Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 688 Қаулысы

Жаңартылған

      Ескерту. Тақырыбындағы және мәтініндегі "Халықаралық қаржылық қоғамдастықпен" деген сөздер "Халықаралық рейтингтік агенттіктермен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.10. N 1341 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін арттыру үшін Қазақстан Республикасының халықаралық рейтингтік агенттіктермен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже;

      2) Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 688 қаулысымен  
бекітілген    

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Құрамға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

       Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.01.30 N 89, 2009.09.10. N 1341, 2011.06.24 № 705, 2012.03.26 N 353 Қаулыларымен.

Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара
іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия құрамы

Сағынтаев                 - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Бақытжан Әбдірұлы           даму және сауда министрі, төраға

Жақсылықов                - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Тимур Мекешұлы              даму және сауда вице-министрі, төрағаның
                            орынбасары

Көпіш                     - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Қайсар Әшірбекұлы           даму және сауда министрлігінің
                            Халықаралық экономикалық интеграцияны
                            реттеу департаменті директорының
                            орынбасары, хатшы

Ақышев                    - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Данияр Талғатұлы            Банкі Төрағасының орынбасары
                            (келісім бойынша)

Дәленов                   - Қазақстан Республикасының Қаржы
Руслан Ерболатұлы           вице-министрі

Мокроусов                 - "Қазкоммерцбанк" акционерлік қоғамының
Сергей Дмитриевич           атқарушы директоры (келісім бойынша)

Сауранбаев                - Қазақстан Республикасының Индустрия
Нұрлан Ермекұлы             және жаңа технологиялар вице-министрі

Василенко                 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Роман Юрьевич               министрлігі Халықаралық ақпарат
                            комитетінің төрағасы

Омарова                   - Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы
Тамара Таскенқызы           Кеңес төрағасының орынбасары (келісім
                            бойынша)

Мәмбеталин                - "Атамекен" одағы" Қазақстан ұлттық
Әлихан Есенғосұлы           экономикалық палатасы төрағасының
                            орынбасары (келісім бойынша)

Қарабаев                  - "Қазақстан Халық Банкі" акционерлік
Дәурен Сапарәлиұлы          қоғамының басқарма төрағасының
                            орынбасары (келісім бойынша)

Мұстафин                  - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Ержан Амангелдіұлы          министрлігі Халықаралық ақпарат
                            комитетінің екінші хатшысы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2008 жылғы 17 шілдедегі
N 688 қаулысымен   
бекітілген      

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.10. N 1341 Қаулысымен.

Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) туралы ереже Комиссияның мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
      2. Комиссияның басты мақсаты халықаралық рейтингтік агенттіктермен тұрақты негізде қажетті келісілген ақпаратты оларға ұсыну жолымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне ұқсас егемен кредиттік рейтингтері бар елдер тобында болуын қамтамасыз ету болып табылады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері мен өкілеттіктері

      3. Комиссияның міндеттері:
      халықаралық рейтингтік агенттіктермен ынтымақтастықтың тиімді нысанын айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      халықаралық рейтингтік агенттіктерге ақпарат беру стандарттары бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      Халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
      4. Комиссия өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін:
      халықаралық рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, үйлестіру және жетілдіру үшін қажетті іс-қимыл жасауға;
      сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан тиісті бейіндегі мамандарды тартуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда қойылған міндеттерді шешу үшін сарапшы топтарды ұйымдастыруға;
      мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;
      өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мүдделі мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге құқылы.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссияны оның төрағасы басқарады.
      6. Комиссияның төрағасы оның жұмысын ұйымдастырады, төраға болмаған жағдайда Комиссияның отырысын төраға орынбасарларының бірі өткізеді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      7-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      7. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады.
      8. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі. Комиссияның отырысын өткізу туралы шешімді төраға не оның орынбасары қабылдайды.
      9. Комиссияның шешімдері оның отырыстарының хаттамаларымен ресімделеді. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен көпшілік дауыспен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп саналады.

                                            Қазақстан Республикасы
                                                  Үкіметінің
                                            2008 жылғы 17 шілдедегі
                                               N 688 қаулысымен
                                                  бекітілген

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Жоспарға өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 612 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).

      Ескерту. Жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.09.10. N 1341, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.06.24 № 705 Қаулыларымен.

Халықаралық рейтинтік агенттіктермен өзара іс-қимылды
жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Орындалуына жауаптылар

Іске асырылу мерзімі

Болжамды шығыстар

1

2

3

4

5

6

1.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы келісілген формат бойынша ағылшын тілінде халықаралық рейтингтік агенттіктерге таныстыру ақпаратын ұсыну

Stаdаrd& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd-ға таныстыру

ЭБЖМ (жинақтау), ҰБ, Қаржымині, СА, ИСМ, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Тоқсан сайын

Талап етілмейді

2.

Халықаралық рейтингтік агенттіктердің талдаушыларына олардың сұрауы бойынша қызықтыратын ақпарат беру

Stаdаrd& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd-ға ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Тұрақты негізде

Талап етілмейді

3.

Stаdаrd& Poor's, Moody's  Fitch талдаушыларының Қазақстанға жыл сайынғы сапарларын жоғары деңгейде ұйымдастыру

Stаdаrd& Poor's, Moody's Investors Service, Fitch Rаtings Ltd.талдаушыларының сапары

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Жылына 3 рет

Республикалық бюджет 010 "Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтингілік агенттіктерімен өзара іс-қимыл" республикалық бюджеттік бағдарламасы

4.

Талдаушылармен және агенттіктердің өзге де тұлғаларымен көкейкесті мәселелерді талқылау бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының және өзге де ұйымдарының қатысуымен Конференц-саll ұйымдастыру

Конференц-саll

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдары, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Ай сайын

Талап етілмейді

5.

Халықаралық рейтингтік агенттіктердің алдын ала баспасөз-релиздерін талдау, қажет болған жағдайда талдаушыларға дау туғызатын ақпарат жіберу

Талдамалық жазба

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар

Жылына 3 рет

Талап етілмейді

6.

Қазақстан Республикасының экономика саласындағы барлық оң үрдістер мен жаңалықтар туралы халықаралық рейтингтік агенттіктерге ақпараттық анықтама жіберу

Ақпараттық анықтама

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Тұрақты негізде

Талап етілмейді

7.

Дағдарыстық жағдайларға ерте ден қою жүйесін құру шеңберінде кейіннен жұмыста пайдалану үшін талдаушылардың болжамдарын мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу

Ақпараттық анықтама

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Рейтинг тік агенттіктер талдаушыларының болжамдарын беруіне қарай

Талап етілмейді

8.

Шет елдердің рейтингтеріне мониторинг, басқа елдер бойынша талдаушылардың ұстанымдары, оларды Қазақстан бойынша деректермен салыстыру

Талдамалық ақпарат

ЭБЖМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, ҚҚҚ (келісім бойынша)

Жарты жылда 1 рет

Талап етілмейді

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

СА             - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ҚҚҚ            - Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы
ИСМ            - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                 министрлігі
Қаржымині      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭБЖМ           - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                 жоспарлау министрлігі
ҰБ             - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі