"Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы N 515 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 540 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі)

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.08.2020 № 540 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі және "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 29 мамырдағы
N 515 қаулысымен
бекітілген

"Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар" техникалық регламенті
1. Қолдану саласы

      1. Осы "Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" Техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы, "Өсімдіктер карантині туралы " 1999 жылғы 11 ақпандағы,"Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" 2002 жылғы 3 сәуірдегі,"Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі,"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" қараңыз.K090193 2002 жылғы 4 желтоқсандағы,"Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы,"Химия өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Техникалық регламенттің талаптары осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасындағы (ҚР СЭҚ ТН) тауарлар жіктеліміне сәйкес жіктелетін, техникалық реттеу объектілері болып табылатын пестицидтерге (улы химикаттарға) және олардың әсер ететін заттарына таралады.

2. Терминдер мен анықтамалар

      3. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

      әсер етуші зат - препараттық нысандағы пестицидтің (улы химикаттың) биологиялық тұрғыдан белсенді бөлігі;

      биологиялық препарат (биопрепарат, биопестицид) - әсер ету бастамасы микроорганизм немесе оның тіршілік әрекетінің өнімі болып табылатын препарат;

      гербицид - қажетсіз өсімдіктерді жоюға арналған пестицид (улы химикат);

      зиянды организмдер - топыраққа, өсімдікке және ауыл шаруашылығы өніміне кері әсер ететін зиянкестер, арамшөптер және өсімдік аурулары;

      инсектицид - өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғауға арналған пестицид (улы химикат);

      пестицидтер (улы химикаттар) айналымы - пестицидтерді (улы химикаттарды) енгізуді (импорт) және шығаруды (экспорт), сондай-ақ онымен байланысты өлшеп орау, орау, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестерін қоса алғанда, пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу (сату немесе жеткізу процестері (кезеңдері);

      пестицидтер (улы химикаттар) - зиянды организмдерге және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы, сондай-ақ өнімді жинар алдында кептіру, жапырақтарын түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін қолданылатын химиялық, биологиялық және басқа да заттар;

      пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіптілік сыныбы - адамның өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаның жағдайына зиянды әсерін тигізетін қасиеттерін анықтау үшін пестицидтерді (улы химикаттарды) қауіптілік түрлері және санаттары бойынша бөлу;

      пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға немесе жоюға бағытталған іс-шаралар;

      пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық көлемі - өсімдік шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілеріндегі химиялық заттардың мөлшерлік көрсеткіші, оның көмегімен олардың адам мен жануарлар үшін қауіпсіздігі бағаланады;

      пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігі - қауіпті факторды іске асыру мүмкіндігі мен оның салдарының ауыртпалығы дәрежесінің үйлесімділігі ескеріле отырып, азаматтардың өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар әлеміне зиян келтіруіне байланысты пестицидтердің (улы химикаттардың) жол беруге болмайтын қатерінің болмауы;

      пестицидтің (улы химикаттың) қауіптілігі - адамға және қоршаған ортаға қолайсыз әсер ету мүмкіндігі;

      пестицидтер (улы химикаттар) қауіпсіздігінің паспорты - пестицидтердің (улы химикаттардың) сипаттары және оларды қолдану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы деректерді қамтитын құжат;

      пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу - нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында қолдану құқығына арналған тіркеу куәлігі берілетін, препараттарды биологиялық, токсикологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық бағалау процесін аяқтайтын рәсім;

      пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) - пестицидтерді (улы химикаттарды) бастапқы компоненттер негізінде дайындаудың технологиялық процесі;

      пестицидті (улы химикатты) қолдану жөніндегі ұсынымдар - халықтың денсаулығын және қоршаған ортаны пестицидтің (улы химикаттың) зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін, пестицидті (улы химикатты) қолдану тәртібі мен қауіпсіздік талаптары туралы мәліметтерді қамтитын, өндірушінің (жеткізушінің) құжаты;

      пайдалану (қолдану) регламенті - пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар;

      пестицидтерді (улы химикаттарды) сәйкестендіру - пестицидтердің (улы химикаттардың) елеулі белгілері олардың сипаттарына ұқсастығын белгілеу;

      пестицидтердің (улы химикаттардың) тізімі - Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген, тіркелген пестицидтердің (улы химикаттардың) тізбесі;

      пестицидпен (улы химикатпен) фумигациялау - бу немесе газ түрінде пестицидті (улы химикатты) зиянкес организм тіршілік ететін ортаға енгізу;

      пестицидтің (улы химикаттың) шекті рұқсат етілген концентрациясы (бұдан әрі - ШРК) - ұзақтығы шектелмеген уақытта күн сайын әсер еткен жағдайда ауру немесе адам денсаулығы жағдайының ауытқуын тудырмайтын пестицидтің (улы химикаттың) әсер етуші затының көлем (ауа, су), салмақ (тамақ өнімдері, топырақ) немесе сыртқы (жұмыскерлердің терісі) бірлігіндегі саны;

      препарат - физикалық-химиялық қасиеттеріне, уыттылығына, пайдаланылу мақсаты мен тәсіліне (эмульсия концентраттары, суспензиялық концентраттар, түйіршектелген, микрокапсуландырылған препараттар, дымқылданылатын ұнтақтар және тағы басқалар) байланысты пестицидті (улы химикатты) қолдану нысаны;

      родентицид - зиянды кеміргіштермен күресуге арналған пестицид (улы химикат);

      фунгицид - өсімдіктерді таз ауруларынан қорғауға арналған пестицид (улы химикат).

3. Пестицидтердің (улы химикаттардың) Қазақстан
Республикасы нарығындағы айналымының шарттары

      4. Осы Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкестік пестицидтердің (улы химикаттардың) нарықтағы айналымының қажетті шарты болып табылады.

      5. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға түскен пестицидтер (улы химикаттар) мемлекеттік тіркеуден өтеді және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне енгізіледі.

      6. Пестицидтердің (улы химикаттардың) әрбір партиясы буып-түюге, таңбалауға, зат белгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын техникалық регламенттің талаптарына сәйкес буып-түйіледі және таңбаланады.

      Пестицидтерді (улы химикаттарды) таңбалау үшін ілеспе құжаттарға (қауіпсіздік паспортына, ерекшелігіне, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға) арналған нормативтік және техникалық құжаттамаға) сәйкес және нақты пестицидтерді (улы химикаттарды), оның ішінде пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істегенде туындайтын апат (төтенше) жағдайларда, қауіпсіз қолдану шаралары туралы барлық қажетті ақпарат пайдаланылады.

      Ақпаратты ыдыстың затбелгі жапсырмасында орналастыру мүмкін болмаса, әрбір орама бірлігіне пестицидпен (улы химикатпен) жұмыс істеу кезіндегі алдын ала сақтық шаралары жазылып, оны қолдану жөніндегі ұсынымдар қоса беріледі.

      7. Пестицидтерге (улы химикаттарға) арналған орамалар мен ыдыс өнімді қауіпсіз сақтауды, тасымалдауды және өткізуді қамтамасыз етеді.

      Орама мен ыдыс үшін адамды, қоршаған ортаны пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпті сипаттарынан қорғауға арнайы лайықталған және пестицидтердің (улы химикаттардың) құрамдас заттарының қиратушы немесе өзге де бүлдіруші зиянды ықпалына төзетін және олармен тұтану және (немесе) күшті жылу шығару; тез тұтанатын, улы немесе тұншықтыратын газдар бөлу; басқа да химиялық белсенді және қауіпті заттар шығаруды тудыратын реакцияға түсу арқылы өзара әрекет етпейтін материалдар пайдаланылады.

      8. Пестицидтердің (улы химикаттардың) физикалық-химиялық қасиеттері өндірушінің ерекшеліктерінде (импорттық пестицидтерге) және отандық пестицидтерді өндіруге арналған нормативтік және техникалық құжаттарда баяндалған қасиеттерге сай.

      9. Пестицидтер (улы химикаттар) нарыққа жеткізілген кезде пестицидтің (улы химикаттың) сипаттары және оны сақтау, тасымалдау, өткізу, қолдану және залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою) кезінде нақты пестицидпен (улы химикатпен) қауіпсіз жұмыс істеу жөніндегі шаралар туралы толық ақпарат бар қауіпсіздік паспортымен сүйемелденеді.

      10. Қазақстан Республикасының нарығына қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін, оның ішінде алдамшы және теңдестірілмеген, адамдардың денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіп төндіретін пестицидтер (улы химикаттар) (бұдан әрі - қауіпті пестицидтер (улы химикаттар) жеткізілген фактісі анықталған жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен мұндай пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (жеткізуі, сату) және пайдалану зиянның себептері жойылғанға дейін тоқтатылады, ал қажет болған жағдайда оларды айналымнан алып тастау жөніндегі шаралар қолданылады.

      Шығу тегін, сапасын және қауіпсіздігін сипаттайтын қажетті сүйемелдеу құжаттамасы жоқ, Қазақстан Республикасында тіркелмеген, сондай-ақ бірдейлендіру кезінде белгіленген талаптарға сәйкессіздігі

      анықталған пестицидтер (улы химикаттар) айналымнан алынады.

4. Пестицидтерді (улы химикаттарды) енгізу
кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      11. Лицензиялау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілген, сатуға және импортқа арналған лицензия болған жағдайда, мемлекеттік тіркеуден өткен пестицидтер (улы химикаттар) Қазақстан Республикасына әкелінеді.

      Пестицидтердің (улы химикаттардың) тәжірибелік үлгілерін Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялаусыз әкелуге рұқсат етіледі.

      12. Тіркелген пестицидтердің (улы химикаттардың) әсер етуші заттарын пестицидтер (улы химикаттар) өндіруге (формуляциялауға) арналған шикізат ретінде пайдалану үшін ғана әкелуге жол беріледі.

      13. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылғанға дейін ауыл шаруашылығы өнімі мен қоршаған орта объектілерінде пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшерінің құрамын кейіннен бақылауды ұйымдастыру үшін препараттардың әсер етуші заттарының талдамалық стандарттарын жеткізу қамтамасыз етіледі.

5. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау)
кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      14. Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге пестицидтер (улы химикаттар) өндіруге (формуляциялауға) арналған лицензия болған жағдайда рұқсат етіледі.

      15. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіруші бекіткен нақты препараттың нормативтік және/немесе техникалық құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қабылданған, атмосферадағы шығарындылардан тазарту, ағынды суды жинау және залалсыздандыру жөніндегі ғимараттарсыз (қондырғыларсыз) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), сақтау жөніндегі объектілерді іске қосуға және пайдалануға жол берілмейді.

      17. Жаңадан салынған және қайта құрылған өндірістерді пайдалануға беру, пестицидтердің (улы химикаттардың) жаңа түрлерін өндіру (формуляциялау) санитарлық-қорғаныс аймақтары мен кәсіпорындар, құрылыстар және басқа да объектілердің санитарлық жіктелуі жөніндегі қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелер талаптарын сақтай отырып, белгіленген тәртіппен бекітілген өндіріс құрылысы (қайта құру, орналастыру) жобасы болған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл ретте, аумақтарды анық аймақтандыруды және өндірістік және қосалқы үй-жайларды желдің соғуын ескере отырып орналастыруды көздеу қажет.

      Жобаланып жатқан объектінің аумағында ыдыстарды сақтауға арналған үй-жайлар, су өткізбейтін қатты жабылғымен жабылған және қалдықтарды сақтаған кезде қоршаған ортаның ластануын болдырмайтын жабдықпен жабдықталған өндірістік қалдықтарды жинақтау орны (үй-жай, қалқа) көзделеді.

      18. Жинау мен тазалау жағдайларына қойылатын гигиеналық талаптардың барлығы қолданыла отырып, өнеркәсіптік алаңдардағы және жапсарлас аумақтардағы жаңбырдың немесе еріген қардың суы ластанған өндірістік ағынды сулар санатына жатады.

      Су объектілеріне ағынды суларды ағызып жіберу шарттары белгіленген тәртіппен бекітіледі.

      19. Ағынды сулар тазартуға және залалсыздандыруға жатады. Препараттарды дренаж жүйелеріне ағызып жіберуге (құюға), сондай-ақ залалсыздандырылмаған (тазартылмаған) ағынды суды тұрмыстық кәрізге немесе су тоғандарына құюға жол берілмейді. Тоған сулары үшін ШЖК белгіленбеген химиялық заттары бар ағынды суларды да ағызып жіберуге жол берілмейді.

      20. Ағынды суларды бұрып жіберу ағынды сулардың құрамын, мөлшерін және жергілікті тазалау схемалары ескеріле отырып, әртүрлі цехтар немесе технологиялық процестер үшін бөлек кәріз жүйелері бойынша жүзеге асырылады. Осы деректер негізінде кәріз жүйелерінің саны мен сипаты анықталады.

      Зиянды газдар (күкіртті сутек, циан қоспалары және басқалары) шығаратын химиялық реакциялар мүмкін болатын ағынды сулардың қосылуына жол берілмейді.

      21. Тотығуы қиын немесе биологиялық түрде тотығуға ұшырамайтын пестицидтер (улы химикаттар) бар ағын сулар оқшау немесе жалпы өндірістік қондырғыларда физикалық-химиялық, термикалық немесе каталитикалық тотықтыру әдістерімен, пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдықты мөлшерінің құрамы қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларда белгіленген нормаларға жеткенге дейін алдын ала тазартуға жатады.

      22. Жұмыс аймағының ауасында пестицидтердің (улы химикаттардың) жол берілген концентрациядан асуы мүмкін өндірістік учаскелер басқа жұмыс орындарынан оқшауланады, оларды қашықтан басқару қамтамасыз етіледі.

      Технологияда қауіптілігі 1-сыныпты заттарды қолданған кезде өндірістің тұйық циклі қамтамасыз етіледі.

      Қауіптілігі 1-сыныпты пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалану немесе өндіру (формуляциялау) процесінде алу кезінде технологиялық жабдықты ашық алаңға шығаруға рұқсат етілмейді.

      23. Өндірістік орта жағдайының мониторингі жұмыс аймағының ауасында зиянды заттардың концентрациясын бақылауды қамтиды.

      24. Пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істеу нақты препараттарға арналған нормативтік немесе техникалық құжаттамада көрсетілген жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.

      25. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тиеу, өлшеп буу, жармалау, бөліп себу, өлшеу және буып-түю процестерін қолмен жүргізуге жол берілмейді.

      Технологиялық жабдық зиянды заттарды тұту жөніндегі бірге жасалып шығарылатын сорғыштармен қамтамасыз етіледі.

      26. Жұмыс орындарындағы жұмыс аймағы ауасының ластану деңгейі қолданыстағы гигиеналық нормативтермен белгіленген жол берілген мәндерден (жұмыс аймағы ауасындағы ШЖК) асқанда;

      2) жұмыс аймағы ауасында зиянды заттардың концентрациясы бақылаусыз болғанда пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға) жол берілмейді.

      27.) Зиянды заттарды тұтып қалу жөнінде көзделген құрылғыларсыз;

      2) төгілуі, шашырауы мүмкін сұйықтықтармен жұмыс істеуге арналған және оларды ағызуға арналған коллекторсыз;

      3) электр қуаты өшірілген кезде көзделген өндірісті авариялық тоқтатусыз жабдықты пайдалануға жол берілмейді.

      28. Ағынды суларды залалсыздандыру, газ шығарындыларын тұту, өндіріс (формуляция) қалдықтарын, пестицидтер (улы химикаттар) салынған ыдыстарды кәдеге жарату, залалсыздандыру әдістерін пестицидтер (улы химикаттар) өндіруші әзірлейді және нақты пестицидті (улы химикатты) өндіруге (формуляциялауға) арналған техникалық құжаттамаға қамтылады.

      29. Әрбір өндірісте қауіпсіздік паспортында қоршаған ортаға зиянды шығарындылар ретінде жазылған пестицид (улы химикат) өндірудің (формуляциялаудың) технологиялық режимдерін, бастапқы шикізат пен түпкілікті өнімнің көрсеткіштерін құжатталған өндірістік бақылау жүйесі енгізіледі.

      Кәсіпорында жоғарыда көрсетілген бақылауды жүргізу үшін тіркелген өндірістік зертхана болмаған кезде зерттеулер Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес тіркелген зертханалар мен сынақ орталықтарында шарттық негізде жүргізіледі.

6. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу кезіндегі
қауіпсіздік талаптары

      30. Тіркелген пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағында өткізуге тек лицензиялау саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізуге арналған лицензия алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.

      31. Ауыл, орман және коммуналдық шаруашылықта қолдану үшін пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу өндіруші-кәсіпорынның қоймасынан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген талаптарға жауап беретін, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға және жіберуге арналған арнайы қоймалардан жүзеге асырылады.

      32. Баулар мен бақшаларға арналған ауыл шаруашылығы зиянкестері мен арамшөптерден өсімдіктерді қорғау құралдарын, сондай-ақ үй кеміргіштерімен күресуге арналған, жекеменшік қосалқы шаруашылық жағдайында пайдалануға арналған құралдарды өткізу азық-түліктік емес мамандандырылған бөлшек сауда дүкендері арқылы жүзеге асырылады.

      33. Жекеменшік қосалқы шаруашылық жағдайларында пайдалануға арналған, препараттың дәл мөлшерін өлшеуге мүмкіндік бермейтін орамдағы пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізуге 0,1 га өңдеуге арналған жұмсау нормасынан аспайтындай орамдарда болғанда ғана рұқсат етіледі. Мөлшер жөніндегі талап өлшеу құралдары (өлшеу ыдысы, жұмсау шкаласы) бар орамдағы пестицидтерге (улы химикаттарға) және препаратты бірнеше рет тығыздап жабуға жарамды зауыт орамдарына жүрмейді.

      34. Пестицидтерді (улы химикаттарды) көтерме және бөлшек сауда арқылы сатуды жүзеге асыратын өнім берушілерге (импорттаушыларға, сатушыларға) мемлекеттік тіркеуден және белгіленген талаптарға сәйкес растаудан өткен пестицидтерді (улы химикаттарды) ғана сатып алуға және өткізуге рұқсат етіледі.

      35. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнаманы сақтай отырып одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) мен олардың ыдысын залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою) туралы мәліметтерді қоса алғанда, қауіпсіз пайдалану шаралары туралы тиісті ақпарат бар болған кезде, пестицидтерді (улы химикаттарды) тұтынушыларға өндірушінің ыдысында ғана жіберуге рұқсат етіледі.

      36. Ыдыстың тұтастығы бұзылған жағдайларда пестицидтер (улы химикаттар) қайта буып-түйіледі және өнім берушіге (импорттаушыға, сатушыға) қайтарылады.

      Пестицидтерді (улы химикаттарды) шашылған немесе төгілген күйде қалдыруға жол берілмейді. Ластанған үй-жайларды жинау ыдыстың затбелгі жапсырмасында (қолдану жөніндегі ұсынымдарда) көрсетілген залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою) жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

7. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау
және қолдану кезіндегі қауіпсіздік талаптары

      37. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі ұсынымдарға, сондай-ақ қолданыстағы экологиялық қауіпсіздік талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі.

      38. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау және қолдану санитарлық-қорғаныс аймақтары мен кәсіпорындар, құрылыстар және басқа да объектілердің санитарлық жіктемесі жөніндегі қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелер талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.

      39. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау бұл үшін экологиялық қауіпсіздік, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына жауап беретін арнайы қоймалық үй-жайларда жүзеге асырылады.

      Пайдаланатын немесе жабық қойма үй-жайларының жұмыс істеуінің гигиеналық қауіпсіздігінің өлшемдері жұмыс аймағының ауасындағы, атмосфералық ауадағы, ашық сутоғандар суындағы және топырақтағы химиялық заттардың шектеулі жоғарғы қоспалары, сондай-ақ физикалық факторлардың шектеулі рұқсат етілген деңгейлері болып табылады.

      Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау кезінде физикалық-химиялық қасиеттері (ұшпалығы, тотығуы және басқа қасиеттері), өрт және жарылыс қауіптілігі, реакциялық белсенділігі, температуралық сақтау режимі бойынша үйлеспейтін препараттарды бөлек сақтау үшін жағдай жасауды қоса алғанда, ыдыстың затбелгі жапсырмасында, нақты пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі ұсынымдарда, олардың жіктеме шифрларында көзделген талаптарды сақтау қажет.

      40. Пестицидтерді (улы химикаттарды) поддондар мен сөрелерді пайдаланбастан қойманың еденінде үйіп сақтауға жол берілмейді.

      41. Төгілген жағдайда пестицидтерді (улы химикаттарды) бейтараптандыру үшін қойма үй-жайлары сақтаулы пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстың затбелгі жапсырмасында көрсетілген дезактивациялау құралдарымен қажетті мөлшерде қамтамасыз етіледі.

      42. Халықтың тұру жағдайына қолайсыз әсер етудің алдын алу және болдырмау мақсатында қойма үй-жайларының аумақтарында және санитарлық-қорғаныс аймақтары шегінде талдау және аспаптық бақылау әдістерін пайдалана отырып тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

      43. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау көлік саласындағы уәкілетті орган берген қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады.

      44. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау, тасымалдау кезіндегі қауіптілік туралы ақпарат жүйесінің авариялық кәртішкелерін ("Абайла - пестицидтер (улы химикаттар)") қоса алғанда, әр түрлі көлік түрлерінде қолданылатын қауіпті жүктерді тасымалдау ережесінің талаптарына сәйкес өндірушінің герметикалық ыдысында, арнайы жабдықталған және тиісті таңбасы бар көлік құралдарында жүзеге асырылады.

      45. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау белгіленген үлгідегі арнайы санитарлық паспорты бар көлік құралдарында ғана жүзеге асырылады.

      46. Тамақ өнімдерін, жемшөп пен ауызсуын пестицидтермен (улы химикаттармен) және дәріленген тұқымдармен бірге немесе бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау үшін пайдаланылған көлік құралдарында тасымалдауға жол берілмейді.

      47. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау үшін пайдаланылған көлік алдын ала тазартылмай және залалсыздандырылмай басқа азық-түліктік емес жүктерді тасымалдауға жол берілмейді.

      48. Физикалық-химиялық қасиеттері (ұшпалығы, тотығуы және басқа қасиеттері), өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша үйлеспейтін пестицидтерді (улы химикаттарды) бірлесіп тасымалдауға жол берілмейді.

      49. Тасымалдау кезінде көлік құралдарында бөгде адамдардың болуына жол берілмейді.

      50. Көлік құралдары тасымалдау жұмыстары аяқталған және пестицидтерден (улы химикаттардан) босаған соң ыдыстың затбелгі жапсырмасында және тасымалданатын препараттардың ілеспе құжаттарында көрсетілген талаптарға сәйкес сумен жуылып, залалсыздандырылады.

      51. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауға арналған әрбір көлік құралы пестицидтерді (улы химикаттарды) бейтараптандыру құралдарымен, тиісті өртсөндіргіштермен, құмның қажетті запасымен және жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталады.

      52. Дәріленген тұқымдарды сақтау мен тасымалдау мықты, пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізбейтін материалдан жасалған, буып-түйілгеннен кейін тығыз жабылатын арнайы ыдыста жүргізіледі. Ыдыста "дәріленген" деген анық таңба жасалады.

      53. Жеке және заңды тұлғаларды пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарға жіберу тиісті нормативтік құқықтық кесімдерде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      54. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) тізімімен қамтылатын пестицидтер (улы химикаттар) ғана қолдануға жатады.

      55. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану тіркеу куәлігі болған кезде ғана жүзеге асырылады.

      56. Пестицидтермен (улы химикаттармен) істелетін барлық жұмыстар беттері тігілген және нөмірленген журналдарда тіркеледі, оларда міндетті түрде мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) пестицидтің (улы химикаттың) атауы;

      2) әсер етуші заттың атауы және қабылданған пестицидтер жіктемесіне сәйкес пестицидтің (улы химикаттың) қауіптілігі;

      3) зиянды организмнің атауы;

      4) жұмсау нормасы;

      5) ерітіндінің көлемі;

      6) ерітіндінің дайындалған күні;

      7) өңдеу түрі (жер үсті, авиациялық, аэрозольдік);

      8) өңдеу орны мен алаңы;

      9) өңделген күні;

      10) өңделген дақылдың түрі.

      57. Пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істелетін орындар пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы көрнекі құралдармен, нұсқаулармен, жадынамалармен қамтамасыз етіледі.

      58. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану пайдалану (қолдану) регламенттеріне (жұмсау нормасы, өңдеу тәсілі мен еселігі, шектеулер, күту мерзімдері, ұсынылған жеке қорғаныс құралдарынан қолдану) сәйкес жүзеге асырылады.

      59. Пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істеген кезде жұмыс орындарында темекі шегуге, ашық отты пайдалануға, тамақ ішуге жол берілмейді.

      60. Өсімдіктерді пестицидтермен (улы химикаттармен) тозаңдатуды және бүріктіруді ерте таңғы және кешкі сағаттарда желдің жылдамдығы жерүсті аппаратурасын қолданған кезде 3 м/с және авиацияны қолданған кезде 2 м/с аспағанда жүргізуге рұқсат етіледі.

      61. Қала саябақтарын, гүлбақтарды, бульварларды, көшелер мен даңғылдарды, оның ішінде трамвай жолдары мен жолөтпелерді пестицидтермен (улы химикаттармен) ошақты өңдеу өте кешкі, түнгі және ерте таңғы сағаттарда, пестицидтердің (улы химикаттардың) ең төмен жұмсау нормасымен, жерүсті штангалық аппаратураны пайдалана отырып және тұрғын үйлерге дейінгі санитарлық қашықтықты 50 метрден кем емес сақтай отырып жүргізіледі.

      62. Пестицидтерді (улы химикаттарды) шаруашылық-ауызсу су құбырлары көздерінің қатаң режим аймағында қолдануға жол берілмейді. Шектеу аймағында қауіптілігі 1 және 2-сыныпты пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалануға тыйым салынады.

      63. Пестицидтерді (улы химикаттарды) балалық, спорттық-сауықтыру, медициналық мекемелер, мектептер, қоғамдық тамақтану және тамақ өнімдерін сату кәсіпорындары аумағында қолдануға жол берілмейді.

      64. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданған кезде барлық орталықтандырылмаған сумен жабдықтау (құдықтар, ұңғымалар) көздері берік жабылуы қажет.

      65. Балдырларды, арамшөптерді, масалардың құрттарын, қоқысты балықтарды жою мақсатында сутоғандарды пестицидтермен (улы химикаттармен) өңдеу санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде жүргізіледі.

      66. Уақытша сақтауға арналған арнайы орындардан басқа, жұмыс орындарында пайдаланылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) қалдыруға жол берілмейді.

      67. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезінде бұзушылықтар болған жағдайда пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшерінің болуына талдау зерттеулері жүргізілгенге дейін ауыл шаруашылығы өнімін сату тоқтатылады.

      Пестицидтердің (улы химикаттардың) құрамы белгіленген ең кеп рұқсат етілетін деңгейден артық өнімді халыққа сатуға жол берілмейді.

      68. Азық-түлік запастары немесе ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарға арналған жемшөп салынған қоймаларда кеміргіштермен күресу кезінде сусымалы (оның ішінде дәндік) уландырылған еліктіргіштерді ыдысқа салынбаған тамақ өнімдері мен жемшөптердің жақын маңына салуға жол берілмейді.

      Дератизациялық құралдарды кеміргіштер оңай бүлдіретін ыдыстарға (картон қораптар, қағаз қалталар, қаптар және т.б.) салынған тамақ өнімдерінің арасына орналастыру қажет болған жағдайда кеміргіштердің еліктіргіштерді тасуын және улы заттардың абайсызда тамаққа түсуін болдырмайтын арнайы қорғаныс контейнерлеріне салынған дератизациялық блоктар (парафиндік, балауыздық) қолданылады.

      69. Жеке және заңды тұлғалардың пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады.

8. Пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың
ыдыстарын залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою),
кезіндегі қауіпсіздік талаптары (жалпы ережелер)

      70. Залалсыздандыруға (кәдеге жаратуға, жоюға) одан әрі мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз (бұдан әрі - жарамсыз) пестицидтер (улы химикаттар) жатады. Оларға адамдардың, жануарлардың денсаулықтарына және/немесе өсімдіктерге теріс әсері анықталуына, физикалық-химиялық және тұтыну қасиеттері өзгеруіне байланысты қолдануға тыйым салынған, бірдейлендірілмеген қоспалар түрінде сақталатын пестицидтер (улы химикаттар) жатады. Көрсетілген пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою) пестицидтердіц (улы химикаттардың) иесінің қаражаты есебінен жүргізіледі.

      71. Жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою) әдістері мен технологияларын пестицидтерді (улы химикаттарды) өндірушілер әзірлейді, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптамадан өтеді және препараттарға арналған нормативтік немесе техникалық құжаттамаға, қауіпсіздік паспортына, сондай-ақ ыдыстың затбелгі жапсырмасына және тұтынушыларға пестицидтер (улы химикаттар) өнім берушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) ұсынатын қолдану жөніндегі ұсынымдарға енгізіледі.

      72. Одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын көмуге жол берілмейді.

      73. Пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын, пестицидтердің (улы химикаттардың) тозған өнімдерін залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою) процестері қоршаған ортаға зиянды әсер етпеуі тиіс.

      74. Қағаз немесе ағаш ыдыс заңнамаға сәйкес экологиялық бақылау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы мемлекеттік органдары белгілеген орындарда жағып жіберу жолымен жойылады.

      Жағып жіберу қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын сақтай отырып жағылатын қоспалардың улы емес (қауіпті емес) заттарға ыдырауын қамтамасыз ететін жоғары температуралық қондырғыларда жүзеге асырылады. Бұл ретте кәсіпорын газтәріздес ластағыштар мен күлдің шығарылуына үнемі бақылау мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.

      75. Өнім берушімен (өндірушімен, импорттаушымен, сатушымен) шарт болған жағдайда метал немесе полимер материалдан жасалған ыдыс өнім берушіге (өндірушіге, импортшыға, сатушыға) залалсыздандыру жүргізілмеген, бірақ сырты таза және қақпағы тығыз жабылған күйде қайтарылуы мүмкін. Олай болмаған жағдайда кәдеге жарату немесе жою алдында ол нақты пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою) жөніндегі ұсынымдарда баяндалған талаптарға сәйкес залалсыздандырылады.

      76. Құрамында сынап, синиль қышқылы және күшала бар пестицидтер (улы химикаттар) сақталатын жерлерінде залалсыздандыруға (кәдеге жаратуға, жоюға) жатпайды және оларды кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін мамандандырылған ұйымдарға немесе өнім берушіге (өндірушіге, импорттаушыға, сатушыға) тапсырылуы тиіс.

      77. Қауіптілігі бірінші сыныпты, мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтер (улы химикаттар) герметикалықты қамтамасыз ететін және оларды сақтау мен кейіннен залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою), орнына көшіру кезінде қоршаған ортаның пестицидтермен (улы химикаттармен) ластануын болдырмайтын ыдыстарда сақталуы тиіс.

      Екінші сыныпты препараттар полимерлік материалдардан жасалған арнайы жапсырмалары бар көп қабатты ыдысқа (пестицидтің (улы химикаттың) ерекшелігіне қарай) оралуы мүмкін.

      78. Жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) тиеумен, тасымалдаумен және түсірумен байланысты барлық жұмыстар механикаландырылған болуы тиіс. Пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын тасымалдаған кезде жүргізуші мен жүкті апарушы тұлғадан басқа бөтен тұлғалардың қатысуына жол берілмейді.

      79. Залалсыздандыруға (кәдеге жаратуға, жоюға) жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тиісті сақтау жағдайлары болмаған кезде, қызметтің осы түріне лицензиясы бар шаруашылық жүргізуші субъектілер көрсетілген құралдарды орталықтандырылған жинауды және оларды сақтау үшін тиісті жағдайы бар қоймаларға тасуды қамтамасыз етеді. Көрсетілген қоймаларға бөтен тұлғалардың қол жеткізуін болдырмау қажет.

      80. Бүтіндігі бұзылған орамдағы пестицидтер (улы химикаттар) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ыдысқа қайта оралуға жатады.

      81. Одан әрі пайдалануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандырған (кәдеге жаратқан, жойған) кезде оларды сақтау ауданында препараттардың иелері жауапты қызметкерлерді бөледі, олардың қатысуымен залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою) жүргізіледі.

      Бұл ретте ұйымның атауы, залалсыздандырылған пестицидтің (улы химикаттың) аты, оның саны, залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою) орны мен тәсілі, жұмысты жүргізуге жауапты тұлғаның тегі көрсетілетін акт ресімделеді.

      82. Пестицидтерді (улы химикаттарды) өнеркәсіптік қайта өңдеу жолымен залалсыздандыру (кәдеге жарату, жою) нақты пестицидке (улы химикатқа) арналған жолдама құжаттамада көрсетілген технологияларға сәйкес жүзеге асырылады.

      83. Айналымнан алынған пестицидтер (улы химикаттар) және оларды пайдалана отырып халықтың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп төндіретін шығарылған өнім өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қоршаған ортаны қорғау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша залалсыздандыруға (кәдеге жаратуға, жоюға) жатады.

9. Пестицидтердің (улы химикаттардың) осы техникалық
регламенттегі талаптарға сәйкестігін растау
және сәйкестендіру

      84. Пестицидтердің (улы химикаттардың) сәйкестігін растау техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      85. Тіркелген зертханаларда сәйкестігін растау процесінде пестицидтерді (улы химикаттарды) сәйкестендіру кезінде өндірушінің маманданымдарында (импорттық пестицидтерге (улы химикаттарға) арналған) және отандық пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған нормативтік және техникалық құжаттамада баяндалған көрсеткіштер, оның ішінде:

      1) әсерлі заттың салмақтық үлесі;

      2) сулы эмульсияның немесе суспензияның тұрақтылығы;

      3) судың салмақтық үлесі;

      4) дисперстігі;

      5) қышқылдығы немесе сілтілігі;

      6) қоспалардың салмақтық үлесі;

      7) ораманың, таңбалаудың және пестицидтерді (улы химикаттарды) тұтынушыға арналған ақпараттың белгіленген талаптарға сәйкестігі бағаланады.

  "Пестицидтердің (улы химикаттардың)
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
Техникалық регламентіне
1-қосымша

Пестицидтер (улы химикаттар) және осы Техникалық
регламент қолданатын әсер етуші заттар

ҚР СЭҚ ТН

коды

Өнімнің атауы

3808

Инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер,

гербицидтер, өскінге қарсы құралдар мен

өсімдіктердің өсуін реттеуіштер, бөлшек саудаға

салу үшін қалыптарға немесе орамдарға салынған

немесе дайын препараттар немесе бұйымдар

ретіндегі дезинфекциялау және сол тәрізді

құралдар:

3808 50 000 0

*осы топқа қосалқы позицияға ескертпеде аталған

тауарлар

3808 91

инсектицидтер:

3808 91 100 0

пиретроидтар негізіндегі

3808 91 200 0

хлорланған көмірсутек негізіндегі

3808 91 300 0

карбаматтар негізіндегі

3808 91 400 0

фосфорорганикалық қосындылар негізіндегі

3808 91 900 0

басқалары

3808 92

фунгицидтер:


бейорганикалық:

3808 92 100 0

мыс қосындылары негізіндегі препараттар

3808 92 150 0

басқалары


басқалары:

3808 92 300 0

дитиокарбаматттар негізіндегі

3808 92 400 0

бензимидазолдар негізіндегі

3808 92 500 0

диазолдар немесе триазолдар негізіндегі

3808 92 600 0

диазиндер немесе морфолиндер негізіндегі

3808 92 800 0

басқалары

3808 93

гербицидтер, өскінге қарсы құралдар және

өсімдіктердің өсуін реттеуіштер:


гербицидтер

3808 93 110 0

феноксифитогормондар негізіндегі

3808 93 130 0

триазиндер негізіндегі

3808 93 150 0

амидтер негізіндегі

3808 93 170 0

карбаматтар негізіндегі

3808 93 210 0

динитроанилиндер туындылары негізіндегі

3808 93 230 0

карбамид, урацил немесе сульфонилкарбамид

туындылары негізіндегі

3808 93 270 0

басқалары

3808 93 300 0

өскінге қарсы құралдар

3808 93 900 0

өсімдіктердің өсуін реттеуіштер

3808 94

дезинфекциялау құралдары:

3808 94 100 0

ширек аммоний тұздары негізіндегі

3808 94 000 0

галогенденген қосындылар негізіндегі

3808 94 900 0

басқалары

3808 99

родентицидтер

3808 99 100 0

басқалары


      *Субпозицияға ескертпе: 3808 50 субпозицияға құрамына мына заттардың біреуі немесе бірнешеуі: альдрин (ISO); бинапакрил (ISO); камфехлор (ISO) (токсафен); каптафол (ISO); хлордан (ISO); хлордимеформ (ISO); хлорбензилат (ISO); ДДТ (ISO) (клофенотан (INN), 1,1,1-трихлор-2,2-бис(п-хлорфенил)этан); диэлдрин (ISO, INN); диносеб (ISO), оның тұздары немесе күрделі эфирлері; этилендибромид (ISO) (1,2-дибромэтан); этилендихлорид (ISO) (1,2-дихлорэтан); фторацетамид (ISO); гептахлор (ISO); гексахлорбензол (ISO); 1,2,3,4,5,6-гексахлорциклогексан (ГХГ (ISO)), линданды (ISO, INN) қоса алғанда; сынап қосындылары; метамидофос (ISO); монокротофос (ISO); оксиран (этиленоксид); паратион (ISO); паратионметил (ISO) (метилпаратион); пентахлорфенол (ISO); фосфамидон (ISO); 2,4,5-Т (ISO) (2,4,5-трихлорфеноксиуксусная кислота), оның тұздары немесе күрделі эфирлері енетін 3808 тауарлық позицияның тауарлары ғана енеді.

  "Пестицидтердің (улы химикаттардың)
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар"
Техникалық регламентіне
2-қосымша

Үйлестірілген стандарттар тізбесі

      1. МЕМСТ 30333-95 "Заттың (материалдың) қауіпсіздік паспорты".

      2. МЕМСТ 14189-81 "Пестицидтер. Қабылдау ережелері, сынамаларды іріктеп алу әдістері, буып-түю, таңбалау және сақтау".

      3. МЕМСТ Р 51247-99 "Пестицидтер. Жалпы техникалық шарттар".

      4. МЕМСТ 12.1.007-76 "Зиянды заттар. Жіктеу және жалпы қауіпсіздік талаптары".