Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 377 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 6 сәуірдегі
№ 380 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 маусымдағы № 710 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 26, 244-құжат).
      2. «Қазақстан Республикасының дәрілік саясат тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 мамырдағы № 584 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 15, 164-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысы.
      4. «2008 — 2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 577-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 186 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 76-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 шілдедегі № 1038 қаулысы.
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2305 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 25-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 54-құжат).