Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия (бұдан әpi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 тамыздағы
N 725 қаулысына
қосымша
Ескерту. Құрамға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 971 Қаулысымен.
Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Мыңбаев - Қазақстан Республикасының Энергетика
Сауат Мұхаметбайұлы және минералдық ресурстар министрі,
төрағаның орынбасары
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Оралұлы және минералдық ресурстар
вице-министрі, хатшы
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Экономика
Бақыт Тұрлыханұлы және бюджеттік жоспарлау министрі
Берлібаев - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Данияр Әмірбайұлы акционерлік қоғамының вице-президенті
(келісім бойынша)
Бүркітбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Серік Мінуарұлы көмекшісі (келісім бойынша)
Сәтқалиев - "КЕGОС" акционерлік қоғамының
Алмасадам Майданұлы президенті (келісім бойынша)
Ахметов - Қазақстан Республикасының
Cepiк Нығметұлы Көлік және коммуникация
министрі
Ысқақов - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Әбділдаұлы Қоршаған ортаны қорғау
министрі
Коржова - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна Қаржы министрі
Шабдарбаев - Қазақстан Республикасы
Амангелді Смағұлұлы Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
(келісім бойынша)
Сағынтаев - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Әбдірұлы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің төрағасы
Бекетаев - Қазақстан Республикасының
Марат Бақытжанұлы Әділет вице-министрі
Бишімбаев - Қазақстан Республикасының
Қуандық Уәлиханұлы Индустрия және сауда
вице-министрі
Ерғожин - Қазақстан Республикасының
Дәулет Еділұлы Қаржы вице-министрі
Қуанғанов - Қазақстан Республикасының
Фархат Шаймұратұлы Білім және ғылым
вице-министрі
Сапарбаев - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Бердібек Машбекұлы халықты әлеуметтік қорғау министрі
Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің төрағасы,
Бас мемлекеттік санитарлық
дәрігер
Құлыбаев - "КаzЕnеrgу" Қазақстан мұнай-газ және
Тимур Асқарұлы энергетика кешені ұйымдары
қауымдастығының төрағасы (келісім
бойынша)
Қарабалин - "Қазмұнайгаз" ұлттық
Ұзақбай Сүлейменұлы компаниясы" акционерлік
қоғамының президенті
Бозымбаев - "Самұрық" мемлекеттік активтерді
Қанат Алдабергенұлы басқару жөніндегі қазақстандық
холдингі" акционерлік қоғамы
басқармасының төрағасы (келісім
бойынша)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 21 тамыздағы
N 725 қаулысымен
бекітілді
Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әpi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін , сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) Қазақстан Республикасының мұнай-газ және энергетика
саласын теңдестірілген дамытудың басым бағыттары;
2) мұнай-газ және энергетика саласын дамытудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және өзге де аспектілері;
3) мұнай-газ және энергетика салаларын тұрақты дамытуға инвестициялар мен технологиялар тарту;
4) мұнай-газ және энергетика саласын дамыту стратегиясын және стратегиялық мәнi бар жобаларды icкe асыруға жауапты мемлекеттік басқару органдарының және ұйымдардың ic-әрекеттерін үйлестіру;
5) мұнай компанияларының, мұнай-газ өндіретін және мұнай-газ өңдейтін ұйымдардың қолданыстағы заңнаманы орындауы;
6) елдің мұнай-газ және энергетика салаларының бәсекелестікке қабілеттілігін бағалау;
7
) елдің мұнай-газ және энергетика салаларының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған заңнаманың мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Комиссия белгіленген тәртіппен және өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының Yкіметінe мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту, Комиссияның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, мұнай-газ және энергетика салаларының басым жобаларын, осы жобалар бойынша келіссөздер жүргізу стратегиясын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін жұмыс топтарын қалыптастыруға;
3) мұнай-газ және энергетика саласы жобаларын іске асырудың экономикалық, саяси, экологиялық, және әлеуметтік acпeктiлepiн бағалау, Қазақстан Республикасының стратегиялық мүдделеріне жауап беретін басым жобаларды әзірлеу және таңдау бойынша ұсыныстар енгізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттарын тартуға;
4) мемлекеттік органдардан, ведомстволардан және ұйымдардан Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажеттік ақпаратты сұратуға;
5) салалық, қауымдастықтардың, мүдделі мұнай-газ және энергетикалық компаниялар мен инвесторлардың мұнай-газ және энергетика саласын дамыту мәселелері жөніндегі ұсыныстары мен пікірлерін тыңдауға құқылы;
6) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтары бар.
4. Комиссия қызметін ұйымдастыру
5. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және шешімдердің icкe асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке және Комиссия әзірлеген шешімдерге дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
6. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне жүктеледі.
7. Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
8. Комиссия отырыстарының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды,
қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және отырыс өткізілгеннен кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
9. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
10. Комиссияның жұмыс отырыстарының материалдары төрағамен келісілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияның әрбір мүшесіне жеткізіледі.
11. Комиссия отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ жарты жылда бip рет қана өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екici қатысса заңды болып саналады.
12. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерін, жалпы санының, қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Комиссия мүшелерінің жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс ерекше пікірлерін білдіруге құқығы бар.
13. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.
14. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша, оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссия қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»21 тамыздағы
N 725 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысы .
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 сәуірдегі N 438 қаулысы .
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы N 1213 қаулысы .
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 29 қаңтардағы N 22-ө өкімінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 желтоқсандағы N 1180 қаулысы .
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1278 қаулысы .