Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі N 585 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар
1. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 30.01.2017 № 28 қаулысымен.
2. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.10.2019 № 798 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. "Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж, N 12, 140-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардын (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
2-тармақтың реттік нөмірі 357-жолының 3-бағаны "СІМ," деген аббревиатурадан кейін "Сырбар" СБҚ" (келісім бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;
ескертпенің 7) тармақшасы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Сырбар" СБҚ" - "Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі".
4. "2009-2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы N 916 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 81-жолдың 4-бағаны "ҰҚК," деген аббревиатурадан кейін "Сырбар" СБҚ" (келісім бойынша)" деген сөздермен толықтырылсын;
Ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Сырбар" СБҚ" - "Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі".