Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 мамырдағы N 509 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 772 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2023 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 58 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 2, 24-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру грантын беру ережесінде:

      5-тармақта "кезектілігіне сай" деген сөздерден кейін "ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов