Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы N 725 Қаулысы

Жаңартылған

      Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия (бұдан әpi - Комиссия) құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссияның құрамы;
      2) Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 21 тамыздағы
N 725 қаулысына   
қосымша       

Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.30 N 598 Қаулысымен.

Мәсімов                - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы        министрі, төраға

Мыңбаев                - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы      министрі, төрағаның орынбасары

Толымбаев              - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Берік Зиябекұлы          вице-министрі, хатшы

Исекешев               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Әсет Өрентайұлы          орынбасары - Қазақстан Республикасының
                         Индустрия және жаңа технологиялар министрі

Әбдіқалықова           - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты
Гүлшара Наушақызы        әлеуметтік қорғау министрі

Әшім                   - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрғали Сәдуақасұлы      қорғау министрі

Жәмішев                - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Жұмағұлов              - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы       министрі

Камалиев               - Қазақстан Республикасының Көлік және
Берік Сайлауұлы          коммуникация министрі

Келімбетов             - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Қайрат Нематұлы          және сауда министрі

Қайырбекова            - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы        министрі

Түсіпбеков             - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Рашид Төлеутайұлы

Сұлтанов               - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бақыт Тұрлыханұлы        көмекшісі (келісім бойынша)

Алдабергенов           - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
Нұрлан Шәдібекұлы        реттеу агенттігінің төрағасы

Өзібеков               - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Өмірзақ Өзібекұлы        басқару агенттігінің төрағасы

Көшербаев              - Маңғыстау облысының әкімі
Қырымбек Елеуұлы

Рысқалиев              - Атырау облысының әкімі
Бергей Сәулебайұлы

Құлыбаев               - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Тимур Асқарұлы           акционерлік қоғамының басқарма төрағасы,
                         «KazEnergy» мұнай-газ және энергетика кешені
                         ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының
                         төрағасы (келісім бойынша)

Қабылдин               - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік
Қайыргелді Мақсұтұлы     қоғамының Басқарма төрағасы (келісім
                         бойынша)

Қажиев                 - «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі
Бақытжан Төлеуқажыұлы    қазақстандық компания» акционерлік қоғамының
                         Басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Әбілғазин              - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры»
Данияр Рүстемұлы         акционерлік қоғамының атқарушы директоры
                         (келісім бойынша)

Айдарбаев              - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік
Алик Серікұлы            қоғамының барлау және өндіру жөніндегі
                         басқарушы директоры (келісім бойынша)

Өпішев                 - «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының
Ерлан Елемесұлы          Басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 21 тамыздағы
N 725 қаулысымен 
бекітілді    

Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әpi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      3. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика
саласын теңдестірілген дамытудың басым бағыттары;
      2) мұнай-газ және энергетика саласын дамытудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және өзге де аспектілері;
      3) мұнай-газ және энергетика салаларын тұрақты дамытуға инвестициялар мен технологиялар тарту;
      4) мұнай-газ және энергетика саласын дамыту стратегиясын және стратегиялық мәнi бар жобаларды icкe асыруға жауапты мемлекеттік басқару органдарының және ұйымдардың ic-әрекеттерін үйлестіру;
      5) мұнай компанияларының, мұнай-газ өндіретін және мұнай-газ өңдейтін ұйымдардың қолданыстағы заңнаманы орындауы;
      6) елдің мұнай-газ және энергетика салаларының бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау;
      7) елдің мұнай-газ және энергетика салаларының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған заңнаманың мәселелері;
      8) конкурсқа шығарылуға тиіс блоктардың тізбесі, оның ішінде:
      жасалуға (дамытылуға) тиіс жағалаулық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін айқындау;
      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктері жасауға (дамытуға) тиіс жағалаулық инфрақұрылымға байланысты әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін және оларды дамыту мерзімдерін айқындау;
      9) жағалаулық инфрақұрылым объектілері мен тауарлармен және қызметтермен жасалатын теңіздегі мұнай операцияларын қамтамасыз ететін жаңа өндірістер құру кезінде қазақстандық қамтуды, оның ішінде:
      жасалуға (дамытылуға) тиіс жағалаулық инфрақұрылым объектілерінің конкурс жеңімпазының немесе ұлттық компанияның стратегиялық әріптесінің міндеттемелерімен өзара байланысын;
      құзыретті органмен келісімшарттар жасасқан мердігерлер бюджеттерінің жағалаулық инфрақұрылым объектілерін жасау немесе қолданыстағыларын дамыту қажеттілігіне өзара байланысын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.23 № 117 Қаулысымен.

3. Комиссияның құқықтары

      4. Комиссия белгіленген тәртіппен және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
      1) Қазақстан Республикасының Yкіметінe мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту, Комиссияның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, мұнай-газ және энергетика салаларының басым жобаларын, осы жобалар бойынша келіссөздер жүргізу стратегиясын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге;
      2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін жұмыс топтарын қалыптастыруға;
      3) мұнай-газ және энергетика саласы жобаларын іске асырудың экономикалық, саяси, экологиялық, және әлеуметтік acпeктiлepiн бағалау, Қазақстан Республикасының стратегиялық мүдделеріне жауап беретін басым жобаларды әзірлеу және таңдау бойынша ұсыныстар енгізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарын тартуға;
      4) мемлекеттік органдардан, ведомстволардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажеттік ақпаратты сұратуға;
      5) салалық, қауымдастықтардың, мүдделі мұнай-газ және энергетикалық компаниялар мен инвесторлардың мұнай-газ және энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі ұсыныстары мен пікірлерін тыңдауға құқылы;
      6) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтары бар.

4. Комиссия қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және шешімдердің icкe асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке және Комиссия әзірлеген шешімдерге дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
      6. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне жүктеледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.31 N 1488 Қаулысымен.
      7. Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      8. Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды,
қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыс өткізілгеннен кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
      9. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
      10. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.
      11. Комиссия отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ бір тоқсанда бip рет қана өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екici қатысса заңды болып саналады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.02.23 № 117 Қаулысымен.
      12. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерін, жалпы санының, қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия мүшелерінің жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс ерекше пікірлерін білдіруге құқығы бар.
      13. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.
      14. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша, оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.

5. Комиссияның қызметін тоқтату

      15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссия қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2007 жылғы 21 тамыздағы
N 725 қаулысына 
қосымша      

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысы.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 сәуірдегі N 438 қаулысы.
      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1213 қаулысы.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 29 қаңтардағы N 22-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 1180 қаулысы.
      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1278 қаулысы.