Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру үшін Қазақстан Республикасының халықаралық қаржылық қоғамдастықпен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрылсын.
1) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже;
2) Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 688 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 89 Қаулысымен.
Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара
іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрамы
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы бюджеттік жоспарлау министрі, төраға
Пірматов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ғалымжан Олжаұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
төрағаның орынбасары
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ержан Жалбақұлы Министрінің Кеңсесі Басшысының
орынбасары, төрағаның орынбасары
Қалыбеков - Қазақстан Республикасы Экономика және
Бекжан Жантөреұлы бюджеттік жоспарлау министрлігі
Халықаралық қатынастар департаментінің
директоры, хатшы
Әбішев - Қазақстан Республикасы
Ғалым Михайлұлы Премьер-Министрінің кеңесшісі
Баталов - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Асқар Болатұлы минералдық ресурстар министрлігінің
жауапты хатшысы
Смайылов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Әлихан Асханұлы вице-министрі
Ділімбетова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлнәр Аманқұлқызы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы министрлігінің жауапты хатшысы
Ашықбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ержан Нығматоллаұлы министрлігі Халықаралық ақпарат
комитетінің төрағасы
Ысқақов - Қазақстан Республикасы Президенті
Жәнібек Сапарұлы Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық
мониторинг бөлімі меңгерушінің
орынбасары
Сартбаев - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Медет Мақсұтұлы Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Еділ Құламқадырұлы сауда вице-министрі
Бекетаев - Қазақстан Республикасының Әділет
Марат Бақытжанұлы вице-министрі
Қожахметов - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
Қуат Бәкірұлы және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Қанапьянов - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
Шыңғыс Сержанұлы өңірлік қаржы орталығының қызметін
реттеу агенттігі төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Омарова - Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы
Тамара Таскенқызы Кеңес төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
Никитинская - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Екатерина Сергеевна экономикалық палатасы төрағасының
бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Солодченко - "ТұранӘлемБанкі" акционерлік қоғамының
Роман Владимирович басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Тимченко - "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамының
Андрей Игоревич басқарушы директоры (келісім бойынша)
Қарабаев - "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік
Дәурен Сапарәлиұлы қоғамының басқарма төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 688 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара
іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) туралы ереже Комиссия мақсатын, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
2. Комиссияның басты мақсаты қаржылық ұйымдардың, институттар мен баспалардың, сондай-ақ қызметі халықаралық сипатқа ие немесе Қазақстан Республикасының халықаралық инвестициялық имиджіне едәуір әсер ететін басқа да қаржылық мекемелердің қоғамдастығы деп ұғынылатын халықаралық қаржылық қоғамдастықпен тұрақты негізде қажетті келісілген ақпараттарды оған ұсыну жолымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен өкілеттіктері
3. Комиссияның міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін одан әрі арттыру үшін халықаралық қаржылық қоғамдастықпен ынтымақтастықтың тиімді нысанын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2) халықаралық қаржылық қоғамдастыққа ақпараттар ұсыну стандарттары жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) Комиссияның іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
4. Комиссия өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
1) халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру үшін қажетті іс-қимыл жасауға;
2) сараптамалар мен консультациялар өткізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда қойылған міндеттерді шешу үшін сарапшы топтарды ұйымдастыруға;
3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ақпараттар сұратуға және алуға;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияны оның төрағасы басқарады.
6. Комиссияның төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады, төраға болмаған жағдайда Комиссияның отырысын төрағаның орынбасарларының бірі өткізеді.
7. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады.
8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырысын өткізу туралы шешімді төраға не оның орынбасары қабылдайды.
9. Комиссияның шешімдері оның отырыстарының хаттамаларымен ресімделеді. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 688 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен өзара
іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с
№ |
Іс-шара |
Аяқталу нысаны |
Орындалуына
|
Орындалу
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Мемлекеттік орган-
|
Ақпарат
|
ЭБЖМ (жинқтау),
|
Тұрақты
|
2. |
Елдің макроэкономи-
|
Таныстыру
|
ЭБЖМ (жинақтау),
|
Жарты
|
3. |
Қазақстан Республи-
|
Тиісті
|
ЭБЖМ (жинақтау),
|
Тұрақты негізде |
4. |
Қазақстан Республи-
|
ЭБЖМ-ге
|
ҚҚҚ (келісім
|
Жарты
|
5. |
Мақсатты аудитория-
|
ЭБЖМ
|
ҚҚҚ (келісім
|
Тоқсан
|
6. |
Қазақстан Республи-
|
Сарапшы-
|
ҚҚҚ (келісім
|
2008
|
7. |
Құрылымдық реформа-
|
Ақпарат-
|
ҚҚҚ (келісім
|
2008 жылғы
|
7-1. |
Халықаралық қаржы-
|
Кесте |
ҚҚҚ (келісім
|
2008 жылғы тамыз |
7-2. |
Интернет кеңісті-
|
Жұмыс
|
ҚҚҚ (келісім
|
2008
|
8. |
Қазақстан Республи-
|
Қазақстан
|
ЭБЖМ (жинақтау),
|
Тоқсан
|
9. |
Инвестициялық есеп
|
Бюллетень
|
ҚҚҚ (келісім
|
Жарты
|
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
министрлігі
СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
ресурстар министрлігі
ҚҰБ - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ҚҚА - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы
ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі
АӨҚОҚРА - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік
қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі
"Самұрық" АҚ - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі
қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы
ҚҚҚ - Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы
БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары