Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2015 № 750 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 188 бұйрығын қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16 және 209-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған жерді бағалаудың экологиялық критерийлері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»7 шілдедегі
N 581 қаулысымен
бекітілген
Жерді бағалаудың экологиялық критерийлері
Қоныстану аумақтары жерінің экологиялық жай-күйінің
критерийлері
Көрсеткіш- тер |
Параметрлер | Салыстыр- малы қанағат- танарлық ахуал |
|
---|---|---|---|
Эколо- гиялық апат |
Төтенше эколо- гиялық жағдай |
||
Негізгі көрсеткіштер |
|||
Экспозиция- |
400-ден |
200-400 |
кемінде 200 |
Радиоактивті |
40-тан |
15-40 |
20-ға дейін |
стронций-90 |
3-тен |
1-3 |
кемінде 1 |
плутоний |
1-ден |
1-0,1 |
кемінде 0,1 |
Химиялық |
128-ден |
32-128 |
0,3-ке |
Қосымша көрсеткіштер |
|||
1 кг |
100-ден |
10-100 |
кемінде 10 |
1 г топырақ- |
10 -6 -дан |
10 5 -10 -6 |
жоқтығы |
Коли-титр |
0,01 |
кемінде |
кемінде |
Ескертпе - топырақ үшін коли-титр - грамында топырақтың 1 ішек таяқшасы болатын ең аз массасы.
Тозған топырақ пен жерді анықтауға арналған
диагностикалық және қосымша критерийлер
Техногендік (пайдаланудан болған) азып-тозу
1. Жердің бұзылуы
Бұзылған жердің диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
жер бедерінің морфометрикалық сипаттамасы:
салыстырмалы түрде табиғи жер бетінің тереңдігі немесе биіктігі (м);
жер кертпешінің еңістік бұрышы (градус);
жердің литологиялық құрылысының бұзылуы:
0-100 см қабатта органогендік қабат пен қабаттағы қарашірінді қорының қуаты бойынша құнарлы қабат пен ықтимал құнарлы жыныстың болуы;
жер бетінің бөтен үйінділермен жабылуы;
жер беті және жер асты суларының сипаттамасы:
жер асты суының деңгейі (м);
сулардың минералдануы (г/л);
су жайылуының ұзақтығы (ай).
2. Физикалық (егіншілік) азып-тозу
Физикалық азып-тозу мынадай негізгі критерийлер бойынша бағаланады: гранулометриялық құрамы;
жыртылатын (қарашірінді) топырақ қабатының біркелкі тығыздығы, г/см 3
текстуралық (агрегатішілік) кеуектілік, см 3 /г;
тұрақты құрылымдық (жарылып кеткенін есептемегенде, агрегатаралық) кеуектілік, см 3 /г;
топырақтың жыртылатын (қарашірінді) қабатының құрылымы:
агрономиялық тұрғыдан бағалы және суға төзімді агрегаттардың болуы;
құрылымдық бөліктердің жай-күйі мен қасиеттері;
топырақтың су-физикалық параметрлері:
су өткізгіштігі және топырақтың сүзу коэффициенті (м/тәулік);
негізгі гидрологиялық константтары (ВЗ, НВ) және аэрацияның кеуектілігі;
бөртуі.
3. Аграрлық тозу
Топырақтың мынадай теңгерімділік сипаттамалары (органикалық заттар, қоректік элементтер, катионды-анионды құрамы) аграрлық тозудың диагностикалық критерийлері болып табылады:
топырақ профиліндегі қарашірінді қорының кемуі (А+В) бастапқы мөлшерден %;
рН;
физикалық батпақтың кемуі(%);
қарашіріндінің сапалық құрамы;
негізгі қоректендіру элементтерінің жалпы қорының азаюы;
қоректендіру элементтерінің қозғалмалы нысандарымен өсімдіктердің қамтамасыз етілуі;
катиондық алмасу сыйымдылығы, топырақтың негіздермен толығу дәрежесі, сіңірілген негіздердің құрамы.
Аграрлық құнарсызданудың қосымша критерийлері мыналар болып табылады:
лайлы фракцияның минералогиялық құрамы;
белсенді микробтық биомасса деңгейінің төмендеуі (есе саны);
фитоуыттылығы;
топырақ ферментациялық белсенділігінің төмендеуі;
топырақ мезофаунасының биомассасы;
биологиялық әртүрліліктің азаюы (Симпсон индексі, нормадан %);
шымтезектің түзілуі (мм/жыл).
4. Эрозия
Эрозияны бағалау үшін статикалық немесе динамикалық критерийлер пайдаланылады, мұның соңғысы топырақ бетінің де ландшафтың да жай-күйін көрсетуі мүмкін.
4.1. Су эрозиясы
1) Жазықтық эрозиясы
Жазықтық су эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
топырақ профилі қуатының азаюы, (А+В) %;
топырақ профилінде қарашірінді қорының азаюы (А+В), сол ортадағының %;
топырақтың үстіңгі көкжиегінің гранулометриялық құрамының өзгеруі;
топырақ массасының жоғалуы, т/га/жыл;
ашық қалған топырақ түзетін жыныстың (С) немесе төселіп жатқан жыныстың (D) көлемі, жалпы көлемнің %-ы;
эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаюы, жылына %;
Қосымша қритерийлер мыналар болып табылады:
қарашірінді (жыртылатын жер) көкжиек (см) қуаттың кемуі;
құнарлы заттар қорының кемуі;
шаю жылдамдығы;
жер бетінің еңістігі және эрозиялық үдерістер дамуының қауіптілігі.
2) Сызықтық эрозия
Сызықтық эрозияның диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
аумақтың жыралармен бөлінуі (км/км 2 );
жер бетіне қатысты алғанда су шайып кеткен орлардың тереңдігі, см.;
топырақ массасының жоғалуы (т/га/жыл);
жаңа жыралардың пайда болуы және барларының өсуі.
Қосымша критерийлер мыналар болып табылады:
жыраның тереңдігі;
алаңының бірлігіне келетін жыра саны;
алаңының бірлігіне келетін жыралардың жалпы алаңы;
жыралардың су жинау алаңының кейбір сипаттамалары.
4.2. Жел эрозиясы
Санамаланғаннан басқа жел эрозиясының диагностикалық критерийлері мыналар болып табылады:
құнарсыз қабаттың дефляциялық үйіндісі, см.;
жер пайдаланудан шығып қалған алқаптардың алаңы (табиғи алқаптарда өсімдіктер өспей қалған), жалпы алаңының %;
жайылымдық өсімдіктердің проективті жауып қалуы, аймақтық алаңының %;
азып-тозған жайылымдар алаңының өсу жылдамдығы, жылына %;
қозғалмалы құм алаңы, жалпы алаңының %;
қозғалмалы құм алаңының артуы, жылына %;
Қосымша параметрлердің арасында мынадай критерийлер пайдаланылады:
дефляцияның үдемелілігі немесе дефляцияның жылдамдығы;
топырақ профилінде қарашірінді қорының кемуі (А+В);
гранулометриялық құрамның жеңілдеуі;
шөп қалыңдығы мен егістің сиреу дәрежесі.
5. Тұздану
5.1. Тұздану
Тұздану дәрежесінің негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
үстіңгі құнарлы қабаттағы уытты тұздардың құрамы (%);
уытты сілтіліктің ұлғаюы (тұзданудың бейтарап типінен сілті типіне ауысқан кезде), мг-экв/100 г. топыраққа;
тұздалған жер алаңының артуы, жылына %;
ортаның реакциясы (тұз және су сығындысындағы рН).
Қосымша критерийлер ретінде жер асты суларының деңгейі мен минералдануы туралы деректер пайдаланылады.
5.2. Сортаңдану
Сортаңданудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
алмасатын натрий құрамының артуы (катионды алмасу сыйымдылығынан (КАС) %-бен);
алмасатын магний құрамының артуы (КАС) %-бен);
ортаның реакциясы (рН).
Топырақтың физикалық қасиеттері және әсіресе топырақ құрылымының сортаңдануының қосымша критерийлері болып табылады.
6. Батпақтану
Диагностикалық критерийлер мыналар болып табылады:
топырақ-жер астындағы сулар деңгейін көтеру, м;
су жайылуының ұзақтығы (ай);
жер астындағы сулардың минералдануы (г/л);
Қосымша профильдің (гидроморфизм белгілері) морфологиялық құрылысының сипаттамалары пайдаланылуы мүмкін.
Топырақ және жердің тозу дәрежесін белгілеу
критерийлері
Көрсеткіштер |
Тозу деңгейі |
||||
(өте |
(әл- |
(орта- |
(кө- |
(жо- |
|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
---|---|---|---|---|---|
Абиотикалық |
<2 |
2-10 |
11-20 |
21-40 |
>40 |
Беткі қабатына |
<20 |
20-40 |
41-100 |
101- |
>200 |
Физикалық саз |
<5 |
5-15 |
16-25 |
26-32 |
>32 |
Топырақтың |
<10 |
10-20 |
21-30 |
31-40 |
>40 |
Тұрақты құрылымдық |
>0,2 |
0,11 |
0,06- |
0,02 |
<0,02 |
Текстуралық |
>0,3 |
0,26 |
0,2- |
0,17 |
<0,17 |
Сүзу коэффиценті, |
>1,0 |
0,3- |
0,1- |
0,01 |
<0,01 |
Тастақтылығы, |
<5 |
5-15 |
16-35 |
36-70 |
>70 |
Топырақтық |
<3 |
3-25 |
26-50 |
51-75 |
>75 |
Топырақ профилінде |
<10 |
10-20 |
21-40 |
41-80 |
>80 |
Микроэлементтер |
<10 |
10-20 |
21-40 |
41-80 |
>80 |
Жылжымалы фосфор |
<10 |
10-20 |
21-40 |
41-80 |
>80 |
Алмасатын калий |
<10 |
10-20 |
21-40 |
41-80 |
>80 |
Топырақ |
<10 |
10-15 |
16-20 |
21-25 |
>25 |
Топырақ массасының |
<5 |
5-25 |
26-100 |
101- |
>200 |
Ашылған топырақ |
0-2 |
3-5 |
6-10 |
11-25 |
>25 |
Эрозияға ұшыраған |
<0,5 |
0,5- |
1,1- |
2,1 |
>5,0 |
Беткі қабатқа |
<20 |
20-40 |
41-100 |
101- |
>200 |
Аумақтың |
<0,1 |
0,1- |
0,4- |
0,8- |
>2,5 |
Құнарсыз қабаттың |
<2 |
2-10 |
11-20 |
21-40 |
>40 |
Жерді пайдаланудан |
<10 |
10-30 |
31-50 |
51-70 |
>70 |
Жайылымдық |
>90 |
71-90 |
51-70 |
11-50 |
<10 |
Тозған жайылымдар |
<0,25 |
0,25 |
1,1- |
3,1- |
>5 |
Жылжымалы құмдар |
0-2 |
3-5 |
6-15 |
16-25 |
>25 |
Жылжымалы құмдар |
<0,25 |
0,25 |
1,1- |
2,1- |
>4 |
Жоғарғы құнарлы |
<01 |
0,1- |
0,21- |
0,31 |
>0,5 |
-тұзданудың басқа |
<0,1 |
0,25 |
0,26- |
0,51 |
>0,8 |
Уытты сілтіліктің |
<0,7 |
0,7 |
1,1 |
1,7 |
1,7- |
Тұзданған топырақ |
0-0,5 |
0,5- |
1,1- |
2,1- |
>5,0 |
Алмасу натрий |
<1 |
1-3 |
3-7 |
7-10 |
>10 |
Алмасатын магний |
<40 |
40-50 |
51-60 |
61-70 |
>70 |
Тұщы (<1-3 г/л) |
>1,0 |
0,81 |
0,61- |
0,31 |
<0,3 |
- далалық аймақта |
>4 |
3,1- |
2,1- |
1,0- |
<1,0 |
Минералданған (>3 |
>7 |
5-7 |
5-3 |
3-2 |
<2 |
Су басу ұзақтығы |
<3 |
3-6 |
6-12 |
12-18 |
>18 |
Ескертпе - бастапқы ретінде жұтаңданбаған ұқсас жердің жай-күйі (нөлдік жұтаңдану дәрежесі) қабылданады.