Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақстандық мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні:
1) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2) алынып тасталды - 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамаға, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптама;
4) "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерге сараптама;
5) алып тасталды – ҚР Үкіметінің 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6) концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарына сараптама;
7) концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
8) республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама;
9) мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама;
10) республикалық бюджет қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланатын бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптама;
11) бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау;
12) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалау;
13) алынып тасталды - 30.04.2014 № 427 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
14) бюджеттік инвестициялар саласында зерттеулер;
15) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді және қаржылық агенттіктердің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын талап ететін бюджеттік инвестициялық жобаларды республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік кредиттеудің экономикалық сараптамасын жүргізу болып табылатын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйым болып белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.21 № 621 Қаулысымен, өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.04.27 № 535, 2012.05.10 N 600 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін қолданысқа енгізіледі); 30.04.2014 № 427 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.10.2014 № 1072 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2015 № 1056; 17.04.2018 № 200 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 350000000 (үш жүз елу миллион) теңге мөлшерінде қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, қоғамның жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену, және пайдалану құқығын берсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 693 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Астана қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-105-жолмен толықтырылсын:
"21-105. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында :
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 268-5-жолмен толықтырылсын:
"268-5. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ".
3. "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кейбір акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-жолмен толықтырылсын:
"13. "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ".
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.10.03 N 915 Қаулысымен.4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.