Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 41 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы N 776 Қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 41 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2008 жылғы 27 тамыздағы 
N 776 қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Жекелеген акционерлік қоғамдарға банктік қызмет көрсету мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 наурыздағы N 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 10, 94-құжат):
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын.

      2. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      реттік нөмірі 5-жол алынып тасталсын.

      3. "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 12, 129-құжат):
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агент болып белгіленсін.".

      4. "Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 182 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 8, 101-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық компаниялардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ.".

      5. Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.07.13. N 1060 Қаулысымен.

      6. "Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі N 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 25, 257-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде:
      бүкіл мәтін бойынша "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      7. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):
      "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
      "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар" деген кестеде:
      реттік нөмірі 20-жолдың 6-бағанында "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен назарға алынған "Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімде:
      Мазмұнында "2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар" деген бөліктегі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ҰК" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімнің бірінші бөлігіндегі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар" деген кіші бөлімде:
      "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ" тарауында тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ";

      бірінші абзацта "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері" деген кестенің 1-бағанындағы "Азық-түлік корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. Ескерту. 8-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1344 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      9. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 354-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:
      көрсетілген қаулымен назарға алынған "Ұлттық компаниялардың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімде:
      Мазмұнында "2008 - 2010 жылдарға арналған перспективалар" деген бөліктегі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ұлттық компаниялардың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы" деген 6-бөлімнің бірінші бөлігіндегі "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "2008 - 2010 жылдарға арналған перспективалар" деген кіші бөлімде:
      "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ" тарауында тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ";

      бірінші абзацтағы "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Ұлттық компанияларды дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері" деген кестенің 1-бағанындағы "Азық-түлік корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1105 қаулысында :
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағанында, 2) тармақшасында "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 10-жолдың 4-бағанында, 2) тармақшасында "АКК" деген аббревиатура "АКК" ҰК" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

      аббревиатуралардың толық жазылуында:
      "АКК" АҚ - "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамы" деген сөздер "АКК" ҰК" АҚ - "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды, сондай-ақ оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 1106 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 43, 512-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Отандық өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды, сондай-ақ оны сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердің) тізбесінде:
      1-тармақтағы "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" деген сөздер "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" деген сөздермен ауыстырылсын.