Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және "Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 698 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 мамырда № 18-02/434 бұйрығын қараңыз.


      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабының 24-8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 29 мамырдағы
№ 700 қаулысымен  
бекітілген     

Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді және жануарларды интродукциялау мен реинтродукциялау (бұдан әрі – жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау) тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізі ұғымдар пайдаланылады:
      1) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі;
      2) уәкілетті органның ведомстволары – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (балық ресурстарынан және өзге су жануарларынан басқа жануарлар дүниесінің объектілері) мен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (балық ресурстары және басқа су жануарлары);
      3) аумақтық бөлімше – Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері;
      4) жануарларды интродукциялау – жануарлар түрлерi дарақтарын олардың таралу аймағынан (таралу аясынан) тысқары, бұл түрлер бұрын мекендемеген, олар үшiн жаңа орындарға әдейi тарату немесе олардың кездейсоқ таралуы;
      5) жануарларды реинтродукциялау – жануарлар түрлерi дарақтарын бұрынғы мекендеу орталарына әдейi ауыстыру;
      6) өтініш беруші – жануарды интродукциялауға немесе реинтродукциялауға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.10.2013 N 1102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау тәртібі

      3. Жануарлар түрлері дарақтарының:
      1) санын көбейту;
      2) жергілікті фаунаға жануардың жаңа түрін енгізу;
      3) пайдалы қасиеттерін пайдалану мақсатында жануарларды таралу аймақтарынан тысқары олар үшін жаңа мекендеу орындарына әдейі тарату немесе кездейсоқ таралу қажеттігі интродукция үшін негіз болып табылады.
      4. Жануарлар түрлерінің дарақтарын:
      1) бұрын мекендеген түрлерді қайтару;
      2) санын қалпына келтіру;
      3) өнімділігін жақсарту мақсатында оларды бұрынғы мекендеу орындарына әдейі көшіру қажеттігі реинтродукция үшін негіз болып табылады.
      5. Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар түрлерiн интродукциялауға және реинтродукциялауға биологиялық негiздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес және уәкiлеттi органның ұсынымы негiзiнде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша жол берiледi.
      Жануарларды есепке алу мен мониторингілеудің негізінде уәкілетті органының ұсынысы бойынша ғылыми ұйым сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды интродукциялауға және (немесе) реинтродукциялауға биологиялық негіздеме әзірлейді, ол мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберіледі.
      Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарларды интродукциялауға және (немесе) реинтродукциялауға тиісті шешімнің жобасын енгізеді.
      6. Сирек кездесетiндерiн және құрып кету қаупi төнгендерiн қоспағанда, жануарларды интродукциялауға және реинтродукциялауға биологиялық негiздеме мен мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысына сәйкес уәкiлеттi органның рұқсаттары бойынша ғана жол берiледi.
      Өтініш беруші жануарларды интродукциялауға және реинтродукциялауға уәкілетті органның тиісті ведомствосына өтінім береді. Рұқсат алғаннан кейін өтініш беруші осы Қағидаларға сәйкес жануарларды интродукциялауды және реинтродукциялауды жүзеге асырады.
      7. Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау жануарлардың саулығына барынша қамқорлық жасалып, арнайы торларда, контейнерлерде және резервуарларда көлік құралымен (бұдан әрі – тасымал құралы) тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
      8. Жануарларды тасымалдау, тиеу және түсіру кезінде:
      1) жануарларға зиян келтіруге және қақпақтардың өздігінен ашылып кетуіне жол бермейтін қауіпсіздік шаралары;
      2) ветеринарлық іс-шаралар;
      3) желдету, жем-шөп және ішетін су;
      4) жануарларды тасымалдау кезінде ауру немесе жаралы жануарларды оқшаулау, қажет болған жағдайда алғашқы көмек көрсету қамтамасыз етіледі.
      9. Аумақтық бөлімшенің бұйрығымен құрамына аумақтық бөлімшенің, ветеринариялық қызметтің қызметкерлері және өтініш беруші енгізілетін жануарларды қабылдау және табиғи ортаға босату жөніндегі комиссия құрылады.
      10. Жануарлар нысаналы жерге әкелінген соң комиссия осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды қабылдау (босату) актісін жасайды.
      11. Бейімделу және карантин мақсатында өтініш беруші босатылатын жерге келген соң биологиялық негіздемеге сәйкес түріне, жасына және табиғи жай-күйіне байланысты жануарларды күтіп-баптау талаптарына сай келетін торларда, қоршауларда және басқа үй-жайларда жануарларды ұстай тұруды жүзеге асырады. Бейімдегеннен кейін комиссия олардың табиғи жай-күйі көрсетілген осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды босату актісін жасайды.
      12. Аумақтық бөлімшелер жануарлардың жай-күйін және интродукциялау мен реинтродукциялау мақсаттарына қол жеткізілуін есепке алу мен мониторингілеуді жүзеге асырады.

Жануарларды интродукциялау
және реинтродукциялау   
қағидаларына       
1-қосымша         

Жануарларды қабылдау (босату)
АКТІСІ

      20 ж. « »                             _________________________
                                                (толтырылған жер)

      Мына құрамдағы комиссия:

      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, ветеринариялық қызметтің өкілдері және өтініш беруші:
_________________________________________________________________
                     (Т.А.Ә., лауазымы)

      Мына жануарларды қабылдап (босатып) алдық:

Жануар
түрі

Саны

Жынысы

Жануардың
табиғи жай-күйі

еркегі

ұрғашысы

төлі



















Қосымша мәліметтер: ______________________________________________
__________________________________________________________________
Акт үш данада жасалды.

Қолдары:

      1. _______________
      2. _______________
      3. _______________

Жануарларды интродукциялау
және реинтродукциялау 
қағидаларына     
2-қосымша      

Жануарды қолда ұстағаннан кейін босату
АКТІСІ

      20 ж. « »                                  ___________________
                                                  (толтырылған жер)

      Мына құрамдағы комиссия:

      Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, ветеринариялық қызметтің өкілдері және өтініш беруші:

____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы)

      Мына жануарларды қабылдап (босатып) алдық:

Жануар
түрі

Саны

Жынысы

Жануардың
табиғи жай-күйі

еркегі

ұрғашысы

төлі



















Қосымша мәліметтер: ______________________________________________
__________________________________________________________________
      Акт үш данада жасалды.

      Қолдары:

      1. _______________
      2. _______________
      3. _______________