"2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 тамыздағы N 653 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2009 - 2011 жылдарға арналған "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарда көзделген іс-шараларды орындау жөнінде тиісті шаралар қабылдасын;
2) жылына екі рет 20 маусымға және 20 желтоқсанға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 4 қазандағы
N 916 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Жоспарға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.04.27. N 585, 2009.07.20. N 1101, 2009.11.10 N 1803, 2011.09.09 N 1038 Қаулыларымен.
2009 - 2011 жылдарға арналған
"Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шаралар |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
Болжамды шығыстар |
Қаржыландыру көздері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Технологиялық ынтымақтастықты жолға қою үшін жағдай жасау | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1. |
Еуропалық елдермен өнеркәсіп салаларындағы технологиялық ынтымақтастық туралы келісімдер жасау |
Тиісті келісімдерге |
ИЖТМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар |
2009-2010 |
Қажет етпейді |
- |
2. |
Қазақстандық технологиялар трансфертi желiсiнiң еуропалық технологиялар трансфертi желiсiне (Innоvаtiоn Rеlау Сеnter) енуi жөнiндегi жұмыстарды аяқтау және технологиялардың өзара трансфертi мақсатында ақпарат алмасуды ұйымдастыру |
СІМ-ге ақпарат |
ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ИТТО, ҒТАО |
2009-2010 жж. |
033 «Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚР мен шетелдердің арасында сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ИЖТМ қаражаты 2009 ж. – 11 364, 2010 ж. – 5 618, 2011 ж. – 5 618 |
Республикалық |
3. |
Еуропалық компанияларды арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы жобаларды іске асыруға соның ішінде энергия үнемдеу технологияларын енгізу үшін тарту |
СІМ-ге ақпарат |
ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ИТТО, облыс әкімдіктері |
2009-2011 жж., 20 маусым, |
Қажет етпейді |
- |
4. |
Инновациялық менеджмент, жобаларды басқару және инженерлiк мамандықтар саласында қазақстандық кадрлар даярлауға және қайта даярлауға еуропалық елдердiң мамандарын тарту |
СІМ-ге ақпарат |
«Самұрық-қазына» ҰӘҚ» АҚ, ИТТО, ИЖТМ |
2009-2011 жж., 20 маусым, |
033 «Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен шетелдердің арасында сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ИЖТМ қаражаты 2009 ж. – 8 250, 2010 ж. – 8 250, 2011 ж. – 8 250 |
Республикалық бюджет |
5. |
АӨК дамуын стратегиялық жоспарлау, болжамдау және талдау тәсілдерін зерделеу жолымен АШМ қызметкерлерінің біліктілігін арттыру |
СІМ-ге ақпарат |
АШМ, СІМ |
2009-2011 жж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 5 561, 2010 ж. – 5 561, 2011 ж. – 5 561 |
Республикалық |
6. |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізу (импорт/экспорт) туралы ақпарат алмасу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша отандық азық-түлік нарығының даму үрдісін тараптардың бағалауы |
СІМ-ге ақпарат |
АШМ, СІМ |
2009-2011 жж. |
Қажет етпейді |
- |
7. |
"Жасыл апта" және "AgriТесhnіkа" (Германия) жыл сайынғы халықаралық іс-шараларда бизнес-кездесулер мен Қазақстанның агрокәсіпорындарының тұсаукесер стендтерін ұйымдастыру арқылы аграрлық секторда бірлескен өндірістер құруды ынталандыру |
СІМ-ге ақпарат |
АШМ, "ҚазАгро" холдингі"" АҚ, СІМ |
2009-2011 жж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 2 420, 2010 ж. – 2 420, 2011 ж. – 2 420 |
Республикалық бюджет |
8. |
"Генетикалық түрлендірілген объектілердің айналымын ғылыми-техникалық мемлекеттік реттеу" жобасының ЕО-ның "Тамақ, ауыл шаруашылығы және биотехнология" бағдарламасы шеңберінде бірлескен зерттеулер жүргізу |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ, "Ұлттық биотехнологиялар орталығы" РМК |
2009-2011 жж. |
055 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерртеулер» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ қаражаты 2009 ж. – 120 000, 2010 ж. – 381 500, 2011 ж. – 381 500 |
Республикалық бюджет |
9. |
А/Н5N1 тұмауына қарсы вакцина әзірлеу жөнінде бірлескен зерттеулер өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ, "Ұлттық биотехнологиялар орталығы" РМК |
2009-2010 жж. |
055 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерртеулер» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ қаражаты 2009 ж. – 208 650, 2010 ж. – 223 256 |
Республикалық бюджет |
10. |
Каспий акваториясының биоценозын кешенді экологиялық- |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ, "Ұлттық биотехнологиялар орталығы" РМК |
2009-2010жж. 20 маусым, |
055 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерртеулер» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ қаражаты 2009 ж. – 153 545, 2010 ж. – 164 293 |
Республикалық бюджет |
11. |
Ғылыми-техникалық ақпарат саласында ынтымақтастық орнату |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ, ҒТАО |
2009-2011 жж. |
Қажет етпейді |
- |
12. |
"Медицинада, ауыл шаруашылығында, қоршаған ортаны қорғауда, тамақ және өңдеу өнеркәсіптерінде гендік-инженерлік және жасушалық биотехнологиялар әзірлеу және пайдалану" ғылыми-техникалық бағдарламасы |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ, "Ұлттық биотехнологиялар орталығы" РМК |
2009-2011 жж. |
055 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерртеулер» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ қаражаты 2009 ж. – 530 900, 2010 ж. – 578 681, 2011 ж. – 606 574 |
Республикалық бюджет |
13. |
Шетелдік ғалымдарды, ұйымдарды және халықаралық бағдарламалар мен жобаларды тарта отырып, оның ішінде қазақ диаспорасының өкілдерін тарта отырып қазақстандық ғылыми жобаларды іске асыру |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ |
2009-2010 жж. |
055 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерртеулер» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ қаражаты 2009 ж. – 159 000, 2010 ж. – 173 300 |
Республикалық |
14. |
Арнайы мақсаттағы ұтқыр микрокомпьютерлердi және ақпараттық коммуникациялық құралдарды жасау |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ |
2009-2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
055 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерртеулер» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ қаражаты 2009 ж. – 80 000, 2010 ж. – 120 000; 2011 ж. – талап етілмейді |
Республикалық |
15. |
Қазақстан Республикасында наноғылым мен нанотехнологияларды дамыту |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ |
2009-2011 жж. |
055 «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерртеулер» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР БҒМ қаражаты 2009 ж. – 261 818, 2010 ж. – 180 000, 2011 ж. - 188 259 |
Республикалық бюджет |
15-1. |
Бірлескен комитет шеңберінде ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі одан арғы іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында Франция Ғарыштық зерттеулердің ұлттық орталығымен (CNES) екіжақты консультацияларды жүргізу |
СІМ-ге ақпарат |
ҰҒА, СІМ |
2011 ж. 20 маусым 20 желтоқсан |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2011 ж. - 1 575 |
Республикалық бюджет |
15-2. |
Бірлескен комитет шеңберінде ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі алдағы іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында Германия ғарыштық агенттігімен (DLR) екіжақты консультацияларды жүргізу |
СІМ-ге ақпарат |
ҰҒА, СІМ |
2011 ж. 20 маусым 20 желтоқсан |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2011 ж. – 1 032 |
Республикалық бюджет |
2. Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту | ||||||
16. |
Газ саласында бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі мүмкіндіктерді зерделеу |
СІМ-ге ақпарат |
МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ |
2009-2011 жж. |
Қажет етпейді |
- |
17. |
ИНОГЕЙТ мемлекетаралық жоба шеңберіндегі ынтымақтастық |
СІМ-ге ақпарат |
МГМ, ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «КЕGOC» АҚ |
2009-2011 жж. |
Қажет етпейді |
- |
17-1. |
Энергетикалық Хартия үдерісінің шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыру |
СІМ-ге ақпарат |
МГМ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ |
2010 – 2011 жж. 20 маусым 20 желтоқсан |
Талап етілмейді |
- |
17-2. |
Қазақстанның бірқатар перспективалық халықаралық жобаларды іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету: |
СІМ-ге ақпарат |
МГМ, «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ |
Мәселенің шешілуіне дейін 20 маусым 20 желтоқсан |
Талап етілмейді |
- |
17-3. |
Мұнай-газ кешенінің өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, конференциялар, семинарлар мен тренингтер өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ |
2010 – 2011 жж. 20 маусым 20 желтоқсан |
- |
Бюджеттен тыс қаражат |
18. |
Еуропалық комиссиямен бірге "Орталық Азияда келісілген ұлттық энергетикалық стратегияларды дамыту" жобасын пысықтау |
СІМ-ге ақпарат |
МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ |
2009-2011 жж. |
Қажет етпейді |
- |
19. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.09 N 1038 Қаулысымен. |
|||||
20. |
Энергетика секторында негізгі нарықтық қағидаттар мен нормативтік- |
СІМ-ге ақпарат |
МГМ, ТМРА, ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ, ЭДСМ |
2009-2011 жж. |
Қажет етпейді |
- |
21. |
Қазіргі заманғы қажетті еуропалық энергетикалық технологияларды тарту жөнінде, оның ішінде тастандыларды сүзгілеу жөнінде шаралар кешенін өткізуді қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
ИЖТМ, Қоршағанортамині |
2009-2001 жж. |
Қажет етпейді |
- |
22. |
Қайта жаңғыртылатын энергия көздерін, энергия үнемдейтін және экологиялық таза технологияларды пайдалану жөніндегі еуропалық тәжірибені зерделеу |
СІМ-ге ақпарат |
ИЖТМ, Қоршағанортамині |
2009-2011 жж. |
Қажет етпейді |
- |
3. Көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту | ||||||
23. |
Қазақстандық көлік желілерінің панъеуропалық көлік желілеріне қосылу контексінде Көлік желілерін дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға ЕО-мен қол қоюға келіссөздер және дайындық жүргізу |
Меморандум жобасы |
ККМ, СІМ |
2010 ж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2010 ж. – 1 463 |
Республикалық |
24. |
Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігі саласындағы Қазақстан мен ЕО-ның сақтандыру жүйелерін үйлестіру мәселелері бойынша ЕО елдерінің (Швейцария, Ұлыбритания, Германия) көлік министрліктерінің және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы бюросының Кеңесі Комитетінің сарапшыларымен келіссөздер өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
ККМ, ҚҚА, СІМ |
2010 ж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2010 ж. – 1 077 |
Республикалық бюджет |
25. |
Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) кеңестері мен семинарларына қатысу (Париж, Франция) (ИКАО-ның штаб-пәтерімен келісім бойынша) |
СІМ-ге ақпарат |
ККМ, СІМ |
2010-2011 жж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2010 ж. – 635, 2011 ж. – 635 |
Республикалық бюджет |
26. |
Халықаралық теңіз құқығының қағидаттарын теңіздегі қауіпсіздік пен ластануды болдырмау бөліміндегі, Қазақстан Республикасының заңнамасына имплементациялау мақсатында Халықаралық теңіз ұйымы (ІМО) Бас ассамблеясының және Халықаралық теңіз ұйымы (ІМО) Комитеттерінің отырыстарына қатысу (Лондон, Ұлыбритания) |
СІМ-ге ақпарат |
ККМ, СІМ |
2010 ж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2010 ж. – 1 352 |
Республикалық |
27. |
БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы Ішкі көлік комитетінің, Жол қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс тобының, Көлік, қоршаған орта және денсаулық сақтау жөніндегі жалпы еуропалық бағдарламаның басқарушы комитетінің (РЕР) отырыстарына қатысу (Женева, Швейцария) |
СІМ-ге ақпарат |
ККМ, СІМ |
2010 ж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2010 ж. – 718 |
Республикалық |
28. |
Қауіпті және тез бұзылатын жүктерді тасымалдау кезінде автокөлік құралдарын куәландыру тәртібін зерделеу (Италия) |
СІМ-ге ақпарат |
ККМ, СІМ |
2010 ж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2010 ж. – 5 530 |
Республикалық |
29. |
Теңізде жүзу қауіпсіздігін және теңіз кемелерін техникалық қадағалауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша порт инспекцияларымен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
ККМ, СІМ |
2010-2011 жж., жылына |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2010 ж. – 2 458, 2011 ж. – 2 458 |
Республикалық бюджет |
30. |
Азаматтық авиация саласындағы JAR (ЕАSА) еуропалық стандарттарын енгізу бағдарламасы бойынша практикалық тағылымдамаларға қатысу (Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Бельгия) |
СІМ-ге ақпарат |
ККМ, СІМ, ИЖТМ |
2010-2011 жж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2010 ж. – 2 304, 2011 ж. – 2 304 |
Республикалық бюджет |
31. |
Жүрдек темір жолдар салу тәжірибесін зерделеу: ЕО елдері (Италия, Франция) |
СІМ-ге ақпарат |
ККМ, СІМ |
2010-2011 жж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2010 ж. – 3 072, 2011 ж. – 3 072 |
Республикалық |
31-1. |
ТРАСЕКА Үкіметаралық комиссиясының отырыстарына қатысуды жалғастыру |
СІМ-ге ақпарат |
ККМ |
2010 – 2011 жж. 20 маусым 20 желтоқсан |
- |
Бюджеттен тыс қаражат |
4. Техникалық реттеу және метрология жүйесі саласындағы ынтымақтастықты дамыту | ||||||
32. |
Стандарттау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға, оның ішінде Аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымға (ІАҒ), Зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық кооперацияға (ІLАС) кіру жөніндегі жұмысты жүргізу |
СІМ-ге ақпарат |
ИЖТМ, СІМ |
2009-2011 ж. 20 маусым, |
Қажет етпейді |
- |
33. |
Аккредиттелген ұйымдар беретін (қазақстан экспортын өткізуге "жасыл дәліз" ашу) аккредиттеу жүйелерінің, сертификаттар мен хаттамалардың баламалылығы бойынша, оның ішінде интеграциялық бірлестіктер шеңберінде, көп жақты және екі жақты келісімдер жасау жөнінде шаралар қолдану |
СІМ-ге ақпарат |
ИЖТМ, СІМ |
2009-2011 жж. 20 маусым, |
Қажет етпейді |
- |
34. |
Нарықты қадағалау жөніндегі еуропалық тәжірибені зерделеу |
СІМ-ге ақпарат |
ИЖТМ |
2009-2011 жж. 20 маусым, |
033 «Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚР мен шетелдердің арасында сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ИЖТМ қаражаты 2009 ж. – 5 000, 2010 ж. – 5 000, 2011 ж. – 5 000 |
Республикалық бюджет |
34-1. |
ЕО техникалық көмегі шеңберінде техникалық реттеу мәселелері бойынша мынадай іс-шараларды өткізу: |
СІМ-ге ақпарат |
ИЖТМ |
2010 - 2011 жж. |
033 «Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚР мен шетелдердің арасында сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша қаражаты |
Республикалық бюджет |
5. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету | ||||||
35. |
Еуропалық елдермен Қазақстанның Даму қорын құру мүмкіндігі мәселесін пысықтау |
Еуропа елдерімен келіссөздер өткізу |
ЭДСМ, Қаржымині, ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
2009 ж. |
Қажет етпейді |
- |
36. |
Тәуелсіз директорлар ретінде корпоративтік басқару органдарына қатысу үшін жоғары деңгейлі кәсіби шетелдік менеджерлерді тарту |
СІМ-ге ақпарат |
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ |
Тұрақты |
Қажет етпейді |
- |
37. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.09 N 1038 Қаулысымен. |
|||||
38. |
Қазақстанның іскер қоғамдастығы үшін Жалпы преференциялар жүйесінің (GSP+) артықшылықтарын қолдану бойынша еуропалық тараппен семинарлар ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
ЭДСМ, СІМ |
2009-2011 жж. |
006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 7 041, 2010 ж. – 7 041, 2011 ж. – 7 041 |
Республикалық бюджет |
39. |
ЕО-ның жыл сайынғы халықаралық көрмелеріне кейіннен Қазақстан қатыса отырып, қазақстандық тауарлардың экспортқа жылжуы үшін жағдай жасау мақсатында еуропалық нарықты талдау |
СІМ-ге ақпарат |
ЭДСМ, СІМ |
2009 ж. желтоқсан |
Қажет етпейді |
- |
39-1. |
Бірлескен өңірлік инвестициялық құрылымды жасауға Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Еуропалық инвестициялық банкті және Еуропалық инвестициялық қорды тарту |
СІМ-ге ақпарат |
ЭДСМ |
2010-2011 жж. |
Талап етілмейді |
- |
39-2. |
Демпингке қарсы тергеулер және қорғану шараларын қолдану саласында ЕО тәжірибесін зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасына арналған ЕО семинарларын өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
ЭДСМ |
2010- 2011 жж. |
- |
Бюджеттен тыс қаражат |
39-3. |
Қазақстандық және еуропалық бизнес қоғамдастықтарының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының құрметті консулдарымен өзара ықпалдастықты жандандыру |
СІМ-ге ақпарат |
Еуропалық елдердегі Қазақстан Республикасының Елшіліктері |
2011 ж. |
Талап етілмейді |
|
6. Шағын және орта бизнесті дамытудағы ынтымақтастық | ||||||
40. |
Қазақстан Республикасында Шағын қаржы ұйымдарының шағын қаржыландыру жөніндегі конференциясын ұйымдастыру |
СІМ-ге ақпарат |
ЭДСМ (жинақтау), СІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ҚШҚҰҚ (келісім бойынша) |
2010 ж. |
028 «Кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ЭДСМ қаражаты 2010 ж. – 20 000 |
Республикалық бюджет, демеушілер, халықаралық донорлар |
41. |
"ЕО елдерінде шағын және орта бизнеске салық салу жүйесі" тақырыбына семинар өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
ЭДСМ |
2010 ж. |
028 «Кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасында ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ЭДСМ қаражаты 2010 ж. – 4 000 |
Респуб- |
42. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.09 N 1038 Қаулысымен. |
|||||
43. |
Гендерлік саясат шеңберінде әйел кәсіпкерлігін қолдау мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыруды қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
ЭДСМ, Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия (келісім бойынша) |
2010 ж. |
028 «Кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасында ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ЭДСМ қаражаты 2010 ж. – 3 000 |
Республикалық бюджет |
44. |
Шағын және орта бизнестің халық кәсіпшілігі мен қолөнерін дамытуда тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
ЭДСМ, Еңбекмині |
2010 ж. |
028 «Кәсіпкерлік саласында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ елдері арасында ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ЭДСМ қаражаты 2010 ж. – 3 000 |
Республикалық |
45. |
Қазақстанның "ТорResа" халықаралық туристік көрмесіне қатысуын қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
ТСМ |
2009-2011 жж. |
011 «Туристік имиджді қалыптастыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ТСМ қаражаты 2009 ж. – 25 650, 2010 ж. – 25 650, 2011 ж. – 23 989 |
Республикалық |
7. Өмір сүру сапасы саласындағы ынтымақтастықты кеңейту | ||||||
46. |
Қайта жаңартылатын энергетиканы дамыту саласында ынтымақтастық орнату |
СІМ-ге ақпарат |
ИЖСМ, Қоршағанортамині |
2009-2011 жж. |
Қажет етпейді |
- |
47. |
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу бойынша 2009-2011 жж. арналған бағдарлама жобасын әзірлеу |
ҚР Үкіметі |
Қоршағанортамині, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдіктері |
2009 ж. 1-тоқсан |
Қажет етпейді |
- |
48. |
Экологиялық секторалдық интеграция мәселелері бойынша өңірлік семинар өткізуді қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
Қоршағанортамині, орталық атқарушы органдар |
2009 ж. қазан |
Халықаралық |
- |
49. |
Ұлттық экологиялық заңнаманы еуропалық елдердiң тәжiрибесiне жақындастыруды қамтамасыз ету |
Нормативтік құқықтық актілер |
Қоршағанортамині (жинақтау), орталық атқарушы органдар |
2009-2011 жж. |
Қажет етпейді |
- |
50. |
Еуропалық елдермен климаттық өзгерістердің алдын алу жөніндегі іс-қимылды үйлестіруді қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
Қоршағанортамині |
2009-2011 жж. 20 маусым, |
Қажет етпейді |
- |
51. |
Еуразиялық су орталығы зертханаларының халықаралық сертификаттау жөніндегі жобасын іске асыруды қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
Қоршағанортамині |
2011 ж. |
Қажет етпейді |
- |
51-1. |
Өңірлік экологиялық мәселелерді шешу үшін орнықты дамудың трансшекаралық аймақтарын қалыптастыруды жалғастыру |
СІМ-ге ақпарат |
Қоршаған-ортамині |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
Талап етілмейді |
- |
51-2. |
Орталық Азия елдерінде су үнемдеуші технологияларды енгізуді іске асыруда техникалық көмек көрсету |
СІМ-ге ақпарат |
АШМ |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
Талап етілмейді |
- |
51-3. |
Су ресурстарын ұтымды және кешенді түрде пайдалану мәселелері жөнінде бірлескен семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
АШМ |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
- |
Бюджет-тен тыс қаражат |
52. |
Еуропалық оқу орталықтарының оқытушыларын тарта отырып, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн оқу курстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
МҚА |
2009-2011 жж. 20 маусым, |
006 «Шетелде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР МҚА қаражаты 2009 ж. – 231 161, 2010 ж. – 249 654, 003 «Шетелдік оқытушыларды тарта отырып, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР МҚА қаражаты 2011 ж. – 94 261 |
Республикалық |
53. |
Еуропалық елдермен әскери білім және әскери-ғылыми қызмет саласында келісімдер әзірлеу және оларға кол қою |
Келісімдердің жобалары |
Қорғанысмині |
2009 ж. |
Қажет етпейді |
- |
54. |
Еуропалық елдермен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында келісімдер әзірлеу және оларға қол қою |
Келісімдердің жобалары |
ТЖМ |
2009-2011 жж. |
Қажет етпейді |
- |
55. |
Қазақстан құтқарушыларының халықаралық құтқару және гуманитарлық операцияларға қатысуын қамтамасыз ету |
ҚР Үкіметі қаулысының жобасы |
ТЖМ, СІМ, орталық атқарушы органдар |
2009 ж. 3-тоқсан |
Қажет етпейді |
- |
56. |
Еурокомиссияның мониторинг және ақпарат орталығымен (МІС) ынтымақтастықты жалғастыру және ҚР ТЖМ-ді Еуропалық Одақтың "СЕСІS" ақпарат алмасу және төтенше жағдайлар кезіндегі байланыстар жөніндегі жүйесіне қосу жөнінде шаралар қолдану |
СІМ-ге ақпарат |
ТЖМ |
2009-2010 жж. |
Қажет етпейді |
- |
57. |
Еуропа елдерімен жұмыспен қамту, еңбек көші-қоны, аз қамтылған азаматтар санатын, мүгедектерді әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қызметтерді дамыту саласында нормативтік құқықтық актілермен алмасуды қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
Еңбекмині, СІМ |
Жыл сайын, мамыр |
Қажет етпейді |
- |
58. |
Медицина кадрларын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөнінде тренингтік курстар ұйымдастыру |
СІМ-ге ақпарат |
ДСМ |
2009-2011 жж. |
014 «Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ДСМ қаражаты 2009 ж. – 138 298, 2010 ж. – 101 149, 2011 ж. – 78 257 |
Республикалық |
59. |
Еуропалық елдердің білім беру ұйымдарымен екі жақты шарттардың негізінде студенттермен және профессор- |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ, жоғары оқу орындары |
2009-2011 жж. |
Қажет етпейді |
- |
60. |
Кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі еуропалық тәжірибені зерделеу және пайдалану |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ, СІМ |
2009-2011 жж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 7 219, 2010 ж. – 7 219, 2011 ж. – 7 219 |
Республикалық |
61. |
"Еrаsmus Мundas" және ТЕМРUS бағдарламалары шеңберінде жоғары білім беру саласында ынтымақтастық орнату |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ |
2009-2010 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
Қажет етпейді |
- |
62. |
Германияның "АSIIN" халықаралық аккредиттеу агенттігімен (инженерия, информатика, жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім беру бағдарламаларын аккредиттеу жөніндегі агенттік) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын халықаралық аккредиттеуден өткізу жөнінде шаралар қолдану |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ |
2009-2010 жж. |
Қажет етпейді |
- |
62-1. |
Студенттермен, магистранттармен, докторанттармен, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы мен ЕО стипендиялары шеңберінде алмасуды жалғастыру |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
028 «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетелдегі жоғары оқу орындарында мамандар даярлау» бюджеттік бағдарламасында көзделген қаражат шегінде |
Республикалық бюджет |
62-2. |
Қазақстандық оқытушылардың ЕО елдерінде тағылымдамадан өтуін жалғастыру |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
020 «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасында көзделген қаражат шегінде |
Республикалық бюджет |
62-3. |
ЕО құрылымдарының ЖОО-да жаңа білім беру бағдарламаларын енгізуге қатысуын қамтамасыз ету (әзірлеу, сараптама) |
СІМ-ге ақпарат |
БҒМ |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
Талап етілмейді |
- |
62-4. |
ЕО әскери оқу орындарында қазақстандық әскери кадрларды даярлау үшін Қазақстан Республикасы мен ЕО елдерінің қорғаныс ведомстволары деңгейінде (Ұлыбритания, Франция, Германия Федеративтік Республикасы) екіжақты консультациялар өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
Қорғанысмині |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
Талап етілмейді |
- |
62-5. |
ЕО елдерінің әскери оқу орындарында қазақстандық кадрларды даярлау саласындағы екіжақты ынтымақтастық жоспарларын әзірлеу және іске асырылуын қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
Қорғанысмині |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
Талап етілмейді |
- |
62-6. |
Қазақстандық әскери қызметшілердің ЕО-ға мүше елдердің қарулы күштері өткізетін жаттығуларға тұрақты қатысуы үшін ынтымақтастықтың екіжақты жылдық жоспарларына әзірленген шараларды енгізу және оларды іске асыруды қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
Қорғанысмині |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
Талап етілмейді |
- |
8. Гуманитарлық өлшемдегі ынтымақтастықты кеңейту | ||||||
63. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.09 N 1038 Қаулысымен. |
|||||
64. |
Қазақстанда волонтерлық институтты одан әрі дамыту мақсатында Еуропа елдерінің ерікті ұйымдарын тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау |
СІМ-ге ақпарат |
ММ (жинақтау), СІМ, Еңбекмині, Қоршағанортамині, БҒМ, ДСМ |
2009-2011 жж. |
Қажет етпейді |
- |
65. |
"Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның рөлі" атты халықаралық конференция өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
ММ, СІМ, БҒМ |
2009-2011 жж. |
018 «Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ММ қаражаты 2009 ж. – 7 355; 006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 18 700, 2010 ж. – 43 766, 2011 ж. – 18 700 |
Республикалық |
66. |
Мәдениеттердің халықаралық жақындасуы жылына арналған, "Жаһандану процесінде Қазақстандағы мәдениетаралық өзара қарым-қатынастар" атты халықаралық конференция өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
ММ, СІМ, ҚХА Хатшылығы (келісім бойынша) |
2010 ж. |
018 «Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ММ қаражаты 2010 ж. – 13 405 |
Республикалық |
67. |
"Еуразия құрлығында мәдени өзара іс-қимылды дамыту: АӨСШК-нің рөлі" атты халықаралық конференция өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
ММ, СІМ |
2011 ж. |
018 «Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ММ қаражаты 2011 ж. – 10 275 |
Республикалық |
68. |
Саясаттанушылардың Еуразиялық Конгресін өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
ММ |
2010 ж. |
018 «Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР ММ қаражаты 2010 ж. – 10 445 |
Республикалық |
9. Он сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру |
||||||
69. |
Еуропалық елдерде мемлекеттік қызметті реформалау тәжірибесін зерделеу |
СІМ-ге ақпарат |
МҚА, СІМ |
2009 ж. қазан |
Қажет етпейді |
- |
70. |
Қазақстанның және еуропалық елдердің сот және құқық қорғау органдары арасындағы өзара қарым-қатынастарды қолдау жөнінде шаралар қабылдау, өзара қызығушылық танытатын мәселелер бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
Жоғарғы Сот, СІМ, БП |
Тұрақты |
006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 21 561, 2010 ж. – 23 502, 2011 ж. – 25 617 |
Республикалық |
71. |
Тәжірибе үйрену, біліктілікті арттыру және құқықтық ақпаратпен алмасу мақсатында өзара сапарларды ұйымдастыруды қоса алғанда, сот және құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында байланыстар орнатуды және дамытуды қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
Жоғарғы Сот, СІМ, БП |
Тұрақты |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 28 286, 2010 ж. – 30 832, 2011 ж. – 33 607 |
Республикалық |
72. |
Сот әкімшілігін жүргізуде және прокурорлық қадағалауда инновациялық технологияларды қолдану бойынша еуропалық елдердің тәжірибесін зерделеу |
СІМ-ге ақпарат |
Жоғарғы Сот, СІМ, БП |
2009 ж. |
005 «Шетелдік іссапарлар»/006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламалары бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 15 324 |
Республикалық |
73. |
Соттардың тәуелсiздiгiн, тиiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң еуропалық стандарттарын зерттеу және оларды қазақстандық сот және құқық жүйесіне имплементациялау бойынша конференциялар мен семинарлар өткiзудi қамтамасыз ету |
Сот-құқықтық жүйені одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, СІМ-ге ақпарат |
Жоғарғы Сот, СІМ, БП |
2010 ж. |
006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2010 ж. – 17 782 |
Республикалық |
74. |
Халықаралық құқық нормаларын ұлттық құқықтық жүйеге имплементациялау мәселесі бойынша конференциялар мен семинарлар өткізуді қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
Жоғарғы Сот, СІМ, БП |
2011 ж. |
006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2011 ж. – 20 836 |
Республикалық |
74-1. |
Халықаралық сарапшылардың адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қызметтер көрсетілуіне жәрдемдесуін қамтамасыз ету, жетекші еуропалық білім беру орталықтарында адам құқықтары бойынша уәкілеттік берілген кеңсе қызметкерлерін оқыту |
СІМ-ге ақпарат |
АҚЖУ |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
- |
Бюджеттен тыс қаражат |
75. |
Қазақстан Республикасының Заңдарына: |
Заңдардың жобалары |
ММ, ОСК (келісім бойынша), Әділетмині |
2008 ж. желтоқсан |
Қажет етпейді |
- |
76. |
Дөңгелек үстелдер мен консультациялар өткізу арқылы қазақстандық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ЕҚЫҰ-мен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
ММ, ОСК (келісім бойынша), Әділетмині ІІМ, орталық атқарушы органдар |
2008 ж. қараша |
Қажет етпейді |
- |
77. |
Адам құқықтарын сақтау саласында халықаралық құқық пен халықаралық шарттардың көпшілік таныған нормаларын қолдану мәселелері бойынша ЕО елдерімен тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
Әділетмині, БП, СІМ |
2009-2011 жж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 563, 2010 ж. – 773, 2011 ж. – 753 |
Республикалық бюджет |
78. |
Адам құқықтарын сақтау саласындағы халықаралық құқық пен халықаралық шарттардың көпшілік таныған нормаларын бас бостандығынан айыру орындарында қолдану, сондай-ақ қылмыстық жазаларды орындау мәселесіне қатысты еуропалық тәжірибені зерделеу бойынша еуропалық елдермен ынтымақтастық орнату |
СІМ-ге ақпарат |
Әділетмині, СІМ, БП, АҚЖУ |
2009-2011 жж. |
006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 3 264, 2010 ж. – 4 352, 2011 ж. – 4 224 |
Республикалық |
79. |
Нормативтік құқықтық актілер әзірлеу және Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау саласында ынтымақтасу үшін сарапшылар алмасуды қамтамасыз ету, өзара тағылымдамаларды қамтамасыз ету, халықаралық конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және қаржыландыру жөнінде шаралар қолдану |
СІМ-ге ақпарат |
Әділетмині, СІМ, БП |
2009-2011 жж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 14 400, 2010 ж. – 14 400, 2011 ж. – 13 018 |
Республикалық |
79-1. |
Тәжірибе алмасуды қоса алғанда, ЕО-ға мүше мемлекеттер мен Орталық Азия елдерінің адвокаттары, нотариалдық қоғамдастықтары арасында қарым-қатынастар орнату және дамыту жөніндегі жобаны құқық үстемдігі бойынша ЕО бастамашылығы шеңберінде әзірлеу |
СІМ-ге ақпарат |
Әділетмині |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
Талап етілмейді |
- |
79-2. |
Еуропалық сот сараптамасы академиясының (ЕNAFSI) құрамына Қазақстан Республикасының Сот сараптамасы институтын қосу үшін өтінім беру мақсатында қажетті құжаттарды дайындау және ұсыну |
СІМ-ге ақпарат |
Әділетмині |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
Талап етілмейді |
- |
80. |
Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.09.09 N 1038 Қаулысымен. |
|||||
81. |
Халықаралық террористік және діни-экстремистік ұйымдармен, есірткі және трансұлттық қылмыстық топтармен, сондай-ақ ядролық материалдардың/қалдықтардың заңсыз орын алмасуымен күрес тәжірибесін зерделеу мақсатында өзара сапарларды ұйымдастыруды қоса алғанда, еуропалық елдердің арнайы қызметтері арасында байланыстар орнатуды және дамытуды қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
ҰҚК, "Сырбар" СБҚ" (келісім бойынша), ІІМ, СІМ |
2009-2011 жж. |
005 «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 7 941, 2010 ж. – 7 941, 2011 ж. – 7 941 |
Республикалық |
81-1. |
ВОМСА және CADAP бағдарламалары шеңберінде кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру |
СІМ-ге ақпарат |
ІІМ, ҚМ, ҰҚК, ДСМ, БҒМ, БАМ |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
- |
Бюджеттен тыс қаражат |
81-2. |
«Ортақ қауіптер және проблемаларға қарсы күрес» стратегиясын бағыттау жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
ІІМ, ҰҚК, ЭСЖКА, |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
- |
Бюджеттен тыс қаражат |
81-3. |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде бірлескен семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
ЭСЖКА, МҚА, БП |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
- |
Бюджеттен тыс қаражат |
81-4. |
Жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ЕО -пен озық тәжірибемен алмасуды жалғастыру |
СІМ-ге ақпарат |
ЭСЖКА, МҚА, БП |
2010 – 2011 жж. 20 маусым, 20 желтоқсан |
006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша |
Республикалық бюджет |
10. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуінің басымдықтары | ||||||
82. |
ЕҚЫҰ тақырыбы бойынша сарапшыларды шақырып, Қазақстанда оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету |
СІМ-ге ақпарат |
СІМ (жинақтау), орталық атқарушы органдар |
2009 ж. |
006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 89 750 |
Республикалық бюджет |
83. |
ЕҚЫҰ тақырыбы бойынша екі жақты және көп жақты консультациялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар өткізу |
СІМ-ге ақпарат |
СІМ, орталық атқарушы органдар |
Тұрақты |
006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 520 245, 2010 ж. – 520 245, 2011 ж. – 40 000 |
Республикалық |
84. |
ЕҚЫҰ тақырыбы бойынша отандық және шетелдік талдау орталықтарымен жұмыс жүргізу |
СІМ-ге ақпарат |
СІМ, орталық атқарушы органдар |
2009-2011 жж. |
006 «Өкілдік шығындар» бюджеттік бағдарламасы бойынша ҚР СІМ қаражаты 2009 ж. – 145 000, 2010 ж. – 145 000 |
Республикалық |
85. |
Қазақстандық төрағалықтың күнтізбелік іс-шаралар жоспарын әзірлеу (Сhаіrmanshiр Асtіоn Рlаn) |
Күнтізбелік жоспар |
СІМ (жинақтау), орталық атқарушы органдар |
2008 ж. желтоқсан |
Қажет етпейді |
- |
86. |
Қазақстандық төрағалықтың басымдықтарын әзірлеу |
Бағдарламалық құжат |
СІМ (жинақтау), орталық атқарушы органдар |
2008-2009 жж. |
Қажет етпейді |
- |
Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстардың көлемі "2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде жыл сайын нақтыланады.
Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
министрлігі
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі
АШМ - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
және сауда министрлігі
МГМ – Қазақстан Республикасы Мұнай және газ
министрлігі
ККМ - Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникация министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
ТЖМ - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
министрлігі
ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлігі
ММ – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік
комитеті
Қорғанысмині - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлігі
ТСМ - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
министрлігі
БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат
министрлігі
АҚҰО – Қазақстан Республикасы Адам құқықтары
жөніндегі ұлттық орталық
ЭСЖКА – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
агенттігі (Қаржы полициясы)
ҰҒА – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш
агенттігі
КЕGOC» АҚ – "Электр желілерін басқару жөніндегі
қазақстандық компаниясы" акционерлік қоғамы
ҚХА - Қазақстан халқының ассамблеясы
ОСК - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау
комиссиясы
БП - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
МҚА - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет
істері агенттігі
ТМРА - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі
ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі
«Самұрық-Қазына» – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры»
ҰӘҚ» АҚ» акционерлік қоғамы
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамы
ИТТО - "Инжиниринг және технологиялар трансферті
орталығы" акционерлік қоғамы
ҒТАО - "Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
акционерлік қоғамы
ҚШҚҰҚ - "Қазақстан шағын қаржы ұйымдарының
қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі
РМК - республикалық мемлекеттік кәсіпорын
РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорын
ЕҚЫҰ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымы
Иногейт - Еуропаға мұнай мен газды мемлекетаралық
тасымалдау
АӨК - Агроөнеркәсіп кешені
ЕО - Еуропалық Одақ
АӨСШК - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім
шаралары жөніндегі кеңес
"Сырбар" СБҚ" - "Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы
барлау қызметі
жж. - жылдар (жылдарға)