Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 117 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2017 жылғы 9 маусымдағы № 357 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.06.2017 № 357 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      3-тармақтың 7) тармақшасындағы "мәселелері" деген сөзден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8) конкурсқа шығарылуға тиіс блоктардың тізбесі, оның ішінде:

      жасалуға (дамытылуға) тиіс жағалаулық инфрақұрылым объектілерінің тізбесін айқындау;

      тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдіктері жасауға (дамытуға) тиіс жағалаулық инфрақұрылымға байланысты әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін және оларды дамыту мерзімдерін айқындау;

      9) жағалаулық инфрақұрылым объектілері мен тауарлармен және қызметтермен жасалатын теңіздегі мұнай операцияларын қамтамасыз ететін жаңа өндірістер құру кезінде қазақстандық қамтуды, оның ішінде:

      жасалуға (дамытылуға) тиіс жағалаулық инфрақұрылым объектілерінің конкурс жеңімпазының немесе ұлттық компанияның стратегиялық әріптесінің міндеттемелерімен өзара байланысын;

      құзыретті органмен келісімшарттар жасасқан мердігерлер бюджеттерінің жағалаулық инфрақұрылым объектілерін жасау немесе қолданыстағыларын дамыту қажеттілігіне өзара байланысын дамыту";

      11-тармақтағы "жарты жылда" деген сөздер "бір тоқсанда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов