Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 13 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 . Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1398 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 51, 646-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде :
21, 69, 75, 76, 77 және 78-тармақтар алынып тасталсын;
74-тармақтағы "жүргізуге тиіс" деген сөздер "жүргізеді" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.08.2021 № 552 қаулысымен.5. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6. "Синтетикалық жуғыш құралдар және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы N 217 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 12-13, 119-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде :
41-тармақтың 2) тармақшасындағы "(пиктограммамен сәйкестікке)" деген сөздер алынып тасталсын.
7. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.