Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы N 725 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 қарашадағы N 1686 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Тоқаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Қасымжомарт Кемелұлы істер министрі
Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы министрі
Келімбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттік жоспарлау министрі
Балиева - Қазақстан Республикасының Әділет
Зағипа Яхияқызы министрі
Мамин - Қазақстан Республикасының Көлік және
Асқар Ұзақбайұлы коммуникация министрі
Самақова - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Айткүл Байғазықызы ортаны қорғау министрі
Құлмаханов - Қазақстан Республикасының Төтенше
Шалбай Құлмаханұлы жағдайлар министрі
Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия
Иван Михайлович және сауда бірінші вице-министрі
Сағынтаев - Қазақстан Республикасының Табиғи
Бақытжан Әбдірұлы монополияларды реттеу агенттігінің
төрағасы
Дүтбаев - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Нартай Нұртайұлы қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
(келісім бойынша);
мынадай:
"Қабылдин Қайыргелді Мақсұтұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының басқарушы директоры, атқарушы хатшы (келісім бойынша)",
"Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша)"
деген жолдардағы "жабық" деген сөз алынып тасталсын;
көрсетілген құрамнан Тимур Асқарұлы Құлыбаев, Қайрат Қуатұлы Әбусейітов, Нұрлан Құсайынұлы Рахметов, Қайрат Медібайұлы Әйтекенов, Нұрлан Әбділдаұлы Ысқақов, Жақып Қажыманұлы Асанов, Ораз Әлиұлы Жандосов, Нұрғали Дәулетбекұлы Білісбеков, Юрий Иванович Лавриненко, Нұрахмет Құсайынұлы Бижанов, Бауыржан Түйтеұлы Әбдешев, Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді, Мақсат Бағытұлы Иденов, Бауыржан Ысқақұлы Елубаев шығарылсын;
3-тармақтың күші жойылды деп танылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Экспорттық мұнай-газ құбырлары мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
5-тармақтағы "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау жөніндегі компаниясы" жабық акционерлік қоғамы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Қазақстан Республикасының отын-энергетика секторын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 29 қаңтардағы N 22-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі