2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы N 916 Қаулысы

Жаңартылған

      "2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 653 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдар:
      1) Жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жөнінде тиісті шаралар қабылдасын;
      2) жылына екі рет 20 маусымға және 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
      2008 жылғы 4 қазандағы
N 916 қаулысымен  
бекітілген  

       Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.27. N 585, 2009.07.20. N 1101, 2009.11.10 N 1803 Қаулыларымен.

2009 - 2011 жылдарға арналған
"Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар
(мың теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

1. Технологиялық ынтымақтастықты жолға қою үшін жағдай жасау

1.

Еуропалық елдермен өнеркәсіп салаларындағы технологиялық ынтымақтастық туралы келісімдер жасау

Тиісті келісімдерге
қол қою

ИСМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2009-2010
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

2.

Қазақстандық технологиялар трансферті желісінің еуропалық технологиялар трансферті желісіне (Іnnоvаtіоn Rеlау Сеnter) енуі жөніндегі жұмыстарды аяқтау және технологиялардың өзара трансферті мақсатында ақпараттық алмасу ұйымдастыру

СІМ-ге ақпарат

ИСМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, ИТТО, ҒТАО

2009-2010 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. - 11364
2010 ж. - 5618
2011 ж. - 5618

Республикалық
бюджет

3.

Еуропалық компанияларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы жобаларды іске асыруға соның ішінде энергия үнемдеу технологияларын енгізу үшін тарту

СІМ-ге ақпарат

ИСМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, ИТТО, облыс әкімдіктері

2009-2011 жж., 20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

4.

Инновациялық менеджмент, жобаларды басқару және инженерлік мамандықтар саласында қазақстандық кадрлар даярлауға және қайта даярлауға еуропалық елдердің мамандарын тарту

ИСМ-ге ақпарат

"Қазына" ОДҚ" АҚ, ИТТО

2009-2011 жж., 20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. - 8250
2010 ж. - 8250
2011 ж. - 8250

Республикалық бюджет

5.

АӨК дамуын стратегиялық жоспарлау, болжамдау және талдау тәсілдерін зерделеу жолымен АШМ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

СІМ-ге ақпарат

АШМ

2009-2010 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. - 5561
2010 ж. - 5561
2011 ж. - 5561

Республикалық
бюджет

6.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу (импорт/экспорт) туралы ақпарат алмасу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша отандық азық-түлік нарығының даму үрдісін тараптардың бағалауы

СІМ-ге ақпарат

АШМ, СІМ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

7.

"Жасыл апта" және "AgriТесhnіkа" (Германия) жыл сайынғы халықаралық іс-шараларда бизнес-кездесулер мен Қазақстанның агрокәсіпорындарының тұсаукесер стендтерін ұйымдастыру арқылы аграрлық секторда бірлескен өндірістер құруды ынталандыру

СІМ-ге ақпарат

АШМ, "ҚазАгро" холдингі"" АҚ

2009-2011 жж.
20 маусым, 20 желтоқсан

2009 ж. - 2 420
2010 ж. - 2 420
2011 ж. -
2 420

Республикалық бюджет

8.

"Генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымын ғылыми-техникалық мемлекеттік реттеу" жобасының ЕО-ның "Тамақ, ауыл шаруашылығы және биотехнология" бағдарламасы шеңберінде бірлескен зерттеулер жүргізу

СІМ-ге ақпарат

БҒМ, "Ұлттық биотехнологиялар орталығы" РМК

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. - 120000
2010 ж. - 381500
2011 ж. -
408205

Республикалық бюджет

9.

А/Н5N1 тұмауына қарсы вакцина әзірлеу жөнінде бірлескен зерттеулер өткізу

СІМ-ге ақпарат

БҒМ, "Ұлттық биотехнологиялар орталығы" РМК

2009-2010 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. -
208650
2010 ж. -
223256

Республикалық бюджет

10.

Каспий акваториясының биоценозын кешенді экологиялық-
эпидемиологиялық тексеру жөнінде бірлескен зерттеулер өткізу және оны сауықтыру жөнінде шаралар әзірлеу

СІМ-ге ақпарат

БҒМ, "Ұлттық биотехнологиялар орталығы" РМК

2009-2010жж. 20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. -
153545
2010 ж. - 164293

Республикалық бюджет

11.

Ғылыми-техникалық ақпарат саласында ынтымақтастық орнату

СІМ-ге ақпарат

БҒМ, ҒТАО

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

12.

"Медицинада, ауыл шаруашылығында, қоршаған ортаны қорғауда, тамақ және өңдеу өнеркәсіптерінде гендік-инженерлік және жасушалық биотехнологиялар әзірлеу және пайдалану" ғылыми-техникалық бағдарламасы

СІМ-ге ақпарат

БҒМ, "Ұлттық биотехнологиялар орталығы" РМК

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. - 530900
2010 ж. -
578681
2011 ж. -
630762

Республикалық бюджет

13.

Шетелдік ғалымдарды, ұйымдарды және халықаралық бағдарламалар мен жобаларды тарта отырып, оның ішінде қазақ диаспорасының өкілдерін тарта отырып қазақстандық ғылыми жобаларды іске асыру

СІМ-ге ақпарат

БҒМ

2009-2010 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. - 159000
2010 ж. - 173300

Республикалық
бюджет

14.

Арнайы мақсаттағы ұтқыр микрокомпьютерлерді және ақпараттық-коммуникациялық құралдарды құрастыру

СІМ-ге ақпарат

БҒМ

2009-2010 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. - 80000
2010 ж. - 120000

Республикалық
бюджет

15.

Қазақстан Республикасында наноғылым мен нанотехнологияларды дамыту

СІМ-ге ақпарат

БҒМ

2009 ж.

261 818

Республикалық бюджет

2. Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту

16.

Газ саласында бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі мүмкіндіктерді зерделеу

СІМ-ге ақпарат

ЭМРМ, "Самұрық" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

 

17.

Газ саласындағы нормативтік-
техникалық саясатты жетілдіруге қатысты Иногейт және Тасис бағдарламалары (жобалары) бойынша жұмысты жалғастыру

СІМ-ге ақпарат

ЭМРМ, "Самұрық" АҚ, "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

18.

Еуропалық комиссиямен бірге "Орталық Азияда келісілген ұлттық энергетикалық стратегияларды дамыту" жобасын пысықтау

СІМ-ге ақпарат

ЭМРМ, "Самұрық" АҚ, "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

 

 

 

 

19.

Қазақстан тарапының Еуропа елдеріндегі отын-энергетика кешенінің инфрақұрылымдық объектілерін сатып алуы жөніндегі мүмкіндіктерді қарастыру және мәселелерді пысықтау

СІМ-ге ақпарат

"Самұрық" АҚ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, ЭБЖМ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

20.

Энергетика секторында негізгі нарықтық қағидаттар мен нормативтік-
құқықтық реттеуді жетілдіру жөніндегі еуропалық тәжірибені зерделеу

СІМ-ге ақпарат

ЭМРМ, ТМРА, ИСМ, "Самұрық" АҚ "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, ЭБЖМ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

21.

Қазіргі заманғы қажетті еуропалық энергетикалық технологияларды тарту жөнінде, оның ішінде тастандыларды сүзгілеу жөнінде шаралар кешенін өткізуді қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

ИСМ, Қоршағанортамині

2009-2001 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

 

 

 

22.

Қайта жаңғыртылатын энергия көздерін, энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды пайдалану жөніндегі еуропалық тәжірибені зерделеу

СІМ-ге ақпарат

ЭМРМ, Қоршағанортамині

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

 

 

 

 

3. Көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту

23.

Қазақстандық көлік желілерінің панъеуропалық көлік желілеріне қосылу контексінде Көлік желілерін дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға ЕО-мен қол қоюға келіссөздер және дайындық жүргізу

Меморандум жобасы

ККМ, СІМ

2010 ж.

1463

Республикалық
бюджет

24.

Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігі саласындағы Қазақстан мен ЕО-ның сақтандыру жүйелерін үйлестіру мәселелері бойынша ЕО елдерінің (Швейцария, Ұлыбритания, Германия) көлік министрліктерінің және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы бюросының Кеңесі Комитетінің сарапшыларымен келіссөздер өткізу

СІМ-ге ақпарат

ККМ, ҚҚА, СІМ

2010 ж.

1077

Республикалық бюджет

25.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) кеңестері мен семинарларына қатысу (Париж, Франция) (ИКАО-ның штаб-пәтерімен келісім бойынша)

СІМ-ге ақпарат

ККМ, СІМ

2010-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2010 ж. - 635

2011 ж. - 635

Республикалық бюджет

26.

Халықаралық теңіз құқығының қағидаттарын теңіздегі қауіпсіздік пен ластануды болдырмау бөліміндегі, Қазақстан Республикасының заңнамасына имплементациялау мақсатында Халықаралық теңіз ұйымы (ІМО) Бас ассамблеясының және Халықаралық теңіз ұйымы (ІМО) Комитеттерінің отырыстарына қатысу (Лондон, Ұлыбритания)

СІМ-ге ақпарат

ККМ, СІМ

2010 ж.

1352

Республикалық
бюджет

27.

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Ішкі көлік комитетінің, Жол қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс тобының, Көлік, қоршаған орта және денсаулық сақтау жөніндегі жалпы еуропалық бағдарламаның басқарушы комитетінің (РЕР) отырыстарына қатысу (Женева, Швейцария)

СІМ-ге ақпарат

ККМ, СІМ

2010 ж.

718

Республикалық
бюджет

28.

Қауіпті және тез бұзылатын жүктерді тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын куәландыру тәртібін зерделеу (Италия)

СІМ-ге ақпарат

ККМ, СІМ

2010 ж.

5 530

Республикалық
бюджет

29.

Теңізде жүзу қауіпсіздігін және теңіз кемелерін техникалық қадағалауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша порт инспекцияларымен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

ККМ, СІМ

2010-2011 жж., жылына
1 рет
инспекциялармен келісім
бойынша

2010 ж. - 2458
2011 ж. - 2458

Республикалық бюджет

30.

Азаматтық авиация саласындағы JAR (ЕАSА) еуропалық стандарттарын енгізу бағдарламасы бойынша практикалық тағылымдамаларға қатысу (Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Бельгия)

СІМ-ге ақпарат

ККМ, СІМ, ИСМ

2010-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2010 ж. - 2304
2011 ж.  -  2304

Республикалық бюджет

31.

Жүрдек темір жолдар салу тәжірибесін зерделеу: ЕО  елдері (Италия, Франция)

СІМ-ге    ақпарат

ККМ, СІМ

2010-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2010 ж. - 3072
2011 ж. - 3072

Республикалық
бюджет

4. Техникалық реттеу және метрология жүйесі саласындағы ынтымақтастықты дамыту

32.

Стандарттау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Стандарттау жөніндегі еуропалық комитетке (CEN), Аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымға (ІАҒ), Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық кооперацияға (ІLАС) кіру жөніндегі жұмысты жүргізу

СІМ-ге ақпарат

ИСМ, СІМ

2009-2011 ж. 20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

 

 

33.

Аккредиттелген ұйымдар беретін (қазақстан экспортын өткізуге "жасыл дәліз" ашу) аккредиттеу жүйелерінің, сертификаттар мен хаттамалардың баламалылығы бойынша, оның ішінде интеграциялық бірлестіктер шеңберінде, көп жақты және екі жақты келісімдер жасау жөнінде шаралар қолдану

СІМ-ге ақпарат

ИСМ, СІМ

2009-2011 жж. 20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

34.

Нарықты қадағалау жөніндегі еуропалық тәжірибені зерделеу

СІМ-ге ақпарат

ИСМ

2009-2011 жж. 20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. - 5 000
2010 ж. -
5 000
2011 ж. - 5 000

Республикалық бюджет

5. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету

35.

Еуропалық елдермен Қазақстанның Даму қорын құру мүмкіндігі мәселесін пысықтау

Еуропа елдерімен келіссөздер өткізу

ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ

2009 ж.

Қажет етпейді

-

36.

Тәуелсіз директорлар ретінде корпоративтік басқару органдарына қатысу үшін жоғары деңгейлі кәсіби шетелдік менеджерлерді тарту

СІМ-ге ақпарат

"Қазына" ОДҚ" АҚ

Тұрақты

Қажет етпейді

-

37.

Еуропада Қазақстанның сауда өкілдігі мен оның бөлімшелерінің желісін құру жөніндегі мәселені пысықтау

СІМ-ге ақпарат

ИСМ, СІМ

2009 ж.
1 тоқсан

Қажет етпейді

-

38.

Қазақстанның іскер қоғамдастығы үшін Жалпы преференциялар жүйесінің (GSP+) артықшылықтарын қолдану бойынша еуропалық тараппен семинарлар ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

ИСМ, СІМ, ЭБЖМ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. - 7 041
2010 ж.  - 7 041
2011 ж. - 7 041

Республикалық бюджет

39.

ЕО-ның жыл сайынғы халықаралық көрмелеріне кейіннен Қазақстан қатыса отырып, қазақстандық тауарлардың экспортқа жылжуы үшін жағдай жасау мақсатында еуропалық нарықты талдау

СІМ-ге ақпарат

ИСМ, СІМ

2009 ж. желтоқсан

Қажет етпейді

-

6. Шағын және орта бизнесті дамытудағы ынтымақтастық

40.

Қазақстан Республикасында Шағын қаржы ұйымдарының шағын қаржыландыру жөніндегі конференциясын ұйымдастыру

СІМ-ге ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), СІМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, ҚШҚҰҚ (келісім бойынша)

2010 ж.

20 000

Республикалық бюджет, демеушілер, халықаралық донорлар

41.

"ЕО елдерінде шағын және орта бизнеске салық салу жүйесі" тақырыбына семинар өткізу

СІМ-ге ақпарат

ЭБЖМ

2010 ж.

4000

Респуб-
ликалық бюджет

42.

"Жалғыз терезе" қағидаты бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелері бойынша семинарлар және елдердің жетекші сарапшыларымен алмасуды ұйымдастыру

Семинарлар, конференциялар және т.б. өткізу

ЭБЖМ, Еңбекмині, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2009 ж.

15 060

Республикалық
бюджет

43.

Гендерлік саясат шеңберінде әйел кәсіпкерлігін қолдау мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыруды қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

ЭБЖМ, Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия (келісім бойынша)

2010 ж.

3 000

Республикалық бюджет

44.

Шағын және орта бизнестің халық кәсіпшілігі мен қолөнерін дамытуда тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

ЭБЖМ, Еңбекмині, АШМ

2010 ж.

3 000

Республикалық
бюджет

45.

Қазақстанның "ТорResа" халықаралық туристік көрмесіне қатысуын қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

ТСМ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. - 25650
2010 ж. - 25650
2011 ж. - 25650

Республикалық
бюджет

7. Өмір сүру сапасы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту

46.

Қайта жаңартылатын энергетиканы дамыту саласында ынтымақтастық орнату

СІМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині, ЭМРМ, ИСМ, АШМ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-  

 

 

47.

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу бойынша 2009-2011 жж. арналған бағдарлама жобасын әзірлеу

ҚР Үкіметі
қаулысының жобасы

Қоршағанортамині, ЭМРМ, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдіктері

2009 ж. 1-тоқсан

Қажет етпейді

-

 

 

48.

Экологиялық секторалдық интеграция мәселелері бойынша өңірлік семинар өткізуді қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині, орталық атқарушы органдар

2008 ж. қазан

Халықаралық
грант

-

49.

Ұлттық экологиялық заңнаманы еуропалық елдердің тәжірибесіне жақындастыру жөнінде бағдарлама әзірлеу және оны іске асыру

Бағдарламалық құжат

Қоршағанортамині (жинақтау), орталық атқарушы органдар

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

50.

Еуропалық елдермен климаттық өзгерістердің алдын алу жөніндегі іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині

2009-2011 жж. 20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

51.

Еуропалық су орталығы зертханаларының халықаралық сертификаттау жөніндегі жобасын іске асыруды қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

Қоршағанортамині

2011 ж.

Қажет етпейді

 

52.

Еуропалық оқу орталықтарында мемлекеттік қызметшілер үшін оқу курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

МҚА

2009-2011 жж. 20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж.- 231161
2010 ж. - 249654
2011 ж. - 269626

Республикалық
бюджет

53.

Еуропалық елдермен әскери білім және әскери-ғылыми қызмет саласында келісімдер әзірлеу және оларға кол қою

Келісімдердің жобалары

Қорғанысмині

2009 ж.

Қажет етпейді

54.

Еуропалық елдермен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында келісімдер әзірлеу және оларға қол қою

Келісімдердің жобалары

ТЖМ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

55.

Қазақстан құтқарушыларының халықаралық құтқару және гуманитарлық операцияларға қатысуын қамтамасыз ету

ҚР Үкіметі қаулысының жобасы

ТЖМ, СІМ, орталық атқарушы органдар

2009 ж. 3-тоқсан

Қажет етпейді

-

56.

Еурокомиссияның мониторинг және ақпарат орталығымен (МІС) ынтымақтастықты жалғастыру және ҚР ТЖМ-ді Еуропалық Одақтың "СЕСІS" ақпарат алмасу және төтенше жағдайлар кезіндегі байланыстар жөніндегі жүйесіне қосу жөнінде шаралар қолдану

СІМ-ге ақпарат

ТЖМ

2009-2010 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

 

 

 

57.

Еуропа елдерімен жұмыспен қамту, еңбек көші-қоны, аз қамтылған азаматтар санатын, мүгедектерді әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызметтерді дамыту саласында нормативтік құқықтық актілермен алмасуды қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

Еңбекмині, СІМ

Жыл сайын, мамыр

Қажет етпейді

-

58.

Медицина кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде тренингтік курстар ұйымдастыру

СІМ-ге ақпарат

ДСМ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж.
- 150983
2010 ж.
- 142749
2011 ж.
- 119340

Республикалық
бюджет

59.

Еуропалық елдердің білім беру ұйымдарымен екі жақты шарттардың негізінде студенттермен және профессор-
оқытушы құрамымен алмасуды қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

БҒМ, жоғары оқу орындары

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

60.

Кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі еуропалық тәжірибені зерделеу және пайдалану

СІМ-ге ақпарат

БҒМ, Ұлттық аккредиттеу орталығы

2009-2011 жж.
20 маусым, 20 желтоқсан

2009 ж.
- 7 219
2010 ж.
- 7 219  2011 ж.
- 7 219

Республикалық
бюджет

61.

"Еrаsmus Мundas" және ТЕМРUS бағдарламалары шеңберінде жоғары білім беру саласында ынтымақтастық орнату

СІМ-ге ақпарат

БҒМ

2009-2010 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан

Қажет етпейді

 

62.

Германияның "АSIIN" халықаралық аккредиттеу агенттігімен (инженерия, информатика, жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі агенттік) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өткізу жөнінде шаралар қолдану

СІМ-ге ақпарат

БҒМ

2009-2010 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

 

8. Гуманитарлық өлшемдегі ынтымақтастықты кеңейту

63.

"Үкіметтік емес сектор қазіргі заманғы қыр көрсетулерге қарсы күрестің сақтандыру тетігі ретінде" атты ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің және АӨСШК-ге қатысушылардың үкіметтік емес секторы жетекшілерінің форумын өткізу

Ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

МАМ (жинақтау), орталық атқарушы органдар

2010 ж.

27 616

Республикалық
бюджет

64.

Қазақстанда волонтерлық институтты одан әрі дамыту мақсатында Еуропа елдерінің ерікті ұйымдарын тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау

СІМ-ге ақпарат

МАМ (жинақтау), СІМ, Еңбекмині, Қоршағанортамині, БҒМ, ДСМ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

65.

"Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның рөлі" атты халықаралық конференция өткізу

СІМ-ге ақпарат

МАМ, СІМ, БҒМ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. - 7 355
(АБП-МАМ) 2009 ж.
- 18700
2010 ж.
- 43766 2011 ж.
- 18700
(006 бойынша)

Республикалық
бюджет

66.

Мәдениеттердің халықаралық жақындасуы жылына арналған, "Жаһандану процесінде Қазақстандағы мәдениетаралық өзара қарым-қатынастар" атты халықаралық конференция өткізу

СІМ-ге ақпарат

МАМ, СІМ, ҚХА Хатшылығы (келісім бойынша)

2010 ж.

13 405

Республикалық
бюджет

67.

"Еуразия құрлығында мәдени өзара іс-қимылды дамыту: АӨСШК-нің рөлі" атты халықаралық конференция өткізу

СІМ-ге ақпарат

МАМ, СІМ

2011 ж.

10 275

Республикалық
бюджет

68.

Саясаттанушылардың Еуразиялық Конгресін өткізу

СІМ-ге ақпарат

МАМ

2010 ж.

10 445

Республикалық
бюджет

9. Он сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып,
қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру

69.

Еуропалық елдерде мемлекеттік қызметті реформалау тәжірибесін зерделеу

СІМ-ге ақпарат

МҚА, СІМ

2009 ж. қазан

Қажет етпейді

-

70.

Қазақстанның және еуропалық елдердің сот органдары арасындағы өзара қарым-қатынастарды қолдау жөнінде шаралар қабылдау, өзара қызығушылық танытатын мәселелер бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

Жоғарғы Сот, СІМ

Тұрақты

2009 ж.
- 21561
2010 ж.
- 23502 2011 ж.
- 25617

Республикалық
бюджет

71.

Тәжірибе үйрену, біліктілікті арттыру және құқықтық ақпаратпен алмасу мақсатында өзара сапарларды ұйымдастыруды қоса алғанда, сот органдарының қызметкерлері арасында байланыстар орнатуды және дамытуды қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

Жоғарғы Сот, СІМ

Тұрақты

2009 ж.
- 28286 2010 ж.
- 30832 2011 ж.
- 33607

Республикалық
бюджет

72.

Сот әкімшілігін жүргізуде инновациялық технологияларды қолдану бойынша еуропалық елдердің тәжірибесін зерделеу

СІМ-ге ақпарат

Жоғарғы Сот, СІМ

2009 ж.

15 324

Республикалық
бюджет

73.

Соттардың тәуелсіздігін, тиімділігін қамтамасыз етудің еуропалық стандарттарын зерттеу және оларды қазақстандық сот жүйесіне имплементациялау бойынша конференциялар мен семинарлар өткізуді қамтамасыз ету

Сот-құқықтық жүйені одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, СІМ-ге ақпарат

Жоғарғы Сот, СІМ

2010 ж.

17 782

Республикалық
бюджет

74.

Халықаралық құқық нормаларын ұлттық құқықтық жүйеге имплементациялау мәселесі бойынша конференциялар мен семинарлар өткізуді қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

Жоғарғы Сот, СІМ, БП

2011 ж.

20 836

Республикалық
бюджет

75.

Қазақстан Республикасының Заңдарына:
- БАҚ туралы, саяси партиялар туралы,
- сайлау туралы,
- диффамация мәселелері бойынша
өзгерістер енгізу жолымен қазақстандық
заңнаманы жетілдіруді қамтамасыз ету

Заңдардың жобалары

МАМ, ОСК (келісім бойынша), Әділетмині, ІІМ

2008 ж. желтоқсан

Қажет етпейді

-

76.

Дөңгелек үстелдер мен консультациялар өткізу арқылы қазақстандық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ЕҚЫҰ-мен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

МАМ, ОСК (келісім бойынша), Әділетмині ІІМ, орталық атқарушы органдар

2008 ж. қараша

Қажет етпейді

-

77.

Адам құқықтарын сақтау саласында халықаралық құқық пен халықаралық шарттардың көпшілік таныған нормаларын қолдану мәселелері бойынша ЕО елдерімен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету

Тәжірибе алмасу шеңберінде Әділетмині сарапшыларының халықаралық конференцияларға, семинарларға, тренингтерге қатысуы

Әділетмині, БП

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж.
- 563 2010 ж.
- 773 2011 ж.
- 753

Республикалық бюджет

78.

Адам құқықтарын сақтау саласындағы халықаралық құқық пен халықаралық шарттардың көпшілік таныған нормаларын бас бостандығынан айыру орындарында қолдану, сондай-ақ қылмыстық жазаларды орындау мәселесіне қатысты еуропалық тәжірибені зерделеу бойынша еуропалық елдермен ынтымақтастық орнату

Тәжірибе алмасу шеңберінде Әділетмині сарапшыларының халықаралық практикалық конференцияларға, семинарларға, тренингтерге қатысуы

Әділетмині

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж.
- 3 264 2010 ж.
- 4 352 2011 ж.
- 4 224

Республикалық
бюджет

79.

Нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау саласында ынтымақтасу үшін сарапшылар алмасуды қамтамасыз ету, өзара тағылымдамаларды қамтамасыз ету, халықаралық конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және қаржыландыру жөнінде шаралар қолдану

Әділетмині сарапшыларының халықаралық конференцияларғақатысуы. Ғылыми семинарлар, тренингтер өткізу

Әділетмині

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж.
- 14400
2010 ж.
- 14400 2011 ж.
- 13018

Республикалық
бюджет

80.

Еуропалық қоғамдастық елдеріндегі сәулет-қала құрылысы саласын мемлекеттік реттеу әдістерін зерттеу

СІМ-ге ақпарат

ҚІжТКША, ЭБЖМ, СІМ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж. 21994

Республикалық бюджет

81.

Халықаралық террористік және діни-экстремистік ұйымдармен, есірткі және трансұлттық қылмыстық топтармен, сондай-ақ ядролық материалдардың/қалдықтардың заңсыз орын алмасуымен күрес тәжірибесін зерделеу мақсатында өзара сапарларды ұйымдастыруды қоса алғанда, еуропалық елдердің арнайы қызметтері арасында байланыстар орнатуды және дамытуды қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

ҰҚК, "Сырбар" СБҚ" (келісім бойынша), ІІМ, СІМ

2009-2011 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

2009 ж.
- 7 941 2010 ж.
- 7 941 2011 ж.
- 7 941

Республикалық
бюджет

10. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің басымдықтары

82.

ЕҚЫҰ тақырыбы бойынша сарапшыларды шақырып, Қазақстанда оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету

СІМ-ге ақпарат

СІМ (жинақтау), орталық атқарушы органдар

2009 ж.

89750

Республикалық бюджет

83.

ЕҚЫҰ тақырыбы бойынша екі жақты және көп жақты консультациялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар өткізу

СІМ-ге ақпарат

СІМ, орталық атқарушы органдар

Тұрақты

2009 ж.
- 520245 2010 ж.
- 520245
2011 ж.
- 520245

Республикалық
бюджет

84.

ЕҚЫҰ тақырыбы бойынша отандық және шетелдік талдау орталықтарымен жұмыс жүргізу

СІМ-ге ақпарат

СІМ, орталық атқарушы органдар

2009-2011 жж.
20 маусым, 20 желтоқсан

2009 ж.
- 145000 2010 ж.
- 145000
2011 ж.
- 145000

Республикалық
бюджет

85.

Қазақстандық төрағалықтың күнтізбелік іс-шаралар жоспарын әзірлеу (Сhаіrmanshiр Асtіоn Рlаn)

Күнтізбелік жоспар

СІМ (жинақтау), орталық атқарушы органдар

2008 ж. желтоқсан

Қажет етпейді

-

86.

Қазақстандық төрағалықтың басымдықтарын әзірлеу

Бағдарламалық құжат

СІМ (жинақтау), орталық атқарушы органдар

2008-2009 жж.
20 маусым,
20 желтоқсан

Қажет етпейді

-

 

      Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жыл сайын нақтыланады.
      Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      СІМ              - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
                         министрлігі
      ИСМ              - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                         министрлігі
      БҒМ              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                         министрлігі
      Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
                         қорғау министрлігі
      АШМ              - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
                         министрлігі
      ЭБЖМ             - Қазақстан Республикасының Экономика және
                         бюджеттік жоспарлау министрлігі
      ЭМРМ             - Қазақстан Республикасының Энергетика және
                         минералдық ресурстар министрлігі
      ККМ              - Қазақстан Республикасының Көлік және
                         коммуникация министрлігі
      Еңбекмині        - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
                         әлеуметтік қорғау министрлігі
      ТЖМ              - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
                         министрлігі
      ДСМ              - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
                         министрлігі
      МАМ              - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
                         ақпарат министрлігі
      ІІМ              - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
                         министрлігі
      Әділетмині       - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
      Қаржымині        - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
      ҰҚК              - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік
                         комитеті
      Қорғанысмині     - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
                         министрлігі
      ТСМ              - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
                         министрлігі
      ҚХА              - Қазақстан халқының ассамблеясы
      ОСК              - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау
                         комиссиясы
      БП               - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
      МҚА              - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет
                         істері агенттігі
      ТМРА             - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
                         реттеу агенттігі
      ҚҚА              - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
                         қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                         агенттігі
      ҚІжТКША          - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және
                         тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі
      "Самұрық" АҚ     - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
                         жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік
                         қоғамы
      "Қазына" ОДҚ" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
                        қоғамы
      "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
                             акционерлік қоғамы
      ИТТО             - "Инжиниринг және технологиялар трансферті
                         орталығы" акционерлік қоғамы
      ҒТАО             - "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
                         акционерлік қоғамы
      ҚШҚҰҚ            - "Қазақстан шағын қаржы ұйымдарының
                         қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі
      РМК              - республикалық мемлекеттік кәсіпорын
      ЕМК              - Еншілес мемлекеттік кәсіпорын
      ЕҚЫҰ             - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
                         ұйымы
      Иногейт          - Еуропаға мұнай мен газды мемлекетаралық
                         тасымалдау
      Тасис            - ТМД мемлекеттеріне техникалық көмек көрсету
                         бағдарламасы
      АӨК              - Агроөнеркәсіп кешені
      ЕО               - Еуропалық Одақ
      АӨСШК            - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім
                         шаралары жөніндегі кеңес
      "Сырбар" СБҚ"    - "Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы
                         барлау қызметі
      жж.              - жылдар (жылдарға)