Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 07.02.2019 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелері бекітілсін
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.02.2019 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген |
"Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары 1-тарау. Жалпы қағидалар
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 07.02.2019 № 39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын берудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) білім беру гранты – "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттармен берілетін ақшаның нысаналы сомасы;
2) білім беру бағдарламаларының топтары – даярлау бағыттары бейінінің ортақтығымен біріктірілген және белгілі білім беру саласы шеңберінде кадрлар даярлауды қамтамасыз ететін білім беру бағдарламаларының жиынтығы;
3) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
4) республикалық конкурстық комиссия – білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі – республикалық комиссия);
5) жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) конкурстық комиссиясы – жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты өткізу үшін ЖАО құратын комиссия (бұдан әрі – ЖАО комиссиясы);
6) білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын ҰБТ балын ресми түрде растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі – куәлік).
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Республикалық бюджеттен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын республикалық комиссия, ал жергілікті бюджеттен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты ЖАО комиссиясы өткізеді.
4. Республикалық комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар қызметкерлерінің, азаматтық қоғам институттарының, үкіметтік емес ұйымдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығының және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің өкілдері қатарынан құрылады.
Республикалық комиссия мүшелерінің басым даусымен төраға, оның орынбасары және хатшы сайланады. Республикалық комиссияның құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрауға тиіс. Республикалық комиссияның отырыстары оның құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп есептеледі және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 1 тамызға дейін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 24 тамызға дейін өткізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. ЖАО комиссиясы жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйымдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік палаталарының және азаматтық қоғам институттары өкілдерінің қатарынан қалыптастырылады.
ЖАО комиссиясы туралы ереже облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
ЖАО комиссиясының құрамы облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен бекітіледі.
Комиссия мүшелерінің басым дауысымен төраға, оның орынбасары және хатшы тағайындалады.
ЖАО комиссиясы мүшелерінің саны тақ санды құрауы тиіс. ЖАО комиссиясының отырыстары оның құрамының кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп есептеледі және республикалық бюджеттен білім беру гранттарын тағайындау қорытындылары жарияланғаннан кейін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 15 тамызға дейін, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін гранттар беру үшін 27 тамызға дейін өткізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. "Бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру тәртібі
6. "Бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.
Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша, екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау конкурсында Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар және екі шығармашылық емтиханның нәтижелері ескеріледі.
Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жалпыкәсіптік пән және арнайы пән бойынша балдар ескеріледі.
Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін және шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін арнайы пән бойынша балдар және шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.
Оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламалары топтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті;
2) білімі туралы құжатты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);
3) ҰБТ сертификатын (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ЖЖОКБҰ-ның тілдік даярлықты күшейтуге арналған даярлық бөлімдерін бітірген тұлғалар ЖЖОКБҰ-ның ректоры қол қойған бітіргені туралы транскрипт ұсынады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және тиісінше мамандық бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар қосымша мына құжаттардың біреуін тапсырады:
1) еңбек кітапшасы;
2) ұйымның мөрімен (егер бар болса) куәландырылған жұмыс берушінің қолы қойылған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
3) қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат көрсетілген архивтік анықтама;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы үзінді және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған әлеуметтік аударымдар туралы мәліметтер;
5) жұмыс беруші тоқтатылу күні мен негіздемесі туралы белгі қойған еңбек шарты;
6) жұмыс берушінің актілерінен еңбек шартын жасасу және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауы мен тоқтатылуын растайтын үзінділер;
7) жұмыскерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінділер.
Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші өтініште өзі таңдаған жоғары білімнің беру бағдарламаларының тобын және ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер 13 – 20 шілде аралығында қабылданады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 04.07.2019 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Шет тілдегі құжаттар қазақ немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасымен ұсынылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификатталады.
9. Бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша білім алуға қарсы айғақтардың жоқтығы туралы медициналық қорытындыны береді.
10. Балдар тең болған болған жағдайда, осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жоғары білімнің білім беру грантын беруге басым құқығы бар оқуға түсушілер ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына осы құқықты растайтын құжатты тапсырады.
11. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін қысқартылған оқу мерзімдері көзделетін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша:
ұлттық ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 65 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" салалары бойынша – кемінде 60 балл;
басқа ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін – кемінде 50 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 70, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" саласы бойынша кемінде 65 балл жинаған тұлғалар жіберіледі.
Бұл ретте ҰБТ-ның және (немесе) шығармашылық емтиханның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білім кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған тұлғалар жіберіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларына түсушілер жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа бір білім беру бағдарламасының тобы бойынша қатысады және өтініште шығармашылық емтихан тапсырған ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
"Педагогикалық ғылымдар" "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша білім беру бағдарламаларына түсушілер және арнайы емтиханнан өтіп, рұқсат алғандар білім беру грантын беруге арналған конкурста ЖЖОКБҰ және арнайы емтиханды тапсыру орнына қарамастан, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының төрт тобын таңдау құқығына ие.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 04.07.2019 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.13. Білім беру грантын алуға арналған конкурс өткізілген кезде, сондай-ақ жоғары бiлiм кадрларды даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдау кезiнде балдар тең болған жағдайда басым құқық мынадай кезектілік бойынша беріледі:
1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған тұлғалар;
2) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;
4) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;
5) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы айғақтары жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар тұлғалар.
Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.14. Жоғары білімнің білім беру грантын беру бойынша басым құқық болмағанда, балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.
Балдардың көрсеткіштері бірдей және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болғанда бейіндік пәндер бойынша алған балдары ескеріледі.
15. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.
Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы тұлғалар үшін қабылдаудың көрсетілген квоталары барлық мәлімделген білім беру бағдарламалары тобына таратылады.
Квота бөлінген даярлық бағыттарында шығармашылық емтиханы бар білім беру бағдарламаларының тобы болған жағдайда, білім беру грантын беру кезінде ҰБТ-ға қатысушының тестілеу нәтижелері үтірден кейінгі бір белгіге дейін дөңгелектелген ең жоғары ықтимал балға пайыздық қатынаста салыстырылатын болады.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестатының, куәлігінің немесе дипломының орташа балы жоғары тұлғаларға беріледі.
Аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болған жағдайда бейіндік пән немесе шығармашылық емтихан бойынша алған балдары ескеріледі.
16. Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота көзделген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 30 пайызына конкурс тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін өткізіледі.
Қазақстан Республикасы ЖЖОКБҰ-ға қабылдау квотасы көзделген ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары тобының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
17. Ағылшын тілінде білім алу үшін жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (Физика, Химия, Биология және Информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім беру грантын беруге арналған конкурсқа мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде тілдік даярлығын күшейту үшін ЖЖОКБҰ-ның даярлық бөлімін бітірген тұлғалар және ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсырған тұлғалар, сондай-ақ, ҰБТ-ны қазақ (орыс) тілінде тапсырған және ағылшын тілін білу бойынша тестілеуден өткен немесе ағылшын тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттары бар: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 59), (TOEFL, шекті балл – кемінде 500 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 5.0) ағылшын тілінде оқуға ниет білдірген тұлғалар қатысады.
Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде тілдік даярлығын күшейту үшін ЖЖОКБҰ-ның даярлық бөлімін бітірген тұлғалар, сондай-ақ ҰБТ-ны қазақ (орыс) тілінде тапсырған және ағылшын тілінде оқуға ниет білдірген тұлғалар шет тілін (ағылшын) білуге арналған тестілеу тапсырады, ондағы шекті балл жоғары балдың 50 пайызынан төмен болмауға тиіс.
Шет (ағылшын) тілін білуге арналған тестілеуді базалық ЖЖОКБҰ-да 12 шілдеге дейін Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) өткізеді.
Көрсетілген санаттарға арналған конкурс өткізілгеннен кейін қалған білім беру гранттары "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария", "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша 1 немесе 2-курсты аяқтаған және ағылшын тілінде жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (физика, химия, биология және информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алуды жалғастыруға ниет білдірген тұлғаларға беріледі.
Конкурсқа қатысу үшін шет тілін меңгергенін растайтын сертификаты: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 59), (TOEFL, шекті балл – кемінде 500 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 5.0), үлгерімінің орташа балы кемінде 2,67 балл GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) болуы тиіс. Шет тілін меңгергендігін растайтын көрсетілген сертификаттары жоқ білім алушы жоғары балдың 50 пайызынан төмен емес шекті балмен шет (ағылшын) тілін білуге арналған тестілеуді тапсырады. Шет (ағылшын) тілі білімін тестілеуді базалық ЖЖОКБҰ-да 12 тамызға дейін ҰТО өткізеді.
Жоғары білімнің білім беру гранттарын беру жазғы демалыс кезеңінде 1 немесе 2-курстың білім беру бағдарламасын табысты аяқтағаннан кейін мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) "Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" және "Ветеринария", "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру салалары бойынша меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ-ның ақылы негізінде білім алушы жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (физика, химия, биология және информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы және ЖЖОКБҰ көрсетілген кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу туралы өтінішті береді;
2) ЖЖОКБҰ-лар білім алушылар өтініштерінің деректер базасын ҰТО-ға береді;
3) ҰТО шет тілін меңгеру сертификаттарының балдарына немесе ағылшын тілін білуге арналған тестілеу нәтижелері және үлгерімнің орташа балдарына сәйкес жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша (Физика, Химия, Биология және Информатика) мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бөлінісінде ведомостарды қалыптастырады және республикалық комиссияға жібереді;
4) республикалық комиссия білім беру грантын шет тілін меңгергенін растайтын сертификаттың балдарына немесе ағылшын тілін білуге арналған тестілеудің нәтижелеріне және үлгерімінің орташа балына сәйкес береді.
Көрсеткіштері бірдей болған жағдайда ағылшын тілін білуге арналған сертификатының балы жоғары тұлғаларға басым құқық беріледі.
Сертификаттың балдық көрсеткіштері бірдей болған жағдайда үлгерімінің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж), одан кейін жалпы орта білім туралы аттестаттың орташа балы есептеледі;
5) республикалық комиссияның шешімі негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган 15 тамызға дейін Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы бұйрық шығарады;
6) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік дайындығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы куәлікті ресімдейді.
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған білім беру гранттарын беру туралы берілген куәлік негізінде ЖЖОКБҰ-ның басшысы білім алушының білім беру гранты бойынша осы ЖЖОКБҰ-да 2 немесе 3-курстан бастап өтініш білдірген білім беру бағдарламаларының тобы бойынша білім алуын жалғастыру туралы бұйрық шығарады.
Бұл ретте Қағидалардың осы тармақта көрсетілген жаратылыстану ғылыми пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудың білім беру бағдарламалары тобы бойынша кадрлардың тілдік даярлығын күшейтуге арналған жоғары білімнің білім беру гранттарына қабылдау кезінде міндетті құрамдас пәндердегі академиялық айырмашылық түріндегі пререквизиттер курстың жоғалуына әкелмейді және тегін негізде меңгеріледі.
18. Жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурспен бергеннен кейін қалған бос білім беру гранттарын республикалық комиссия бір білім беру саласы ішінде өту балы жоғары адамдарға жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мәлімделген тобы бойынша осы Қағидалардың 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.
Жоғары білімнің білім беру гранттарын конкурспен бергеннен кейін қалған бос білім беру гранттарын халықаралық келісімдер бойынша келген шетелдік тұлғаларға, резервте көзделген жоғары білімнің білім беру гранттарын, сондай-ақ жекелеген ЖЖОКБҰ-ға көзделген жоғары білімнің білім беру гранттарын беру туралы шешімді республикалық комиссия қабылдайды.
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 04.07.2019 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Білім беру саласындағы уәкілетті орган республикалық комиссия шешімінің негізінде бұйрық шығарады және оқуға түсушілерге жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік береді.
Жоғары білімнің білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлікті қабылдау комиссиялары түсушілердің конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 20 тамыздан кешіктірмей береді.
Грант иегері жоғары білімнің білім беру грантынан бас тартқан жағдайда жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік және талапкердің өтініші білім саласындағы уәкілетті органға 29 тамызға дейін тапсырылады және күнтізбелік үш күн ішінде күші жойылады.
Жоғары білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы күнді және білім беру грантынан бас тартқан тұлғаның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акті жасайды және ЖЖОКБҰ-ның мөрімен бекітілген актіні күнтізбелік үш күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға тапсырады.
Босаған білім беру гранттарын республикалық комиссия осы Қағидалардың 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.
ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы жоғары білімнің білім беру грантынан бас тартқан тұлғалардың куәліктерінің білім беру саласындағы уәкілетті органға уақтылы қайтарылуына жауапты болады.
3-тарау. "Магистр" дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру тәртібі
20. "Магистр" дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлеу үшін білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру гранттары) оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламаларының бір тобы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 04.07.2019 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.21. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурста – КТ нәтижелерінің балдары, шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша КТ нәтижелерінің балдары, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін КТ нәтижесі бойынша:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық және бейінді магистратураға, оның ішінде шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша – кемінде 75 балл;
2) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға – кемінде 50 балл жинау қажет.
КТ нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру бағдарламаларының бейіндік тобы бойынша тестілеу нәтижесі бойынша балы жоғары адамға басым құқық беріледі, одан кейін білім алуға әзірлігін айқындау бойынша тест нәтижесі, бұдан әрі – шет тілі бойынша тестілеу нәтижесі, одан кейін дипломға қосымшадағы (алдыңғы білім деңгейі) GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) ескеріледі.
"Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларының топтары, сондай-ақ "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші адамдар стандартталған GRE (Graduate Record Examinations – Грэдуэйт Рекорд Экзэминейшнс) тестілеуінің халықаралық сертификаты болған жағдайда оқыту қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуге арналған КТ-ден босатылады.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 04.07.2019 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - 15.08.2019 № 599 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.22. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші 20 тамызға дейін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына немесе ақпараттық жүйе арқылы:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті;
2) іжоғары білімі туралы құжатты (құжаттарды ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);
3) іКТ сертификатын (құжаттарды ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы;
5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламасының тобын және үш ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
23. Республикалық комиссия шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлік беріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы куәлікті қабылдау комиссиялары азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 27 тамызға дейін береді.
Қабылданғанға дейін жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантынан бас тартқан жағдайда білім беру грантын беру туралы куәлік білім саласындағы уәкілетті органға жіберіледі және күнтізбелік үш күн ішінде күші жойылады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы күнді және білім беру грантынан бас тартқан тұлғаның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акт жасайды және ЖЖОКБҰ-ның мөрімен бекітілген актіні күнтізбелік үш күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға тапсырады.
Босаған білім беру гранттарын республикалық комиссия осы Қағидалардың 20 және 21-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде береді.
ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру гранттарынан бас тартқан тұлғалар куәліктерінің білім беру саласындағы уәкілетті органға уақтылы қайтарылуына жауапты болады.
4-тарау. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде "бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібі
24. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
Конкурс үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік беріле отырып өткізіледі.
Ашық конкурс туралы хабарландыру кадрларды даярлау бағыттары мен курстары бөлінісінде бос білім беру гранттарының саны көрсетіліп, ЖЖОКБҰ-ның сайтында (білім беру порталында) орналастырылады.
Үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), одан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") дейінгі бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ақылы негізде білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;
2) келіп түскен өтініштер ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің отырысында қаралады;
3) ЖЖОКБҰ ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі негізінде тиісінше ағымдағы жылғы 5 тамызға және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде бос білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім қабылдау үшін жолдайды.
Тізімге білім алушының өтінішінің көшірмесі, ғылыми (академиялық) кеңестің және (немесе) байқау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімдері, білім алушының транскриптінен үзінді, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) қоса беріледі;
4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберілген бос білім беру гранттарын комиссия үміткерлердің болмауына байланысты конкурстық негізде қайта тағайындайды;
5) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және ЖЖОКБҰ ұсынған бос білім беру гранттары үміткерлер болмағанда білім беру саласындағы уәкілетті органның сайтында жарияланады;
6) конкурс білім беру бағдарламаларының топтары, курс бөлінісінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттар ұсынған басқа ЖЖОКБҰ-да ақылы негізде білім алушылар арасында өткізіледі;
7) білім беру саласындағы уәкілетті орган келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламаларының топтары, оқуға түскен жылын ескере отырып, оқу нысаны мен мерзімі бөлінісінде қарайды және оң шешім шығарған жағдайда босаған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады (білім беру бағдарламаларының топтары бойынша үміткерлер болмаған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранты даярлық бағытының ішінде немесе білім беру саласында қайта бөлінеді);
8) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде ҰТО білім беру грантын беру туралы куәлікті ресімдейді және деректерді үш жұмыс күні ішінде тиісті ЖЖОКБҰ-ға жібереді;
9) білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде ЖЖОКБҰ-ның басшысы одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға бұйрық шығарады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 08.06.2020 № 362 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.25. ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған, пайдаланылмаған бос білім беру гранттары куәліктерінің білім беру саласындағы уәкілетті органға уақтылы қайтарылуына жауапты болады.
5-тарау. "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру тәртібі
26. "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты (бұдан әрі – ЖАО білім беру гранттары) тиісті облыс және (немесе) республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен құрылатын ЖАО конкурстық комиссиясы өткізеді.
27. ЖАО білім беру гранттары өңірдің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі есебімен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсушілер өтініш білдірген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сай білім беру гранттарын беру туралы куәлік берумен қоса ҰБТ және КТ сертификаттарының балдарына сәйкес беріледі.
28. ЖАО білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына жоғары білім алуға ақы төлеу үшін 5-10 тамыз аралығында 7-10-тармақтарға сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін 24-25 тамыз аралығында 22-тармаққа сәйкес құжаттарды тапсырады.
ЖАО білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурс осы Қағидалардың 13-16, 21 және 23-тармақтарында көзделген тәртіппен өткізіледі.
29. ЖАО комиссиясы шешімінің негізінде тиісті облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің немесе әкім орынбасарының бұйрығы шығарылады және оқуға түсушілерге ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік беріледі.
ЖАО білім беру гранттары иегерлерінің тізімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарда жарияланады.
30. ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәліктің негізінде ЖЖОКБҰ-ның басшысы ЖАО білім беру гранты бойынша оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарады.
ЖАО білім беру гранты иегерімен "ЖАО-студент-ЖЖОКБҰ" үш жақты шарт жасалады.
Грант иегері ЖАО білім беру грантынан бас тартқан жағдайда ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік жойылады, білім беру гранты осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен конкурстық негізде беріледі.
ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлік қайтарылмаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы күнді және ЖАО білім беру грантынан бас тартқан тұлғаның деректерін көрсете отырып, оның күшін жою туралы акт жасайды және ЖЖОКБҰ-ның мөрімен бекітілген актіні күнтізбелік үш күн ішінде ЖАО-ға тапсырады.
ЖАО білім беру гранттарын беру туралы куәлікті азаматтардың конкурсқа қатысу үшін тапсырған құжаттарымен бірге 25 тамыздан кешіктірмей береді.
31. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған ЖАО білім беру гранттарын беруді жазғы және қысқы демалыс кезінде осы Қағидалардың 24 және 25-тармақтарында көзделген тәртіппен конкурстық негізде бос орындарға беруді ЖАО комиссиясы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Мемлекеттік білім гранты туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 52, 512-құжат);
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 27 мамырдағы N 807 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 24, 206-құжат);
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 қарашадағы N 1781 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 қарашадағы N 1517 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 40, 522-құжат);
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 20, 214-құжат).