Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі N 688 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 89 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.02.2016 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы N 53 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 29, 370-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      кіріспеде "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне медициналық және санаторлық-курорттық қызмет көрсету тәртібінде:
      1-тармақ мынадай редакциямен жазылсын:
      "1. Осы Тәртіп "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы", "Өрт қауіпсіздігі туралы", "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы", "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы", "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне, ішкі істер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің, қаржы полициясының, қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлеріне, олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, сондай-ақ осы ведомстволар қызметкерлерінің арасынан шыққан зейнеткерлерге (бұдан әрі - контингент) медициналық және санаторийлік-курорттық қызмет көрсету тәртібін анықтайды";
      2-тармақта "ішкі әскерлердің" деген сөздер "Ішкі әскерлердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта "азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқарушы органының" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақта "Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы уәкілетті орталық атқарушы органының" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7-тармақтың бірінші абзацында "Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілері" деген сөздер "контингенттің" деген сөзбен ауыстырылсын;
      7-тармақтың екінші абзацында және 13-тармақта "Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы  уәкілетті орталық атқарушы органы" деген сөздер "денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта "ішкі әскерлердің әскери қызметшілері мен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне" деген сөздер "ішкі істер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің, қаржы полициясының, қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің әскери қызметшілеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақта:
      бірінші абзацта "Медицина басқармасының жазбаша рұқсатымен" деген сөздер "Тыл департаменті Медицина басқармасының ұсынуы бойынша Тыл департаментінің жазбаша рұқсатымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзац алынып тасталсын;
      үшінші абзацта "облыстар ішкі істер басқармаларының" деген сөздер "облыстардың ішкі істер департаменттерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Медицина басқармасына" деген сөздердің алдынан "Тыл департаментінің" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақ "ішкі істер органдарындағы" деген сөздер "ішкі істер органдарының, мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің, қаржы полициясының, қылмыстық атқару жүйесінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
      "14. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде зақым алған (жараланған, жарақат, контузия алған) ішкі істер органдарының қызметкерлері емделгеннен кейін бюджет қаражаты есебінен ішкі істер органдары санаторлық-іріктеу комиссияларының шешімі бойынша санаторийлік-курорттық емдеуге жіберіледі.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов