РҚАО-ның ескертпесі!
Кіріспе жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 763 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін толтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық холдингтер, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестердің (олар болған жағдайда) ұсынымдарын ескере отырып, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;
1-1) акционерлік қоғам - агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда, ұлттық басқарушы холдинг Қазақстан Республикасының шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтерді есептеуді жүзеге асырады;
1-2) акционерлік қоғам - агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдинг акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес таза кірістің кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;
2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін орта мерзімді даму жоспарларына сай, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;
2-1) акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі "Алматы" санаторийі" акционерлік қоғамы 2008 - 2010 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;
3) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар 2007 жылдың қорытындылары бойынша таза кірістің 50 (елу) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды, 2008 жылдан бастап таза кірістің 15 (он бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды;
3-1) ақшалай нысанда орындалуды көздейтін білім беру кредиттері бойынша кепілдіктер беруді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы өзінің жарғылық капиталының 5 пайызы мөлшеріндегі резервтік капиталын толық қалыптастырғанға дейін 2010 жылдың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-2) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 763 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4) осы қаулыға 3-1-қосымшада көрсетілген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді және білім беру қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет меншігіндегі акционерлік қоғамдар 2010 - 2012 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады деп белгіленсін.
Ескерту 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048, 2009.03.12 N 294 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2009.06.08 N 856 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.04 N 1753 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.20 N 1903, 2010.04.08 № 293, 2010.08.28 N 846 (2009.05.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
1-1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен "Алматы" санаторийі" акционерлік қоғамының иелігінде қалатын таза кірісті оның материалдық-техникалық базасын дамытуға жұмсауды қамтамасыз етсін.
Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.11.20 N 1903 Қаулыcымен.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2008 жылдан бастап белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдардың иелігінде қалатын таза кірістің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге жұмсауды қамтамасыз етсін.
2-1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-1-қосымшада көрсетілген ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамытуға алынған таза табысты тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.06.08 N 856 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-2-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 763 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақты жаңа редакцияда енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 763 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
3. Осы қаулының 1-тармағының 2-1) тармақшасында және осы қаулыға 1, 2, 3, 3-1-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер деп мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде дивидендтерге және қатысу үлесінен кіріске таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын жұмсау және оларды уақтылы аудару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.06.08 N 856 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.20 N 1903 Қаулыcымен.
4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 шілдедегі
N 633 қаулысына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.28 N 633, тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048, өзгерту енгізілді - 2008.11.21 N 1080, 2009.03.12 N 294 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2009.03.25 N 399, 2010.03.01 № 152 Қаулыларымен.
Ұлттық холдингтердің тізбесі
1-2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулысымен.
3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.25 N 399 Қаулысымен.
4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.21 N 1080 Қаулысымен.
5-11. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулысымен.
12. "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ.
13. "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ.
14. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ.
15. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.03.01 № 152 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 шілдедегі
N 633 қаулысына
2-қосымша
Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.04.28 N 395, 2008.11.12 N 1048, 2008.11.21 N 1080 Қаулыларымен.
Ұлттық компаниялардың тізбесі
1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12. N 1048 Қаулысымен.
2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.21. N 1080 Қаулысымен.
3. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 шілдедегі
N 633 қаулысына
3-қосымша
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік
қоғамдардың тізбесі
1. "Алматы протездік-ортопедиялық орталығы" АҚ.
2. "Семей протездік-ортопедиялық орталығы" АҚ.
3. "Петропавл протездік-ортопедиялық орталығы" АҚ.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 шілдедегі
633 қаулысына
3-1-қосымша
Ескерту. Қаулы 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.06.08 N 856 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2009.11.04 N 1753 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-зерттеу мен
тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді және білім беру
қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет
меншігіндегі агроөнеркәсіптік кешен акционерлік қоғамдарының
тізбесі
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.11.04 N 1753 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
1. "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамы.
2. "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамы.
3-
16. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.11.04 N 1753 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 шілдедегі
N 633 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 тамыздағы N 906 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 828 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., 34, 338-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1002 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 39, 412-құжат).
4. "Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 182 қаулысымен бекітілген ұлттық компаниялар тізбесінің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 8, 101-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 364 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж, N 15, 192-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 мамырдағы N 599 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 22, 288-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 840 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 29, 392-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 4, 40-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 344 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 120-құжат).
10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қарашадағы N 1127 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 40, 566-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1314 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 50, 647-құжат).
12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 982 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 37, 414-құжат).
13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қарашадағы N 1097 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 462-құжат).
14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 ақпандағы N 133 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 5, 64-құжат).