"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11
қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын,
суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу,
жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі
қызметті лицензиялау ережесі ;
2) Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, сатып алу жөніндегі
қызметті лицензиялау ережесі ;
3) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын,
суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу,
жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі
қызметке қойылатын біліктілік талаптары ;
4) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, сатып алу жөніндегі
қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау
жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру
жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 2000 ж., N 32-33, 399-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы
қару және оның патрондары айналымының ережесінде:
2, 10, 11, 12-тараулар, 11 және 12-қосымшалар алынып тасталсын.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға байланысты қызметті лицензиялау жөніндегі біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 787 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 240-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 шілдедегі N 787 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қаңтардағы N 57 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 2, 29-құжат);
3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы N 662 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 27, 341-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 13 тамыздағы
N 692 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Осы ереже "Лицензия туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді әрі азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялаудың
тәртібін белгілейді.
2. Қызметтің осы түрлерін лицензиялауды Ішкі істер министрлігі
және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
3. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті тұлға қол қояды және лицензиардың мөрімен расталады.
4. Лицензия иеліктен алынбайтын және лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайтын болып табылады.
5. Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде лицензиат заңнамада белгіленген тәртіппен оларды сақтауға және пайдалауға рұқсат алады.
6. Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеуге, жасауға, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға лицензия алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) қызметтің осы түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
Лицензиар лицензияны алуға өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беруі туралы сауал жібереді.
7. Санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі органдары лицензиардың сауалының негізінде жиырма бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және тиісті лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды жібереді.
8. Лицензиарға лицензия беру үшін ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгімен өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
9. Қару мен оның патрондарын әзірлеуді, жасауды, жөндеуді, сатуды, коллекциялауды, экспонаттауды жүзеге асыруға арналған лицензия мерзімі шектелмей берілетін бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Лицензиярлар бірыңғай технологиялық кешенді ескере отырып, қызметтің бірнеше түрлеріне, сондай-ақ жекелеген түрлеріне де беріледі.
10. Қару мен патронды жасауға (зерттеуге, әзірлеуге, сынауға, дайындауға, сондай-ақ көркем өңдеуге, жөндеуге, жинауға, қайта жасауға және жоюға), патрондар мен олардың құрамдас бөліктерін дайындауға лицензиясы бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.
11. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатуға арналған лицензия осы мақсаттар үшін арнайы құрылған ұйымдарға беріледі.
12. Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға арналған лицензия 1-қосымшаға сәйкес 12 ай мерзімге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
13. Қару сатып алуға арналған лицензия мыналарға беріледі:
1) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеуге, жасауға, жөндеуге, сатуға, коллекциялауға, экспонаттауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға;
2) Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелерін қоспағанда, күзет қызметімен айналысуға арналған лицензиясы бар субъектілерге;
3) лауазымды тұлғаларына қызметтік қаруды (тапаншаларды, револьверлерді) сақтау және алып жүру құқығы берілген мемлекеттік органдарға;
4) ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғаларға;
5) спорттық ұйымдарға.
14. Қызметтік қаруды сатып алуға арналған лицензияны бірінші рет ресімдеуші өтініш беруші аумақтылығы бойынша Астана және Алматы қалаларының ішкі істер департаменттеріне, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттеріне (бұдан әрі - Астана және Алматы қалаларының ІІД, облыстардың және көліктегі ІІД) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) қызметтің осы түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
15. Қайта өтініш білдіргенде өтініш беруші осы Ереженің 14-тармағының 1), 6), 7) тармақшаларында көзделген құжаттардың көшірмелерін ұсынады.
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе қайта тіркелген, қару сатып алуға және сақтауға жауапты адам ауысқан кезде өтініш беруші осы Ереженің 14-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
16. Лауазымды тұлғаларына қызметтік қаруды (тапаншалар, револьверлер) сақтау және алып жүру құқығы берілген орталық мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің қызметтік қаруын сатып алуға арналған лицензияны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) береді.
Лауазымды тұлғаларына қызметтік қаруды (тапаншалар, револьверлер) сақтау және алып жүру құқығы берілген өзге де мемлекеттік органдардың қызметтік қаруды сатып алуға арналған лицензияны осы Ереженің 14-тармағының 1), 6), 7) тармақшаларының талаптарына сәйкес заңды тұлғаның тіркелген жері бойынша Астана және Алматы қалаларының ІІД, облыстардың және көліктегі ІІД береді.
17. Спорттық қаруды сатып алуға арналған лицензияны осы Ереженің 14-тармағының 1), 2), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарына сәйкес спорттық ұйымның тіркелген жері бойынша Астана және Алматы қалаларының ІІД, облыстардың және көліктегі ІІД береді.
18. Қару сатуды жүзеге асыратын ұйымдарға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға арналған лицензияны Астана және Алматы қалаларының ІІД, облыстардың ІІД олардың тіркелген жері бойынша қару мен оның патрондарын жеткізуге жасасқан нақты шарттың (келісім-шарттың) спецификациясымен қоса береді және басқа шарт (келісім-шарт) бойынша іс-әрекет жасаған кезде пайдаланылмайды.
Жарақаттайтын қару мен оның патрондарын сатып алуға арналған лицензия адамға әсер ететін зақым келтіру факторларының жол берілетін белгіленген нормаларына қарудың осы түрі мен оның патрондарының сәйкестігі туралы уәкілетті орган растағаннан кейін беріледі.
19. Ерекше жарғылық міндеттері бар заңды тұлғалар, күзет қызметі субъектілері, спорттық ұйымдар қызметтік және азаматтық қаруды 2-қосымшаға сәйкес қару мен оның патрондарының қолда бар және қажетті саны туралы мәліметтерді келіскеннен кейін және ішкі істер органдарынан тиісті лицензия алғаннан кейін "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы N 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару және олардың айналымы ережесінің 2, 3, 4, 4-1 (құпия), 4-2 (құпия), 6, 7, 7-1, 7-2, 8, 9, 10, 10-1, 10-2, 10-3 (құпия), 10-4-қосымшаларында көрсетілген қарудың түрлеріне, типтеріне, модельдеріне және санына сәйкес сатып алады.
20. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде береді не лицензияны беруден бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
21. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны беруден бас тарту себебі туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда, осы Ережеде лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды қызметтің өзі өтініш берген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
22. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия береді.
23. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген (қайта ресімделген) кезде алынады.
24. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді .
25. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс етілмеген жағдай лицензия беруден бас тартылуы мүмкін. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;
3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайларда лицензия беруден бас тартылады.
26. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда лицензиар өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде дәлелді жауап қайтарады.
27. Егер лицензия осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымданады.
28. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған, бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы.
Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш лицензияның жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттармен қоса берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және оған оң жақ бұрышында "Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын береді.
29. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызмет түрінің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.
30. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;
2) жүзеге асыруына лицензия берген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензиядан айырғанда;
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
5) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
6) лицензияланатындардың тізбесінен жекелеген қызмет түрі алынып тасталғанда тоқтатылады.
31. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтарады.
32. Лицензияның қолданылуын тоқтату, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
33. Осы Ереженің негізінде заңды және жеке тұлғаларға берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізу үшін лицензиялар белгіленген үлгідегі лицензиялар бланкілерін береді, олар қатаң есептегі құжаттар болып табылады.
Бланкілерді есепке алу лицензиялар тізілімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Лицензиялар тізілімінде "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 8-бабының 5-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіледі.
Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның
патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы
мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу,
сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау
жөніндегі қызметті лицензиялау ережесіне
1-қосымша
Қазақстан |
Қазақстан |
Қазақстан |
___________________ ___________________ М.О. Бастық_____________ Ескертпе. Лицензия берген ішкі істер органында қалады. |
___________________ ____________________ М.О. Бастық______________ Ескертпе. Сатып |
____________________ ____________________ М.О. Бастық______________ Ескертпе. Сататын |
Қару түрі |
жүйесі |
калибрі |
нөмірі |
шығарылған |
дайындаушы |
20__ ж. "___"________ |
кестенің жалғасы
Қару түрі |
жүйесі |
калибрі |
нөмірі |
шығарылған |
дайындаушы |
20__ ж. "___"________ |
Азаматтық және қызметтік атыс қаруын
және оның патрондарын, суық қаруды,
газды қаруды, және оның патрондарын
әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу,
коллекциялау, экспонаттау жөніндегі
лицензиялау ережесіне
2-қосымша
Келісілді Келісілді
_______________ _______________
(ІІМ) (К)ІІД)
М.О. М.О.
200__жылғы "__"______ 200__жылғы__"______
_____________________ _____________________
қолы) (қолы)
Қолда бар және қажетті қару мен оның патрондарының саны туралы
мәліметтер
1.__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы, почта индексі, толық мекен-жайы)
2. Қызмет түрі______________________________________________________
3. Ішкі, сыртқы бекеттердің және ұтқыр топтардың саны (бөлек)
____________________________________________________________________
4. Ішкі, сыртқы күзет бекеттердің және ұтқыр топтардың жеке
құрамының саны (бөлек)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
5. Қолда бар қару мен патрондардың саны ____________________________
5.1. Жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар _________
5.2. Винтовкалар, карабиндер ____ 5.3. Тапаншалар ____
5.4.Револьверлер ____
6. Патрондар _____________________________________________________
(қарудың әр түрі бойынша бөлек)
7. Жарамсыз деп тапсыруға арналған қару мен оның патрондарының саны:
7.1. Жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар ______
7.2. Винтовкалар, карабиндер ______ 7.3. Тапаншалар ______
7.4. Револьверлер _________
6. Патрондар _____________________________________________________
(қарудың әр түрі бойынша бөлек)
9. Қажет саны:
9.1. Атыс қаруы:
9.1.1. Жалғыз оқ атуға қайта жасалған автоматтар _______
9.1.2. Винтовкалар, карабиндер ____ 9.1.3. Тапаншалар _____
9.1.4. Револьверлер _____
9.2. Патрондар:
9.2.1. Төмендетілмейтін қор ______________________________________
(қарудың әр түрі бойынша бөлек)
9.2.2. Оқу атыс жаттығуларына_____________________________________
(қарудың әр түрі бойынша бөлек)
9.2.3. Қаруды атуға дайындауға____________________________________
(қарудың әр түрі бойынша бөлек)
10. Ауысымға (қарауылға) шығу үшін сатып алынатын патрондардың саны
__________________________________________________________________
11. Қару мен патрондардың қажетті санына арналған мәліметтер мыналардың негізінде жасалды _____________________________________
__________________________________________________________________
(тиесілілік нормалардың атауы, қашан және кім белгіледі)
М.О.
Заңды тұлға басшысының қолы _________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»13 тамыздағы
N 692 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
1. Осы Ереже "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және азаматтық
пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды
әзірлеу, жасау, сату, сатып алу жөніндегі қызметті лицензиялаудың
тәртібін белгілейді.
2. Қызметтің осы түрлерін лицензиялауды Ішкі істер
министрлігі және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
3. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкілетті тұлға
қол қояды және лицензиардың мөрімен расталады.
4. Лицензия иеліктен алынбайтын және лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайтын болып табылады.
5. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде лицензиат заңнамада белгіленген тәртіппен оларды сақтауға және пайдалануға рұқсат алады.
6. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарға (бұдан әрі - азаматтық пиротехникалық бұйымдар) жылу, жарық, от, дыбыс, түтін, газ немесе олардың комбинациялары түріндегі әсерлерді техникалық немесе тұрмыстық мақсаттарда өндіруге арналған пиротехникалық қоспалар, солардың негізінде жасалатын бұйымдар жатады.
7. Азаматтық пиротехникалық бұйымдар қолданылу кезінде ықтимал қауіптілігі дәрежесіне қарай 4 сыныпқа бөлінеді:
1-сынып - қауіпті факторлар қатарында соққы беретін толқындар мен жарылыс кезінде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ, кинетикалық қозғалыс энергиясы 0,5 Дж-дан аспайтын, бұйымнан 0,25 м аралықтағы акустикалық сәулеленуі 125 ДцБ-дан аспайтын, ал қалған факторлар бойынша қауіпті аймақ радиусы 0,5 м-ден аспайтын бұйымдар (бенгаль шамдары, шартылдақтар, үстелге қойылатын фонтандар, зырылдауықтар, көбелектер);
2-сынып - қауіпті факторлар қатарында соққы беретін толқындар мен жарылыс кезінде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ, кинетикалық қозғалыс энергиясы 5 Дж-дан аспайтын, бұйымнан 2,5 м аралықтағы акустикалық сәулеленуі 140 ДцБ-дан аспайтын, ал қалған факторлар бойынша қауіпті аймақ радиусы 5 м-ден аспайтын бұйымдар (ұшатын фейерверктер, түтінді фейерверк бұйымдары, шағын-отшашулар, концерттік фонтандар);
3-сынып - қауіпті фактор қатарында соққы беретін толқындар мен жарылыс кезінде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ, кинетикалық қозғалыс энергиясы 20 Дж-дан аспайтын, бұйымнан 5 м аралықтағы акустикалық сәулеленуі 140 ДцБ-дан аспайтын, ал қалған факторлар бойынша қауіпті аймақ радиусы 20 м-ден аспайтын бұйымдар (шағын рим шырақтары, үйкеліс петардалары, білтелі петардалар және петарда орамдары, жер үсті фейерверктері, шағын зымырандар);
4-сынып - қауіпті факторлар қатарында соққы беретін толқындар мен жарылыс кезінде жан-жаққа ұшатын жарықшақтары жоқ, ал қауіпті аймақ радиусы қалған факторлардың біреуі бойынша 20 м-ден астамды
құрайтын бұйымдар (азаматтық кәсіби пиротехникалық бұйымдар).
8. Азаматтық пиротехникалық бұйымдар мақсаты мен қолданылу
шарттары бойынша мыналарға бөлінеді:
1) тұрмыстық мақсаттағы 1-3 қауіптілік сыныбындағы халыққа еркін сатылатын, оларды қолдану арнаулы білім мен дағдыны талап етпейтін пиротехникалық бұйымдар;
2) оларды қолдану орындаушылардың (пайдаланушылардың) арнаулы
білімі мен дағдысын және (немесе) техникалық мақсаттың белгіленген
шарттарын қамтамасыз етуді талап ететін техникалық және арнаулы
мақсаттағы 4 қауіптілік сыныбындағы пиротехникалық бұйымдар.
9. Азаматтық пиротехникалық бұйымдарды әзірлеуге, жасауға, сатуға, сатып алуға арналған лицензия алу үшін өтініш беруші
мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш;
2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың
көшірмесі;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер
ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды
куәландырылған көшірмесі;
5) өтініш берушінің салық органында есепте тұрғаны туралы
куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін
бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
7) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.
10. Лицензиар лицензияны алуға өтініш берушінің құжаттары
тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік
субъектілері үшін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің
мемлекеттік тіркелген жері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық
қызмет, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі органдарына санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды беруі туралы сауал жібереді.
11. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі органдары лицензиардың сауалының негізінде жиырма бес жұмыс күні ішінде, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін жеті жұмыс күні ішінде өтініш берушінің санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі саласында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілейді және тиісті лицензиарға өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды жібереді.
12. Лицензиарға лицензия беру үшін ұсынылған барлық құжаттар
тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі аталған органның
құжаттарды қабылдаған күні туралы белгімен өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).
13. Азаматтық пиротехникалық бұйымдарды әзірлеуді, жасауды,
сатуды, сатып алуды жүзеге асыруға арналған лицензия мерзімі
шектелмей берілетін бас лицензия болып табылады және Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Лицензиялар бірыңғай технологиялық кешенді ескере отырып,
қызметтің бірнеше түрлеріне, сондай-ақ жекелеген түрлеріне де
беріледі.
14. Азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға арналған
лицензия бір жолғы болып табылады және қосымшаға сәйкес 12 ай
мерзімге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға арналған
лицензия оларды жеткізуге жасасқан нақты шарттың (келісім-шарттың)
спецификациясымен қоса береді және басқа шарт (келісім-шарт)
бойынша іс-әрекет жасаған кезде пайдаланылмайды.
Қайта өтініш білдіргенде өтініш беруші осы Ереженің
9-тармағының 1), 6), 7) тармақшаларында көзделген құжаттардың
көшірмелерін ұсынады.
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе қайта тіркелген,
қару сатып алуға және сақтауға жауапты адам ауысқан кезде өтініш
беруші осы Ереженің 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.
15. Лицензияны лицензиар осы Ережеде белгіленген тиісті
құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен
кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс
күнінен кешіктірмей береді.
Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензияны
береді не лицензиядан бас тартудың себептері туралы жазбаша түрде
дәлелді жауап қайтарады.
16. Егер лицензиар белгіленген мерзімде өтініш берушіге
лицензияны бермеген немесе өтініш берушіні лицензияны беруден бас
тарту себебі туралы жазбаша түрде хабардар етпеген жағдайда осы
Ережеде лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдер өткен күннен
бастап бес жұмыс күні өткен соң өтініш беруші тиісті лицензиарды
қызметтің өзі өтініш берген түрін жүзеге асыра бастағаны туралы
жазбаша түрде хабардар етеді.
17. Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған
сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша
хабарламада көрсеткен күннен бастап лицензия береді.
18. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін
лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес
лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген (қайта ресімделген)
кезде алынады.
19. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін
лицензиялық алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейді .
20. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы
санаты үшін қызметтің түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) заңнамаға сәйкес талап етілетін барлық құжаттар табыс
етілмеген. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған жағдайда
өтініш жалпы негіздер бойынша қаралады;
3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым
енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
5) өтініш берушіге қатысты оған жекелеген қызмет түрімен
айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған
жағдайларда лицензия беруден бас тартылады.
21. Лицензия беруден бас тартылған жағдайда лицензиар өтініш
берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімде жазбаша түрде
дәлелді жауап қайтарады.
22. Егер лицензия осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе
немесе лицензияны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып
көрінсе, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымданады.
23. Лицензиясы және (немесе) лицензияға қосымшасы жоғалған,
бүлінген жағдайда лицензиат лицензияның және (немесе) лицензияға
қосымшаның телнұсқаларын алуға құқылы.
Лицензияның жоғалған, бүлінген бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалу, бүліну фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып, жоғарғы оң жақ бұрышында»"Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқаларын береді.
24. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы өзгерген, сондай-ақ қызметтің атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгеріс қызмет түрі шеңберінде орындалатын операциялардың мәнінің өзгеруіне әкеп соқпаса, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.
25. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;
2) жүзеге асыруына лицензия берген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензиядан айырғанда;
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу
нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
5) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
6) лицензияланатындардың тізбесінен жекелеген қызмет түрі алынып тасталғанда тоқтатылады.
26. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтарады.
27. Лицензияның қолданылуын тоқтату, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
28. Осы Ереженің негізінде заңды және жеке тұлғаларға берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізу үшін лицензиар белгіленген үлгідегі лицензиялар бланкілерін береді, олар қатаң есептегі құжаттар болып табылады.
Бланкілерді есепке алу лицензиялар тізілімін жүргізу арқылы жүзеге»асырылады.
Лицензиялар тізілімінде»"Лицензиялау туралы"»Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 8-бабының 5-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»13 тамыздағы
N 692 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:
1) толық сауалнамалық деректерді (кадрларды тіркеу жөніндегі жеке парағы), қаруды иелену үшін көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруларға, алкоголизм немесе нашақорлыққа байланысты қарсы көрсеткіштерінің жоқтығы туралы медициналық қорытындыны қоса бере отырып, қаруға рұқсаты бар адамдар туралы мәліметтердің;
2) соттылығының жоқтығы және қаруды қолдануда қауіпсіздік ережесін білуін тексеру туралы анықтаманың болуын қамтиды.
2. Қару мен оның патрондарын әзірлеуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) заңды тұлғаның басшысы мен оның орынбасарының жоғары техникалық білімінің, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережелерін білуі;
жеке тұлға үшін - жоғары техникалық білімінің, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережелерін білуі;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуін тексеруден өткен білікті мамандардың;
3) қаруды әзірлеу саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың жиынтығы түрінде ғылыми базаның, қарудың негізгі (базалық) модельдеріне және (немесе) патрондардың типтеріне конструкторлық құжаттамалардың;
4) мыналарды:
мамандандырылған өндірістік ғимараттарды (үй-жайлар), жабдықтарды, стендтерді, сынақ өткізу зертханасын, бақылау-өлшеу аппаратурасын;
қару мен оның патрондарын әзірлеу жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын;
бөлшектерді, құрастырылған бөліктерді есептеу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (оқпан, бекітпе, барабан, жақтау, оқпанды қорап және т.б.) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін және құрастыру цехын (учаске);
техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған қару мен патрондардың әзірленген жиынтықтарын сақтауға арналған мамандандырылған үй-жайларды қамтитын қару немесе патрондардың тәжірибеден өткен үлгілерін дайындау және сынау үшін меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық базаның;
5) қару мен оның патрондарын әзірлеуге жоспарланған
тактикалық-техникалық мінездемелердің;
6) қару мен оның патрондарының тәжірибеден өткен модельдерін әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттардың;
7) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асырудың санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қызмет қауіпсіздігі саласындағы талаптарға сәйкес;
8) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес;
9) үшінші тұлғаларға келетін залалды өтеу жөніндегі жауапкершілікті өтеу шартының болуы қосымша талап етіледі.
3. Қару мен оның патрондарын жасауға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) заңды тұлғаның басшысы мен оның орынбасарының жоғары техникалық білімінің, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережелерін білуі;
жеке тұлға үшін - жоғары техникалық білімінің, сондай-ақ тиісті Қауіпсіздік ережелерін білуі;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережелерін білуін біліктілік тексеруден өткен білікті мамандардың;
3) қару мен оның патрондарын жасау мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және ғылыми-техникалық құжаттардың жиынтығы түрінде ғылыми базаның;
4) мыналарды:
мамандандырылған өндірістік ғимараттарды, көлік құралдарын, жабдықтарды, стендтерді, сынақ өткізу зертханасын, тексерілген бақылау-өлшеу аппаратурасын;
қаруды және оның патрондарын әзірлеу жөніндегі цехтың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жұмыс жобасын;
бөлшектерді, құрастырылған бөліктерді есептеу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ететін оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын негізгі бөліктерді (оқпан, бекітпе, барабан, жақтау, оқпанды қорап және т.б.) дайындау жөніндегі механикалық өндіретін цехты (учаске);
бөлшектерді, құрастырылған бөліктерді есептеу және сақтау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ете отырып, техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін, өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған оқшауланған үй-жайларда орналастырылатын құрастыру цехын;
техникалық нығайтылу жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған оқшауланған жеке үй-жайларда орналастырылатын дайын қару мен патрондарды сақтауға арналған мамандандырылған қоймаларды;
өндіріс процесінде қару мен оның патрондарының негізгі жарамсыз бөлшектерін сақтауға арналған ақау изоляторын;
санитарлық және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына жауап беретін жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын меншік немесе жалға алу құқығындағы өндірістік техникалық базаның.
Өндірістік базаның аумақтарына мынадай талаптар қойылады: оқшауландыру, қоршаудың, тәулік бойы қарулы күзеттің, техникалық нығайтылудың, өртке қарсы қауіпсіздіктің болуы, санитарлық нормаларды сақтау, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын және өндірістік объектілерден қауіпсіз арақашықтықта орналастыру;
5) қару мен оның патрондарын жасауға ниеттену туралы хаттаманың немесе қаруды сатып алу және пайдалану құқығына ие субъектімен шарттың (келісім-шарттың);
6) қару мен оның патрондарын жасауға жоспарланған тактикалық-техникалық мінездемелердің;
7) жұмысты қауіпсіз жасау жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер мен нормативтік-техникалық құжаттардың, сондай-ақ материалдарды, жартылай дайындалған өнімдерді (дайындамалар), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және ақау бұйымдарды есепке алу, сақтау:
бөлшектерді, құрастырылған бірліктерді және дайын бұйымдарды жасау, тасымалдау және сақтау процесінде оларды есепке алу;
кірісті және шығысты есепке алу журналын жүргізу (дайындамаларды, бөлшектерді, қосалқы бөлшектерді нөмірлеп есепке алу, сандық есепке алу, сандық немесе өлшеп есепке алу) жөніндегі құжаттардың;
8) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жұмыста пайдалануға рұқсатының, сондай-ақ режимдік іс-шаралардың қамтамасыз етілуі және олардың жеткіліктілігі;
9) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асырудың санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қызмет қауіпсіздігі саласындағы талаптарға сәйкес;
10) қару мен оның патрондарын сақтау, сақталуы және есепке алу
жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес;
11) үшінші тұлғаларға келетін залалды өтеу жөніндегі жауапкершілікті сақтандыру шартының болуы қосымша талап етіледі.
4. Қару мен оның патрондарын жөндеуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) қаруды жөндеу жөніндегі білікті мамандардың;
2) техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған меншік немесе жалға алу құқығындағы мамандандырылған шеберхананың;
3) арнайы жабдықтар мен құрылғылардың;
4) жұмысты қауіпсіз жасау жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер
мен нормативтік-техникалық құжаттардың;
5) қаруды қабылдауды және өткізуді есепке алу журналының;
6) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асырудың санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қызмет қауіпсіздігі талаптарға сәйкес;
7) қару мен оның патрондарын сақтау, олардың сақталу және
есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес болуы қосымша талап етіледі .
5. Қару мен оның патрондарын сатуға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) техникалық нығайту жөніндегі талаптарға жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын аңшылық оқ-дәріні сақтауға, өткізуге арналған меншік немесе құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жайдың;
2) түскен, сатылған қару мен оның патрондарын есепке алу жөніндегі құжаттаманың;
3) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асырудың санитарлық-эпидемиологиялық және өртке қарсы қызмет қауіпсіздігі саласындағы талаптарға сәйкес;
4) қару мен оның патрондарын сақтау, олардың сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес болуы қосымша талап етіледі.
6. Қару мен оның патрондарын сатып алуға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеуге және (немесе), жасауға және (немесе), жөндеуге және (немесе), сатуға және (немесе), коллекциялауға және (немесе) экспонаттауға лицензиялардың;
2) күзет қызметіне арналған лицензиялардың (күзет қызметі субъектілері үшін);
3) банкноттар, ақшалар мен құндылықтарды инкассациялауға арналған лицензиялардың (инкассациямен айналысатын заңды тұлғалар үшін);
4) техникалық нығайту талаптарына жауап беретін және өрт-күзет сигнализациясы құралдарымен жабдықталған қару мен оның патрондарын сақтауға және (немесе) өткізуге арналған арнайы жабдықталған үй-жайдың;
5) қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға жауапты адамды тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесінің;
6) қару мен оның патрондарының спецификациясын қоса бере отырып (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйым үшін), оларды жеткізуге дайындаушы өнеркәсіппен шарттың (келісім-шарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесінің;
7) жарақаттайтын патрондары бар қарудың зақым келтіру факторларының адамға әсер етуіне жол берілген белгіленген нормаларына аталған қарудың сәйкестігі туралы уәкілетті органның қорытындысының (қаруды сатуды жүзеге асыратын ұйымдар оны сатып алуға ниеттенген кезде);
8) аумақтық ішкі істер департаменттерімен және (немесе) Ішкі істер министрлігімен келісілген қолда бар және қажетті қару мен оның патрондары туралы мәліметтердің (ерекше жарғылық міндеттерді бар заңды тұлғалар, күзет қызметі субъектілері, спорттық ұйымдар үшін) қосымша болуы талап етіледі.
7. Қару мен оның патрондарын коллекциялауға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қару мен оның патрондарының сақталуын, оларды сақтау қауіпсіздігін және оларға бөгде адамдардың қол сұқпауын қамтамасыз ететін жағдайлардың болуы талап етіледі.
Қаруды коллекциялау мынадай тәртіппен:
1) мұражайлы - күзет сигнализацияларымен жабдықталған, жекелеген, осы мақсаттарға арнайы арналған үй-жайлардағы кілтпен жабылатын витриналарда, сейфтерде немесе металл шкафтарда;
2) жеке - қару мен оның патрондары иелерінің тұрғылықты жері
бойынша үй-жайлардағы кілтпен жабылатын сейфтерде немесе металл шкафтарда жүзеге асырылуы мүмкін.
Коллекцияланған қару заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық ішкі істер органдарында міндетті түрде тіркелуі тиіс.
8. Қару мен оның патрондарын экспонаттауға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) кілтпен жабылатын витриналары, сейфтері немесе металл шкафтары бар күзет сигнализациясымен жабдықталған жекелеген үй-жайлардың;
2) үй-жайды тәулік бойы күзету (күзет қызметтерін көрсетуге арналған шарттың);
3) бұйымдарды есепке алу, кезеңдік тексеру және сақтау жөніндегі құжаттамалардың;
4) қару мен оның патрондарын сақтау, олардың сақталу және есепке алу тәртібі жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес болуы қосымша талап етіледі.
Азаматтық пиротехникалық заттардың қолданылуымен
жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату,
сатып алуға байланысты қызметті лицензиялау
жөніндегі лицензиялау ережесіне
қосымша
Қазақстан |
Қазақстан |
Қазақстан |
__________________ Берілген күнінен М.О. Бастық ___________ |
__________________ Берілген күнінен М.О. Бастық ___________ |
__________________ Берілген күнінен М.О. Бастық ___________ |
Пиротех- |
Саны |
Шығара- |
Пиротех- |
Саны |
Шығара- тын мемлекет |
||
қорабы |
дана |
қорабы |
дана |
||||
20__ ж."__" ____ Сататын ұйымның |
20__ ж."__" ____ Сататын ұйымның |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»13 тамыздағы
N 692 қаулысымен
бекітілген
Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, сатып алу жөніндегі
қызметке қойылатын біліктілік талаптары
1. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, сатып алу жөніндегі
қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары
лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның
пиротехникалық бұйымдарға рұқсаты болатын мәлімделген қызметті
жүзеге асыруға байланысты теріс көрсеткіштерінің (психикалық
аурулары, алкоголизм немесе нашақорлық) жоқтығы туралы медициналық
анықтамаларының болуын қамтиды.
2. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды әзірлеуге байланысты қызметті жүзеге асыру
үшін:
1) лицензия алуға үміткер жеке тұлғаның, заңды тұлғаның
пиротехникалық бұйымдарға рұқсат алатын басшысы мен оның орынбасарының қызметтің көрсетілген түрін жүзеге асыру құқығы
берілетін курстарды бітіргендігі туралы куәліктерінің, тиісті
Қауіпсіздік ережелерін білуі;
2) қызметтің көрсетілген түрін жүзеге асыру құқығы берілетін
курстарды бітіргендігі туралы куәлігі бар және өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережесін
білуін білікті тексеруден өткен білікті мамандардың;
3) өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін
және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және
бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын
пиротехникалық өнімді сақтауға арналған меншік немесе жалға алу
құқығындағы қоймалардың;
4) жасау, сақтау, тасымалдау, өткізу, пайдалану және пайдаға асыру кезінде өнімнің қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін
қамтамасыз ету үшін қажетті толық ақпарат беруді қамтамасыз ететін
конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасы жиынтығының
(сызба, техникалық жағдайлар, технологиялық үдеріс, пайдалану,
(қолдану және басқа да) жөніндегі нұсқаулықтар (ұсынымдар);
5) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды
жүргізуге арналған аккредиттелген зертханалық базаның;
6) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асырудың санитарлық- эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қызмет қауіпсіздігі
саласындағы талаптарға сәйкес;
7) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды сақтау, олардың сақталу және есепке алу тәртібі
жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес болуы қосымша
талап етіледі.
3. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды жасауға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда
Қауіпсіздік ережесін білуін білікті тексеруден өткен лицензия алуға
үміткер жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның пиротехникалық
бұйымдарға рұқсат алатын басшысы мен оның орынбасарының көрсетілген
қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды бітіргендігі туралы куәлігінің;
2) көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін
курстарды бітіргендігі туралы куәлігі бар және өнеркәсіптік
қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда Қауіпсіздік ережесін
білуін білікті тексеруден өткен жабдықтарды, тетіктерді,
құрылғыларды, жарақтарды, көлікті, бақылау-өлшеу аспаптары мен
автоматиканы қауіпсіз пайдалануды және оларға техникалық қызмет
көрсетуді қамтамасыз ететін білікті мамандардың;
3) жасау, сақтау, тасымалдау, өткізу, пайдалану және пайдаға
асыру кезінде өнімнің қауіпсіздігі мен тұтынушылық қасиеттерін
қамтамасыз ету қажетті толық ақпарат беруді қамтамасыз ететін
конструкторлық-технологиялық және пайдалану құжаттамасы жиынтығының
(сызбалар, техникалық жағдайлар, технологиялық процесс, пайдалану,
(қолдану және басқа да) жөніндегі нұсқаулықтар (ұсынымдар);
4) пиротехникалық бұйымдарды өндіруге, сақтауға және пайдаға
асыруға арналған және мыналарды:
белгіленген тәртіппен технологиялық операцияларды орындауға
жіберілген технологиялық және көмекші жабдықтарды;
өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін және
есепке алынған өнімнің сақталуын, қатаң есепке алуды және бар-жоғын
тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық
бұйымдарды сақтауға арналған қойманы;
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын
жүргізуге арналған аккредиттелген зертханалық базаны;
пиротехникалық бұйымдарды бақылау сынағынан өткізуге арналған арнайы жабдықталған аумақты;
пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған автокөлікті;
өртке қарсы қорғаныс құралдарын (өрт сигнализациясы мен өрт
сөндіру), өртті сөндіру үшін қажетті өртке қарсы сумен жабдықтауды және арнайы құралдардың есеп запасын, өрт шыққан жағдайда
персоналдың іс-әрекеттер жоспарын қамтитын белгіленген талаптарға
жауап беретін меншік немесе жалға алу құқығындағы
өндірістік-техникалық базаның;
5) жұмысты қауіпсіз жасау жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер
мен нормативтік-техникалық құжаттардың;
6) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асырудың санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарға сәйкес;
7) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды сақтау, олардың сақталу және есепке алу тәртібі
жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес болуы қосымша
талап етіледі.
4. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды сатуға байланысты қызметті жүзеге асыру үшін:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органда
Қауіпсіздік ережесін білуін білікті тексеруден өткен лицензия алуға
үміткер жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның пиротехникалық
бұйымдарға рұқсат алатын басшысы мен оның қызметкерінің
көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыру құқығы берілетін курстарды
бітіргендігі туралы куәлігінің;
2) өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін
және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және
бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын пиротехникалық бұйымдарды өткізуге арналған меншік немесе жалға алу
құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жай мен оларды сақтауға арналған
қоймалардың;
3) пиротехникалық бұйымдарды тасымалдауға арналған меншік
немесе жалға алу құқығындағы арнайы жабдықталған автокөліктің;
4) қызметтің мәлімделген түрін жүзеге асырудың санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсіптік, өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарға сәйкес;
5) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды сақтау, олардың сақталу және есепке алу тәртібі
жөніндегі ішкі істер органдарының талаптарына сәйкес болуы қосымша
талап етіледі.
5. Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдарды сатып алуға байланысты қызметті жүзеге асыру
үшін:
1) өтініш берушінің пиротехникалық бұйымдарды әзірлеу және
(немесе) жасау және (немесе) сату құқығына лицензиясының;
2) пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға және олардың
сақталуына жауапты адамның;
3) өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес келетін
және есепке алынған өнімнің сақталуын, оны қатаң есепке алуды және
бар-жоғын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін дайын
пиротехникалық бұйымдарды өткізуге арналған меншік немесе жалға алу
құқығындағы арнайы жабдықталған үй-жай мен оларды сақтауға арналған
қоймалардың;
4) азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып
жасалған бұйымдардың спецификациясын қоса бере отырып, оларды
жеткізуге дайындаушы өнеркәсіппен шарттың (келісім-шарттың)
нотариалды куәландырылған көшірмесінің болуы қосымша талап етіледі.
6. Әзірлеу, жасау, сату жөніндегі лицензиясы бар заңды тұлға
немесе дара кәсіпкер сатып алуға лицензиясы бойынша пиротехникалық
бұйымдарды сатып алады, ал 1-3 сынып аралығындағы қауіптілігі бар
пиротехникалық бұйымдарды оларды сатып алуға лицензия талап етпей,
халыққа еркін өткізеді.