Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:
1) концессиялық ұсыныстарға экономикалық сараптама;
2) концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптама;
3) конкурстық құжаттамаға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;
4) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптама;
5) концессия шарттарының жобаларына, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;
6) концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарына сараптама;
7) концессиялық жобалардың, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылуын бағалау;
8) республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама;
9) мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама;
10) республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптама;
11) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын мониторингілеуді және бағалауды;
12) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын мониторингілеуді және бағалауды;
13) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды мониторингілеуді жүргізу болып табылатын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым болып белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.21 № 621 Қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 350000000 (үш жүз елу миллион) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, қоғамның жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену, және пайдалану құқығын берсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 693 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-105-жолмен толықтырылсын:
"21-105. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 268-5-жолмен толықтырылсын:
"268-5. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ".
3. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:
"13. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ".
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.01.03 N 915 Қаулысымен.
4. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 528-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын:
"5. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы".
5. "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 214-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-1-жолмен толықтырылсын:
"28-1. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы 100 %".