Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 және 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 маусымдағы № 621 Қаулысы

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан ауданы әкімдігінің 2012.06.14 № 212 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Астрахан ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота, жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Қ.Қожахметке жүктелсін.
      3. Осы қаулы Астрахан ауданының әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астрахан ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          М.Қожахмет