Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қарашадағы N 1097 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабы  1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  11-бабының   2), 3) тармақшасына сәйкес, Глубокий аудандық мәслихатының 2005 жылғы 2 маусымдағы N 4/12-III және әкімдігінің 2005 жылғы 14 маусымдағы N 1178 бірлескен шешімі мен қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ  және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Глубокий ауданы Бобровка ауылдық округінің құрамынан Степное, Каменный карьер және Комсомольское ауылдарын бөліп берумен, Ушанов ауылында орналасқан әкімшілік орталығы бар Глубокий ауданы Ушанов ауылдық округі деген әкімшілік-аумақтық құрылым құрылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 18 қазандағы N 13/197-ІІІ шешімі және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2005 жылғы 5 қазандағы N 319 қаулысы жойылсын. 

      3. Осы шешім мен қаулы 2005 жылғы 18 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі. 

      Сессия төрағасы                  Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы