Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 25 сәуiрдегi N 404 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1002 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Агроөнеркәсiп кешенiне кредит берудiң және оны субсидиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259 қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналымды қаражатын толықтыруға екiншi деңгейдегi банктер беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесiнде:
      3-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Республикалық бюджеттен берiлетiн субсидиялау сомасы Қарыз алушыға Банк беретiн кредиттiң пайыздық ставкасының 80%-ына дейiн құрайды. Бұл ретте, кредиттiң пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiнiң үлесi барлық Қарыз алушылар үшiн бiрдей болуы тиiс.".
      5-тармақтың бiрiншiден оныншыға дейiнгi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Пайыздық ставканы субсидиялауға арналған қаражатты Бағдарламаның әкiмшiсi Қарыз алушыға Банк беретiн кредиттер бойынша мынадай кiшi салалар (лоттар) бойынша бөледi:
      1) ет өңдеу;
      2) сүт өңдеу;
      3) терi шикiзатын және жүн өңдеу;
      4) жемiс-жидектердi, көкөнiстердi өңдеу және жемiс-көкөнiс консервiлерiн, балаларға арналған тамақ өндiру;
      5) майлы дақылдарды өңдеу және өсімдік майын өндiру.";
      9-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі