Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2023 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінде:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институтының өкілдері, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) басшылары санынан қалыптасады.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |