Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 41 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы N 776 Қаулысы.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 41 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 27 тамыздағы
N 776 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Жекелеген акционерлік қоғамдарға банктік қызмет көрсету мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 наурыздағы N 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 10, 94-құжат):

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 31.12.2015 № 1185 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.06 № 377 Қаулысымен.

      5. Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.13. N 1060 Қаулысымен.

      6. "Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 257-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:

      бүкіл мәтін бойынша "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):

      "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:

      "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар" деген кестеде:

      реттік нөмірі 20-жолдың 6-бағанында "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен назарға алынған "Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімде:

      Мазмұнында "2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар" деген бөліктегі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ҰК" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімнің бірінші бөлігіндегі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар" деген кіші бөлімде:

      "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ" тарауында тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ";

      бірінші абзацта "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері" деген кестенің 1-бағанындағы "Азық-түлік корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. Ескерту. 8-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1344 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      9. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

      көрсетілген қаулымен назарға алынған "Ұлттық компаниялардың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімде:

      Мазмұнында "2008 - 2010 жылдарға арналған перспективалар" деген бөліктегі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ұлттық компаниялардың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімнің бірінші бөлігіндегі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "2008 - 2010 жылдарға арналған перспективалар" деген кіші бөлімде:

      "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ" тарауында тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ";

      бірінші абзацтағы "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ұлттық компанияларды дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері" деген кестенің 1-бағанындағы "Азық-түлік корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1105 қаулысында :

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

      реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағанында, 2) тармақшасында "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 10-жолдың 4-бағанында, 2) тармақшасында "АКК" деген аббревиатура "АКК" ҰК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      аббревиатуралардың толық жазылуында:

      "АКК" АҚ - "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамы" деген сөздер "АКК" ҰК" АҚ - "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 31.12.2015 № 1185 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).