2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 653 Жарлығы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 51, 648-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 24-қосымшада:
      "Республикалық мемлекеттік мекемелер" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:
      "11. "О. Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов