Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 13 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.12.2015 № 1063 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2 . Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1398 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 51, 646-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Лак-бояу материалдары мен еріткіштер қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде :
21, 69, 75, 76, 77 және 78-тармақтар алынып тасталсын;
74-тармақтағы "жүргізуге тиіс" деген сөздер "жүргізеді" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы N 90 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 4, 48-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Сәйкестікті растау рәсімдері" техникалық регламентінде :
3-тармақтағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
екінші абзацтағы ", оның ішінде шетелдік және халықаралық практикада қабылданған" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы "Ерікті" деген сөз алынып тасталсын;
12-тармақтағы "3-тармағына" деген сөздер "3 және 4-тармақтарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) үлгілерді сәйкестендіру, іріктеу және оларды сынау;";
9) тармақшадағы "объектіні" деген сөз "өнімді" деген сөзбен ауыстырылсын;
17-тармақ алынып тасталсын;
18-тармақтың бірінші абзацында:
"он бес" деген сөздер "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
"он" деген сөз "бір" деген сөзбен ауыстырылсын;
20-тармақтың екінші абзацындағы "осы Регламенттің 11-тармағына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
21-тармақта "зертхана" деген сөзден кейін "немесе өтінім беруші тағайындаған сарапшы-аудиторлардан тұратын комиссия";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Үлгілерді іріктеу осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен рәсімделеді.";
екінші абзацтағы "сертификаттық сынақтарды өткізген зертханаларда" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзац алынып тасталсын;
31 және 49-тармақтардағы "өндіріс немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
екінші абзацтағы "сәйкестік туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшадағы "және өндіріс" деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақшадағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
33-тармақтағы "сәйкестік туралы" деген сөздер алынып тасталсын, "қоса берілуге тиіс" деген сөздер "қоса беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
35-тармақтағы "өндірістің сертификатталуына" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы "Сертификатта мыналар көрсетілуге тиіс:" деген сөздер "Сертификат стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші, бесінші абзацтар алынып тасталсын;
бірінші абзацтағы "өндіріс сертификатталған немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
екінші абзац алынып тасталсын;
43-тармақтағы "жасалады" деген сөз "жасауға рұқсат етіледі" деген сөздермен ауыстырылсын;
44-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Соның негізінде берілген құжаттармен бірге Сәйкестік сертификатының берілген көшірмелерінің саны туралы ақпарат оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде бір жыл бойы Органда сақталады.";
45-тармақтағы "осы сертификатты" деген сөздерден кейін "берген" деген сөзбен толықтырылсын;
52-тармақтың бірінші абзацындағы "аккредиттелген зертханада" деген сөздер "сынақ зертханасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
57-тармақтың 2) тармақшасындағы "міндетті" деген сөз алынып тасталсын;
61-тармақтың 9) тармақшасындағы "сертификаттау жөніндегі қызметке" деген сөздер "сертификатталған қызметіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
63-тармақтағы "бір ай" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
80-тармақтың 2) тармақшасындағы "техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға" деген сөздер "техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органға" деген сөздермен ауыстырылсын;
91-тармақтың бірінші абзацындағы "10" деген сандар "3" деген санымен ауыстырылсын;
Техникалық регламентке 1-қосымшада :
5-бағанның тақырыбындағы "Сертификаттаудың" деген сөз "Сертификаттың" деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағанындағы "Өндірісті немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 7-жолдың 4-бағанындағы "Белгіленбейді" деген сөздер 5-бағанға "Белгіленеді бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 8-жолдың 4-бағанындағы "Белгіленбейді" деген сөз алынып тасталып, 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
"Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды";
реттік нөмірі 9-жолда:
2-бағандағы "сәйкестік туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
4-бағандағы "Белгіленбейді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды" деген сөздер 5-бағанға "Белгіленеді, бірақ өнімнің жарамдылық мерзімінен аспайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағанындағы "сәйкестік туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
Ескертпенің екінші абзацындағы "өндіріске немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
Техникалық регламентке 4-қосымшада :
"сәйкестікті растау жөніндегі орган өкілі" деген сөздер алынып тасталсын.
5. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.07.30 № 1004 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
6. "Синтетикалық жуғыш құралдар және тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 наурыздағы N 217 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 12-13, 119-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген "Синтетикалық жуғыш құралдар мен тұрмыстық химия тауарларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентінде :
41-тармақтың 2) тармақшасындағы "(пиктограммамен сәйкестікке)" деген сөздер алынып тасталсын.
7. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 29 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.