Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы N 891 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 89 бұйрығын қараңыз.

      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                             2007 жылғы 3 қазандағы
                                                N 891 қаулысымен
                                                   бекітілген 

Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын
мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық
ресурстардың тізбесі*

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.12.30 № 2305 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2012.05.29 № 698 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 29.12.2014 № 1386 қаулыларымен.

Р/с

Параметрі

Өлшемдері

1

2

3

1

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба

2

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

1. Почталық мекен-жайы
2. Электрондық почтаның мекен-жайы
3. Анықтамалық қызметтердің телефондары
4. Өкілеттіктерінің сипаттамасы
5. Өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын анықтайтын заңдардың, нормативтік актілердің тізбесі
6. Мемлекеттік органның символикасы (олар бар болған кезде)
7. Мемлекеттік органның құрылғаны туралы тарихи анықтама

3

Құрылымы

1. Міндеттері мен функциялары
2. Құрылымдық бөлімшелердің тізбесі
3. Кіші ведомстволық ұйымдардың тізбесі
4. Ведомстволық бағынысты ұйымдардың почталық мекен-жайы, электрондық почтаның мекен-жайы, анықтамалық қызмет телефондары (көрсетілген ұйымдар бар болған кезде)
5. Бірінші басшылар туралы мәліметтер
6. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары туралы мәліметтер
7. Аумақтық органдардың тізбесі (олар бар болған кезде), аумақтық органдардың міндеттері мен функциялары, аумақтық органдардың почталық мекен-жайы, электрондық почтасының мекен-жайы, анықтамалық қызмет телефондары, аумақтық органдардың басшылары туралы мәліметтер

4

Ақпараттық қолдау

1. Мемлекеттік органның қарамағындағы жалпы пайдаланымдағы ақпараттық жүйелердің, деректер банкінің, тізілімдердің, тіркелімдердің тізбелері. Азаматтар мен ұйымдарға ұсынылатын ақпараттық ресурстар мен қызметтердің тізбесі.
2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жоспарларын іске асыру және ақпараттық жүйелерді әзірлеу туралы ақпарат.

5

Статистикалық ақпарат

Органның құзыретіне қатысты бөлігінде саланы дамытудың жай-күйі мен серпінін сипаттайтын статистикалық деректер мен көрсеткіштер

6

Талдамалық ақпарат

Мемлекеттік органның
қызметі туралы ақпараттық
сипаттағы талдамалық
баяндамалар мен шолулар

7

Мемлекеттік органның норма жасау қызметі

1. Мемлекеттік орган қабылдаған нормативтік құқықтық актілер
2. Заңнамалық және заңға тәуелді актілер жобаларының мәтіндері
3. Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарының мәтіндері (тек Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін)

8

Жұмыс тәртібі

1. Мемлекеттік органның рұқсат беру іс-әрекеттерін (лицензиялау, аккредиттеу, тіркеу және басқалары) жүзеге асыру тәртібі
2. Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес орган қарауға қабылдайтын өтініш құжаттарының нысандары

9

Мемлекеттік органның қызметі

1. Мақсатты бағдарламалар мен тұжырымдамалардың жобалары туралы мәліметтер
2. Басшылар мен басшылар орынбасарларының ресми сөйлеген сөздері мен мәлімдемелерінің мәтіндері

10

Конкурстар, тендерлер және басқаларын өткізу

1. Ашық конкурстар,
аукциондар, тендерлер,
сараптамалар және басқа
да іс-шаралар туралы
мәліметтер және оларды
өткізу шарттары
2. Оларға заңды және
жеке тұлғалардың қатысу
тәртібі

11

Халықпен жұмыс

1. Мемлекеттік органның
азаматтарды қабылдау
және олардың өтінішін
қарау тәртібі
2. Құзыретіне азаматтарды
қабылдауды ұйымдастыру
және азаматтар мен
ұйымдардың өтінішін
қарауды қамтамасыз ету
кіретін бөлімше
басшысының немесе өзге
лауазымды адамның тегі,
аты және әкесінің аты
3. Мемлекеттік органның
қызметі туралы ауызша
нысанда ақпарат беретін
құрылымдық бөлімшелердің
атауы, лауазымды адамның
тегі, аты және әкесінің
аты
4. Азаматтарды қабылдау
және олардың өтініштерін
қарау мәселелері бойынша
азаматтарға ақпарат алуға
мүмкіндік беретін
байланыс телефондары,
азаматтарды қабылдау
жүргізілетін мекен-жай,
қабылдау уақыты,
сондай-ақ қабылдауға
жазылу тәртібі
5. Азаматтар мен
ұйымдардың мемлекеттік
органға өтініштеріне
шолулар, мұндай
өтініштерді қарау
нәтижелері туралы және
қабылданған шаралар
туралы қорытылған ақпарат

12

Кадрлық  қамтамасыз ету

1. Азаматтардың мемлекет-
тік қызметке кіру
тәртібі, мемлекеттік
қызметтің бос лауазымдары
туралы мәліметтер
2. Мемлекеттік қызметтің
бос лауазымдарына
орналасуға кандидаттарға
қойылатын біліктілік
талаптары
3. Бос лауазымдарды
атқаруға қатысты ақпарат
алуға болатын
телефондардың нөмірі

13

Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.05.29 № 698 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

14

Қоғамдық маңызды өлшемдер

1. Сұрақ-жауап сервисінің
болуы
2. Жаңалыққа жазылу
мүмкіншілігі
3. Мемлекеттік, орыс және
ағылшын тілдерінде
негізгі бөлімдердің болуы
4. Интерактивті сұрақтар
5. Жаңалықтар таспасы
6. Жаңалықтар мұрағаты

      *Қол жетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды интернет-ресурстарда орналастыруға тыйым салынады