармақтың 9) тармақшасындағы "сертификаттау жөніндегі қызметке" деген сөздер "сертификатталған қызметіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
63-тармақтағы "бір ай" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
80-тармақтың 2) тармақшасындағы "техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға" деген сөздер "техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
91-тармақтың бірінші абзацындағы "10" деген сандар "3" деген санымен ауыстырылсын;
Техникалық регламентке 1-қосымшада :
5-бағанның тақырыбындағы "Сертификаттаудың" деген сөз "Сертификаттың" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағанындағы "Өндірісті немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 7-жолдың 4-бағанындағы "Белгіленбейді" деген сөздер 5-бағанға "Белгіленеді бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолдың 4-бағанындағы "Белгіленбейді" деген сөз алынып тасталып, 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды";
реттік нөмірі 9-жолда:
2-бағандағы "сәйкестік туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
4-бағандағы "Белгіленбейді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды" деген сөздер 5-бағанға "Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағанындағы "сәйкестік туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
Ескертпенің екінші абзацындағы "өндіріске немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
Техникалық регламентке 4-қосымшада :
"сәйкестікті растау жөніндегі орган өкілі" деген сөздер алынып тасталсын.
5. "Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 ақпандағы N 201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 11, 111-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Балаларға арналған өнімдер мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде :
Техникалық регламентке 1-қосымшада :
3-тармақтағы "Осы Техникалық регламентке сәйкестігін растауға жататын" деген сөздер алынып тасталсын;
47-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген Техникалық регламентке 2-қосымшада :
35-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген Техникалық регламентке 3-қосымшада :
1-тармақтағы "Осы Техникалық регламентке сәйкестігін растауға жататын" деген сөздер алынып тасталсын;
15 және 16-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген Техникалық регламентке 4-қосымшада :
1-тармақтағы "Осы Техникалық регламентке сәйкестігін растауға жататын" деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақ алынып тасталсын;
көрсетілген Техникалық регламентке 5-қосымшада :
10 және 25-тармақтар алынып тасталсын;
көрсетілген Техникалық регламентке 6-қосымшада :
1-тармақтың бесінші абзацындағы "Осы Техникалық регламентке сәйкестігін растауға жататын" деген сөздер алынып тасталсын;
Мектепке арналған жазу құралдарының қауіпсіздігі талаптары 6-бөлімінің 2-тармағы алынып тасталсын;
Техникалық регламентке 7-қосымша алынып тасталсын.
6. "Синтетикалық жуғыш құралдар және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы N 217 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 12-13, 119-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде :
41-тармақтың 2) тармақшасындағы "(пиктограммамен сәйкестікке)" деген сөздер алынып тасталсын.
7. "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 277 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 16, 146-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар" техникалық регламентінде :
4-тармақтың 12) тармақшасы алынып тасталсын;
12-тармақта :
бірінші абзацтағы "Сәйкестікті" деген сөздер кейін "Егер өнім (тауар) техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес сәйкестікті міндетті растауға жататын болса, өнімді (тауарды)" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "(сәйкестік сертификатының көшірмесі") деген сөздерден кейін "немесе сәйкестік декларациясы" деген сөздермен толықтырылсын;
21-тармақтағы "өнімдерді (тауарларды) қоспағанда," деген сөздерден кейін "егер өнімге (тауарға) арналған заңдарда және Техникалық регламенттерде өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;
29 және 42-тармақтар алынып тасталсын;
41-тармақ мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:
"Егер өнімнің (тауардың) біткеннен кейін пайдалану үшін қауіпті болып саналатын уақыт мерзімі бар болса, өнімнің (тауар) жарамдылық мерзімі белгіленеді.";
43-тармақта :
бірінші абзацтағы "немесе сақталу мерзімі", "Сақтау мерзімі.... (күн, ай немесе жыл)" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы "және сақтау" деген сөздер алынып тасталсын.